Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- ның юнисеф балалар фонды


Ата-ананың балға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы



бет9/11
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ата-ананың балға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы

(А.Я.Варға, В.В.Столин)
Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.

Сауалнама құрылымы:

Сауалнама 5 шәкілден тұрады.

І. «Қабылдау – қабылдамау». Шәкіл балаға интегралды сезімдік қарым-қатынасты білдіреді. Шәкілдің бір полюсінің мазмұны: бала ата-анаға қандай да болса ұнайды. Ата-ана баланың даралығын сыйлайды. Ата-ана баламен көп уақыт өткізуге тырысады, оның қызы,ушылықтары мен жоспарларын мұқулдайды. Шәкілдің екінші полюсында: ата-ана өзінің баласын жаман, табыссыз, бейімсіз деп қабылдайды. Бала өзінің қабілетінің төмендігінен, ақылының аздығынан, бейімділігінің жамандығынан өмірде табысқа жетпейді деген сенімде. Көп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.

ІІ. «Кооперация» - ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтік-қалаулы бейнесі. Бұл шәкілдің мазмұндамасы мынада: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыөпен қарайды, оған барынша көмек көрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және творчестволық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, онымен бірдей болуға тырысады. Ата-ана баласына сенімді, талқылау сұрақтарында оның көзқарасымен көруге тырысады.

ІІІ. «Симбиоз» - шәкіл баламен қатынастың жеке аралық қашықтықты айқындайды. Бұл шәкілде жоғары балдар жиналса, ата-ана баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады.

Бұл тенденцияға мынадай мазмұндама беріледі: ата-ана өзін баламен бір бүтін деп санайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтар мен реніштерден қорғауға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп көреді.

Бала өсе келе жағдайларға байланысты тәуелсіздікке үйрене бастаған кезде ата-ана үрейі жоғарылай бастайды, өйткені ата-ана балаға ешқашан өздігінен тәуелсіздік берген емес.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация» - баланың іс-әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шәкілде жоғары бал жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Балаға өзінің еркін байлағысы келеді, ал оның көзқарасын аңғармайды. Баланы өз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-өрісін, сезімдерін жақсы біледі.



V. «Кішкентай жолы болғысыз адам» - ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерін айқындайды. Бұл шәкілдің жоғары белгілері ата-ананың қарым-қатынасында баланы инфантилеуге тырысу, өзін әлеуметті түрде дәрменсіз деп есептеуге іс-әрекет жасайтыны байқалады. Ата-ана баласын өз жасынан кіші көреді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағай болып көрінеді. Ата-ана баласына сенбейді, оның табыссыздығына әшә ашиды. Осы үшін ата-ана баласын өмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.
АҚҚ сауалнама тексті

  1. Мен балама әрдайым жаным ашиды.

  2. Баламның не ойлайтынын білуім менің парызым.

  3. Мен баламды сыйлаймын.

  4. Маған менің баламның іс-әрекеттері мөлшерден тыс болып көрінеді.

  5. Баланы өмірлік қиындықтардан алысырақ ұстау қажет.

  6. Мен балама бейімділік сезімін сезінемін.

  7. Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.

  8. Менің балам көп уақытта маған ұнамайды.

  9. Мен балама көмек беруге тырысамын

  10. Қорлық қарым-қатынас балаға үлкен пайда әкелетін жағдайлар да болады.

  11. Мен балама өкініш сезімін сеземін.

  12. Менің балам өмірде еш нәрсеге қолы жетпейді.

  13. Балалар менің баламды мазақ ететін сияқты.

  14. Менің балам жеккөрініш сезімін тудыратын қылықтарды жиі жасайды.

  15. Өзінің жасына менің балам әлі жетілмеген.

  16. Менің балам әдейі жаман қылықтар жасайды, мені ренжіту үшін.

  17. Менің балам жаман нәрсенің бәрін өзіне тартып алады.

  18. Менің баламды қанша ынталансаң да жақсы үлгіге үйрете алмайсың.

  19. Баланы қатты ұстау қажет, сонда одан жақсы тәртіпті адам өседі.

  20. Баламның достары үйге келгенін ұнатамын.

  21. Баламның өсуінде мен қатысамын.

  22. Менің балама барлық жаман нәрсе «жабысады».

  23. Менің балам өмірде табысқа жетпейді.

  24. Таныстар жиылысында балалр жайында әңгіме қозғалғанда, мен кішкене ұяламын, менің баламның мен ойлағандай ақылды және қабілетті болмағанына.

  25. Мен өз баламды аяймын.

  26. Баламды оның құрдастарымен салыстарғанда, олар іс-әрекеттерімен де ой-өрісімен де менің баламнан үлкен болып көрінеді.

  27. Мен өз баламмен бос уақытымды қуана өткіземін.

  28. Мен баламның өсіп ержетіп келе жатқанына өкінемін, оның кішкентай кездерін нәзіктікпен еске аламын.

  29. Балама қастық қатынаста екенімді жиі сеземін.

  30. Менің балам өмірде мен жете алмаған жетістікрге жетсе екен деймін.

  31. Ата-ана баладан тек талап ете бермей, оған бейімделуі қажет.

  32. Баламның барлық өтініштерін орындауға тырысамын.

  33. Отбасылық шешімдер қабылдағанда баланың да пікірін ескеру қажет.

  34. Баламның өмірі мені өте қызықтырады.

  35. Баламмен жанжал болған кездерде, оның өзінше рас екенін жиі мойындаймын.

  36. Ата-анасының қателесетінін балалар ерте жастан біледі.

  37. Мен баламмен үнемі санасамын.

  38. Мен балама достық сезімін сеземін.

  39. Баламның қыңырлығының басты себебі - өзімшілдік, қырсықтық және жалқаулық.

  40. Демалыс күндеріңді баламен өткізсең жақсы дем ала алмайсың.

  41. Ең бастысы баланың тыныш және қамсыз балалық шағы болуы.

  42. Кейбір кездері баламның жақсы нәрсеге дағдысы жоқ деп есептеймін.

  43. Баламның әуестерін мақұлдаймын.

  44. Менің балам кімді болсада өзінен шығара алады.

  45. Баламның реніштерін түсінемін.

  46. Менің балам мені жиі ашуландырады.

  47. Баланы тәрбиелеу – жүйкені тоздырады.

  48. Балалық шақтағы қатал тәртіп балада күшті мінез-құлық дамытады.

  49. Мен балама сенбеймін.

  50. Қатал тәрбиелік үшін кейін бала рахметін айтады.

  51. Кейбір кездері баламды жек көретін сияқтымын.

  52. Баламда қадыр-қасиеттен кемшіліктер көп.

  53. Баламның қызығушылықтарын мақұлдаймын.

  54. Балам өздігінен еш нәрсе әстей алмайды, істегеннің өзінде дұрыс емес.

  55. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келеді.

  56. Менің балам қандай да болса өзіме ұнайды.

  57. Баламның денсаулығын қатта қадағалаймын.

  58. Баламды мақтан тұтамын.

  59. Бала ата-анасынан құпия сақтамауы тиіс.

  60. Баламның қабілетінен жоғары пікірде емеспін және оны баламнан жасырмаймын.

  61. Бала ата-анасына ұнаған балалармен достасып жүргені дұрыс.


Сауалнама кілті

І. «Қабылдау-қабылдамау»: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60

ІІ. Мінез-құлқының әлеуметтік қалауының бейнесі: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.

ІІІ. «Симбиоз»: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация»: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.

V. «Кішкентай жолы болғысыз адам»: 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.

Тесттік балдардың саналу реті:

Тесттік балдарды барлық шәкілдерде «дұрыс» жауабы есептеледі.

Сейкес шәкілдердегі жоғарғы тесттік бал:

I – қабылдамау;

II – әлеуметтік қалау;

III – симбиоз;

IV – гиперсоциализация;

V – инфантилизация (инвалидизация).



Тестік мөлшерлер сәйкес шәкілдердің тесттік балдардың пайыздық рангтары кесте түрінде беріледі.
Сауалнама шәкілдерінің шикі балдары пайыздық рангтарға ауыстыру кестесі.

1 шәкіл «қабылдау-қабылдамау»


«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Пайыздық ранг

0

0

0

0

0

0

0,63

3,79

12,02

13,01

53,79

68,35

«Шикі бал»

12

13

14

15

16

17

18

19













Пайыздық ранг

77,21

84,17

88,60

90,50

92,40

93,67

94,30

95,50













«Шикі бал»

20

21

22

23

24

25

26

27













Пайыздық ранг

97,46

98,10

98,73

99,36

100

100

100

100













«Шикі бал»

28

29

30

31

32






















Пайыздық ранг

100

100

100

100

100























ІІ шәкіл «Кооперация»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Пайыздық ранг

1,57

3,46

5,67

7,88

9,77

12,29

19,22

31,19

48,82

80,33


ІІІ шәкіл «Симбиоз»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

Пайыздық ранг

4,72

19,5

39,06

57,96

74,97

86,63

92,93

95,65


IV шәкіл «Авторитарлық гиперсоциализация»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

Пайыздық ранг

4,41

13,86

32,13

53,87

69,30

83,79

95,74


V шәкіл «Кішкентай жолы болғысыз адам»:

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

Пайыздық ранг

14,55

45,57

70,25

84,81

93,04

96,83

99,37

99,83

100


3 қосымша. Балаларды асырап алушы отбасына кіруіне дайындау
«Менің өмірім» жаттығуы
Нұсқау: «Бір бөлік суретін сал. Оны үш бөлікке бөл, олар өткен шаққа, қазіргі кезге және болашаққа сейкес болсын. Сен қазір қай жердесің, сол жерге жалаушаны қой. Өмірдің қай бөлігі өтті және қай бөлігі әлі алда. Өзіңнің өткен өмірі туралы ойыңмен бөліс. Сенің бастауың қай жерде, балалық шағың, ерте кездерің қай жерде өтті. Қазіргі кезде не болып жатыр, сені не әуестендіреді? Болашақта сенімен не болады, сенің мақсаттарың және армандарың?»

Түрлендіру: Өз еркімен бала шақырылады. «Едендегі мына сызық сенің өміріңді білдіреді. Қатысушылардың біреуі сенің өміріңнің басын білдіреді, екіншісі бүгінгі кезің, және үшіншісі - өміріңнің соңц. Осы сызықтың үстімен жүр, әр жерінен тоқтап, осы кездерде өзіңнің өміріңнің қандай екенін айт».


«Менің өмір жолым» жаттығуы
«Жолаушы «Өмір» атты жолмен жүріп келе жатты. Жол оны бір жол қиылысына әкелді. Жолаушы тоқтады, жан жағына қарады, ойланды. Ары қарай қай жолмен жүрсем болады?

Өзіңді сол жолаушының орнында елестет. Не ойлайсың, не сезінесің?

Алдыңды таза парақ. Қаламды ал да өткен өміріңді, өзіңнің жағдайыңды және болашақ өміріңді бейнеле. Өзіңнің естеліктеріңді, арманыңды, қиялыңды қолдан.

Қай жерге келгің келеді? Жолыңа не аласың? Жолыңда не кездестіресің? Не үйренуіңе тура келеді?

Қандай жолдар шықты? Жолаушы өмір жолының қай бөлігінде бақытты, қуаныш сезімінде? Оған не түрткі болады? Өткен шақ пен қазіргі кездің, қазіргі кездің болащақпен байланысына назар аудару керек. Өткен шақ жолы қазіргі мен болашақтан не айырмашылы бар? Жолдың мақсаты неде? Мақсатыңа жеткеніңді неден білесің? Қойылған мақсатқа жетуге саған не қажет? Шарттар, мүмкіндіктер қандай?
«Отбасы мүсіні» Жаттығуы
Бір қатысушы (өз еркімен) «тамаша отбасы» композициясын құрады. Ол үшін ол оған керекті адамдарды алады да отбасындағы өзара қатынас үзіндісін бейнелей отырып, жер жерге қояды. Мысалы, отбасы тамақ дастарханының айналасында отырғаны немесе серуенге шаққаны. Әр қатысушыға қандай күйде тұру керектігі айтылады. Бәрі дайын болғанда, «суретші» суретте не бейнеленгені жайында әңгімелейді. Одан кейін әр қатысушы өзінің сезімдерімен бөліседі. Талқылап болғаннан кейін өзінің күйін немесе тұрған жерін ауыстырып, жаңа сурет бейнеленеді.
«Кино» жаттығуы
Нұсқау: «Өзіңді 30 жастамын деп елестет, кино түсірілді. Сен сол киноны көрдің деп есепте. Сен ол кинода басты рөлдесің - өзіңнің көрінісіңді, немен айналысатыныңды, кіммен тұратыныңды және т.б. айтып бер. Фильмдегі кадрлардың суретін салып бер.

Талқылау: Фильм саған ұнады ма? Ең ұнағаны не? Оның ішінде саған ұнамағаны бар ма? Егер қатты ұнамаса, болашақтағы бейнеңде не өзгерткің келеді? Ол үшін саған не істеу керек?


«Естеліктер кеші» жаттығуы
Бұл жаттығуды орындау үшін медитативті техника қажет.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңді ашқанда өздеріңді 25 жастамын деп елестетіңдер. Көздеріңді ашыңдар. Бөлме ішінде жүріңдер, өздеріңді қандай екендеріңді сезініңдер...»

Кейін балалар екі екіден жұмыс істейді: «Естелік кешіндегідей, бір-біріңмен сөйлесіңдер, 13 жаста болғанда қандай едіңдер, қазір 25 жаста қандай болдыңдар...»
«Тамаша отбасы» жаттығуы
Бала тамаша отбасын қалай елестетедә, анасы мен әкесі немен айналысады? «Жақсы» балалар елесі, олардан не күтіледі, «дұрыс» тәрбие туралы? Осы тақырыптарда балалармен әңгіме жүргізуге, суретін салуға, суреттерді талқылауға болады. Жас жеткіншектерге «Сиқырлы отбасы» жаттығуын қолдануға болады.

Тәрбиеленушілер жақсы отбасын дәріптейді, бастысы ата-анасы баласын жақсы көруі оларға ең маңызды. Олардың түсінігінде: «жақсы көру – балаға оның қалағанынынң бәрін сатып алып беру, тәтті су, кәмпит, тор, сағыздар... плейер, велосипед, сағат. Ал бала ата-анасының айтқанын шықпайды, тұрмыста барлығын да істейді. Ата-анасы баласын еш уақытта жазаламайды».


ӨМІР САҒАТЫ
Туылу


Нұсқау: өмір сағатының суретін салыңыз. Сағатта өзіңіздің өміріңіздің басты оқиғаларын жазыңыз. Ол оқу, жұмыс, үйлену той, бала туылуы және т.б. болуы мүмкін. Ір оқиғаға түрлі түстер қолдана аласыз. Оқика болған жылды жазуды ұмытпаңыз.



4 Қосымша. Баланың байланысының бұзылуын дұрыстау жұмысының әдісі
Ойын терапиясы

(түрлі оқиғаларды ойыншықтармен ойнау)
8-10 жастағы балаларға, кейде олардан да үлкендерге, бұл әдіс бір жағынан оларды толқындыратын тақырыптарды қауіпсіз жағдайда «ойнай алатыны», екінші жағынан ересек адамның мәселенің мүмкін олар көрмей тұрған шешімін табуға көмектесетіні.

Бала ересектерге онша ұнамайтын оқиғаларды бірнеше рет қайталап ойнайтын болса, қорқудың қажеті жоқ, осылайша балалар өздерін толқындыратын тақырыптарын орындайды. Маңыздысы осы ойындар уақыт келе жағымды ауысумен аяқаталғаны.


Арттерапия
Баламен көптеген мәселелі тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін тағы бір әмбебап әдіс. Бірнеше мезеттерге тоқталып өту керек.

    • Ойындағы ұқсап, мәселелі тақырыптардың бейнелеу тәсілі мен сюжетінің ауысуына назар аудару керек. өзгерістер тым артық кетпеуі тиіс – кейіпкердің кенеттен үлкендеп кетуі, түстердің өзгеруі және т.б. Қараңғы түстердің ақшылға ауысуы маңызды белгі.

    • Баланың салған суретімен әңгіме құру бұл пайдалы. Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған кім (не) ұнайды? Егер жаман кейіпкер болса – оны қалай жеңуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Оған жақсы болу үшін не істеу қажет?

    • Әңгімелерді суреттеу әдісін қолдануға болады. Балаға тік төртбұрыштарға бөлінген бір парақ қағаз беріледі, оларға баламен бірге оқиғалар бейнеленеді. Бейнелеуге сызбанұсқа суреттер қолданылады және кішігірім жазулар. Маңыздысы бұл әңгіменің жағымды болуы.


Ертегі терапия (терапевттік әңгімелерді ойдан шығару)
Әңгімелер, негізінде ертегілер, баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Ертегілерде бала өміртануындағы маңызды мәселелер көтеріледі. Ертегілерде жақсылық пен жауыздық бар екендігі айтылады, олардың бір-біріне қарсылығы, қорқыныш пен әділетсіздік, бастысы – онда амалсыз жағдайды қалай жеңу мүмкіндігі көрсетіледі.

Ертегілер балаға өзінің қиыншылықтарын жайлы түрде қабылдауға және олармен күресуге көмектеседі. Ертегілер баламен жақсы қабылданады, өйткені олар өсиет емес, балаларды ешкім ешнәрсеге кінәламайды, өзінің проблемалары жөнінде сөйлеуге мәжьүр етпейді.

Әңгімені ойлап шығару кезеңдері:


  1. Баланы мазасыздандыратын мәселені ойлаңыз, баланың сол мәселені қалай қабылдайтындығын түсініңіз.

  2. Әңгіменің негізгі мәселесін құрастырыңыз. Балаға қандай ойларды бергіңіз келеді? Балаға қандай шешімді ұсынғыңыз келеді, ол қандай практикалық қадамдар жасауы тиіс?

  3. Әңгімені кейіпкерді бейнелеуден бастау қажет. Олардың да сондай мәселелері болуы тиіс. Баланың кейіпкермен өзін теңестіре білуі үшін кейіпкерді балаға қатты ұқсату қажет – оған есім бергенде баланың есімінің бірінші әріпінен басталғаны жөн, жасы баланың жасымен бірдей болуы керек, баланың қанша бауыры болса, оның да сонша бауыры болуы керек, сондай үйде тұруы керек және т.б.

  4. Баланың қасиеттерін де атап өтуді ұмытпаңыз, мінезінің күшті жақтарын, сипатын.

  5. Кейіпкерді сипаттап болғаннан кейін, әңгімеде көрсеткіңіз келген өзекті мәселеге көшуге болады.

  6. Сіз әңгімелеген кезде балаға ықыласпен қадағалаңыз. Егер бала зеріксе, онда сіз баланы мазасыздандыратын мәселені дұрыс таппадыңыз. Егер сіз әңгіменің одан арғы бағытын таба алмасаңыз, баладан сұрасаңыз болады: «Сенің оәйңша ары қарай не болады?», «Ол не деді?» және т.б. Мүмкін бала сізге арғы жолыңызды көрсетеді.

  7. Егер бала сұрақ қойып түсінік беріп отырса – бұл бір жағынан жақсы белгі, сіз оны әңгімемен «түрттіңіз», оны мазасыздандыратын мәселені таптыңыз, екінші жағынан бұл сізге сыбыр сөз, ол сізден не естігісі келгені – оның түсініктерін назарсыз қалдырмаңыз.

  8. Егер сіз баланы мазалайтын мәселенің турасын білсеңіз, оқиғаны сипаттап, баладан ары қарай не болады, кейіпкерді не ренжітті деген сұрақтар қойсаңыз болады.

  9. Баланың даму деңгейін ескеріңіз - әңгімені қиындатпаңыз, егер балаға назарын ұзақ уақыт бойына ұстап тұра алмаса ұзартпаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет