Генетиканың пайда болуы және негізгі даму кезеңдері
Мақсаты: генетиканың шығу тарихы, даму кезеңдері туралы түсінікке
ие болу.
Материал және жабдықтар: генетиканың дамуына үлес қосқан
ғалымдар суреттері, ашқан жаңалықтары туралы диафильмдер, кестелер,
баннерлер, бұршақ муляждары.
Генетика – ағзалардың тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы
ғылым. Генетиканың негізгі мақсаты – тұқым қуалау мен өзгергіштіктің
заңдарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау, ағзалардың адамға
қажетті жаңа формаларын, түрлерін өсіріп шығаруды зерттеу.
Тұқым қуалау дегеніміз – тірі ағзалардың табиғи қасиеттерін,
белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді және зат алмасуды ұрпақтан
ұрпаққа беріп қайталап отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтардың ата
тегінің айнымайтын көшірмесі болмауы, ол бір тұқымдас ұрпақтар
арасындағы, ұрпақпен ата тегінің арасында тұқым қуалау арқылы немесе
қоршаған ортаның әсерімен пайда болатын өзгерістер. Ч.Дарвин
көрсеткендей эволюция үдерісі тұқым қуалау, өзгергіштік және табиғи
сұрыптаумен тығыз байланысты.
Оның
негізгі
бағыттаушысы
және
қозғаушы күші – табиғи сұрыптау. Бірақ
эволюциялық үдеріс жүру үшін ағзалар
мен түрлер арасында өте ұсақ болса да
айырмашылық керек, былайша айтқанда
өзгергіштік керек. Демек, өзгергіштік
табиғи сұрыптауға керекті материалдар
дайындап беріп тұрады. Эволюция
барысында табиғи сұрыптау арқылы
сақталып
қалған
тұқым
қуалайтын
ерекшеліктер ғана маңызды. Осы жерден
бастап эволюцияның ең бір негізгі
бағыттаушы күші – тұқым қуалаушылық
қатысады. Ол табиғи сұрыптау арқылы
түрдің
даму
кезіндегі
жеткен
жетістіктердің деңгейін бекітіп (қоршаған
ортаға төтеп беру), өзгергіштіктің жаңа түрлерінің басқа деңгейде пайда
болуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан генетика ағзалардың тұқым
қуалауы және өзгергіштігін зерттейтін ғылым бола тұрып эволюциялық
іліммен өте тығыз байланысты.
Тұқым қуалау үдерісі дегеніміз – тірі ағзалардың өзін-өзіне, болмаса
өзіне ұқсас түрлерін туғызуы. Ағзалардың өсіп жетілуі, ұзақ мерзімінде
үздіксіз өмір сүру мен қатар олардың өзгеруі, қоршаған ортаның өзгеруіне
Достарыңызбен бөлісу: |