Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi



бет6/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

              шығыстары

      1. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
      аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
      аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттiк жоспарлау;
      аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      салық салу мақсатында мүлiкке бағалау жүргiзу;
      аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету және күтiп-ұстау бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету;
      3) бiлiм беру:
      мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;
      кешкi (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру;
      аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      мектепалды дайындық, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
      балалар үшiн қосымша бiлiм беру;
      бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      мектепке дейiнгiлердi қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет ету;
      оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
      4) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
      он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшi, құлағы естiмейтiн мүгедектер үшiн - ымдау тiлiнiң мамандарын ұсыну;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiн қорғау жөнiндегi шаралар;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      тұрғын үй қорын түгендеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен жер учаскелерiн алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес авариялық тұрғын үйлердi бұзу;
      коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауiптi өңiрлерiнде орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар;
      коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;
      елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
      елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
      6) мәдениет және спорт:
      жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      хайуанаттар парктерi мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде спорттық жарыстарды өткiзу;
      облыстық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
      аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар жүргiзу;
      7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:
      мал шаруашылығында мал көмiндiлерiн (биотермиялық орларды) жасау, күтiп-ұстау;
      ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
      алынатын және жойылатын ауру малдардың, малдан алынған өнiмдер мен шикiзат құнын иелерiне өтеу;
      аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      8) көлiк және коммуникациялар:
      аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      темiр жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтiк мәнi бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      8-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      9) экономикалық қызметтi реттеу:
      жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
      10) өзге де бағыттар:
      облыстық бюджетке трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.
      2. Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарға;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қызметiнiң бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
      3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
      5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң шығыстары көзделедi:
      1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
      2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
      4) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      5) ауылдық (селолық) жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейiн тегiн алып баруды және қайта алып келудi ұйымдастыру;
      6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
      7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
      11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      12) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
      13) жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      15) елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-тарау. БЮДЖЕТТIК КОМИССИЯЛАР

      57-бап. Бюджеттiк комиссиялар туралы негiзгi ережелер

      1. Бюджеттiк комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеудi және бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Республикалық бюджеттiк комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiктерi тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссияларын құрады, олар туралы ереженi бекiтедi, олардың құрамын айқындайды.

      58-бап. Бюджеттiк комиссиялардың құзыретi

      Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне:
      1) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      4) бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      5) бюджеттiк мониторингтiң нәтижелерiн, нәтижелерге жүргiзiлген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттiк комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      59-бап. Бюджеттiк комиссиялардың құрамы мен жұмыс


               органдары

      1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.


      2. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиiсiнше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.
      3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттiк комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттiк комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
      4. Бюджеттiк комиссияның хатшысы бюджеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, бюджеттiк комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      5. Жұмыс органы бюджеттiк комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiбiне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
      Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

3-бөлiм. БЮДЖЕТТI ӘЗIРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКIТУ

11-тарау. БЮДЖЕТТI ЖОСПАРЛАУ НЕГIЗДЕРI

      60-бап. Бюджеттi жоспарлау негiздерi туралы жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      2. Бюджет процесiнде мынадай құжаттар пайдаланылады:
      1) республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;
      2) республикалық бюджет туралы заң, жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмi;
      3) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары;
      4) операциялық жоспарлар.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк жоспарлау бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк жоспарлау бойынша әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
      Ескерту. 60-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы



      1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы үш жылға арналған бюджеттiк параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, елдiң, өңiрдiң орта мерзiмдi кезеңге арналған экономикалық даму параметрлерiн және мемлекеттiң экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
      1-1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
      1) мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде:
      экономиканы дамытудың сыртқы және iшкi жағдайларын;
      орта мерзiмдi кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның iшiнде салықтық-бюджеттiк саясаттың мақсаттары мен мiндеттерiн;
      бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның iшiнде салықтық-бюджеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен шараларын;
      бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын;
      шоғырландырылған, мемлекеттiк және республикалық бюджеттер түсiмдерi мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамын;
      әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн;
      2) мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде:
      өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;
      мыналарды:
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн;
      өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қамтуға тиiс үш жылға арналған бюджеттiк параметрлердi қамтиды.
      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн негiзгi бағыттар (салалар) бойынша белгiленедi, бес жылдық кезең iшiнде Қазақстан Республикасының немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
      3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.
      4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиiсiнше мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      5. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiне енгiзу үшiн бюджеттiк инвестициялар бойынша негiздемелерi бар ұсыныстарды және басқа да қажеттi ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына енгiзу үшiн бюджеттiк инвестициялық саясат басымдықтарын айқындайды.
      7-1. Бюджеттiк инвестициялық саясат басымдықтарының негiзiнде және 66-баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қалыптастырады.
      8. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары



      1. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негiзiнде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзiрленедi.
      2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемi бар бюджеттiк бағдарламаларды қамтиды.
      3. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.
      Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен бекiтiледi.
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметi, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзiрлемейдi.
      5. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиiстi салалық орталық мемлекеттiк органмен келiсiлгеннен кейiн бекiтiледi.
      6. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталып, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр апта мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды қорғау қамтамасыз етiле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi бекiтiлгеннен кейiн пысықталып, ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейiн бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды қорғау қамтамасыз етiле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      7. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге:
      1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
      2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
      3) мемлекеттiк органның функциялары, құрылымы өзгерген;
      4) көрсеткiштерге қол жеткiзуге ықпал ететiн республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерi өзгерген жағдайларда жол берiледi.
      Мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзiрлеу және бекiту кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
      Мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына бюджеттi нақтылаумен байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда, бюджеттi, стратегиялық жоспарларды әзiрлеу және бекiту кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
      Мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемiнiң өзгеруiне байланысты өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiне дейiн кезектi қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзiрлейдi.
      Меморандум мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын iске асыру үшiн әзiрленедi және қол жеткiзудi (орындауды) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегiнде қамтамасыз етуге мiндеттенетiн, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегi негiзгi нысаналы индикаторлар мен мiндеттердiң көрсеткiштерiн қамтиды. Негiзгi нысаналы индикаторлар мен мiндеттердiң көрсеткiштерi мақсаттарға, стратегиялық мiндеттер мен бағыттарға қол жеткiзу дәрежесiн айқындауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi бiлдiредi, олардың сапалық жағы стратегиялық мiндеттер мен бағыттарды iске асыру нәтижесiнде болатын өзгерiстердiң мәнiн көрсетедi, ал сандық жағы оның өлшенетiн абсолюттiк немесе салыстырмалы шамаларын көрсетедi.
      Меморандумға мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бекiтедi.
      Меморандумдарды әзiрлеу, бағалау тәртiбiн және мазмұнын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      63-бап. Операциялық жоспар

      Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi.
      Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, мiндеттерiне және нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған, мемлекеттiк органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты iс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
      Операциялық жоспар жыл сайын әзiрленедi және оны мемлекеттiк органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейiн бекiтедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет