Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРI АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ



бет5/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

9-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРI АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ

      53-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары



      1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
      Қазақстан Республикасы Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
      сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
      республикалық деңгейде мемлекеттiк жоспарлау;
      салық қызметi органдарының қызметi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық қызмет көрсетуi, бюджеттiк есепке алуды жүргiзу және бюджеттердiң атқарылуы бойынша есептiлiктi жасау;
      республикалық меншiктi басқару;
      сырттай байқау рәсiмiн, оңалту рәсiмiн, конкурстық iс жүргiзудi және конкурстық iс қозғамастан борышкердi тарату рәсiмiн өткiзудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн өткiзудi ұйымдастыру;
      мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      мемлекеттiк қаржы бақылауы және қаржы мониторингi;
      кеден қызметi;
      мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
      iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметi;
      мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлi қызмет салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;
      Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу;
      саяси партиялардың қызметiн қаржыландыру;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      орталық атқарушы органдар жүргiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
      мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл;
      мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
      жаһандық, өңiрлiк ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      кәсiби авариялық-құтқару қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ету;
      азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
      азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
      экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
      көшi-қон iс-шаралары;
      3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
      әдiлет саласындағы қызмет;
      азаматтардың және мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
      заңдылықты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
      сот сараптамасы қызметi;
      сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) бiлiм беру:
      республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
      республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзу;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;
      республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;
      республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету;
      5) денсаулық сақтау:
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуi;
      республикалық деңгейде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
      психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргiзу;
      ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
      айрықша қатерлi жұқпалы ауруларға қарсы iс-қимыл;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуi;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
      жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
      6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерi;
      мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
      арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      баланы бiр жасқа толғанға дейiн бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк көмек;
      әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
      оралмандарға әлеуметтiк көмек көрсету;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      қазақтың ұлттық мәдениетiн және басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
      республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай iсiн қолдау;
      мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
      жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы;
      халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат дайындау және тарату;
      республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
      телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсерiктiк хабар тарату жүйелерi арқылы тарату;
      8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
      су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
      судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;
      су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
      республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
      суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
      республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингi;
      орман шаруашылығын жүргiзу;
      орман тұқым шаруашылығы және селекция;
      мемлекеттiк орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу;
      ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерiнен және ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
      балық ресурстарын және басқа да су мекендi жануарларын қорғау және өсiмiн молайту;
      балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп ұстау, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;
      республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар жүргiзу;
      I санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
      қоршаған ортаға эмиссияға I санат объектiлерi үшiн рұқсат беру;
      гидрометеорологиялық мониторинг;
      республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргiзу;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
      жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның iшiнде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткiзу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары, байқап көру, сондай-ақ шағым жасалған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау;
      фитосанитариялық мониторинг;
      карантиндегi өнiмнiң зертханалық сараптамасы және егiс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;
      карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
      қорымен қоса, пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды жеткiзуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетудi сатып алу;
      мемлекеттiк астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн сақтау және ауыстыру;
      аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргiзу;
      сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау;
      ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және басқару;
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiн агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
      агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттiк реттеу;
      агроөнеркәсiптiк кешеннiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектiлерiне бәсекелестiк нарығында жоқ немесе жеткiлiксiз көрсетiлiп келген қызметтер көрсетудiң жекелеген түрлерiн ұсыну;
      агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
      екiншi деңгейдегi банктердiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн басқару мен нарық жүйелерiн дамыту;
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау;
      өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және дамыту;
      суармалы жерлердi мелиоративтiк жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
      9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
      отын-энергетика кешенiн дамыту;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы абзацты алып тастау көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      энергияны үнемдеу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
      мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
      құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзiрлеу;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы бақылау;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      9-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      10) көлiк және коммуникациялар:
      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
      кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтiп-ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
      әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;
      әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      магистралды темiр жолдарды дамыту;
      аэроғарыш қызметi;
      радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектронды құралдар мониторингi;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      стандарттау, метрология және сертификаттау;
      патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;
      мемлекеттiк инновациялық саясат;
      мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;
      саудалық және демпингке қарсы реттеу;
      бәсекелестiктi дамыту және қорғау;
      бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттiк реттеу;
      жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
      11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      нормативтiк-техникалық құжаттамаларды иелену, әзiрлеу және жетiлдiру;
      елдi мекендердiң шегiнде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елдi мекендердi абаттандыру;
      коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласын реттеу;
      қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу;
      кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органның елдi мекендердегi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негiздемелерiн, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негiздемесiн орталықтандырып әзiрлеуi;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектiлердi тексерудi және техникалық жай-күйiн бағалауды жүргiзу;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингi және оны бақылау үшiн ақпараттық жүйе құру;
      энергия және ресурс үнемдеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
      12) басқа да бағыттар:
      облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне трансферттер;
      үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және өтеу;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
      үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу мәмiлелерi бойынша шығыстар;
      мемлекеттiң кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
      2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарына;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де мемлекеттiк қызметтерге және орталық мемлекеттiк органдар қызметiнiң бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.
      3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң шығыстары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      54-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары



      1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
      облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
      облыс деңгейiнде мемлекеттiк жоспарлау;
      облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
      облыс аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
      облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету және күтiп-ұстау бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
      азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
      уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
      мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктерi бланкiлерiн дайындау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесiне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу жөнiндегi шығындарын қоса, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын күтiп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;
      3) бiлiм беру:
      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
      облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм беру;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлау;
      балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм;
      облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
      әдiстемелiк жұмыс;
      кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуi;
      4) денсаулық сақтау:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;
      жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
      5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек түрлерiн қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      елдi мекендердi газдандыру;
      облыстық коммуналдық меншiктi қорғау жөнiндегi шаралар;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;
      республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
      облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
      жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
      жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
      облыстық деңгейде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар өткiзу;
      8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары:
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсiмдiк шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi және өткiзудi реттеу;
      арнайы қоймаларды (көмiндiлердi) күтiп-ұстау, салу және жөндеу;
      бюджет қаражаты есебiнен алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
      коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      суды қорғау аймақтарын, су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу;
      облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
      облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;
      ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
      II, III, IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
      II, III, IV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;
      жануарлар дүниесiн қорғау;
      облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      инновациялық тәжiрибенi тарату және қолданысқа енгiзу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      9-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      10) көлiк және коммуникациялар:
      әлеуметтiк мәнi бар ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), сондай-ақ қала маңындағы темiр жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
      12) өзге де бағыттар:
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне трансферттер;
      республикалық бюджетке трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;
      жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
      2. Сонымен катар, облыстық бюджеттерден:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарға;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өзге де көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметiне және қызмет түрлерiнiң бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
      3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана


               бюджеттерiнiң шығыстары

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жұмыс iстеуi;
      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде мемлекеттiк жоспарлау;
      республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiн басқару;
      салық салу мақсатында мүлiкке бағалау жүргiзу;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету және күтiп-ұстау бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      қалалық ауқымдағы дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
      уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
      елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
      азаматтық, көшiп кету және көшiп келу мәселелерi, шетелдiктермен жұмыс және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
      мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктерi бланкiлерiн дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесi қызметтерiн көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының көрсетiлетiн коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға және көрсетiлетiн байланыс қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарын қоса, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын күтiп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;
      3) бiлiм беру:
      мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;
      оқудың кешкi (ауысымдық), оның iшiнде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын нысанын қоса алғанда, мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру;
      арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша бiлiм беру;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
      республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандар даярлау;
      жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      балалар үшiн қосымша бiлiм беру;
      бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
      мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      мектепке дейiнгiлердi қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсету;
      бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
      кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуi;
      4) денсаулық сақтау:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналар, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттар сатып алу;
      жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
      5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      тұрғын үй қорын түгендеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерiн мемлекет мұқтаждығы үшiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару;
      коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;
      елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
      елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
      елдi мекендердi газдандыру;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес республиканың сейсмикалық қауiптi өңiрлерiнде орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар;
      коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес авариялық тұрғын үйлердi бұзу;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      хайуанаттар парктерi мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      жергiлiктi деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
      республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар кала, астана құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
      жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
      жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар өткiзу;
      8) агроөнеркәсiптiк кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде өсiмдiк шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi және өткiзудi реттеу;
      ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмiндiлерiн (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      арнайы қоймаларды (көмiндiлердi) күтiп-ұстау, салу және жөндеу;
      бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау;
      су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау белдеулерi мен аймақтарын белгiлеу;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерiн қалпына келтiру;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
      қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар өткiзу;
      II, III, IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
      II, III, IV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру;
      республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;
      елдi мекендердi жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      9-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      10) көлiк және коммуникациялар:
      әлеуметтiк маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру;
      қалалардың көшелерiн, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
      12) басқа да бағыттар:
      республикалық бюджетке трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
      жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
      2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру бойынша шығыстарына;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттiк қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
      3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
      5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделедi:
      1) қаладағы аудан әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
      2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      3) мектепке дейiнгi тәрбие және бiлiм беру ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету;
      4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
      5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      6) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      7) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
      8) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      9) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет