Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет10/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
6-бөлімінде қолданылған ережелерді басшылыққа алады:

1) кеме жасаушы ұйымға жеткізілетін, жинақтаушы бұйымдар және тоңазытқыш қондырғының жабдықтарын Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері сертификаты немесе тоңазытқыш жабдықты дайындаушы-ұйымның құжаты бойынша тексереді;

2) кеме жасаушы ұйыммен әзірленген жабдықтар мен бұйымдар, оларды монтаждауға дейін осы Қағиданың 53-тарауына сәйкес тексеруге және сынауға жатады.

446. Жинау-дәнекерлеу корпустық жұмыстарын аяқтағаннан кейін және оқшаулауды монтаждауға дейін тоңазытқыш қондырғының үй-жайы герметикалық сынауға жатады, бұл ретте:



1) герметикалыққа сынау кезінде ауаның сынақ (артық) қысымының мәнін 2 кПа тең деп қабылданады;

2) тығыз ауаның қысымының рұқсат етілген құлау нормасы 1 сағат ішінде алғашқы сынақ қысымнан 25 % аспау қажет, яғни 1 сағаттың бітуі бойынша сыналып жатқан бөлменің қысымы 1,5 кПа кем болмау қажет.

447. Тоңазытқыш қондырғыны монтаждауға техникалық бақылау жүргізу процесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексереді:



1) басқару постыларының жабдықтары және өткел, негізгі және авариялық жолдардың шығу құрылғыларын күту орны, сондай-ақ олардың жабылуы бойынша талаптардың орындалуы;

2) тоңазытқыш жабдықтың орналасуының келісілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі;

3) құбырларды монтаждаудың дұрыстығы және оларды зақымданудан қорғаудың сенімділігі;

4) тоңазытқыш жабдықты бекіту;

5) тоңазытқыш қондырғы агрегаттарын центрлеу;

6) оқшаулауды монтаждау сапасы, оның ішінде оқшаулау материалдарының типі (маркасы), қалыңдығы және оқшаулауды бекіту сенімділігі, жиынтық ауданында, құбырлар өтетін жерде, люктердегі және есіктердегі түйіндерді монтаждау сапасы.

448. Тоңазытқыш қондырғылардың жүйесін дайындау және монтаждау кезінде тексереді:



1) бұзбай бақылау тәсілімен тоңазытқыш агенттің құбырларын түйістіре дәнекерлеп жалғау сапасы.

Айқастандырылған астарлы сақинада дәнекерлеп жалғауды және бұзбау тәсілімен 1,5 жұмыс қысымына тең гидравликалық сынау мүмкін емес басқа да сапаны тексеру;

2) суықты тұтыну тобы бойынша жүйелер учаскелерін сатылы қосумен және осы участкілердің қысымын 1,1 жұмыс қысымына дейін жоғарылатып жүйелерді тығыздыққа сынағаннан кейін, жапқыш арматураның және тоңазытқыш агент жүйелері құбырларының жұмысын тексеру;

3) әуе салқындатқыш жүйесінің ауа өткізгіш өткелінің түйіндерін және су өткізбейтін және өртке қарсы конструкция арқылы желдеткішті;

4) желдеткіш каналдардың қабылдау және шығу саңылауларының орналасуы; ауа өткізгіштің ұшында жалын үзгіш арматураның болуы және жарылысқа қауіпті үй-жайлардағы желдеткіштердің ұшқындарының қауіпсіз орындалуын;

5) оқшаулау жұмыстарын орындауға дейін және кейін газ өткізбеушілікті және ауа өткізбейтін;

6) ауа өткізгіштердің оқшаулауы.

449. Тоңазытқыш агент жүйесінің монтаждау жұмысын аяқтағаннан кейін газ ортасының жұмыс қысымына тең сынақ қысымымен 18 сағат ішінде тығыздыққа сынайды. Сонымен бірге сору және ағу салдарынан қысымның жиынтық төмендеуі алғашқы сынақ қысымының мәнінен 2 % жоғары болмау қажет.



Мұндай сынауды құрғақ ауаны немесе қаныққан сулы будың 450 С жоғары емес температуралы азотты қолданумен жүргізеді.

Тығыздыққа сынағаннан кейін тоңазытқыш агенттің апаттық құйылу жүйесін тексеру үшін апатты құю бекетінде желдеткішті кезекпен ашумен қысымды лақтыру қажет.

450. Тоңазытқыш агент жүйелерін герметикалыққа сынауды вакуумдаудан кейін 1 кПа жоғары емес қалдық қысымға дейін 12 сағат ішінде жүргізеді.



Жүйе сынақты көтерді деп есептеледі, егер қысымның жиынтық жоғарылауы (бу газын сіңірмеу салдарынан сынақ уақытында ауаның кіруі), қалдық қысымның алғашқы мәнінен 25 % жоғары еместі құраса.

Герметикалыққа сынауды аяқтағаннан кейін тоңазытқыш агент жүйесінің кептіру сапасын тексереді.

Кептіруден кейін зертханалық талдау мәліметтері бойынша судың абсолютті ұстап тұруы 0,15 г/м3 аспау қажет.

451. Салқын тасымалдаушы және су салқындатқыш жүйелерін жұмыс қысымымен 1 сағат кем емес ұстап тұрумен тығыздыққа сынайды.

452. Тоңазытқыш қондырғылар объектілерін қорғауға арналған сақтандырғыш клапандарды, оларды кемеге орнатқанға дейін зертханада тексереді және сынайды, Бұл ретте:

1) клапан 1,1-1,2 жұмыс қысымының диапазонында қопаруға реттеледі;

2) клапан іске қосылғаннан кейін жұмыс қысымынан 0,85 қысымнан кем емес кезінде жабылады;

3) клапанды суға батырумен, қысымды оны іске қосу нәтижесінде жапқаннан кейін екінші рет есептіге дейін көтеру жолымен жабылу тығыздығын тексереді.

453. Тоңазытқыш агентті әрекетте тексеру оның қоршаған ортаның әр түрлі температура шарттарында жұмысының тиімділігін, сондай-ақ қондырғының сенімділігі мен қауіпсіздігін растау мақсатында жүргізіледі.

454. Тоңазытқыш қондырғыны іс-қимылда сынауды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жүргізеді.

Тоңазытқыш агенттің барлық агрегаттарының жұмысын тексеруді автоматты және қолмен басқару режимінде тексереді.

455. Тоңазытқыш агентті сынау кезінде:



1) негізгі және резервті тоңазытқыш жабдықтың жұмыс істеуінің дұрыстығы (компрессорлар, сепараторлар, аппараттар, жүйелер, термореттегіштер, бақылап-өлшегіш құралдар, жапқыш және реттегіш арматуралар, авариялық-сақтандырғыш сигнал беру және қашықтықтан басқару құрылғыларын қорғау), сондай-ақ электр жабдықтың, автоматтаудың, тоңазытқыш қондырғынының үй-жайын және салқындату үй-жайын күтетін жүйелердің дұрыстығын;

2) салқындатқыш үй-жайдағы және осыған қажетті уақыттың температураның ең төменгі ерекшелік мәнінен жету мүмкіндігі;

3) салқындатқыш үй-жайлардағы, резервті жабдықтарды мерзімді қосып тұрумен оның 10-12 сағат үздіксіз жұмыс істеу шартында өзіне тән температураны 24 сағат ішінде ұстап тұру мүмкіндігін. Басты кемелер үшін бұл ретте салқын өнімділігін анықтайды.

4) жылу берудің орталықтандырған температурасы бойынша оқшаулаудың және 24 сағат ішінде жұмыс істемейтін тоңазытқыш қондырғы кезінде ауа температурасының динамикасының өзгеру тиімділігін тексереді.

456. Егер тоңазытқыш қондырғылары қайнау және конденсацияда температураларында, қайнау температурасы 10С және конденсация температурасы 20С бойынша жобадан айрықшаланса онда жалпы әдістеме бойынша жоба шартында тоңазытқыш шығарымдылығына қайта есептеуді жүргізеді.

457. Егер жобалық мәнге қарағанда 5 % жоғары емес айрықшаланатын болса, салқын өнімділік және жылу бергіштің орташа коэффициенті расталған болып есептеледі.

458. Тоңазытқыш қондырғыны сынаудың өңделген нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеу үшін Кеме қатынасының тіркелімі қызметкеріне ұсынылады.



Тоңазытқыш қондырғыны іс-қимылда сынаудың есепті құжатына қондырғының сипаттамасының және оның жабдығының ерекшелікке сәйкестілігі туралы қорытынды қоса беріледі.

 

 

10. Кемелік құрылғылар және жабдықтау



 

459. Осы бөлімнің нормалары кемелік құрылғыларды, жабдықтарды және жабдықтауларды дайындау үшін, сондай-ақ көрсетілген бұйымдарды Номенклатураға сәйкес кемеде монтаждау мен сынауға техникалық бақылауды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді (осы Қағиданың 1-қосымшасы).

460. Бұйымдарды дайындау үшін қолданылатын материалдар ІСЖКЖҚ-ның 2 және 4-бөліктерінің талаптарына сәйкес келуі қажет.

461. Рульдік машиналарды және палубалық механизмдерді (брашпил, шпил, зәкірлік, арқандап байлау, сүйреткіш және қайықтық шығырлар) дайындау мен сынауға техникалық бақылау осы Қағиданың 6-бөлімінде айтылған ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.

462. Құрылғыларды, жабдықтарды және жабдықтауларды дайындауды техникалық бақылауға мыналар кіреді:



1) техникалық құжаттаманы тексеру;

2) материалдарды бақылау;

3) бұйымды ішінен қарау;

4) өлшеу дұрыстығын тексеру;

5) дефектоскопты бақылау;

6) сынау.

463. Рульдік және рульді басқарушы құрылғылар бөлшектерін қарау кезінде осы Қағиданың 441-тармағында көрсетілгенге сәйкес қосымша тексереді:



1) рульді (қондырмаларын) жинау, шпоншты кертік;

2) бұйымның ішкі қуыстарын коррозиядан немесе оның толып кетуінен қорғау;

3) тығыз майыстырылған болттардың астындағы саңылауларды өңдеу сапасы;

4) рульдердің қуыс ұштарында және оларды инертті көлеммен толтырғаннан кейін қақпа қондырмалары бойынша өшіруді және іске қосқыш тығындарды орнату.

464. Зәкірлерді қарау кезінде осы Қағиданың 441-тармағында көрсетілгенге қосымша тексереді:



1) лақтырумен сынау туралы құжаттар;

2) дәнекерленген зәкірлердің дәнекерлеу сапасын;

3) зәкір ұршығының қисықтығы;

4) зәкір көлемін (өлшеу жолымен). Жекелеген жағдайларда 5 % таңдап өлшеуге рұқсат етіледі, бірақ бір типті өлшеммен дайындалған екі зәкірден кем емес.

465. Зәкірлік шынжырларды дайындауды техникалық бақылау кезінде олардың осы Қағида және стандарттар талаптарына сәйкестігін тексереді.

466. Тізбектік жабдықтардың басты үлгілерін, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген арнайы әзірленген бағдарлама бойынша стендіде жауапты бөлшектерді тензометрлеумен сынақ салмағымен сынайды.

Тізбектік жабдықтар бөлшегіндегі сынама жүктеменің және рұқсат етілген кернеудің мәні ІСЖКЖҚ-ның 4-бөлігінде анықталған.

467. Сериялық тізбектік жабдықтарды техникалық бақылау кезінде:



1) негізгі бөлшектерді дайындау сапсының және тізбектік жабдықтардың бүтіндей техникалық шарттарға сәйкестігі;

2) кинематиканы және барлық бөлшектердің өзара қатынасын, есепті жүктеме астындағы құлыпты ашу және стендыда (тензометрлеймей) сынақ жүктемемен сынау кезіндегі құлыптың беріктілігін тексереді.

468. Құтқару шлюпкаларын, салдарды, құралдарды, дөңгелектерді және күртешелерді дайындауға техникалық бақылау осы Қағиданың 441-тармағындағы талаптарға және Кеме қатынасы тіркелімімен сынау әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі (осы Қағиданың 19-қосымшасы).

469. Сигнальды-ажыратқыш шамдарға техникалық бақылау кезінде осы  Қағиданың 441-тармағында көрсетілгенге қосымша:

1) бөлшектердің өзара ауысымдығы;

2) судан қорғауын;

3) оқшаулаудың леерлік беріктілігі;

4) оқшаулаудың қарсыласуын тексереді.

470. Шамдардың басты үлгілерін стенділік сынау, осы Қағиданың 448-тармағында көрсетілгеннен басқа, мыналар жатады:



1) діріл және соққы салмағы шартында олардың қимылын тексеру;

2) қоршаған ортаның жоғарғы және төменгі температурасында жұмысын тексеру;

3) коррозиялық тұрақтылыққа тексеру;

4) термо тұрақтылыққа тексеру;

5) ылғалды тұрақтылыққа тексеру;

6) крендеу және дифференттеу кезінде жұмысын тексеру;

7) тоқ жүргізуші бөліктерге жанасудан қорғау деңгейін тексеру;

8) жарық техникалық сынау.

471. Қанаттық құрылғыларды дайындауға техникалық бақылау кезінде осы Қағиданың 441-тармағында көрсетілгенге қосымша тексереді:



1) қанаттық құрылғыларды жинау;

2) коррозиядан немесе оның толуынан бұйымдардың ішкі қуыстарын қорғау;

3) қанаттық құрылғы конструкциядағы қуыстарда өшіруді және іске қосу тығындарын орнатуды.

472. Рульдік және рульді басқарушы құрылғыны монтаждаудан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды:



1) тізбектер мен арқандардың куәлігін, гидравлика жүйесін, гидравликалық сынау туралы актісін;

2) негізгі рульдік жетекті кемелік іргетаста орнату және бекіту сенімділігі;

3) рульдің (қондырмалар) ортаңғы орналасуына бақылау тәуекелін қондыру дұрыстығы, сектордағы рульдің күйін көрсеткішті градуировкалау дұрыстығын;

4) жетекті центрлеуін;

5) баллер мойынтіректерін орнату сапасын;

6) төсемелерге руль жетегінің тірек сыртқы беттерінің және іргетасының тірек бөліктеріне төсемелердің, сонымен қатар жетектің сыртқы беттеріне және іргетастың сөрелеріне іргетас бұрандалармен гайкаларының қалпақшасының жабыстырылуын;

7) рульдік және рульді басқару құрылғысының гидравликалық жүйелерінің құбырларын жалғау тығыздығын;

8) руль немесе жетектен ажыратылған бұрандалы қондырманың ұшын бұрау жеңілдігі;

9) руль немесе бұрандалы қондырма ұшымен баллерді монтажды жалғау, баллерде Кеме қатынасы тіркелімі таңбасының болуын;

10) рульдік жетектің бүйірлік тірегін;

11) баллерді майлап тығыздау және конусты жалғауды тығыздаудың су өткізбеуін;

12) артық рульдік жетекті орнату және бекітуді;

13) ілмектегі және мойынтіректегі саңылауларын;

14) рульдік жетектің конструкциясына байланысты рульдің немесе қондырмалардың ең жоғарыы бағытта ығысуын реттеуші саңылауларын;

15) құрылғының жылжымалы бөлшектерін өздігінен бұрылуын болдырмайтын, бекіткіш құралдың болуын;

16) рульді немесе бұрылмалы қондырманы ауыстыру бұрыштары;

17) рульдің немесе қондырманың күйлерін көрсеткіш аксиометрлердің сәйкестігін тексереді.

473. Рульдік құрылғыны арқандап байлау сынау кезінде:



1) рульді немесе қондырманы борттан бортқа механикалық жетекпен 30 минут ішінде үздіксіз ауыстыру құрылғысының жұмыс қабілеттілігін;

2) 15 минут ішінде апатты қорек көзінен құрылғы жұмысының мүмкіндігін;

3) электр энергиясының негізігі және авариялық көзінен жеке қоректенгенде рульді немесе қондырманы борттан бортқа және ортаңғы күйінен сол және оң бортқа ауыстыру уақытын. Басты қозғалтқышты жетек ретінде қолданған жағдайда рульдік құрылғының гидро сорғысы үшін рульдің орнын ауыстыру уақыты кіші және толық жүріс режимінде тынып қалады.

4) негізгі жетектен қорға және кері үш реттен кем емес және рульдік немесе қондырманың әр түрлі жағдайларында ауыстырып қосу сенімділігін;

5) рульді немесе қондырманы борттан бортқа алты есе орын ауыстыру жолымен артық жетекпен құрылғының жұмыс істеу қабілеттілігі, бір борттан 200 бұрысқа басқа борттың 200 бұрышына орнын ауыстыру уақыты және осы операцияларды орындауға қажетті адамдар санын;

6) рульдік машина жүрісінің және сектор бұрылысы бұрышының дұрыстығын;

7) кемені және аксиометрмен басқару постыларының байланыс құралдарының дұрыстығын;

8) рульдік машиналардың, редукторлардың басқа бөлшектердің мойынтіректерінің қызуын;

9) рульдің немесе қондырманың румпель (румпель-талей) көмегімен орнын ауыстыруын тексереді;

474. Рульді басқарушы құрылғыны арқандап байлау сынау кезінде тексереді:



1) құрылғының 30 минут ішінде жұмыс істеуін;

2) оң және сол бортта (басты кемелерде) ауыспалы жұмыс кезінде тік өлшеу көмегімен рульді басқарушы құрылғының тірегін;

3) рубкадағы сигнал беру жұмысының дұрыстығын тексереді.

Басты кемелердің рульдік құрылғыларын жүрісте сынауды жобалық шөгу кезінде жүкпен және бос, ал сүйрегіш-итергіштерді - құрамсыз және құраммен кеменің маневрлық сапасын тексерумен бірге жүргізеді.

475. Осы Қағиданың 454-тармағында көрсетілген кемелердің рульдік құрылғысын жүрісте сынау процесінде тексереді:



1) рульді борттан бортқа орын, сондай-ақ алға және артқа толық, орташа және кіші жүріс кезінде бортқа немесе ДП кез келген еркін күйінен ауыстырудың бас тартпауы;

2) кеменің теңізде жүру сапасын сынау кезінде құрылғының істен шықпауы;

3) рульді немесе қондырманы борттан бортқа және ДП -дан әрбір бортқа алға қарай толық және аз жүрісте (электр энергиясының негізгі және апатты көзден қоректену кезінде электрлендірген жетек үшін) орын ауыстыру уақыты;

4) бақылаушы лампаларды, ақырғы ажыратқыштарды, артық жүктеме бойынша сигнал беру дұрыстығы;

5) аксиометр көрсеткіші және олардың руль немесе қондырма ұшының бағытына сәйкестігі;

6) қолдық жетек штурвалындағы күштер;

7) су атқыш жылжытқыштардың реверс тұтқаларындағы күштер;

8) кеменің әртүрлі жылдамдығында және рульдің немесе қондырманың әртүрлі ауытқу бұрыштарында негізгі жетектен қорға және кері ауысудың сенімділігі және ыңғайлылығы;

476. Сериялық кемелерде рульдік құрылғыларды осы Қағиданың 455-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес сынайды.

477. Зәкірлік құрылғыны монтаждауды аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері:

1) кемелік іргетаста брашпилді немесе зәкірлік шпилдерді орнату және бекітуді;

2) кемелік іргетастарда зәкірлік құрылғы бекіткіштерін орнату және бекітуді;

3) зәкірлік шынжырлар монтажын-жалғаушы звеноларды жинауды;

4) тізбекті жәшіктер жабдықтарын;

5) зәкірлік шынжырлардың түптік ұштарын бекіту және беруге арналған құрылғыны орнатуды;

6) зәкірлік шынжырлардың және зәкірлердің сызбаларға сәйкестігін, таңбаның болуын қоса және куәлік бойынша бөліктер мен бөлшектердің сәйкестігін;

7) зәкірлік құрылғылар астындағы іргетастардың дәнекерленген тігістерін калибрлеуін;

8) зәкірлік шынжырлар жоспарында сынықтардың болмауы;

9) дистанционды басқару жүйелері жабдықтарын орнату тексереді.

478. Арқандап байлау сынауда зәкірлік құрылғыны әрекетте әрбір шынжырдың бірнеше байланысын кезекпен таптаумен және кейіннен механикалық және қолдық жетек көмегімен таңдау арқылы тексереді.



Сынау процесінде:

1) жұлдызша бойынша шынжыр буындарының бекіткіштер және зәкірлік клюздер арқылы өту дұрыстығын;

2) бекіткіштердің және брашпилдің ленталық тежегіштерінің, шпилдердің немесе зәкірлік шығырлардың жұмысқа қабілеттілігін (шынжырды немесе арқанды таптау кезінде екі-үш рет тежеуді орындау;)

3) шынжырлар және зәкірлердің еркін шығуын, қайта кері кіруін, сондай-ақ зәкір табанының кеме бортына жанасуды қамтамасыз етуін;

4) жұлдызшаларды брашпил білігімен ажырату кезінде зәкірдің қайтарып беру сенімділігі және шапшаңдығын;

5) клюзды және тізбектік құбырларды жабу тығыздығын;

6) зәкірдің дистанционды қайтару құрылғысының тоқтаусыздығын;

7) зәкірлік шынжырларды таңдау жылдамдығының механизмнің паспорттық мәліметтеріне сәйкестігін;

8) барлық дақтан тазартылған зәкірлік шынжырлардың зәкірлік жәшікте өзін-өзі орнатуы тексереді;

479. Басты кемелерде және құрамаларда жүрісте сынау процесінде, техникалық тапсырмалармен айтылған жүзу аудандарында зәкірлік құрылғы сенімді тұрақты және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ете алатындығы белгіленеді.



Сонымен бірге:

1) жалғыз кемені немесе итергішті құрамымен ағыста ұстау үшін, зәкірдің көтеру күшінің жеткіліктілігін;

2) зәкірлік тұрақтың есепті тереңдігінен көтеру кезінде зәкірлік құрылғының жұмыс қабілеттілігін тексереді.

480. Сериялық кемелерде зәкірлік құрылғы жұмысын сынау ауданының ең жоғары тереңдігінде, сондай-ақ ағыста өзен шартында тексереді.

481. Алдыңғы жақтағы зәкірлік құрылғыны сынау процесінде:

1) ажыратылған жетекте зәкірлік шынжырларды немесе зәкірлік арқанды дақтан тазарту кезінде тежеу жолымен ленталық тежегіштердің жұмыс қабілеттілігін;

2) палубалық бекіткіштердің жұмыс қабілеттілігін;

3) әрбір зәкірді оны топырақтан жұлып алумен және көтеру жылдамдығымен брашпил көмегімен таңдау мүмкіндігін;

4) барлық жобамен көзделген жұмыс режимінде ажыратылмаған жетекпен брашпил көмегі арқылы екі зәкірдің де қайтару мүмкіндігін;

5) екі ілініп тұрған зәкірді бір мезгілде көтеру мүмкіндігі және оларды көтеру жылдамдығын;

6) зәкірдің рубкадан дистанционды қайтару құрылғысының тоқтаусыздығын;

7) брашпилдің қолдық жетегінің немесе зәкірлік шығырдың дұрыстығын;

8) сынаудың барлық түрлерін жүргізу процесінде, зәкірлік шынжырлар буындарының брашпил жұлдызшалары бойынша бекіткіш және клюз арқылы, сондай-ақ зәкірлік арқанның арқан салушы арқылы өту дұрыстығын тексереді.

482. Артқы жақтағы зәкірлік құрылғыны сынау уақытында:



1) зәкірлік механизм жетегінің тежеуіш көмегімен ажыратылған зәкірдің қайтару сенімділігін;

2) зәкірдің қайтару, оны топырақтан тартып алу және зәкірлік механизм көмегімен таңдау мүмкіндігін және таңдау жыламдығын;

3) палубалық бекіткіштердің жұмыс қабілеттілігін тексереді.

483. Сүйрегіш құрылғыны монтаждаудан кейін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері:



1) сүйрегіш шығырларды іргетаста орнату және бекітуді;

2) сүйрегіш арқанның типінің, диаметрінің немесе шеңберінің сызбаға немесе ведомосқа сәйкестігін;

3) сүйрегіш гактың тетіктік жабуын реттеуін;

4) сүйрегіш арқанның шектеуіштерін орнату дұрыстығын;

5) барлық мүмкінді бұрыштарда оны диаметральды жазықтықтан ажырату кезінде сүйрегіш арқанның дистанционды қайтару құрылғысының жұмыс қабілеттілігін;

6) орналасуы және арқанның сырғанауы немесе оның корпустық конструкция туралы қажалуы болмағанда роликтерді, блоктарды бағыттаушы құрылғыны тексереді.

484. Сүйреткіш құрылғыны арқандап байлау сынау кезінде:



1) сүйреткіш гактың оған бекітілген қанатпен қозғалуды;

2) сүйреткіш арқанның гактан еркін қайтарылуын қамтамасыз етуді;

3) арқанның рубкадан қашықтықтан қайтару құрылғысы жұмысының дұрыстығын;

4) арқанды таңдау немесе улау кезінде итергіш шығырдың жұмысының дұрыстығын;

5) итергіш шығырлардың тетіктерінің және тежегіштерінің жұмыс қабілеттілігін тексереді.

485. Кемелердің басты итергіштерін және сүйрегіштерін құрамымен жүрісте сынау кезінде:



1) итергіш шығырлардың дұрыстығын;

2) тежегіштің және арқан салғыштардың тоқтаусыздығын;

3) итергіш доғалары бойынша арқанның еркін қозғалу мүмкіндігі және оның шектеуіштердегі бекіту тиімділігін тексереді.

486. Тізбектік құрылғыны монтаждауды аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері:



1) тізбектік жабдыққа формулярдың болуын;

2) тізбектік жабдықты іргетасқа бекіту сенімділігін;

3) тізбектік жабдықты орнату ауданындағы кеме корпусын бекітудің болуын тексереді.

487. Тізбектік құрылғыны арқандап байлау сынау кезінде:



1) аралықтың өзгеру механизмінің жұмысының дұрыстығын;

2) кенелердің және бекіткіш крюктердің жұмысының дұрыстығын;

3) қалпақша жұдырықшаларының оларды шығыр көмегімен бұрау немесе серіппе жұмысында кері бұрау жолымен жұмысқа қабілеттілігін;

4) екі құлыпты тізбектер үшін артық қысқыштардың жұмыс істеу дұрыстығын;

5) тіректің барлық биіктігі бойынша көтеру және түсіру кезінде шығырлар жұмысының дұрыстығын;

6) құлыпты ұстап тұратын және құрылғыны түсірудің жұмысының дұрыстығын;

7) құлыптың кілтінің және арқандық тізбектер үшін жүріс бойынша бекітуге арналған құрылғы жұмысының дұрыстығын;

8) тарту бекетінің арқандарын тартуды;

9) арқанды қысқартқыш құрылғыны орнатуды тексереді.

Жекелеген механизмдердің жұмысқа қабілеттілігін тексеруден кейін бақылау тіркеу-ажыратуын жүргізеді, құлыптың өздігінен ашылуын болдырмайтын құрылғы жұмысын тексереді. Құлыпты ашу жергілікті және қашықтықтан басқару постыларынан жүзеге асырылады.

Итергіштер және өздігінен жүрмейтін кемелердің алдыңғы замоктарын бақылап тіркеу және ажыратуды баржаның артқы ұшына еліктейтін арнайы стендіде жүргізуге рұқсат етеді.

Басты кемелерде және құрамдарда тізбектік құрылғының беріктілік сипаттамасы жүрісте сынау кезінде тізбектік құрылғыда пайда болатын кернеуді немесе күштерді тік өлшеу жолымен тексеріледі.

488. Швартовты құрылғыны монтаждауды аяқтағаннан кейін тексереді:



1) швартовты шпилдер іргетасында немесе шығырларда және швартовты құрылғылардың басқа да жабдықтарында орнату және бекіту;

2) өзара орналасуын, швартовты құрылғы элементтерін орнату биіктігін, сондай-ақ бас алаңдардың және оларға баратын жолдың болуы;

3) арқандап байлаудың арқандар типінің, шеңберінің және ұзындығының сызба нұсқауларына сәйкестігі (жабдықтау ведомості);

4) Гидрожүйенің құбырларын және сорғыларын монтаждау сапасы;

489. Кемеде келіп түскен құтқару құралдарында сәйкестік туралы сертификат болуы қажет.

490. Сынама жүкпен сынауды бастағанға дейін іс қосу құрылғыларының құрамына қарауды жүргізеді.

Сонымен бірге Кеме қатынасының тіркелімі қызметкері тексереді:

1) монтаждау сапасы және іске қосқыш құрылғылардың жинақтылығын;

2) бұйымның, бөліктің және бөлшектердің таңбасының және маркаларының болуы, олардың ұсынылған сертификаттарға сәйкестігін;

3) тіреуіш болттарды тарту, станин табанын іргетасқа жанастыру тығыздығы, іргетастардың дәнекерленген тігістерінің және олардың астына нығайту сапасын;

4) шығыр барабандарында қалақтардың ұштарының, сондай-ақ қалақтардың түпкі ұштарының бекітілу сенімділігін;

5) қайық белдемдерінің аралығын;

6) шығырды басқару постынан шлюпкаларды түсір-көтеру процесін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

7) қайық белдемдерінің қолдық жетектерінің, қайық белдемдерін бастырмалайтын бұрандалы жетектер жұмысының дұрыстығы;

491. Кемеге орнатқаннан кейін әрбір шлюпкалы құрылғыны шлюпты түсіру және көтеру кезінде сынайды. Сонымен бірге жүктемені ІСЖКЖҚ-ның 4-бөлігіне сәйкес қабылдау керек.

492. Шлюпкалы құрылғыны сынау кезінде:

1) шлюпканы түсіру кезінде шығырдың қолдық тежегішінің іске қосылу сенімділігі. Тежеу байсалды, бірақ тиімді болуы қажет.

2) ширатылған қайықтар бағыты бойынша катков қозғалыс жатықтығы;

3) қалақтардың шкив және бағыттаушы ролик бойынша, сондай-ақ бүркенішпен жабылған жерлерде өтуін;

4) шлюпкаларды түсіру жылдамдығын;

5) шығырдың барабанына арқанды ораудың бірқалыптылығын;

6) кез келген бортқа крен 150 болғанда, әрбір борттың қайықтарын кеменің ең төменгі ватерсызығы деңгейіне дейін түсіруге арналған қалақтың қажетті ұзындығын;

7) шығыр барабанының арқан сыйымдылығы (арқанның жоғарғы қатардағы тігі бойынша түгелдей жайылған, барабан ребордосының жеткілікті жоғарылауы);

8) шлюпканы түсіру уақытын тексереді.

493. Шлюпка белдемдерінің толтыру жебесін тексеруді жебемен шлюпкаларды бірнеше рет аунатып және толтыру жолымен, шлюпкаларды жабдықтаудың толық жинақтылық және түсіру командасының салмағына тең жүкпен жүргізеді. Сонымен бірге:



1) қайық белдемдерінің жебесінің ығысуын;

2) катоктар қозғалысының бағыттаушы шиыршықталған қайық бойынша бірқалыптылығын;

3) қолдық жетектің тұтқадағы күшін;

4) қолмен басатынды қосқан кезде электр жетегін қоректендірудің автоматты түрде ажыратылуын (блокталуы);

5) ақырғы ажыратқыштардың болуын және реттеуін тексереді.

494. Механикалық жетекті құтқару шлюпкаларын және моторлы шлюпкаларды әрекетте жетегін және/немесе қозғалтқышын жүрісте тексеру мақсатында сынайды. Радио жабдықтар, прожекторлар, суландыру жүйесі және сығылған ауа болған (танкерлі қайықтарда) жағдайда көрсетілген объектілерді мақсаты бойынша тексеруді жүргізеді.

495. Құтқару салдарын орнатқан кезде типінің, санының, сыйымдылығының, орналасуының, таңбасының және маркалаудың келісілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін, Кеме қатынасы тіркелімі немесе басқа сыныптамалық ұйымның және дайындаушы-ұйымның сертификатының болуын тексереді.

496. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері санының, орналасуының және кемедегі құтқару құралдарының бекітілуінің техникалық келісілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін, Кеме қатынасының тіркелімі немесе басқа сыныптамалық ұйымның және дайындаушы-ұйымның куәлігінің болуын, сондай-ақ құтқару құралдарының және олардың жинақтылығын тексереді.



Құтқару құралдарының рациональды орналасуын және олардың жылдам қолдану мүмкіндігіне назар аударады.

497. Құтқару күртешелерін мұқият қарайды және олардың дайындаушы-ұйымның құжаттарына және Кеме қатынасы тіркелімі сертификатына сәйкестігін тексереді.

498. Құтқару шлюпкаларының жабдықтау заттарын Кеме қатынасы тіркелімімен келсілген құжаттамаға және ІСЖКЖҚ-ның 4-бөлігінің талаптарына сәйкестігін тексереді.

Сондай-ақ жабдықтау заттарының жинақтылығын, олардың шлюпкада орналасуын және дайындаушы-ұйымның құжаттарының болуын тексереді.

499. Cигналды құралдарға және кемені жасау кезінде техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарды:



1) сигналдық құралдардың Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген құжаттамаға сәйкестігін;

2) сигнал құралдарын кемеде орнатуды тексеруді орындайды.

500. Келісілген техникалық құжаттамаға сигналдық құралдардың сәйкестігін тексеруге паспорттарды, сертификаттарды және басқа да құжаттарды бақылау, сигнал құралдарын тексеру және сигнал құралдарына жазылған маркалау мен таңбаларының ілеспе құжаттарын салыстыру жатады.

501. Кемеде сигнал құралдарын орнатуды тексеруге мыналарды анықтау мақсатында сыртқы қарау мен бақылап өлшеу кіреді:

1) кеменің ДП қатысты тік және көлденең жазықтықтарда стационарлы сигнал құралдарының дұрыс орналасуы;

2) сигнал құралдарын орнатудың және бекітудің дұрыстығы;

3) сигнал құралдарын бөлшектеудің және ауыспалы-қосалқы бөлшектерді ауыстыру ыңғайлығы;

4) электр кабельдері монтажының және сигнал құралдарын қорғайтын жерлендірудің дұрыстығы;

5) электрлі сигнал құралдарынан пайда болатын радио бөгеттен қорғау тиімділігі;

6) сығылған ауа, бу немесе басқа дыбысты сигнал құралдарын әрекетте келтіруге арналған құбыр жүйесін монтаждау сапасы;

7) конструкциялардың жұмыс қабілеттілігі және құрылғылардың қауіпсіздігі және сигнальды пиротехникалық құралдарды қолданысқа келтіруге арналған, сондай-ақ оларды сақтауға арналған құралдар.

502. Өрт сөндіру, навигациялық және авариялық, сигнальды пиротехникалық және дыбыстық құралдарға техникалық бақылау жасау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері:



1) жабдықтауға және оларды қолдану мерзіміне құжаттардың болуын;

2) жабдықтаудың жобаға және осы қағидаға сәйкес жинақтылығын;

3) жобаға сәйкес кемеде жабдықтау заттарын орналастыру және бекітуді  тексереді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет