Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет12/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#2343
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 

«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін



ұйым мәртебесін беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША
 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

19-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

  
«Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде

хабарлама беру» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 23-бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 75 қаулысының (бұдан әрі – қаулы) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені жөнінде хабарлама және қағаз тасымалдауыштағы ілеспе хаты бар инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - инвестициялық пай қорларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтінішті;

2) есепті айдың аяғындағы немесе инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;

3) қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті беруі тиіс.

12. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарламаны беруге арналған өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда:

1) егер ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайда инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.

  
3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

  
4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  
5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100. 

«Инвестициялық пай қорының

пайларын орналастыру қорытындылары

туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША


 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

20-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 
«Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге

рұқсат беру» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері мен өзге де қажетті құжаттары бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) өтініш берушінің құрылтайшылардың (құрылтайшының) атынан өтініш беру өкілеттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің (жалғыз акционер шешімінің) көшірмесін;

3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды төрт данада (түпнұсқасы мен нотариат куәландырған үш көшірмесін) беруі тиіс.

12. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет