БАҒДАРЛАМАСЫ
Берілген бағдарлама асырап алушы ата-аналарды (асырап алушылар, қамқоршылар, патронаттық тәрбиелеушілер) дайындау және оқытуға арналған. Жалпы сағат саны – 72, оның ішінде – 36 сағат кандидаттарды асырап алушы ата-аналарға дайындау, және 36 сағат – асырап алушы ата-аналарды оқыту. Бағдарлама төрт блоктардан тұрады: заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық және медициналық.
Заңгерлік блок – 20 сағат
-
Қамқорлық, асырап алу процедуралары, патронат (нормативті-құқықтық актілер):
-
қамқоршыларға, асырап алушыларға, патронаттық тәрбиелеушілерге, асырап алушы отбасыларға қойылатын талаптар;
-
асырап алынатын, қамқорлыққа берілетін, патронат, асырап алатын отбасына берілетін балалар.
-
Балаларды орналастыру түрлері:
-
асырап алу;
-
патронат;
-
қамқорлық.
-
Асырап алатын ата-аналардың құқықтары мен міндеттері:
-
асырап алушылардың құқықтары мен міндеттері;
-
қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері;
-
патронаттық тәрбиелеушілердің құқықтары мен міндеттері.
-
Балалардың құқықтары мен міндеттері.
-
Қамқорлық ұйымдарына және сотқа құжаттарды дайындау.
-
Асырап алу, қамқорлық, патронат кезінде сатыларды өтудің негізгі кезеңдері.
-
Мекен жайына қатысты қамқорлық ұйымымен танысу;
-
Дәрігерлерді аралап өту, анықтамаларды жинау.
-
Асырап алушы ата-аналар/тәрбиелеушілер болу мүмкіндігі туралы қамқорлық ұйымдарына шешім алу мақсатымен құжаттарды дайындау.
-
Құжаттарды қамқорлық ұйымдарына тапсыру, құжаттарды қамқорлық ұйым мамандарымен қарастырылуы және тұрмыстық жағдайын зерттеу.
-
Асырап алушы ата-аналар/тәрбиелеушілер болу мүмкіндігі туралы қорытынды алу.
-
Баланы іздеу. Баламен танысуға бағыт алу. Егер өзінің мекен жайындағы балалар мекемелері жоқ болса немесе бала табылмаса, басқа кез келген қамқорлық ұйымына немесе аймақтық ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың деректер қор операторына сұраныспен бару.
-
Баламен танысу, керек еткен жағдайда, баланы тәуелсіз медициналық зерттеуден өткізу, өзінің батылдығын тексеру.
-
Сотқа арыз беру, сотты күту (асырап алу болса).
-
Соттың арызды қарауы. Сот шешімін қолына алу (асырап алу болса).
-
Шешім қабылдау. Құжаттарды дайындау.
-
Есеп беру мерзімі мен түрлері
Медициналық блок – 6 сағат (14 сағат қосылады, егер ерекше мұқтаждығы бар асырап алушы ата-аналар оқытылса)
-
Балалар дамуының физиологиялық жас ерекшеліктері.
-
Асыранды балаларда өте жиі кездесетін генетикалық аурулар және олардың диагностикасы.
-
Ерекше мұқтаждығы бар балалар күтімі.
-
Әр түрлі жастағы балалардың ауруын алдын-алу сұрақтарына кеңес беру.
Әлеуметтік блок – 26 сағат
-
Асырап алушы отбасының нәтижелілігінде баланың жасы маңызды фактор болып келеді.
-
Жақын туысқандарды дайындау (аталары, әжелері және т.б.).
-
Туған балаларды асыранды балалардың пайда болуына дайындық.
-
Күйеуімен бала асырап алу жөнінде әңгімелесу (патронат, қамқорлық).
-
Үйдегі бірінші күндер (бейімделу кезеңінің нормативтері).
-
Асыранды баламен алғашқы кездесуге дайындық.
-
Асырап алатын отбасы мен асыранды балалардың бейімделуі.
-
Баланың іс-әрекетін басқару.
-
Баланың өткен өмірі мен оның туған ата-анасына қарым-қатынасы.
-
Баланы тәрбиелеудің жеке жоспары.
Психологиялық блок – 20 сағат
-
Интернаттық мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде даму проблемаларының негізгі себептері.
-
Асырап алушы отбасының бейімделу ерекшеліктері:
-
асырап алушы отбасының проблемалық аймағы;
-
асырап алушы отбасының ата-аналарының негізгі мәселелері;
-
отбасылық дағдарыс.
-
Отбасынан тыс тәрбиеленген баланың жеке ерекшеліктері.
-
Асырап алушы аналардың бейімделу ерекшеліктері.
-
Асырап алушы отбасында баланы тәрбиелеу әдістері.
-
Баланың дамуының жастық кезеңдері. Жастық дағдарыс.
-
Байланыс бұзылыстарын жеңу жолдары, терапия:
-
отбасы суретін тепе-тең қалыптастыру;
-
дүниеге сенімділікті қалыптастыру;
-
мамандардан кеңес алу (невропатолог, психолог)
-
ойын терапиясы (ойыншықтарды қолданып әр түрлі жағдайлар ойлап тауып ойнау)
-
арттерапия (сурет терапиясы, ертегі терапиясы)
-
баланың байланысы қалыптасқаны жөнінде бірнеше ерекшеліктері.
-
Асыранды жеткіншектер: олар қандай өмір сүруде?
-
бала мен ана қарым-қатынасының алдын-алу және психотерапия.
-
нәтижелі қарым-қатынас дағдылары.
-
Жанжалды жағдай туғанда іс-әрекеттер стартегиясы.
-
Туған және асыранды балалар арасындағы қарым-қатынастарды алдын-алу және түзелту.
8. АСЫРАП АЛУШЫ ОТБАСЫНДА БАЛАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГ ӘДІСТЕРІ
8.1. Отбасындағы баланың қауіпсіздігі мен табыстылығына баға беру әдістері
Асырап алушы отбасы тәрбиелеу жүйесінде баланың дамуын және денсаулығын бақылау, баланың табыстылығын, баланың отбасында әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігін бағалау ерекше орын алады. Баланың дамуының нәтижелілігіне ұжымдық баға беру және қолданылатын шаралар түрі ретінде консилиум бола алады, ұжымдық ұйымның жұмысының нәтижесінде баланың балалар үйінде немесе отбасында дамуының табыстылығы анықталады, проблемалар және оның шешу жолдары айқындалады. Консилиумда баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру жоспарына өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныстар талқыланады, түзету-жаңарту жұмыстарының керекті шаралары өңделеді.
Мониторинг – бақылау болып табылады, алайда мониторинг жүйесінің негізгі мақсаты асырап алушы ата-аналарға практикалық методологиялық көмек көрсету. Мониторинг – бұл кемшіліктерді айқындау және оларды түзету ғана емес, сонымен бірге оларды болдырмауға тырысу, осыған сәйкес қызмет көрсету сапасын арттыру.
Мониторинг түрлі әдістермен өтуі мүмкін:
-
Баланы, оның көңіл күйі, іс-әрекеттері, айтқан сөздерін визуальды бақылау.
-
Отбасының асырап алушы отбасы белгілеріне сай болуын бақылау. Ата-аналардың психологпен, әлеуметтік қызметкермен сұхбаттасулар сауалнама негізінде отбасының қалай дамуы мен ата-аналардың өзінің міндеттерінің қалай түсінетіндігі анықталады.
-
Орталық бақылау – отбасындағы морльдық, психологиялық климатын, материалдық-тұрмыстық жағдайларын бақылау.
-
Баладан сұрастыру және отбасында оның әлеуметтік психологиялық қауіпсіздігін диагностикада психологиялық құралдарын пайдалану (жобалық тестер, сауалнамалар)
-
Мамандардың мерзімді сұрастырулары (көршілерін, мектеп оқытушыларын)
Баланың әл-ауқатын және отбасына жол көрсету процесінде жұмыс істелінетін проблематика белгілерін анықтауға ең теңестірілген қатынас, матрицамен жұмыс жүргізген кезде көрсетіледі (Ұлы Британия тәжірибесі. 4 сурет). Бұл матрицаның барлық жақтары өзара байланыста. Мысалы, баланың сүйіспеншілік, достық, қатынас сияқты әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырылу деңгейін индикаторлармен анықталады: отбасылық және әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік ортадағы іс-әрекеті.
4
Денсаулық
Қауіпсіздікті
қамтамасыз ету
сурет. Матрица
Бала қажеттіліктері
Ата-ана ммүмкіндіктері
БАЛА
Дамуы мен амандығын сақтау және қаматамасыз ету
Қоршаған орта мен отбасына байланысты факторлар
Отбасы тарихы мен қызметі. Туысқандар. Үйі. Жұмыс орналасуы. Табысы. Отбасы әлеуметтік бірлесуі. Әлеуметтік орталық
Білімділігі
Қарым-қатынасы мен сезімділік дамуы
Әлеуметтік және отбасылық қарым-қатынастары
Әлеуметтік ортадағы іс-әрекеттері
Өзіне-өзі қызмет ету дағдылары
Қарым-қатынастардың
сезімдік жағы
Ынталандыру
Отбасында қабылданған
ережелер мен нұсқалар
Отбасы тұрақтылығы
8.2. Асырап алушы отбасына әлеуметтік-психологиялық жол көрсету
-
Отбасына жол көрсету міндеттері
Баланы асырап алушы отбасына арналастырған әлеуметтік көмек көрсететін мекеме баланы асырап алушы отбасына орналастыруға қабылданған шешімге, осы отбасында баланың өсіп-өнуіне және отбасынан кетуіне, бала мен отбасына әлеуметтік көмек көрсетуге жауапты.
Отбасына жол көрсетуші мамандардығң алдындында тұрған міндеттері:
-
көмек көрсету және үйлестіру (мамандармен кездесудә ұйымдастыру)
-
баламен және отбасымен күнделікті байланыста болуы
-
баланың отбасына келгеннен кейін қарым-қатынастардың дамуын қадағалау
-
жеке кеңес беру және т.б.
-
Отбасына жол көрсететін кім?
Келісімге қол қойылғаннан кейін бала мен отбасының бірлікте жүйе ретінде жұмыс жасауы басталады. өзінің асыранды баласымен жұмыс жасайтын отбасын қолдау ортаығынымен және/немесе мамандармен бірге қызмет жасайды. Осы мамандардың барлығы отбасына мамандандырылған жол көрсетудіә қамтамасыз етеді.
-
Отбасына жол көрсететін әлеуметтік қызметкерінің міндеттері
Асырап алушы отбасына тапсырылған әр баланың немесе жеткіншектің қасында әлеуметтік қызметкер болады, ол баланың дұрыс дамуын және қалыптасуын, баланы/жеткіншекті заңды түрде қорғалу жоспарының орындалуын қадағалайды.
-
баланың өзі, баланың отбасы және асырап алушы ата-ана әлеуметтік қызметкерді, оның мамандық міндеттерін және онымен қалай байланысуға болатындығын біледі.
-
Егер бала маманның көмегі керек ететін болса, әлеуметтік қызметкер ол көмекті ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын өзіне алуға міндетті.
-
Баланың әлеуметтік қызметкері тәрбиелеу жоспарының орындалу жолын қадағалайды және осы жұмысқа қатысушы мамандардың және асырап алған ата-аналармен кеңесе отырып нәтижелерді жазып жүреді.
-
Әлеуметтік қызметкер балаға жүйелі түрде қатынап жүреді, бірге бір кездесулерді де қосқанда, заңмен қойылған және баланы тәрбиелеуге беру келісім шартта көрсетілген уақытта.
-
Тәрбиелеу жоспарына сай әлеуметтік қызметкер оның өзінің отбасымен және басқа да жақын адамдармен кездесулерін ұйымдастырады.
-
Әлеуметтік қызметкер психологиялық көмек көрсету үшін асырап алушы ата-анамен/тәрбиелеушімен байланыста болады. Әлеуметтік қызметкердің басты мақсаты – асыраушы ата-ананың/тәрбиелеушінің позитивтік көңіл күйін сақтау, отбасы мүшілерінің проблемаларын дер кезінде байқау. Керек болған жағдайда әлеуметтік қызметкер асырап алушы ата-ананы/тәрбиелеушіні психологтан кеңес алуына жібереді.
-
Отбасына жол көрсететін психологтың міндеттері
Психолог баламен және асырап алушы ата-анамен психологиялық жұмыстарын жүргізеді.
Дағдарыс жағдайлар болған уақытта отбасына және балаға шұғыл жәрдем көрсетеді, ондай жағдайлардың болдырмау жолдарын жасайда.
Асыранды және туған балалар арасындағы дағдарыстарды психолог шешеді. Баланың дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, асырап алушы ата-аналарға арналған тренингтік топтарын жүргізеді.
Баланың ата-анасымен қатынас туған ата-анасымен және асырап алушы ата-анасымен байланыстардың болуын болжайды . Психолог балаға өзінің өткен шақтарында болған жағымды сәттерін табуға және жағымсыз сәттерін түсініп қайта қарауына көмектеседі. Баланы отбасына орналастырғаннан кейін асырап алған ата-анамен лбаланың қарым-қатынастары күнделікті болады. Бір жағынан – бұл білімділік жұмыс, семинарлар, асырап алушы ата-аналардың топ кездесулері, олардың мақсаты, ақпараттар беру, өзара көмек пен тәжірибемен алмасу болып табылады. Екінші жағынан – бұш терапевтік практика, жеке немесе отбасылық. Баламен болып жатқан және бейімделу кезінде пайда болатын қиындықтарды талқылау, баланың қиыншылықтарын асырап алушы ата-аналардың өздерінің қиындықтарынан айыруға көмектесу және оларды психологиялық қызметтердің көмегімен шешу. Өте қиын жағдайларда дағдыларды шеші үшін бала мен ересек адамдарға бірегей психотераптикалық сессиялар жүргізіледі.
8.3. Асырап алған отбасындағы баланың бейімделу көрсеткіштері
Тәрбиеленушілердің даму қарқынынң мониторингі келесі көрсеткіштермен жүргізіледі:
-
Дене денсаулығы (дене дамуының сатысы, моторлық қызметі, созылмалы ауруларының бар болуы немесе жоқтығы, рецидивтерің жиілілігі, сатысы, ремиссиялардың ұзақтығы, жүйкелік ауруларының бар болуы немесе жоқтығы, жылдың ішінде суықтану ауруларының жиілілігі, сонымен бірге осы факторлардың бірлігі).
-
Психикалық денсаулығы (психикалық дамуының деігейі, психикалық дамудың шектелуінің сатысы).
-
Невротикалық көріністер (энурез, кекештік, жүйке тартыстары, астма, қол треморы, түн қорқыныштары, қызметінің дезорганизациясы).
-
Өзін өзі қабылдауы (баланың өзі туралы, өзінің өткен шақтарын білуі, өзін өзіне есеп бере білуі, өзін өзі қабылдай алуы).
-
Әлеуметтік бейімделу (басқыншылық, тұйықтық, сөз қатынасының бұзылуы, өзіне қызмет жасау дағдыларының жоқтығы, ұрлық, ойын дағдыларының жоқытығы).
-
Мектеп дезаптация (мектептік мотивация, білім мен дағдылар деңгейі).
-
Сөйлеу дамуы.
Семья Г.В. дезаптация көріністерімен теңестіре отырып, бейімделудің көрсеткіштерін бір кестеге біріктірді:
Бейімделу түрлері
|
Бейімделу көрсеткіштері
|
Дезаптация көріністері
|
Дене дамуы
| -
Жақсы денсаулық, ет алу
-
Бала ауырмайды
-
Жақсы ұйқы, түндік қорқыныштары жоғалды, ұйқы қалпына келді
-
Тәбеті жақсарды, тәбеті тұрақталды
| -
Салмағының жетіспеуі
-
Үнемі ауруы, жараққаттануы
-
Жаман ұйқы, түсінде қызбалық күйі
-
Қомағайлықпен тамақтануы, тоқтамай жей беруі
-
Тәбетінің болмауы, тамаққа сенімсіздікпен қарауы
|
Психомоторлық дамуы
| -
Стереотиптік іс-әрекеттердің жойылуы
-
Сергек күйде болуы
-
Қунақылық, белсенділік
-
Сәби ересек адамдарды, заттарды көзбен қадағалайды, заттарды қолмен ұстайды
-
Балалар белгіленген уақыттарында жүре бастайды
-
Өзіне қызмет етуінің дамуы (өздері тамақ джейді және киінеді)
-
Ептілік, спорттық жетістіктері
-
Жақсы моторика (сурет салу, майда заттармен ойнау)
| -
Моторлық стереотиптік аутостимулыторлық іс-әрекеттер (теңселу, саусағын соруы, терісін тырналау және т.б.)
-
Физикалық дәне биологиялықтан қажеттіліктен басқа қажеттілікті керек етпеу
-
Сібилердің көбісі көп уақытқа дейін жүрмейді еңбектейді
-
Бала төсектен тұрмай жата береді
-
Уақыт сезімінің жоқтығы
|
Мінез-құлқы, сезімдік дамуы
| -
Ұнамайтынын жылаумен көрсетеді
-
Жақсы көңіл күй
-
Көп күлімсірейді, күледі
-
Шыдамдылық, тынықтық, салмақтық
-
Сенімді күйі
-
Бостандық сезімі
-
Ашықтық
-
Тәуелсіздік
-
Батылдық, табандылық
-
Әуестік
| -
Жалғыз өзі ұйықталмайды, қараңғылықтан қорқады
-
Барлығынан қорқады
-
Керектігін ала алмаған кезде басқыншылық көрсетеді (ашуланады, айқайлайды)
-
Ата-анасына деген басқыншылығы (айқайлау, жылау)
-
Қырсықтық
|
Айналасындағылармен өзара қарым-қатынасы
| -
Отбасының басқа балаларымен сүйіспеншілік мен достықты көрсетеді
-
Басқа балалармен жақсы қарым-қатынаста, ересек балдарға талпынады
-
Балалар арасында алда, өзінің құрдастарымен ойнағанды жақсы көреді, оларға електейді
-
Жануарлармен белсенді ойнайды
-
Ата-анасын көңіл бөліп тыңдайды, күлімсіреп жауап қайтарады.
-
Ата-анасына, анасына еліктейді (анасының артынан еріп жүреді, оның істеген нәрселерін қайталайды)
-
Танымайтын адамдардың назарын өзіне аударуға тырысады Басқа да туысқандарға жақын, олар келгенде қуанады
| -
Басқа балалардан қорқады
-
Өзінен кіші балалармен ғана ойнайды
-
Дене басқыгшылығы
-
Жылайды, айқайлайды
-
Басқа балаларға өзінің басқыншылығын көрсетеді
-
Жалғыз өзі ойнағанды ұнатады
-
Ата-анасына деген басқыншылығы (айқайлау, жылау)
-
|
Әлеуметтік дамуы, белгілерге қатынасы
| -
Тіл алуды көрсетеді
-
Сәбилер үйіне жыламай барады
-
Күнделікті өмірдің барлық ережелері мен элементтерін біледі
-
Тыйым салулармен санасады
-
Тазалық нормаларын орындайды
-
Күн тәртібін қиыншылықсыз орындайды: ережелер мен нормалар сенімділік береді
| -
Тіл алмайды
-
Ата-анасының талаптарына разы еместігін көрсетеді
-
Ересек адамдармен қарым-қатынас ережелерін үнемі қайталап тұру керек
-
Күн тәртібінің ережелері мен нормаларын қиыншылықпен орындауы
|
Сөйлеу мен қарым-қатынас дамуы
| -
Қарым-қатынас іздейді
-
Қарым-қатынас оңайлығы
-
Вербалды және вербалсыз деңгейде қарым-қатынасы
-
Сөйлеуді жақсы түсінеді
-
Бірнеше сөздерді айтады
-
Жақсы сөйлейді
-
Өзінің қажеттіліктері мен сезімдерін оңай түсіндіреді
-
Оқиғаларды терең түсінеді және ол туралы өзінің ойын айта алады
| -
Қарым-қатынас және байланыс жасау қиыншылықтары
-
Тұйықтық
-
Жалғыз өзі болғанды жақсы көреді
-
Айналасындағылардың сөйлегендерін жақсы түсінбейді
-
Тылбайлығының аздығы
-
Сөйлеген сөздерінің дұрыстығына күмәнсіз, сондықтан бөтен адамдармен сөйлескісі келмейді
|
Ойыншықтары, сүйікті жұмыстары, оқытылуы
| -
Өмірінің белсенділігі қызықтылығы
-
Ойыншықтарға қызығады
-
Ойыншықтармен өзі ойнайды
-
Балалар тобындағы балалар ойнына қатысады
-
Спортқа белсенді қатысады, шыдамсыздық танытып күтеді
-
Далада, таза ауада ойнағанды жақсы көреді
-
Жұмбақтарды шешуді, үстел ойындарын, киноға барғанды жақсы көреді
-
Суретті жақсы салады, жақсы тігеді және т.б.
-
Жаңалықтарды, зерттеуді жақсы көреді
-
Тез үйренеді
-
Сандар мен әріптерді есінде жақсы сақтайды
-
Оқығанды жақсы көреді
-
Ересек адамдардың істегендерін қайталайды
| -
Гипербелсенділік
-
Ойыншықтармен ойнай алмайды
-
Өздігінен ойнай алмайды, әрдайым ересек адам қасында болуы крек
-
Мақсатсыз жүгіреді
-
Бір жерлердге шығады
-
Ықпалсыз оқыида, қысым жасағанның арқасында
|
Байланыс сезімінің және психологиялық қорғаныстың қалыптасуы
| -
Визуалды қарым-қатынас
-
Өзіне жанасуға рұқсат етеді, еркелеткенді жақсы көреді
-
Дене жанасуды жақсы қабылдайды
-
Сүйіспеншілік пен еркелікті қажет етеді, дене қарым-қатынасын дайындығы
-
Жұбатуды ала алатындғын сезеді
-
Ата-анасына байланыс сезімін көрсетеді
-
Ата-анасының көңіл бөлулеріне жауап қайтарады
-
Ата-анасынсыз қайғырады, олар келгенде қуанады
-
Қарым-қатынаста таңдауды көрсетеді
-
Анасына деген байланысы ерекше
-
Ұйқтау алдында әңгімелескенді жақсы көреді
-
Жақсы көретін адамдардың барлығын сүйеді
-
Үйде жалғыз қала біледу және байланысы қалыптасқан отбасы мүшелерін тыныштықпен жібере алады,
| -
Көзқарас қарым-қатынасының жоқтығы
-
Жанасудан қорқу және қабылдамауы
-
Ата-аансын ара қашықтықа ұстайды, қандай да болмасын дене жанасуын қабылдамайды, жанасу жоқтығы
-
Байланыс сезімінің бұзылуы: ата-анасына ма әлде бөтен адамдарға ма бәрібір
-
Ата-анасына, ересек адамдарға байланысы үстірт
-
Анасына назарының жоқтығы
-
Өз үйім деен ұғымның жоқтығы, кез-келген үйге кіре береді
-
Әкесінің үйде жоқтығын қиын қабылдайды
-
Балалар үйіне қайта апарылатындығынан қорқады, мазасызданады
-
Ерте асырап алынбағанына басқыншылық көрсетеді
|
9. ҚОСЫМША
1. Қосымша. Балаларды әлеуметтік-психологилық зерттеу әдістері
Қамқорлық мекеме тәрбиешісінің анкетасы
Б/ү тәрбиешісінің аты жөні _____________________________________________________
Анкета толтырылатын б/ү тәрбиеленушінің аты жөні, жасы
_____________________________________________________________________________
Толтыру мерзімі____________________________________
Сұрақты көңілізді бөліп оқыңыз және жақын жауаптың астын сызыңыз. Егер сіз толтыру жасағыңыз келсе немесе жауап сіздің түсіндіруіңізді қажет етсе, жауап соңына жазуыңызға болады.
-
Барлық сабақта шыдамдылық танытады ма немесе тек қызық болған уақытта ма?
-
Ойынмен ұзақ уақыт айналыса алады ма? ___________________________________
-
Жұмыс соңына дейін жеткізуге тырысады ма? Бастаған ойынан немесе жұмысынан көңілін айыру қиын ба оңай ма?____________________________________________
-
Ойындарда ынталылығын білдіреді ме, ересек адамдардан немесе басқа балалардан итермелеуін керек етеді ме?_______________________________________________
-
Адамдарға үйір ме, балалармен тез тіл табысып кетеді ме немесе адамдарға үйірсіз, тіл табыса алмайды?______________________________________________________
-
Өзінің ойымен, уайымымен, алған әсерлерімен бөлісе алады ма? Қуана бөліседі ме немесе тек сұраған уақытта ма?____________________________________________
-
Ықылас білдіреді ме? Көмектен бас тартады ма?______________________________
-
Қандай көңіл күй өзіне тән (көтеріңкі, тыныш, әсерлі төмен)?___________________
__________________________________________________________________________
-
Өзіне не тән: үнемі немесе айыспалы көңіл күй?______________________________
__________________________________________________________________________
-
Сәтсіздіктерге қалай қарайды?
-
Ашуланшақ па: кедергілер мен қарсылықтар өкініш туғызады ма әлде оларға тыныш қарайды ма?______________________________________________________
-
Қаншалықты әсерленгіш?_________________________________________________
-
Сәтсіздіктен кейін тез тынышталады ма, әлде ұзақ уайымдайды ма? _____________
__________________________________________________________________________
-
Бір уақытта басқаларды тыңдап, сөйлесіп ойнайда алады ма?___________________
-
Назарын бөле алады ма? __________________________________________________
-
Ашуланшақ болады ма? __________________________________________________
-
Бір сабақтан басқа сабаққа назарын жылдам ауыстырады ма?___________________
-
Қимылдау екпіні қандай (тез, орташа және т.б.)?______________________________
-
Батыр ма немесе қорқақ па?________________________________________________
-
Дене шынықтыру жаттығуларында, ойындардың жаңа жағдайларына тез ауысады ма?____________________________________________________________________
-
Сөйлеу түрі: тез сөйлейді, жай сөйлейді, жатық, үздік-создық, ымдап. ___________
-
Сөйлегісі, бір нәрсемен айналысқысы келгенде қанша уақыт үндемей, қимылдамай тұра алады?_____________________________________________________________
-
Күту қажеттілігін қалай көтереді?__________________________________________
-
Бейтаныс жерге тез үйренеді ма?___________________________________________
-
Ұйықтау және ояну жиілілігі?______________________________________________
-
Тыныш ұйықтайды ма?___________________________________________________
-
Тыныш күйінен белсенді іс-қимылдарға және керісінше тез ауысады ма?________
__________________________________________________________________________
-
Медициналық қарауды қалай сезінеді?______________________________________
-
Ауруға шағымдану жиілілігі._____________________________________________
-
Кесулер, соғып алулар, қан кету болған уақытта іс-әрекетінің ерекшеліктері.
__________________________________________________________________________
-
Бос уақытында бала немен айналысқанды жақсы көреді, хобби, әдеттері?
__________________________________________________________________________
-
Баланың тәрбиелеушілеріне қатынасы: қатынастарды қадірлейді, бала үшін беделді, немқұрайлықпен қарайды, дау-жанжалды көп уайымдайды, тәрбиелеушілердің біреуіне тартылады (кімге, неден). _________________________
__________________________________________________________________________
-
Қызметшілермен баланың жанжалға түсуі, жиілілігі.__________________________
__________________________________________________________________________
-
Қызметшілердің баланы жазалау мен қолдауы, баланың оған қатысы.____________
-
Балаға сай келетін асырап алушы ата-ана сіздің ойыңызша қандай сапаға ие болуы керек?__________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |