ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі
Баланың аты-жөні_________________________________________
Туылған күні______________________________________________
Зерттеу мерзімі____________________________________________
Симптомокомплекстің балдар сомасы
«Отбасылық үрейлікті талдау» сауалнамасы
Сізге берілген сауалнамада сіздің үйде, отбасыңызда көңіл күйіңіздің бекітулері жазылған. Бекітулер нөмірленген. Сондай нөмірлер «Жауаптар бланкісінде» де бар.
Сауалнамадағы бекітулерді кезекпен оқыңыз. Егер сіз бекітумен келіссеңіз, «Жауаптар бланкісіндегі» бекітудің нөмірін дөңгелетіп белгілеңіз. Егер тым келіспесеңіз ол нөмірді сызып тастаңыз. Егер таңдау қиынға соқса, нөмірдің үстіне сұрай белігісін қойыңыз. Сауалнамада «дұрыс» немесе «дұрыс емес» бекітулер жоқ. Өзіңіз қалай сезінесіз, солай жауап беріңіз.
-
Отбасы мүшелері маған разы емес екенін білемін.
-
Мен не істесем де бәрібір дұрыс болмайтынын сеземін.
-
Мен көп нәрсені істеп үлгірмеймін.
-
Менің отбасымда не болса да мен кінәлі болып қаламын.
-
Өзімді жиі әлсіз сезінемін.
-
Үйде жиі ашуланамын.
-
Үйге келгенімде өзімді ебдейсіз, ептісіз сезінемін.
-
Отбасымның кейбір мүшелері мені ақылсыз деп есептейді.
-
Үйде отырғанымда бір нәрсеге мазасыздана беремін.
-
Отбасы мүшелерінің маған сын көзбен қарайтынын сеземін.
-
Үйге келе жатып ойланамын, мен жоқта тағы не болды екен.
-
Үйде отырғанда тағы көп нәрсе істеу керектігін үнемі сезіп жүремін.
-
Жиі өзімді артықпын деп сеземін.
-
Үйдегі жағдайым соншалықты қолдарым да төмен түседі.
-
Үйде өзімді-өзім ұстап жүруге тура келеді.
-
Егер мен кенеттен жоқ болып кетсем, ешкім де сезбейтін сияқты.
-
Үйге келе жатып қазір бір нәрсе істеймін десең келгеннен кейін басқа бір нәрсе істеуге тура келеді.
-
Отбасылық жағдайымды ойлансам бірден толқимын.
-
Отбасымның кейбір мүшелері мен үшін достарының таныстарының алдында ұялады.
-
Жақсы істегім келеді, бірақ жаман болып шығатын кездер де болады.
-
Маған көп нәрсе ұнамайды, бірақ мен оны көрсетпеуге тырысамын.
ЖҮТ сауалнамасының бланкісі
Егер дөңгелекпен белгіленген жауаптар диагностикалық белгіге тең немесе одан жоғары болса, бұл отбасылық үрейліктің белгісі. «В» - кінә сезімі, «Н» - нервнопсихикалық күші, «Т» - үрей, «С» - отбасылық үрей.
Отбасылық үрей отбасында өзінің жағдайын, өзін отбасында қалай сезінетінін уайымдағанының жалпы түрін айқындайды.
В – кінә сезімі (отбасында болатын жамандықтың бәрі өзінен болатынын сезінеді)
Т – үрейлік (оның отбасындағы жағдайы оған байланысты емес екендігін сезіну)
Н – қызу (отбасылық міндеттерді орындау, ол орындай алмайтын міндет екенін сезіну)
«Отбасылық социограмма» жобалық тест
«Отбасылық социограмма» жобалық тест суреттік жобалық тесттеріне жатады. Ол тұлғаның өзара қарым-қатынас жүйесіндегі жағдайын және де отбасының байланыс сипатын – тура немесе жанама айқындауға көмектеседі.
Диаметрі 110 мм шеңбер салынған бланк зерттелушіге беріледі. Сосын нұсқау беріледі: «Парақта шеңбер салынған. Оның ішіне өзіңізді жіне отбасы мүшелерін дөңгелекше түрінде бейнелеңіз, дөңгелектің жанына адам атын жазыңыз». Отбасы мүшелері тапсырманы, бір-бірімен келіспей орындайды.
Тестік нәтижелерді бағалай мына белгілермен жүргізіледі:
-
Шеңбердің ішіне түскен отбасы мүшелерінің саны;
-
Дөңгелекшелердің үлкендігі;
-
Дөңгелекшелердің бір-біріне қатысты орналасуы;
-
Дөңгелекшелердің бір бірінен ара қашықтығы.
Бірінші белгінің нәтижесі бағалағанда зерттеуші отбасы мүшелерінің бейнеленген саны мен нақты санын салғастырады. Жанжалды қарым-қатынаста болған отбасы мүшесі шеңбер түспей ұмытылуы мүмкін. Сонымен бірге бөтен адам, жануар, жақсы көретін заттар шеңбер ішінде бейнеленуі мүмкін.
Содан кейін біз дөңгелекшелердің үлкендігіне назар аударамыз (екінші белгі). Басқалармен салыстырғанда үлкен болып келген «Мен» дөңгелекшесі өзін бағалаудың жеткілікті немесе жоғарыланғаны көрінеді. Қалған отбасы мүшелер дөңгелекшелерінің үлкендігі олардың зерттелушіге маңыздылығын білдіреді.
Дөңгелекшелердің шеңбер ішінде және бір біріне қатысты орналасуына назар аудару керек (үшінші белгі). Зерттелушінің өзінің дөңгелекшесін шеңбер ортасына бейнелеуі оның эгоорталықты адам екендігін көрсетеді, ал ешер өзін төмен жаққа басқа дөңгелекшелерден бөлек орналастырса, сезімдік терістікті білдіреді.
Зерттеушіге маңызды отбасы мүшелері, үлкен дөңгелектермен шеңбер ортасында немесе жоғарғы жағында орналасады.
Дөңгелекшелердің ара қашықтығын талдап үлкен ақпарат алуға болады (төртінші белгі). Бір дөңгелекшенің келесі дөңгелекшеден алысырақ орналасқаны олардың отбасында қарым-қатынасының жанжалдығын білдіреді. Дөңгелекшелердің «жабысып» тұруы немесе бір-бірінің үстіне шығуы, жанасуы немесе бірінің ішінде екіншісінің бейнеленуі, отбасында симбиотикалық байланыстардың бар екендігін көрсетеді.
«Отбасылық социограмма» тестін қолданғанда, бірнеше минуттың ішінде «дәл қазір және осы жерде» жағдайын отбасында қарым-қатынастар жайында визуальды көрініс алады, кейін банктарды көрсетіп, не шыққанын талқылайды.
10. Қолданылған әдебиеттер
-
Авдеева Н.Н., Хаймовская Н.А. Үш жасқа дейінгі балалардың отбасында және балалар үйінде өзінің бейнесін және байланысын дамыту. – М.: Смысл, 2003.
-
Алиева М.А., Гришанович Т.В., Лобагова Л.В., Травникова Н.Г., Трошихина Е.Г. Мен өмірімді өзім жасаймын. С-П, Речь, 2003.
-
Альтшулер Б.Л. Демалысты – отбасына: Ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар және жетім-балалар үшін мекемелерінің тәрбиеленушілерін демалыс кезеңінде азаматтар отбасыларына орналастыруды ұйымдастырудың кепілдеме материалдары. РОО «Право ребенка». М. 2003.
-
Барабанова В.В. Балалар дамуының қиыншылықтарын білу және оларды жеңуге үйрену. Отбасылық балалар үйі: нақтылық, қазіргі Ресейдің мәселелері мен болашағы. М.: Дом. 1995.
-
Боулби Джон. Байланыс: Ағылш.ауд. – М.: Гардарики, 2003.
-
Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық зерттеу. М., Владос-Пресс, 2003.
-
Джойс Лишман. Әлеуметтік жұмыс қатынастары.
-
Ежов И.В. Яснополянск балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жеке рухани дамуының психологиялық қамтамасыз ету бағдарламасы. – Ясная Поляна, 1997.
-
Лисина М.И., Дубровина И.В., Прихожан А.М., Толстых Н.Н. «Балалар үйінің тірбиеленушілерінің психикалық дамуы».
-
Лурье Ж.В., Семенова О.Ф. «Сегізаяқтар мен кішкентай сегізаяқтар» балалық-ата-аналық қатынасының контекстінде үлкен мектеп жасына дейінг балалардың танымалы өрісі мен сезімдік-мотивациялы түзелту және дамыту психологиялық бағдарламасы. М., 1999.
-
Марковская И.М. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас тренингі. С-П, Речь, 2005.
-
Мухина В.С. Интернаттых мекемелерде тәрбиеленетін балалардың жеке дамуының ерекшеліктері // Баланың жеке қасиетінің дамуы: мәселелері, шешімдері, ізденіс. М., 1995.
-
Ослон В.Н., Холмошорова А.Б. Мамандандырыған ауыстырмалы отбасы Ресейдегі жетімдер мәселелерін шешетін бірден бір моделі. Психология сұрақтары, 2001, № 3.
-
Ослон В.Н., Холмогорова А.Б. Мамандандырыған ауыстырмалы отбасына психологиялық жол көрсету. Психология сұрақтары, 2001, № 4.
-
Семья Г.В. Халықаралық және ұлттық асырап алу кезінде жеміт-балалардың психолгиялық қорғанысының негіздері. М.Из-во: УРАО, 2004.
-
Отбасылық жүйелі психотерапия. Эйдемиллер Э.Г. редациясында. Питер, 2002.
-
Хайрулина А.У., Паренкина Н.В., Лукашева Е.Ю. Ата-анасының қолдауынсыз қалған балаларды жайластыру альтернативті түрі облысында заңдылық пен практика. Мамандар үшін нұсқау. Алматы, 2004.
-
Энди Бильсон, Джудит Харвин. Әлеуметтік әлсіщ балалар мен отбасылармен әлеуметтік жұмыс практикасына кураторлық қызметтерді енгізу үшін әдістемелік құралдар жиыны. 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |