Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- ның юнисеф балалар фонды



бет7/11
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Нәтижелер талдауы

Мақсаттық айырмашылықтың орташа көлемі талаптану деңгейі (ТД) мен жетістік деңгейін (ЖД) салыстыруды топшалайтын формула бойынша есептеледі.


МА=((ТД2-ЖД1)+(ТД3-ЖД2)+(ТД4-ЖД3))/3
Мақсаттық айырмашылық стандарты : 5 және одан жоғары болса, талаптанудың мүмкін емес өте жоғары деңгейі.

4,99-3 – талаптанудың жоғары деңгейі

2,99-1 – талаптанудың орташа деңгейі

0,99-(-1,49) – талаптанудың төмен деңгейі

(-1,50) және төмен – талаптанудың мүмкін емес өте төменгі деңгейі
Нұсқау

Талаптанудың деңгейі дегеніміз, қиыншылықтарға қарамастан адамның қабілеті жететін мақсатқа жетуге тырысу. Баланы тірбиелегенде талаптану деңгейін ескеру қажет, өйткені оның баланың қабілетіне сай болуы – жеке тұлғаның үйлесімді жетілуінің бір шарты. Оның сәйкес болмауы, баланың өзімен және басқа да адамдармен жанжалдасуының қайнар көзі болып табылады, бұл баланың жетілуінің ауытқуына әкеліп соғады.

Бұл тест талаптану деңгейін жылдам диагностикалау болып табылады. Әдістеме зерттенушілердің көбіне қолданылуы мүмкін, оның ішіне өзінің уақытын секінд ішінде жоспарлай білетін ересек адамдар мен жас балалар.
Жеке сапасына арналған бала сауалнамасы

(Холл және Халберштат)
Мақсаты – мектеп жасындағы балалардың жыныстық сәйкестігін, еркектік пен әйелдік көрсеткіштерін ала қатынасын анықтау.

Нұсқау


Бесбалдық шәкіл бойынша берілген пункт өзіңізді қаншалық сипаттайтынын бағалаңыз.

  1. Менің ниеттерім және олардың орындалуы үнемі өзіндік

  2. Мен адамдарға көп көмектеспеймін.

  3. Мен басқа адамдармен бірге күйзелемін.

  4. Мен басқа адамдарға мейірімдімін.

  5. Мен жақсы көретін адамдар үшін қолымнан келетіннің бәрін істеймін.

  6. Мен жұмсақ адаммын.

  7. Мен ән мен өнерді сүйетін адаммын.

  8. Мен кішкентай балаларды жақсы көремін.




  1. Маған шешім қабылдауға өте қиын.

  2. Мен өзімнің туысқандарымнан әлде қайда жақсымын.

  3. Мен бәрін өзім істеймін, ересек адамдардан немесе басқа балалардан көмек сұрағанды ұнатпаймын.

  4. Қиын жағдайларда мен әрдайым іс-әрекет жасауға тырысамын.

  5. Мен оңай жеңілемін.

  6. Достарымның арасында көбіне мен басшы боламын.

  7. Мен өзім сенетін нәрсені қорғаймын.

  8. Мен басқа адамдардың ықпалынан өз пікірімді тез өзгертемін.

Бірінші сегіз сұрақ әйелдік шәкіл болып есептеледі. Екінші пункттен қалғандары әйелдік белгісінің жоғары бағасы. Екінші пункттің төмен бағасы әйелдіктің көрсеткіші.

Екінші топтың сегіз сұрақтары – еркектік шәкіл. Еркектіктің көрсеткіші болып бірінші, бесінші, сегізінші пункттардың төмен бағасы және қалған пункттардың жоғары бағасы болып есептеледі.

Еркектік және әйелдік сапасының шәкіл бір бірімен үйлеседі. Егер әйелдік шәкіл жоғары болса, еркектік шәкілінің міндетті түрде жоғары болмайды. Балаларда екі шәкілдердің көрсеткіштері жоғары және төмен немесе бір шәкілдің көрсеткіштері төмен екінші шәкілдің көрсеткіштері жоғары болуы мүмкін. Екі шәкілде де жоғары көрсеткішке ие баланы андрогенды бала деп атайды.


Айзенк сауалнамасы

(12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған)
Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау


Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісемін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

Сауалнама тексті.



  1. Өзіңнің айналаңда шуды және әбігершілікті ұнатасың ба?

  2. Сені жұбататын достарыңды жиі қажет етесің ба?

  3. Сабақта отырмаған кезіңде сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба?

  4. Сен кейде ашуланшақ боласың ба немесе ызаланасың ба?

  5. Сенің көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма?

  6. Саған достарыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма?

  7. Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма?

  8. Саған айтқандығ дәл солай істейсің бе?

  9. Басқалармен әзілдескенді ұнатасың ба?

  10. Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе?

  11. Сен көңілді адамсың ба?

  12. Мектеп ережелерін бұзған күндерің болды ба?

  13. Сені көп нәрсе ашуландырады ма?

  14. Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасың ба?

  15. Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе?

  16. Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма?

  17. Зерігіп отырған балалардың көңілін көтере аласың ба?

  18. Кейбір кездері еш себепсіз жүрегің қатты соғады ма?

  19. Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?

  20. Өтірік айтқан кездерің болды ма?

  21. Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе?

  22. Достарыңмен қызық әңгімелер айтып, әзілдескенді ұнатасың ба?

  23. Еш себепсіз шаршайсың ба?

  24. Сен бірінші сабағыңды орындап сосын ойнайсың ба?

  25. Сен әдетте разы емес көңілдісің, солай ма?

  26. Көп ренжисің ба?

  27. Басқа балалармен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба?

  28. Тұрмыста жақындарыңа көмектесесің бе?

  29. Басыңның айналған кездері болады ма?

  30. Біреулерді ыңғайсыз жағдайға қоғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба?

  31. Бір нәрседен жалыққан кездерің жиі болып тұрады ма?

  32. Мақтанғанды ұнатасың ба?

  33. Басқа балалардың арасында үндемей тұрасың ба?

  34. Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кездерің болады ма?

  35. Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба?

  36. Мұғалім жоқ кезде сабақ уақытында шулайсың ба?

  37. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?

  38. Бәрін ұмытып, достарыңның арасында жақсы көңіл көтеріп отырасыі ба?

  39. Сені ренжіту оңай ма?

  40. Біреуді жамандаған күндерің болды ма?

  41. Өзіңді бейқам, қамсыз деп санайсың ба?

  42. Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңде көп уақыт уайымдап жүресің бе?

  43. Шулы және қызықты ойындарды жақсы көресің бе?

  44. Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе?

  45. Сенен бір нәрсе сұранса жоқ деп жауап беру қиын ба?

  46. Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба?

  47. Өмір сүргің келмей кететін кездерің болады ма?

  48. Ата-анаңа дөрекі болған кездерің бар ма?

  49. Сені көңілді адам деп санайды ма?

  50. Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма?

  51. Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба?

  52. Түрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің болды ма?

  53. Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба?

  54. Жалғысырау сезімде боласың ба?

  55. Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлеуге ұяласың ба?

  56. Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе?

  57. Саған баланың біреуі айқайласа сенде оған айқайлайсың ба?

  58. Кейбір кездері еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе?

  59. Қонақта, шыршада шын риазлық алуға болады деп есептейсің бе?

  60. Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба?

Кілт:


  1. Экстроверсия – интроверсия:

«ия» («+») 1, 3, 9, 11, 14, 17, 19, 22, 25, 27, 30, 35, 38, 41, 43, 46, 49, 53, 57.

«жоқ» («-») 6, 33, 51, 55, 59,.



  1. Нейротизм

«ия» («+») 2, 5, 7, 10, 13, 15, 17, 18, 21, 23, 26, 29, 31, 34, 37, 39, 42, 45, 50, 51, 52, 56, 58, 60.

  1. Өтірік көрсеткіші

«ия» («+») 8, 16, 24, 28, 44

«жоқ» («-») 4, 12, 20, 32, 36, 40, 48.


Нәтижелер бағасы

Экстра – интроверсия шәкілінің бағлау кестесі



Интроверсия

Экстраверсия

Едәуір

Орташа

Едәуір

Орташа

1-7

8-11

12-18

19-24

Нейротизм шәкілінің бағлау кестесі



Сезімдік салмақтық

Сезімдік салмақсыздық

Едәуір

Орташа

Едәуір

Орташа

1-10

11-14

15-18

19-24

Мәліметтер түсініктемесі

Әдістеме 3 шекілден тұрады – экстраверсия-интроверсия, нейротизм және ерекше шекілдер, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған.

1.Экстраверсия-интроверсия

Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.

2 Нейротизм – сезімдік тұрақтылық

Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұиытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шәкілінде үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверсия шәкілінің орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шәкілінің орташа көрсеткіштері: 8-16 балл.

Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.



Жүйке жоғары қызметінің физиологиясынан мәліметтерді ала отырып, Айзенк Павловтың күшті және әлсіз түріндегі адамның экстраверттік және интроверттік түрлері сай келеді деп гипотеза береді. Интро- және экстраверсияларының табиғаты орталық жүйке жүйесінің туа байда болған қасиеттерінде көрінеді. Осылайша, Экстра-интроверсия шәкілінің мәліметтерін қолдана отырып, Павлов таптастыруы бойынша адамның темперамент көрсеткіштерін шығаруға болады. Ол төрт классикалық түрлерді бейнелеген: сангвиник (орталық жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінен күшті, салмақты, еті тірі деп сипатталады); холерик (күшті, салмақсыз, еті тірі); флегматик (күшті, салмақты, салғырт); меланхолик (әлсіз, салмақсыз, салғырт). Кестеде темперамент түрлерінің сауалнама шәкілдерімен ара қатынасын көруге болады:


ТҰРАҚСЫЗ

Оңай абыржиды

Белсенді

Мазасыз

Сезімталды

Ойлануға бейім

Тынышсыз

Пессимисті

Қозмалы

Ұстамды

Өзгермелі

Адамдарға үлессіз

Тұрақсыз

Тыныш

Серпінді




Оптимистік

Интроверттік

Меланхолик

Холерик

Экстраверттік

Флегматик

Сангвиник

Енжар

Адамдармен үлесті

Сақ

Қатынасты

Ақылды

Сөзшең

Мейірбан

Ықыласты

Бейбітшілік сүйгішЕркін

Еркін

Басқара алатын

Жарқын

Сенімді

Қамсыз

Тынық

Ынталы

Тұрақты

Сауалнама парағы


Аты, тегі, әкесінің аты____________________________________________________

Мерзім ________________

Жасы__________________

Білімі__________________






Жауап



Жауап



Жауап

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

1







21







41







2







22







42







3







23







43







4







24







44







5







25







45







6







26







46







7







27







47







8







28







48







9







29







49







10







30







50







11







31







51







12







32







52







13







33







53







14







34







54







15







35







55







16







36







56







17







37







57







18







38







58







19







39







59







20







40







60








Тест «Адам суреті»
«Адам суреті» әдістемесі баланың жеке ерекшеліктері жөнінде ақпарат алудың ең оңай процедурасы болып саналады. Адам денесін немесе мүшелерін бөлек салу сипатының негізінде баланың жеке дамуының жалпы беталысын байқауға болады. Айтып өте керек, бұл әдістеме баланың психологиялық келбетін толығымен бейнелеп бере алмайды, оның нәтижелері басқа әдістемелердің нәтижелерімен толықтырылуы және нақтылауы тиіс.

Нұсқау: «адам суретін сал». Бала суретті қарапайым қара қаламмен салады.

Бала суретті салып болғаннан кейін, одан салынған «адам»жөнінде сұраған жөн. Біздің көңілімізді алған мәселе жөнінде сұрақ қоюға болады (тек баламен сезімдік жақын қатынас болған жағдайда), олар тура болмай («ол кіммен дос?», «оның достары көп пе?», «ол төбелеседі ма?» және т.б.) , жанама болуы тиіс («сен қалай ойлайсың, ...?», «саған қалай көрінеді, ...?»). мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігіне қарай, сұрақтарды балама түрде қойылуы дұрыс: «сенің ойыңша, ол біреумен дос па жоқ па?» немесе «саған қалай көрінеді, ол төбелескенді ұнатады ма жоқ па?» және т.б.

Айта кеті керек, әдістеменің жобалық мүмкіншіліктері балалардың жасымен шектеулі (5 жасқа дейінгі балаларға арналған жобалық әдістеме ретінде қолданылады).

***

Баланың әлеуметтік қатынасты қажет етуі, одан алған сезімдік тәжірибесі және шыққан мәселелердің бейнеленуі оның басқа адамдармен және өзіне деген қарым-қатынасының қалыптасуында білінеді.



Осының бәрі суреттегі адамның қолын салғанда білінеді. Тағы бір рет ескерту қажет, баланың қатынас кезінде байқалатын ерекшеліктерінің нәтижелері тек расталуды және нақтылауды қажет ететін топшылама ретінде қабылдануы тиіс.

Егер бала адам қолын ең соңында бейнелесе, онда ол әлеумттік қатынастардан қорқады деп топшалауға болады.

Қолдары екі жаққа кең қойылғаны әлеуметтік қатынастың кең өрісін қажеттігін көрсетеді.


    • Төмен түскен қолдар, керісінше – қатынасының тар екендігін көрсетеді (бұл ерекшелік баланың әлеуметтік қатынасының сезімдік тереңдігін сипаттамайды).

    • Екі жаққа кең қойылған қолдар мен қол басының үлкейтілгені бейнеленсе, баланың қатынасымен қанағатсыздығын, айналасындағылармен қарым-қатынасының нашарлығын көрсетеді.

    • Қолы төмен түскен және қол басының жақсы бейнеленген адам суреті, баланың қатынасты таңдайтынын көрсетеді.

    • Суретте адамның қолының басы жоқтығы немесе редуцивті, баланың қатынас практикасының төмендеуін көрсетеді. Алайда қатынасты қажеттік төмендемейді. Ол өте жоғары болуы мүмкін.

    • Екі жаққа кең қол басынсыз салынған қолдар (әсіресе қолдар өте ұзын болып келсе), бала қатынасы кең, бірақ формальды және жанама деп есептелінеді.

    • Қолы төмен түскен адамның қолының басы жоқ болса, қатынас қажеттілігінің төмендеуі сезімдік кедейлігімен үйлескен. Бұндай қатынас сипаты баланың сезімдік дамуының бұзылуымен байланысты.

    • Қолдың ұзындығы тәуелсіздік қажеттілігінің көрсеткіші болып табылады: қол қаншалықты ұзын болса, қажеттілік те соншалықты көп.

    • Қолдың басы жұдырық түрінде немесе саусақтар таяқша ретінде салынған болса, басқыншылық тенденция белгісі.

    • Егер бала қолдарды штрихтесе немесе мүлдем салмаса, әлеуметтік қатынастардың қиыншылығын көрсетеді.

Кіндік салынуы, эгоцентризм көрінісін түсіндіреді. Эгоцентризм мектеп жасына дейінгі балалардың жастық ерекшелігі деп қарастырылады, бірақ бұл жерде эгоцентризм жеке ерекшелік сипаттамасына ие және жеке тұлғаның өзімшілдік бағытымен байланысты.

Адамның басы қырынан немесе адам арқасымен салынса бұл баланың жабықтылығын, қатынастарға түспейтіндігін көрсетеді. Бұл қатынас қажеттілігінің төмендеуі емес, қатынас кезінде қиыншылықтардың салдарынан пайда болатын негативті күйзелулерден қорғаныс.

Жер сызығының бейнеленуі – баланың қорқыныш, сенімсіздік басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі нақты жағдайын көрсететін сезімінің көрсеткіші (зерттеушінің міндеті – отбасында немесе топта, осындай қорқыныш сезіміне себепші болған қарым қатынасты анықтау).

Егер бала өзінің сенімсіздігінен қарым-қатынасы тар болса, онда адам суреті «портрет» түрінде немесе басқа да шектеулермен шектеледі (мысалы тереземен).

Баланың басқалармен қарым-қатынас талдауының нәтижелерін оның сезімдік фонының сипатының мәліметтерімен салғастыру керек.

«Адам суреті» әдістемесінің көмегімен қарым-қатынас өрісін зерттеуде оның мүмкіншіліктері баланың жеке дамуының демонстративтілігі, басқыншылық, үрейлілік сияқты жалпы тенденцияларын айқындауға көмегін тигізеді.

Демонстративтік.

Демонстративті балалар ойындарда өте табысты, олар түрлі қызық ойын ұсына алады. Сондықтан олармен құрдастары жиі қарым-қатынасқа түседі, бұл олардың қарым-қатынаста табысты деген әсер беруі мүмкін. Алайда бұндай балдардың көңіл қажеттілігінің жоғарылығынан проблемалар пайда болуы мүмкін.

Егер жобалық әдістемелер тапсырмаларының нәтижелерінде бала қарым-қатынасында проблемалар, жанжалдар бар екендігі айқындалса, көңіл бөлу қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды.

Баланың демостративті тенденциясы біріншіден адам денесінің сәнділігі көрсетеді (көйлектің сәнділігі, тәж, жіне т.б. – қыздардың суреттерінде, көптеген әр түрлі қалталар, тігістер, бір түрлі қалпақтар – балалар суреттерінде). Демонстративтілікті бейнелейтін персонаждардың әдеттіліксіз, стандарттылықсыз көрсетеді.

Демонстративтілікті пішін мөлшері де көрсетеді. Сурет соншалықты үлкен болуы мүмкін, бала оны бітіру үшін орын таппайды.

Жоғарыд қарастырылған сурет ерекшеліктерінде айқындалатын демонстративті тенденцияларды демонстративті «елестетуге қашу» түрінен айыра білу қажет. Мұндай жемонстративті түрі балалар қарым-қатынасы төмен. Көңіл қажеттілігін сезе отырып, өздеріне тән қорқыныш сезімінен олар қарым-қатынасын дамыта алмайды, ал демонстративті тенденциялары елестету жоспарына ауысады.

Көңіл бөлінуден тарыққан балалар өтірік айта бастайды, бұл басқа балалардың оларға теріс қарауын тудырады, сонымен бірге ата-анасымен қарым-қатынасында қызбалық пайда болады.



Адам суретін салғанда, бұндай балалар, өзін ханзада түрінде салады, өзінің бейнесін сәндеуге тырысады. Ол кезде суреттің сәнділігі шыдамды сипатта салынған, одан жеке дамудың төмендігін кездестіреміз, негізінен қорқыныш көрсеткіштері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет