Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- ның юнисеф балалар фонды


Әлеуметтік жұмыста басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану шарттары



бет2/11
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.4. Әлеуметтік жұмыста басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану шарттары
Ақпараттық жүйені тағайындау және құру кезінде ескеру қажет:

  • Деректерді қорғау:

Ақпараттық жүйе еліміздің ақпаратты қорғау заңдылығына сай болуы тиіс. Деректерге кіруге жол бермейтін паролдардың қолданылуы тиіс. Сонымен қатар қызметті қолданушылардың деректерінің дәлділігі тексерілуі тиіс. Тек заңдық қажеттілігі бар адамдар ғана деректерді қолдануына рұқсаты бар. Деректер тек осы ақпарат жүйесі құрылған мақсаттарға ғана қолданылуы тиіс.

  • Жүйенің мақұлдануы:

Ақпараттық жүйе практикада жұмысқа қабілеті бар деп танылуы үшін бірнеше жерлерден мақұлданудан өтуі тиіс. Жүйенің мақұлдануы деректердің элементтер тізімін құруда және деректер жинау үлгісін өңдеуде көмегін тигізуі тиіс.

  • Қандай деректер қажетті және жеткілікті болып табылады?

Егерде деректер компьютерленген болса, ақпараттық жүйені басқару қымбат болуы мүмкін, ал деректер өсуі мүмкін. Осыған орай жиналатын және енгізілетін деректердің керекті болуына қол жеткізу керек. Жергілікті қызмет жүйесіндегі жергілікті деңгейде бас жетекші мен орталық деңгейде қызметтерді жоспарлау сұрақтарымен айналысатындардың бір бірімен ынтымақтастығын қамтамасыз ету, деректер жинаудың жаңа облыстарын өңдеу және ақпараттық жүйені бағалаудың нәтижелі тәсілі болып табылады. Бұл – жиналатын ақпараттың пайдалылығына, ақпарат жинау қолайлылығына көмегін тигізеді, ал процестің өзі жоспарлау процесін нығайту тәсілі болып табылады.

  • Құрылғыларға қойылатын талаптар

Көп жағдайларда ақпараттық жүйе құруға арналған құрылғылар үлкен қаражатты керек етеді. Ақпараттық жүйелер мұндай қазіргі заман технологияларын жеңгенімен, нәтижелі жүйені реттеуде маңызды шарт болып есептелінбейді. Егер керекті деректерді жинау және сақтау құралдары бар болса, егер қызметкерлер деректерді жергілікті деңгейде талдай білсе, ал орталық деңгейде деректер келтірілсе, осылардың бәрі қандай жолмен жасалғанының айырмашылығы жоқ.
4. АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу, әлеуметтік қызметті қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады. Оның мақсаты – баланың жағдайын бағалау, баланың қажеттілігін, жеке ерекшелігін анықтау. Бағалауды сапалы өткізу жоспарлаудың нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттарды іріктеу де маңызды кезең. Бұл жерде кандидаттармен жұмыс жүргізген кезде баланың қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес балаға отбасы іріктелу принципі қойылған.
4.1. Институализация жағдайларында

баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
Баланы зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу кезінде, баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері мен оның себептері жөнінде мамандардың білім деңгейінің маңызы зор.

Тарауда М.И.Лисинаның, И.В.Дубровинаның, А.М.Прихожанның, Н.Н.Толстыхтың, академик В.С.Мухинаның, педагогикалық түзелту институтының практикалық психологы Э.А.Минкованың, псих.ғ.к. И.В.Ежованың басқаруымен Яснополянск балалар үйінің психологиялық қызметі жүргізген зерттеулер нәтижелерінің деректері қолданылған.

Қамқорлық мекемелер тәрбиеленушілерінің зияткерлі даму проблемалары.

Баланың зияткерлі дамуының жеткіліксіз болуы танымдық процестерінің әлсіреуінен немесе қалыптаспауынан, дамымауынан, есте сақтау қабілетінің төмендігінен, көңіл аударудың бірқалыпсыздығынан, ойлау қабілетінің жетілмегенінен, ой өрісінің төмендігінен және т.б. жағдайлардан болады және білінеді. Зияткерлік дамудың төмендеуінің себептері алуан түрлі болуы мүмкін: мидың дұрыс жұмыс істемеуінен бастап тәлім-тәрбие ортасының дұрыс болмауына дейін.

Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының ерекшеліктері мен деңгейін психологиялық зерттеу тәрбиеленушілердің көңіл бөлу мен есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің орта статистикалық мөлшерінен ауытқымағандығын көрсетеді. Вербальды-логикалық ой өрісі төмендеуі айқын көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалармен және бастауыш мектеп оқушыларымен жағдайдан тыс жеке әңгімелесулер қиынға соғады. Мысалы, «сендерге не ұнайды?», «нені жақсы көресіңдер?», «көңіл күйлерің қандай?» және т.б. сұрақтар оларды абыржытады және олар жауап бере алмайды.

Осы деректер педагогикалық аздырып жіберу мен ортаның әсері интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілердің зияткерлі дамуының төмендеуіне әкеліп соғатын негізгі себебі болып табылатындығын айқындайды. Балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мен ересек азаматтардың мазмұнды теңбе-тең әңгімелесуінің болмауы ең маңызды себеп болып табылады.

Тәрбиеленушілердің сезімді-ерікті дамуының проблемалары.

Сезімді-ерікті өрісте барлық зерттеушілер балалар үйінде тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде қалыптасуынан ауытқуын және көптеген қиыншылықтарын белгілейді: әлеуметтік өзара іс-қимылдардың бұзылуы, өздігінен дамуының кемшілігі, өзін-өзі бағалаудың теңсіздігі, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын құра алмауы, ынтымақтастық тенденцияларының жоқтығы. Мұндай бұзылыстар көбінесе мазасызданудың артуында, сезімдік қызуында, психикалық шаршауда, сезімдік стрестерде, әр түрлі кедергілердің туындауында сезімталдылығының артуында, қиыншылықтарды жеңуге дайынсыздығында, сенімсіздікте, ашушаңдықта, серпімді белсенділіктің артуында, сезімдік суықтықта, қоршаған азаматтармен қарым-қатынасының бұзылуында, депрессияда және т.б. айқын көрінеді. Жетімдер мекемелеріндегі сезімдік өмірінің толықсыздығы, ересек балаларда түрлі психикалық және әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына әкеліп соғады: кейбірінде бұл белсенділігінің төмендеуі, кейбірінің қылмыстық іс-әрекеттер жасауы, көбінесе қоғамда өзін-өзі дөрекі ұстауы бағаланады.

Осындай балалардың дамуындағы бұзылыстар тәрбиеленушілердің жабық түрдегі мекемелерде орналасқандығынан болады. Балалардың көбісі балалар үйіне сәбилер үйінен келіп түседі, ол жерде олар үш кейбір кездерде төрт жылға дейін тәрбиеленген.

Академик В.С. Мухинаның жүргізген зерттеулерінің нәтижелерінде тәрбиеленушілердің әңгімелесу қажеттілігі аз дамығаны, жалпы дамудың кешігуі бақыланды. Бұндай балалар сөйлеу дамуында кешігеді, ойнай алмайды, қоршаған ортамен қатынаса алмайды. Өмірінің алғашқы кездерінде сәбилік кезге сай келмейтін енжарлық байқалады. Туылған күнінен бастап анасының махабаты мен еркелігінен кемтар қалған бала жабық түрдегі мекемелерінде өмір сүргендіктен, ересектермен қалыпты қатынастарда болмағандықтан 6-8 айлық бала өзінің туылғанда пайда болған даму қабілетін жоғалтады, енжарлық пайда болады. Жабық түрдегі мекемелерде тәрбиелену жағдайлары бала мінез-құлқында енжарлық беталысын туғызады. Басқа жағынан балада көптеген керексіз қимылдау іс-әрекет түрлері пайда болады: баланың теңселуі, саусағын немесе ернін соруы, мағынасыз бір қимылды қайталай беруі.

Интернаттық түрдегі мекемелерде өскен бала өнімді қатынас дағдыларын меңгермейді. Оның қарым-қатынастары үстірт және асығыс: ол бір кезде озбыр енжарлыққа өте келе көңіл бөлуді қажет етеді және одан бас тартады. Сүйіспеншілік пен көңіл бөлуді қажет ете келе бала өзін сол қажеттілікке сай ұстай алмайды.

Ересек адамдармен іскерлік қарым қатынастары кеш дамиды және жабайы түрде жүзеге асырылады. Балалар ересектердің ойын үлгідегі қимылдарын ықыласпен бақылайды, айтылған нұсқауларды орындайды, ұсыныстарды қуана қабылдайды, бірақ ойынға белсенді қатыса алмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетінің тежелуі мен құмарлығының артық шамада болуы сезімдік-ерікті тұрақсыздығымен, артық шамадан тыс шаршауымен, ашуланшақтығымен үйлеседі. Бұл сезімнің дамымауы және сезімдік дамудың ауытқуы тек психикалық, әлеуметтік салдарынан ғана емес сонымен қатар тұқым қуалаушылық және туғанда пайда болған патология салдарынан да болады.
Балалардың құрбыларымен қатынастары және бірлескен қызметтері

Құрбылармен қатынас қажеттілігі негізінде қиын емес. Ойын кезінде балалар іс-қимылға және құрбысының көңіл-күйіне назар аудармайды, кейбір кезде құрбысының ренішін, сұрауларын тіпті көз жастарын да байқамайды. Бір жерде бола тұра, бөлек ойнайды. Немесе бәрі бірге ойнайды, алайда ойын процессуалдық күйде өтеді, ойында бірегейлік қатынас болмайды.

Құрбыларымен үнемі байланыста аздаған балалар ғана болады. Ол баланың жасы мен баланың топтағы жағдайына байланысты емес. Алайда жалғыз қалатын балалар да жоқ. Ойындар көп жағдайларда ашушаңдықпен, көңіл күйдің ауысуымен өтеді.
Жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуы.

Академик В.С.Мухина жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуының бұзылуына көңіл аударады. Адамның сана-сезімі келесі тарихи тұрғыда құрылған әлеуметтік құрылымда дамиды:

1) өзінің атына өзіндік есімдікті қосқанда;

2) мойындау талаптары;

3) жыныстық теңестіру;

4) жеке тұлғаның психологиялық уақыты: өткен, қазіргі, болашақ;

5) әлеуметтік кеңістік: парызы мен құқығы.

Балалар үйінде балаларды көбіне тегімен шақырады, аты көп уақытта тегімен үйлеседі. Баланың аты бұйрық беру кезінде ғана қолданылады, сүйіспеншілікті көрсетуде еш уақытта қолданылмайды. Нәтижесінде баланың өзінің атына деген жағымсыз сезімі туады.

Баланың талаптануы өзінің ортасында күшпен, тәрбиеленушілерге барабар озбырлықпен жүзеге асырылады. Қажеттіліктерін жүзеге асыра алмаған жағдайларда ашу-ыза, қызбалылық, мазасыздану сезімдері туады.

Тағы бір маңызды жағдайға назар аударғанымыз жөн – балалар үйіндегі «біз» деген ұғым. Ата-ана қамқорынсыз өскен балалардың интернаттық «біз» ұғымы қалыптасады. Бұл ерекше психологиялық құрылым. Ата-анасыз өскен балалар әлемді «біздің» және «бөтен», «біз» және «олар» деп бөледі. «Бөтендерден» бәрі бірігіп өздеріне керектісін алуға дайын. Оларда «бөтендерге» және «өзімізге» деген ерекше қарым-қатынас қалыптасқан.

Интернатта өмір сүретін балалар өз топтарының ішінде өзінің құрбыларына немесе өзінен кіші балаларға қатыгездік көрсете алады. Өзін олай ұстауы бірнеше себептерден, біріншіден жүзеге асырылмаған сүйіспеншілік пен танылмағандық, баланың сезімдік тұрақсыздық жағдайда болуы, ата-ана қамқорлығынан айрылуы.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің сана-сезімінің тағы бір маңызды ұғымы бұзылған, ол жеке тұлғаның психологиялық уақыт ұғымы. Бала өзінің қазіргі кездегі күйін өткен заманғы немесе болашақтағы өзімен біріктіре алмайды: өзінің жеке өткен шақтары көп жағдайда есінде сақталмаған, болашақ олар үшін анықталмаған.

Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің жыныстық теңесу проблемасы белгілі. Отбасында бала өзінің қай жынысқа жататынын ерте анықтайды: мектеп алдындағы уақытта өзінің жыныс қатынасына сай мінез-құлықтарға, ықыласқа, өзінің жыныстық бағасына иеленеді. Еркек және әйел мінез-құлық стереотиптері өзінің жыныстық өкілімен қарым-қатынас құру арқылы сана-сезімге енеді. Балалар үйіндегі балалар мұндай жағдайлардан оқшау келеді. Мектеп жасына жетпеген балалар өзінің қай жынысқа қатысты екенін жақсы біледі, және өзін қыз бала немесе ер бала ретінде бекітуге тырысады, бұл жағдайда олар отбасында өскен балалардан еш айырмашылығы жоқ. Алайда жыныстық теңестіру сапасының айырмашылығы бар. Егер отбасында өскен бала өзін ата-анасымен, бауырларымен, өзінің туысқандарымен теңестірсе, ата-анасының қамқорынан айрылған балалар ең алдымен өзін құрдастарымен теңестіреді, яғни айтқанда тобындағы қыз балалар мен ер балалар. Балалар үйіндегі ер балаларға жыныс қатынасын теңестіру қиынға түседі, өйткені ол жерде еркектер аз, үлгі ретінде алатын ешкім жоқ. Топтық «біз» ұғымында қыз балалар мінез-құлық түрінің озбырлығын алады. Бұл өміршеңдіктің түрі, өзі сияқты күйсіз балалардың немесе «бөтендердің» ортасында өзін бекіту.

Болашақ отбасында жыныстық орны жөнінде түсінігінің аздығы, жыныстардың айырмашылығы жөнінде білімінің жоқтығы, өзінің келбетіне немқұрайлы қарауы мінез-құлық стереотиптерін және нормативтік бағдарының қалыптасуын қиындатады. Дене бітімінің теңестірілуі жеткіліксіз болғандықтан, өзінің денесіне деген сезімдік бағалау қатынасы бұзылады, өз дене бітіміне көңілі толмағандықтан психологиялық қызбалылық туады, бұл теңсіз психосексуалдық дамуға және жеке тұлға ретінде психологиялық қорғаныссыз қалуына әкеліп соғады.

Жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігі қоғамдық заңға сәйкес адамның құқықтарымен және міндеттерімен тығыз байланыста. Балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекше бір қоғам ретінде топтық адамгершілік белгілермен өмір сүреді, олар заңдарды айналып өтеді, тек өздерінің топтық ар-намыстары, сенімділігі және т.б. сезімдермен өмір сүреді.

Балалар үйінде тәрбиелену кезіндегі дамудың әлеуметтік жағдайы ата-анасының қамқорынсыз, өмірлік шарттары (әр баланың әрдайым тәулік бойы балалар мен ересектер арасында болуы, зерігуі, жалғыз қалуға мүмкіндіктің, өзінің заттарының және орнының болмауы), баланың қатынасу ортасының, өзіне деген қатынасының бұзылуы оның жеке тұлға ретінде дамуына кедергі болады.

Интернаттық мекемелерінде өмір сүретін барлық балалар құрдастарының көптігіне бейімделуі тиіс. Балалардың көптігінде әлеуметтік психологиялық ерекше жағдайлары жасырылған, олар озбыршылықты күшейтетін, мазасыздықты, сезімдік қызбалылықты құрайды.

Балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда онанизм, гомосексуализм және басқа да сексуалдық ауытқушылықтар аз емес. Бұларға себеп болатындар: жетіспейтін сүйіспеншіліктің орнын толтыру, жағымды сезімдердің кемшілігі, қалыпты адам қатынастары. Баланың жалғыз қалуына жағдайдың болмауы ерекше психологиялық проблема болып келеді.

Бұндай жағдайларда өмір сүретін балалардың асыранушы позициясы қалыптасады («бізге беруге міндетті», «беріңдер»), жауапкершілік және ұқыптылық жоқ.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде адамгершілік дамуының проблемалары

Адамгершілік дамуы тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Адамгершілік дамуының проблемалары бастауыш мектеп жасындағы балаларда басталады және көп жағдайларда олар ұрлықта, жауапкершіліксізте, өзінен әлсіздерді қорлауда, жан ашу сезімдінің төмендеуінде байқалады, жалпы айтқанда, баланың моралдық мөлшерлерді, ережелерді және шектеулерді қабылдамауы мен түсінбеуінің кемшілігі.

Егер төменгі жастағы тәрбиеленушілер биморалдық қылықтарды жете түсінбегендіктен, ренжіткен адамнан кек алу үшін немесе қоршаған адамдардың сезімдері мен қажеттіліктерін түсінбей, керектігін алу үшін, жасайтын болса, ересек жастағы тәрбиеленушілердің адамгершілік проблемалары әлде қайда күрделі. Көптеген жеткіншек-тәрбиеленушілер төменгі моралдық тұрақтылыққа ие.

Тәрбиеленушілердің адамгершілік дамуы жеке тұлға ретінде дамуының негізгі құрылғысы бола тұра, тұлғаның сезімдік-еріктілік және зияткерлік дамуының бұзылуының салдарына байланысты.


Жетім-балалардың социализациялау проблемалары

Зерттеушілер интернаттық мекемелерінде тәрбиеленушілердің өзекті проблемаларына жетім-балалардың социализациялау қиыншылықтарын жатқызады.

Социализация қиыншылықтары деп, бұл болмаса басқа әлеуметтік рөлді қабылдаудағы баланың қиындықтар жиынтығын айтамыз. Өмірге келген сәттен бастап бала бірден әлеуметтік қатынас әлеміне түседі – адамдар арасындағы қатынас әлемі, бұл жерде әр адам белгілі бір рөлді атқарады: отағасы, көрші, дос, саясатшы, қала тұрғыны және т.б. Осы ролдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Баланың қалыпты қатынастары (отбасы, достары, көршілері және т.б.) болмағандықтан, рол бейнесін ол қарама қайшы ақпараттар негізінде құрайды. Осыған орай әлеуметтік рөлдің елес «бейнесі» пайда болады. Өзінің жетім ретіндегі әлеуметтік рөлі жалған қалыптасады. Бұл рөл адаммен бірге өмір бойы жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе, интернаттық мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуының негізгі себептерін бөлуге болады:

1. Тұқым қуалаушылық әсерлер және орталық жүйке жүйесінің анатомо-физиологиялық бұзылыстары (тұқым қуалаушылық, маскүнемдік, нашақорлық және т.б.)

2. Жатыр ішіндегі баланың даму проблемалары: «бас тартушылардың» керексіз жүктілігі, бала мен ана арасындағы жатыр ішіндегі қатынастарының бұрмалануы, алмасу қатынастарының бұзылуы.

3. Жетіспеушіліктің әр түрлі түрі (аналық, қозғалыс, сенсорлық, психикалық, сезімдік, әлеуметтік).

4. Ортаның әсері (педагогикалық қараусыздық).

5. Отбасынан зорлап алу және интернаттық мекемелерге орналастыру.

6. Жетім-балаларға арналған мекемелердегі білім беру-тәрбиелеу процестерін ұйымдастыру кемшіліктері:

* ересектер мен балалардың қатынастарын дұрыс ұйымдастырмау: балалар мекемелеріндегі қатынастар түрлерінің нәтижесізділігі, қатынастың авторитарлық түрі «ересек-бала» деңгейі және «бала-бала» деңгейі;

* психологиялық қолайлылықтың жоқтығы, сондай-ақ баланың денсаулығы мен дамуы көптеген әсерлерге байланысты; тек қана дұрыс тамақтану, күн тәртібі ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолайлылық түсінігінің жоқтығы. Психологиялық қолайсыздық баланың өмірдегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыздандырылмағандықтан туындайды, қажеттіліктер дегеніміз – қауіпсіздік, сүйіспеншілік, қатынастар, қоршаған ортаны ересек адам арқылы тануы;

* көпшілік, ұжымдық, «жаппай» тәрбиелеудің мінездері; тәрбиеленушілердің өмірінің уақыт дәрежесінің жоғары деңгейі, таңдау құқығының жоқтығы және баланың «бостандықта даму аймағының» болмауы.

* балаларды тәрбиелейтін ересек адамдардың тұрақсыздығы;

* ойындарды ұйымдастыру жұмыстарының кемшілігі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар үйлерінде;

* мекемелердің «жабық» ортасы, даму ортасының тым тар болуы, балалардың нақты-сезімдік деңгейінің кемтарлығы, объектілердің бірқалыптылығы мен аздығы;

* интернаттардағы, сәбилер үйлеріндегі және балалар үйлеріндегі тәрбиелеушілерінің психологикалық-педагогикалық дайындығының кемшілігі;

* отбасы жоқтығының салдарынан даму кемшіліктерін толықтырмайтын және балалар дамуының проблемаларын қамтитын оқытулар мен тәрбиелеу жұмыстарының аздығы;

* мекемелердегі балалардың өзіндік басқару деңгейінің төменділігі (немесе жоқтығы);
4.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері

Баланы зерттеу кезінде келесі аспектте ақпараттарды жинау қажет:



  • өмір сүру жағдайлары;

  • баланың әлеуметтік-құқықтық статусы;

  • отбасылық және әлеуметтік байланысы (туысқандарының болуы, олардың мекен жайы);

  • физикалық және психикалық денсаулығы;

  • баланың жеке ерекшеліктері, мінез-құлқы;

  • оқудағы ерекшеліктері (оқуға деген қатынасы және үлгерімі);

  • ересек адамдармен және құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері;

  • этникалық, мәдениеттік, тілдік қажеттіліктері;

  • өзін-өзі тағайындау білімінің деңгейі.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижесінде баланың мінез-құлқының ерекшеліктері және өзіндік мінезін айқындалады.


Баланың сана-сезім құрылысының ерекшеліктері:

  • өзінің сапасын, мүмкіншіліктерін және мүмкіндіктерін түсіну;

  • өз-өзін бағалау деңгейі;

  • жыныс рөлін теңестіру.

Баланың сезімдік ерекшеліктері:

  • өзінің сезімі мен уайымдарын сөзбен жеткізе білу;

  • эмпатияға мүмкіндігі;

  • әлеуметтік сезімдерінің қалыптасуы;

  • қауіп деңгейі;

  • басқыншылық деңгейі;

  • ырықсыздық деңгейі.

Қатынас ортасының ерекшеліктері:

  • қатынасты жете білу деңгейі;

  • өзінің іс-әрекеттерін серіктестерінің іс-әрекеттерімен келістіре білу;

  • жанжалдық жағдайларын шешу дағдыларының болуы;

  • әлеуметтік нормалар мен ережелер жүйесінде бағыт бағдар таба білу.

Бала қажеттіліктері:

  • басты физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі;

  • әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі; (сүйіспеншілікте, достықта, адамдармен қарым-қатынаста);

  • өз-өзін дамыту қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі (өзінің мүмкіндігі мен мүмкіншіліктерін дамытуда).

Диагностика әдістері:



  1. Жеке әңгімелесу (интервью):

    • бала жөнінде жалпы ақпарат;

    • баланың қызығушылығы мен әуестенуі;

    • баланың қажеттіліктері мен сезімдік жағдайы.

  1. Тәрбиеші анкетасы.

  2. Әлеуметтік қызметкердің, психологтың және медицина қызметкерінің анкетасы.

  3. «Әдемі сурет» әдістемесі.

  4. «Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі.

  5. Жеке сапа жөнінде балалық сауалнама.

  6. Айзенк сауалнамасы.

  7. «Адам суреті» әдістемесі.


4.3. Асырап алушы ата-аналарды потенциалды әлеуметтік-психологиялық тексеру
Асырап алушы ата-аналарды іріктеу белгілерін анықтау көптеген жағдайларда қызмет жұмысының мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Не маңызды екенін білу қажет: тез арада көптеген балаларды орналастыру немесе сәтсіз орналастыру санын азайту. Іріктеу белгілері мақсаттарға сәйкес елеулі айырмашылықта болуы мүмкін.

Потенциалды ата-аналарды/тәрбиелеушілерді бағалау үш бағытта орындалады:



  • асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің дәлелді деңгейінің бағасы;

  • ата-аналардың мүмкіндіктерін бағалау;

  • асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушінің баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық тұрғыда дайын болуын бағалау.

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің мотивациясын бағалау

Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттардың келесі тобын бөліп көрсетуге болады:


  • отбасы құрылымын өзгертуді қалау (туған балаларының болмауы, көп балалы болуды, отбасының жыныстық құрылымын өзгертуді армандау, «бос ұя» синдромы);

  • өзін-өзі дамыту (өзін кәсіпкерлік дамыту, біреуді сүю);

  • адамгершілік көмек көрсету себептері (күйсіз қалған балаға көмек көрсету, қоғамның әділетсіз құрылымын өзгерту және т.б.);

  • отбасына қосымша құралдарды алу мүмкіндігі.

Артықшылыққа ие отбасылар:



  • Соңына дейін қолданылмаған ата-аналық потенциалын іске асыруы, өйткені туған балалары ержеткен.

  • Отбасында бір баладан көп бала болғанын қалайтындар.

  • Жалғыз адамдардың толық отбасы құруды қалайтыны.

  • Туған балалары жоқ отбасыларға.

Мұндай ата-аналардың арнайы дайындықтан өткеннен кейін өзінің ата-аналық қабілетінің дамуымен қоса оларда өзінің балаға деген байланысы айқындалады, болашақ үшін жауапкершілгі қалыптасады.

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің ата-аналық мүмкіндіктерін бағалау

Көрсетілген баланың қажеттілігін қанағаттандыру үшін асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің келесі ата-аналық қабілеттері болуы керек:



  • баланың денсаулығын сақтау қабілеті

  • баланың білім алуға көмек көрсету қабілеті

  • баланың өзіндік дамуына көмек көрсету қабілеті

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық дайындығын бағалау.

Кандидаттың баланы отбасына қабылдауының психологиялық дайындығын бағалау келесі бағыттарда жүргізіледі:


  • өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

  • өзіндік қарым-қатынас диагностикасы;

  • отбасындағы қарым-қатынастар.

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің ата-аналық мүмкіншіліктерін және баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық дайындығын бағалауды әлеуметтік қызметкер және психолог жүргізеді.

Бағалау әдістері:



  • Диагностикалық сұхбат

  • Арнайы тесттер, сауалнамалар

  • Жағдайлық есептерді қою және шешу



4.4. Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттармен сұхбат
Баланы отбасына аламын деуші адамдармен жұмыс жүйесі:

  1. Ақпараттық жұмыс (кездесу немесе сымтетік арқылы сөйлесу). Жұмысты қамқорлық ұйымы және балалар мекемесі жүргізеді.

  2. Жеке әнгімелесу. Асырап алушы ата-аналардың анкетасы. Психолог және әлеуметтік оқытушы жүргізеді.

  3. Отбасының өмір сүру деңгейін тексеру. Әлеуметтік оқытушы мен қамқорлық мекеме маманы жүргізеді.

  4. Қамқорлық мекемелерінің қорытындылары.

  5. Баламен кездесуді ұйымдастыру. Әлеуметтік оқытушы мен топ тәрбиелеушісі жүргізеді.

  6. Баланы асырап алушы отбасына беру жөнінде келісім шартын құру (асырап алу кезінде сот шешімі). Қамқорлық мекемесінің басшысы ұйымдастырады.

  7. Баланы отбасына тапсыру. Топ тәрбиелеушісі, әлеуметтік оқытушы немесе әкімшілік өкілі жүргізеді.

Жеке сөйлесуді (сұхбат) жүргізу кепілдемелері:

Сұхбат кезінде келесі жағдайларды анықтау қажет.


  1. Жалпы ақпарат: жасы, отбасылық жайы және тұрғылықты жағдайы, отбасы мүшелері, жұмысы, өмірлік бейнесі жайында әңгімелеп беруін сұрану. (Егер кандидат құжаттарын әкелген болса, оларды қарау, керек жағдайда ескертпелер мен толықтырулар жасау қажет).

  2. Бала жөнінде тілектерін анықтау. Бала жөнінде сұрастыру, баланың қанша жаста, қандай жыныста болуын қалайтынын сұрастыру.

  3. Отбасы мүшелерінің баланы алу жөніндегі шешімге қалай қарайтындығы жөнінде сұрастыру. Отбасының әр мүшесіне баланың пайда болуы қандай өзгерістер әкелетіндігін анықтау (баланың отбасындағы рөлі, міндеттері, отбасындағы орны).

  4. Әңгімелесушінің дәйекті дәлелдерін анықтауға тырысу, кандидат баланың отбасында болғандығынан не күтетіндігін түсіну. Сұранысқа түрткі болған жағдайды және осы бастаманы кім бастағанын анықтау. Оның ниетінің қаншалықты байсалды екендігін түсіну.

Сұхбат өткізудің бірнеше кеңестері:



  • Егер сұхбат жүргізуші себептің түпнұсқасының анықталмағандығын байқаса, нақты бір өмірде пайда болатын жағдайды ұсынуға болады, бұл жағдайды қарастыра отырып сұхбат жүргізуші кандидаттың берілген жағдайда қандай іс-әрекеттер жасайтынын анықтай алады.

  • Әңгімені таспаға жазып алуға болады (кандидаттың рұқсатымен). Әңгімелесу біткеннен кейін бұл деректер кестеге немесе деректер қорына жазылады.

Әңгімелесу нәтижесінде оны жүргізген қызметкер кандидатты алғашқы бағалауын жасайды. Ары қарай бағалау кандидаттың отбасы мүшелерінің тексерілу актілерімен толықтырылады және кандидатты білетін қызметкерлермен бірге талқыланады.


Егер сұраныс қабылданса, керекті зерттеулер жасау кезеңі басталады, баламен танысу, құжаттарды даярлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет