Тәжірбиелік жұмыс №6
Тақырыбы: «Су қысымды мұнара құрлысы және оның көлемін анықтау»
Су қысымды мұнарасының негізгі элементтері. Су мұнарасы қазанының көлемін анықтау. Су қысымды мұнараның су құбырларымен жабдықталуы және жұмыс жасау тәртібі.
Мақсаты: су қысымды мұнара құрлысы және оның көлемін анықтау және жұмыс жасау тәртіптерімен танысу.
II –көтеру насосы арқылы тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Суды тұтынушыға жеткізу және оның мөлшерін реттеу су қысымды мұнара көмегімен жүзеге асырылады. Су қысымды мұнараның су көлемін реттейтін қазанының көлемін, суды беру және тұтыну көлемін білдіретін сатылы және интегральды кесте арқылы анықтайды. Ол сатылы кестеде суды беру және тұтыну сызығы аралығындағы боялған фигура көлеміне тең. (6-сурет)
Ал, интегральды кестеде су көлемін реттейтін қазан көлемі суды беру және тұтыну қисығының максимальды оң және максимальды теріс шамаларының айырмашылықтарының абсолюттік суммасына тең. Егер интегральды графикте (7-сурет) ол 13,02+6,14=19,16% болса, яғни орташа күндік су шығынының 19,16% тең. Сонымен қатар су қысымды мұнара қазанында өрт пайда болған жағдайда қолданылатын су көлемі болуы керек.
6-сурет. Суды берудің және тұтынудың сатылы графигі
1 — суды тұтыну; 2 — насоспен беру
Су қысымды мұнара келесі негізгі элементтерден: су қысымды қазан, оны ұстап тұруға арналған конструкциядан (баған) және қазан айналасындағы жылу өткізбейтін шатырдан тұрады. (8-сурет).
Сонымен су мұнарасы қазанының көлемі:
V = Vр + Vп, (26)
бұндағы: Vр — қазанның реттегіш көлемі;
Vп — 10 минут ішінде 1 ішкі және 1 сыртқы өртті сөндіруге қажетті су қоры.
7-сурет. Суды берудің және тұтынудың интегральды графигі
1 — суды тұтыну; 2 — насоспен беру
Жылы және жайлы климатты аймақтарда орналасқан мұнараға шатырды орнатпасада болады, бірақ оның орынын арнайы жабын алмастырады. Мұнара қазанына су оның ең биік нүктесіне дейін көтерілетін құбыр 1 арқылы жеткізіледі. Оның шеті қалтқылы клапанмен 5 жабдықталады, ол клапан су қазанға толған кезде судың берлуін тоқтатады. Қазаннан суды тарату 1 және 2 құбырлары арқылы жүзеге асырылады. 2 құбырына судың кері қайтуына бөгет болатын клапандар 3 орналастырады. 2 құбырдың шеті қазан түбіне жалғанады да беті сүзгімен 4 жабылады. 1- құбырды суды қазанға жеткізіп және кері шығауға пайдаланатындықтан, оны жеткізу-тарату құбыры деп те атайды. 10 ысырманы (задвижка) су қысымды мұнараны желіден айыру үшін қолданылады.
Қазанға су толып кеткен жағдайда су, суды ағызу құбыры арқылы 9 сыртқа шығарылады, оның жоғарғы жағы воронка 6 тәрізді болып аяқталады. Суды ағызу құбырына лас суды ағызуға арналған 8 құбыр жалғанады. Ол қазан түбінде жинақталған тұнбаны және қазанды жуғанда қолданылатын суды периодты түрде сыртқа шығаруға арналған.
Су қысымды қазанды II-көтеру насосына белгі беретін өлшегішпен жабдықтайды.
Оның жағдайын қарап тексеру үшін қазанның ішіне және сыртына баспалдақ орнатады.
Су қысымды мұнара темір бетонды, кірпіш және темір, ағаш материалдарынан жасалады.
8-сурет. Су қысымды мұнараның су құбырларымен жабдықталу схемасы
Кең қолданысқа кірпіштен жасалған мұнаралар ие. Ауылдық жерлерде металлдан жасалған А.А.Рожновский су қысымды мұнаралары кеңінен қолданылса, ағаштан жасалған мұнаралар уақытша су желілерінде пайдаланылады.
Тапсырмалар:
Су қысымды мұнарасының негізгі элементтеріне сипаттама?
Су мұнарасы қазанының көлемін анықтау.
Су қысымды мұнараның су құбырларымен жабдықталуы және жұмыс жасау тәртібі.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 3
Достарыңызбен бөлісу: |