Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Ч. Дарвин (1809-1882) 



байланысты түрлердің әсері эволюциялық сатыда өзінің орнын табады. Сол 
себептен тұқым қуалаудың жан-жақты салаларын зерттейтін генетика 
ғылымы биология ғылымдарының ішіндегі ең басты, ең негізгісі болып 
табылады. Сондықтан биологияның басқа тараулары осы ғылымға үлкен 
өзеннің көп салаларындай келіп тоғысады.
Жер бетінде жануарлардың 1 миллионнан астам, өсімдіктердің 500 
мыңнан астам түрлері өмір сүреді. Эволюциялық даму кезінде осыншама түр 
өзгешеліктері бірімен-бірі және қоршаған ортамен келісімді үйлесім тапқан.
Тұқым қуалау мен өзгергіштіктің заңдылықтарын талдап зерттеу, жер 
бетінде тіршіліктің пайда болу үдерістерін, түрлер эволюциясын түсіну үшін 
қажет. Осы заңдылықтарды, қолдан сұрыптауды пайдалана отырып 
өсімдіктердің және жануарлардың жаңа түрлерін шығаруға немесе осы күнгі 
мал және өсімдік түрлерін одан әрі жетілдіруге болады. Тұқым 
қуалаушылықтың бір ерекшелігі оның тұрақтылығы, бұл да сол табиғи 
сұрыптаудың салдары. Көп түрлердің ұрпақтарының қоршаған ортаға тек 
қана төтеп бергендігі емес, олардың түпкілікті тұқым қуалау қасиетін сақтап 
қалуының себебі де осында. Табиғатта түр тармағындағы ағзалар әр түрлі 
тіршілік ортасы жағдайына тап болып өсіп-өнуге байланысты олардың 
тұқымы өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге тұқым қуалау 
қасиеттері бар басқа түрлер түзеді. 
Тұқым қуалайтын өзгерістер кездейсоқ және әр түрлі бағытта жүреді. 
Түрлер эволюциясы кезінде тұқым қуалайтын өзгерістердің ролі өте зор. Ч. 
Дарвин тұқым қуалайтын өзгерістер эволюцияға негіз және алғы себеп 
болады деп санаған. 
Генетиканың шығу тарихы, негізгі даму кезеңі 
Генетика дербес ғылым ретінде биологиядан ағылшын ғалымы У. 
Бэтсонның ұсынысы бойынша 1906 жылы бөлініп шықты. 
Ұрпақтың өз ата-тегіне тартып тууы өте ертеден белгілі болатын. 
Алайда ХIХ ғасырға дейін бұл құбылыс зерттелмей келді. Бұл жағдай сол 
кездегі биология ғылымының өте нашар дамуына байланысты еді. Мысалы, 
тек 1761 жылы неміс ботанигі И. Г. Кельрейтер (1733-1860) өсімдіктерде 
жыныстық айырмашылық барлығын ашып, қолдан тозаңдандыру арқылы ең 
бірінші рет өсімдіктер буданын алды (темекі және т.б. өсімдіктердің). 
Ол кездегі түрлердің тұрақтылығы жөніндегі үстем болған пікір тұқым 
қуалауды зерттеуге көп бөгет болды. Бұл зерттеулер тек ХVIII ғасырдың 
аяғында, XIX ғасырдың бас кезінде ғана түрлер эволюциясы жөніндегі 
қағидаларға байланысты дами бастады. Дегенмен алғашқы зерттеу 
қадамдары биологияның өте осал дамуына байланысты және жасуша 
құрылысы, оның бөлінуі, ұрықтану үдерістері жөнінде деректердің 
жоқтығынан қате болжамдарға әкеліп соқты. Бұл болжамдар биологияның 
жалпы қағидаларына немесе сырт бақылауларға сүйене жасалған еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет