Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
 



КІРІСПЕ 
Ұсынылып 
отырған 
«Мал 
шаруашылығының 
асылдандыру 
жұмыстарын орындау» оқу құралы жалпы генетика саласы бойынша 
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне мал 
шаруашылығын асылдандыру жұмыстарының біліктілік дағдыларын 
қалыптастыруды мақсат етеді. Бұл оқу құралы жалпы мал шаруашылығының 
асылдандыру жұмыстарынан алған теориялық білімдерін, тәжірибе жүзінде 
іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу құралы техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Ветеринария және зоотехния» 
мамандықтарының студенттеріне арналған. 
Генетика (грекше «генезис» шыққан тегі) ағзалардың тұқым қуалауы 
және өзгергіштігі туралы ғылым. Генетиканың негізгі мақсаты - тұқым 
қуалау мен өзгергіштіктің заңдарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау, 
ағзалардың адамға қажетті жаңа формаларын, түрлерін өсіріп шығаруды 
зерттеу.
«Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау» оқу 
құралы – асылдандыру жұмысының негізі. Оның көмегімен селекцияның 
жаңа жолдары мен әдістері жасалады. Генетиканың жетістіктеріне бағалы аң 
шаруашылығының дамуын, түрлі түсті қаракөл терісі, биометрияны, 
генетикалық маркерлерді және т.б. селекцияның тиімділігін арттыруға 
арналған әдістерді жатқызуға болады. Қазіргі уақытта генді бір ағзадан 
екінші бір ағзаға енгізуге мүмкіндік беретін генетикалық инженерия 
қарқынды дамып келеді. Микроорганизмдер мен өсімдік генетикасында 
айтарлықтай табыстар бар. Генетика ағзаның негізгі екі қасиетін тұқым 
қуалаушылық және өзгергіштікті зерттейді. 
Мал шаруашылығын нәтижелі жүргізу жолындағы маңызды 
мәселелердің бірі аурулармен, паразиттермен және әртүрлі аномалиялармен 
(грек «анемалиа» - ауытқулық) күресу болып табылады.
Әртүрлі зерттеулерге қарағанда кейде сау малдардан құрылысы 
қалыпты жағдайдан ауытқыған немесе кейбір мүшелері мен ұлпалары жоқ, 
ағза қызметі зақымданған ұрпақтар туады. 
Көптеген зерттеулер кейбір аномалиялардың себебі генетикалық 
факторларға, екіншілері - генетикалық факторлармен қосымша сыртқы 
ортаның жағдайына байланысты, үшіншісі - сыртқы орта немесе экзогендік 
(тұқым қуаламайтын) факторларға байланысты екенін көрсетіп отыр. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет