Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қазақ мма жанындағЫ Қазақстан республикасының жоғАРҒы оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік секциясы



бет9/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#174853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бірінші фазада жылу түзілуінің күшеюіне және жылу берілуінің қысқаруына бағытталған физиологиялық механизмдердің белсенуімен сипатталады. Екінші фаза энергия қорының таусылуымен және ағзаның барлық қызметтерінің өлуімен көрініс береді. 1 фазада үлкен жарты шар кыртысының тежелуі мен қыртыс асты құрылымының қозуымен жүреді. Ол есінің алжасуымен, сандырақпен және тырысулармен көрінеді. Симпатоадреналды жүйенің қозуы қанға катехоламиндердің бөлінуіне, жүрек айдауының жоғарлауына, артериоласпазмға әкеледі. Бауырда гликоген мобилизациясы жоғарылайды. Қанда қанттың деңгейі жоғарылайды. Жылу өндіру жоғарылап, жылу берілуі төмендейді. Ұзақ артериоспазм тіңдердің гипоксиясына және метоболикалық ацидоздың дамуына әкеледі. Энергия қорының азаюы және циркулярлы гипоксия ОЖЖ қызметінің бұзылуына әкеледі. Осыдан терморегуляция механизмдері тежеледі. Ағзаның дене температурасын қалыпты дәрежеде ұстап тұруына

шамасы келмейді.


Екінші фаза дене температурасының төмендеуімен және өмірге қажетті қыз-меттерінің өшуімен сипатталады немесе өмірлік қызметінің биологиялық ноль дамиды (тіндердің спецификалық әсерін тоқтатқаннан кейін қайтымды ). Био-логиялық ноль биіктігі әртүрлі тіңдерде бірдей емес сондықтан ол патология-лық ырғақты тыныс, жүрек ырғағының бұзылуына, ағзаның басқа функция-ларының дискоординациясына әкеледі. Тыныс алудың тоқтауы жалпы үсу ке-зінде дене температурасының +15- +20˚С қа дейін төмендеген кезінде байқала-ды. Тыныс алу тоқтағаннан кейін жүректің қағуы бірнеше минутқа созылады.

Клиникасы. Үсудің 3 дәрежесін ажыратады.

1 дәреже (адинамикалық). Тік ішек температурасы +32-+30˚ С дейін төмен-деген. Науқас санасы тежелген, жиі эйфориялы жағдайда. Сөйлеуі қиындалған. Қозғалысы шектелген, бұлшықеттердің фибрилляциясы байқалады. АҚ көтерілген; брадикардия. Тері жамылғысы бозғылт түсті. өз бетімен қимылдау әрекеті сақталған. Тыныс алу тереңдігі және жиілігі өзгермеген.

2 дәреже (ступорозды). Дене температурасы +31-+27˚С дейін төмендеген. Есінен тану немесе кенет тежелуі. Фотореакциясы сақталған. Бұлшықеттің құрысуы анықталады. Өз бетінше қозғалыстар жасау мүмкін емес. Зақым-данушы бүріскен қалыпта болады. Тері жамылғысы бозғылт, мәрмәр тәрізді. Көбіне гипотензия байқалады; айқын брадикардия. Тынысы беткей; брадипноэ.

3 дәреже (тырыспалы). Дене температурасы +27-+25˚С төмен. Есі толығымен жоғалған. Қарашықтар тарылған,фотореакция әлсіз немесе анықталмайды. Жоғарғы тыныс алу рефлекстері тежелген. Шайнау бұлшықеттердің тырысулары және тризмдері байқалады. Терісі өте бозғылт. АҚҚ анықталмайды;тамыр ырғағы тек магистралді артерияларында ғана байқалады. Тынысы сирек, беткей немесе Чейн-Стокс түрі тәрізді.
Емі


  1. Үсудің дәрежесіне қарамай госпитализациялау.

  2. Зардап шегушіні суықтан алып шығу. Науқасты суықта қалдыруға және оны қармен ысқылауға болмайды. Ішімдік беруге рұқсат берілмейді, өйткені ол ОЖЖнің тежелуін жоғарылатады. Аналептиктерді енгізуге қарсы көрсетілген, өйткені олар ағзаға О2 ге қажеттілікті жоғарылатып тырысудың дамуына алып келуі мүмкін.

  3. Инфузионды терапия (ағзадағы энергия қорын толтыру, метаболикалық ацидозды жою, микроциркуляцияны жақсарту).

  4. Тамырлардың спазмын жою үшін дроперидол.

  5. Брадикардия кезінде атропин.

  6. Оттегі ингаляциясы.

7. Глюкокортикоидтар.

8. Кенет гипотензия кезінде - вазопрессорлар.

9. В және С тобындағы дәрумендер.

Үсу жиі жоғары ылғалдылықта және қатты желде дамиды. Тамырлардың ұзақ тарылуы микроциркуляцияның бұзылуына, тромб түзілуіне және трофикалық бұзылыстарға алып келеді. Көлемді зақымдалу кезінде ағзаның жалпы ауыр реакциясы дамиды. Осы реакция өліеттенген аймақтағы бөлінген өнімнің қанға сіңірілуінен жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен негізделген.

Клиникалық ағымда 2 кезеңді бөледі:


  1. үсудің ауырлығын және тереңдігін жасыратын гипотермия кезеңі. Терінің бозаруы және ауырсыну сезімінің жоқтығы байқалады.

  2. реактивті кезең –барлық көріністер жылытқаннан кейін пайда болады. Қабыну көріністері байқалады.

Үсудің 4 дәрежесін бөледі:

1 дәреже: ісіну және көгілдір түсті гиперемия; науқас парестеэия, тітіркену, қышу сезімдерін сезеді.

2 дәреже: эпидермистің сыдырылуы дамиды – көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер ақшыл эксудатпен толтырылған; эрозияланған беті спирттің жанасуына және аппликацияға сезімтал.

3 дәреже: көпіршіктер геморрагиялық сұйықтықтармен толтырылады; олардың түбі әртүрлі қоздырғыштарға сезімтал емес.

4 дәреже: терінің барлық қабаттарының, жұмсақ тіңдердің, сүйектердің өлуі, ары қарай тіннің мумификациясы жүреді.

Емі: асептикасық байлам таңу үсіген терінің аймағында хирургиялық өңдеу жүргізуге және көпіршікті ашуға болмайды; реополиглюкин; 0,25% новокаин ерітіндісі; дроперидол; гепарин; эуфиллин; зақымдалған аяқ – қолдың арте-риясына: 10мл 0,5% новокаин, 4мл 2% папаверин, 1мл 1% никотин қышқылы.



21. Психикалық жүйе бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек. Жедел психоздар. Себептері. Эпилепсия. Диагностика. Шұғыл көмек. Госпитализациялауға көрсеткіш

Қозушылық - ауыр патологиялық жағдай;ол бөлек компоненттерден құрал-ған:сөздік,қозғалыс,психикалық(ассоциациялық ағымның жылдамдауы), апат, қорқыныш, сандырақ. Қозушылық арнайы емес жағдай және оның клинико-психопатологиясы көрнекті деңгейге дейін сақталады. Жедел жәрдем жағ-дайында жиі қозу жедел бас-ми жарақатында,жедел ми қан айналым бұзылы-сында,кома алдылық жағдайда, улануда (фосфорорганикалық инсектицид-термен), инфекциялық ауруда,инфаркт миокардында кездеседі. Психикалық бұзылыспен зардап шегуші адамда қозуды-басу оны госпитализациялай ма, жоқ па, оған тәуелсіз оның емінің бастамасы болып табылады. Психомоторлы қозудың көрнектілігін азайту ұзақ тасымалданатын науқастарға көрсеткіш болып табылады. Ол психиатриялық тәжірибиеде қолданылатын ұстап тұрушы шаралардан (фиксация,иммобилизация) тұрады, кейде мүлдем қолданылмайды. Бұл шараларды психиатрдың көзқарасы бойынша, егер науқас өзіне және басқа адамдарға қауіпті болғанда қолданылады.

Қозу фармокотерапиясы

Психотикалық бұзылу деңгейіне эффективті әсер ететін жедел психиатрлық көмек препараттары (нейролептиктер):

1.Аминазин, тизерцин, хлорпротиксен, пропазин-жалпы седативті әсер көрсетеді (тыныштандыру,қозуды басу).

2.Триседил, галоперидол, стелазин, аминазин, пропазин-галлюцинация және сандыраққа әсер етеді.

3.Мажептил, стелазин, галоперидол, френолин, аминазин, хлорпротиксен, тизерцин, пропазин жалпы антипсихотикалық әсер көрсетеді (рецидивирті,глобалды психоз).

4. Стелазин, мажептил, френалон, галоперидол, триседил-антипсихотикалық әсер көрсетеді.

Препараттар психотикалық жағдайдағы (транквилизаторлар) феназепам, седуксен(реланиум) эуноктин-невротикалық бұзылыс және невротикалы синдромда эффективті. Оларға жақыны натрия оксибутираты. Жедел жәрдем бригадасында қолданылатын седативті препараттар:психотропты аминазин, пропазин, тизерцин, галоперидол, пипольфен (дипразин) седуксен. Көрнекті седативтер-димедрол,магний сульфаты, хлоралгидрат; невротикалы ұйқысыздықта- пипольфен,седуксен,димедрол,магний сульфаты,хлоралгидрат, соңғысы-пропазин.

Қозу типтері

Делириозды қозу.

Әр түрлі этиологиялы делиирияда байқалады: алкоголды, интоксикациялы,инфекциялы, жарақатты және т.б. Толқын тәрізді ағым тән: иллюзия және галлюцинация (көру,тактилдік,есту) ол апат және қорқыныш аясында туындайды. Естің - ауысуы.

Басу: седуксен, феназепам, тизерцин, галоперидол, соңғысы-аминазин, дезинтоксикациялы терапия.

Галлюцинациялық-сандырақты қозу.

Шизофрения, эпилепсия, бас-миының органикалық ауруларында, ин-волюционды, психозды, ішімдікті галлюцинозда байқалады. Қауіпті және императивті сипаттағы галлюцинациялар: сандырақ,аңду,әсер ету және улану. Апат және қорқыныш аффектісі көрнекті, жиі-депрессия. Қозу деңгейі-сандырақ және галлюцинация сипатымен анықталады. Жиі аутоагрессия және айналасына зардап келтіреді. Науқастар күштемелі,күдікті,қатерлі.Галлюцинаторлы-паранойдты қозу бар науқасқа Кандинский-Клерамбо синдромы тән, ол хаотикалық қозғалыс актісімен жалғасады. Аффект күштемелі, қатерлі. Басу: тизерцин, хлорпротиксен, триседил, мажептил, стелазин, галоперидол, аминазин.



Депрессивті-паранойдты қозу

Паранойдты және кезекті шизофренияда байқалады. Жалпы пара-нойдты қозу-ға-апатты ажитация, өзіндік кінәлау идеясы ,иллюзиялы галлюциноз, галлюци-нация, кінәлі идеясымен байланысты. Қозуға сәйкес анеройдты және катотониялы өтетін эпизодтар болуы мүмкін. Басу: тизерцин, хлорпротиксен, триседил, мажептил; аминазин-тек «психофармакологиялық байланысқа» арналған.



Меланхоликалық қозу- маниакалды депрессивті психозда,шизофренияда, эпилепсияда, бас-миының органикалық зақымдалуында, соматикалық психозда кездеседі. Депрессивті синдром аясында, қозғалыс қозуында ұстама, қолдың құрысуы, ес жоғалту болады. Басу: тизерцин, галоперидол, седуксен.

Психопатиялы және истериялы қозу

Психопатиясы бар науқастарда, неврозда, қарапайым шизофре-нияда,бас-миының органикалық зақымдалуы психопатияланған науқастарда байқалады. Психопатиялық қозуға эмоционалды реак-циясы күшті және сапалы тітіркен-діргіш, (жиі минималды)тән. Қоз-ғалыс қозуы, айқаймен, қатермен қарағанға және сөйлескенге қарсы. Сирек агрессия, аутоагрессия, қозғалыс бұзылысы анықталады. Қозу бастапқыда-емделудің бастамасы,кейін-глобалды болады.



Истериялы қозу - психогендіге негізделген, әрқашан демонстративті, театралды, истериялы күлу, ес жоғалту сияқөты болады. Басу: седуксен, аминазин, феназепам, магний сульфаты.

Қарттық мазасыздық қозу-көрнекті ми тамырларының атеросклерозында және бас миындағы атрофиялық үрдістерде,әсіресе орта және кәрі кісілерде байқалады. Қарттық ұйқысыздық аясында дамиды. «Стереотипті симптом» (науқастар жағымсыз әрекеттер жасайды) және қозғалыстың мазасыздануы(науқас төсекте және бөлмеде өзін ұстай алмайды) тән, олар жартылай киініп көшеге шыққылары келеді.Оларға осы әрекетіне қарсылық көрсетсе,ренжіп жылайды,агрессивті болады. «Қарттық жалған делириинде» науқас жағдайы өзінде түзілген жалған амнестиялық дезориентировкамен анықталады (жағдайдың өтпелілігі), «жалған тану» тән.

Басу: седуксен, феназепам, радедорм, магния сульфат, пропазин, пипольфен және тамыр кеңейтуші заттар,В тобының дәрумендері,оттегі сұйықтығымен ингаляция жасалынады, мазасыздық қозудың өзіндік вариантындағы қозу, ол психофармакотерапияның кері эффектісінен дамиды.



Эпилептикалы және эпилептіформалы қозу

Эпилепсия және бас-миының органикалық зақымдалуы бар науқас-тарда байқалады. Естің сөздік бұзылыс аясында өтеді және ин-тенсивтілігі бойынша басқа барлық қозу типтерімен сәйкес, психиа-триялық тәжірибиеде кездеседі. Сирек галлюцинацияанық сипатта, орташа көрініспен жүреді; науқас шуды, айғайды, қауіп-қатерді естиді және қозғалыс автоматизмі байқалады. Дистрофиялы қозу-қатерде және тітіркенуде, уайымдағанда байқалады, жиі агрессия және ауто-агрессия аффектінің разряды есте сақталған, жиі-анық емес. Басу: аминазин, галлоперидол, седуксен, магния сульфат,лазикс. Катато-ниялы қозу-шизофренияда, бас-ми ының органикалық зақымдалуын-да,созылмалы симптоматикалы психозда байқалады. Мылқау қозу хаотипті,агрессиялы,аутоагрессиялы (жиі)«Импульсивті қозу» өзіндік күтпеген, сырттай мылқау әрекеттер: науқастар бірден бір жаққа жү-гіріп, себепсіз айналасындағыларды мазалап, біраз уақытта басылып және қайта өршиді.«Экстативті» вариант:науқас театральды позада, өлең оқып,әндетеді. Сөзі анық емес,стеоротивті. «Гебефрендік» қозу: клоунада элементтерімен жағымсыз әрекеттер(әзілдер, позалар). Пуэрилді вариантта-сөздік қозу;балалық, қырсықтық әрекеттері.

Басу: аминазин, тизерцин, галлоперидол, хлорпротеинцин, мажентил.

Аментивті қозу-ауыр өтетін соматикалық,инфекциялы ауруда және интоксикацияда байқалады. Науқаста естің жоғалуынан және байла-ныссыз ойлануда және сөйлеуде ретсіз қозу дамиды. Хоренформды гиперкинездің пайда болуы ми ісінуінің бастамасы болып табылады.

Басу: седуксен, аз дозада пропазин,психотропты емес седативті препараттар, симптоматикалы терапия.

Реактивті-негізделген қозу

Психо-жарақатты ситуацияға реакция ретінде пайда болады.

Науқас сұрақтарға жауап бермейді,жауапсыз әрекеттер жасайды.Қозғалысы хаотипті, ол бір фразаны қайталай береді. Ол психожарақаттаушы ситуацияға тікелей қатысты. Қайғыруы,уайымы «мен»; «менің жағдайым не болады» дегенге келіп тіреледі.

Басу : седуксен, хлорпротиксел, аминазин, феназепам.

Көптеген зақымдалудалулар (жер сілкіну, транспорттық апат, өрт т.б.) өмірге қауіпті кезде туындайды. Бұл кезде науқаста зардап шегу,жан-жаққа жүгіру жиі қауіпті жаққа; аффектің қорқыныштығы байқалады, есі өзгереді, вегетативті бұзылыстар блады. Дәрігер көмегімен «лидер»анықталады(немесе лидер топтары).

Маниакалды қозу-маниакалды, депрессивті психозда байқалады. Шизофренивті психозда, бас миының органикалы зақымдануында гормондармен емдегенде, акрихинмен уланғанда кездеседі. Типті маниакалды қозу «көңілді» (эйфориялы түрде) болуы мүмкін,ретсіз белсенді қозғалыс байланыссыз сөйлеу және ойлану қауіп-қатерде, агрессияда, тітіркенуде, әрекет бұзылысында байқалады. Шизофрениясы бар науқастың маниакальды қозуында әрекеті хаотипті,түсініксіз әрекеті жеке,сөйлеуі байланыссыз,эмоциональды фоны айналасына «жұқпалы» емес(таза маниакалдыдағыдай).

Басу : галлоперидол,тизерцин,аминазин.

Эпилептикалық статус және басқа ұстамалы жағдай

Жалпы жайылған ұстамалы талма ауыздың көпіруімен,естің жоғал-уымен,аяқ-қол ұштарының тоника-клоникалы құрысуымен жүреді, жиі-тілді жұту, ретсіз зәр шығару,кейде дефекация болады, соңында айқын тынысты аритмия коматозды жағдаймен ауысады, кейін сопор және ұзақ ұйқыға жалғасады.Талу соңында қарашық максимальды ке-ңейеді,жарыққа реакция болмайды,тері цианозды,сирек ылғалды жә-не талудан кейінгі кома ұйқыға жалғаспайды,есі біртіндеп қалыпына келеді. Көбінде толық амнезия,естің бұзылысы дамып,шұғыл психиа-трлық көмекті қажет етеді. Талуда науқастар денесін жарақаттап, кей- де ауыр жарақат алады.Парциалды ұстамалы талмада -есі сақталады. Көп теген бұлшықеттердің тоника немесе клоникалы құрысуымен жү- реді. Парциалды ұстамасыз талма-әрекеттің эпизодты өзгерісі, науқас қоршаған ортамен байланысын үзеді. Талудың бастамасында аура бо луы мүмкін(иіс,дәм,көру,көрнекті микро және макроскопияны сезіне- ді).Талу уақытында қозғалыс белсенділігінің тежелуі, психомоторлы қозу байқалады.Талудың соңында амнезия бай-қалады. Эпилептика лық статус-қысқа интервал уақытында талу немесе эпилептикалы та лудың созылуымен негізделетін фиксирленген эпилептикалы жағдай. Эпилептикалы статус және жиі қайталанатын талу өмірге қауіп-ті Олар эпилепсиясы бар науқаста және әр түрлі ауруларда байқалады:



  • эпилепсияда қолданылатын талуға қарсы препараттарды қолдануды тоқтату ішімдікті қолдану;

  • жалпы инфекциялы ауру,жоғары температура аясында ұйқы шақыртатын дәрінің дозасының көп болуы.

  • гипертониялы аурумен зардап шегетіндерде ,ішімдікті абстиненцияда энцефалопатияға күдіктің болуы.

Эпилептикалы статусқа байланысты науқас комплексті тексеру жүргізу керек.

Статустың ұстамалы формасы-науқас есін жимайды,немесе естің өзгеруінсіз фокалды қозғалыс белсенділігі байқалады. Ұстамалы формада біріншілік-генерализді, екіншілік-генерализді және фокалды статусты ажыратады.

Біріншілік генерализденген статус- (бірден тоника-клоникалық, тони-калық, миоклоникалық ұстама пайда болады) әсіресе эпилепсияға тән. Емді тоқтат-қанда, интеркуренттік аурудан кейін немесе ішімдікті интоксикация,басқа жедел интоксикациядан кейін. Тыныс алуы аралас сипатта:тоникалық фазада бра-дипноэ немесе апноэ,ал кло-никалық фазада және талудан кейін-көрнекті гипер-пноэ немесе Чейна-Стокс тынысы байқалады. Мұндай патологиялық тыныс фор-маларының қайталануы-талуы қайта-қайта болып, эпилептикалы ста-тусты тереңдетеді. Тыныстың бұзылуы нәтижесі-трахеобронхиалды бұтаққа шырышты немесе көп сұйықтың жиналуы, ол рефлекторлы тыныстың тоқтауына және өлімге әкеледі. Өкпе ісінуі дамы-майды.Ұстама-артериалды гипертензияның бір себебі генерализденген талмада өте тез есі жоғалады, гипоксия,ми перфузиясының ионды өтімділігінің бұзылысынан «зақымды шеңбер» түзіледі. Нәтижесінде бас ми ішілік қысым жоғарылап ми ісінуіне әкеледі.

Екіншілік - генерализденген статус-ұстама белгілі бұлшықеттерден басталады. Симптоматикалық эпилепсияға ұқсас,бірақ мидың ошақты зақымдалуы,ол әр түрлі патология түрлерінен тұрады (ісік,тамыр аномалиялары және т.б.). Эпилептикалық синдром құрылымы- эпилептикалы ошақ локализациясына және эпилептикалы жүйе түзіліміне тәуелді. Фокалды (джексонды) эпилептикалық талма статусы.Тұрақты белгілі бір бұлшықеттердің құрысуы (бет,бір аяқ-қол ұшының құрысуы гемитипті). Мұндай талма формасы мидың ошақты зақымдалуының белгісі. Статустың құрысусыз формасы-ұзақ уақыт құрысусыз талма (аз эпилептикалы талма petit mal) ұзақ естің болмауы-эпилепсияда байқалады.Клиникалық симптоматикасы әр түрлі галлюционалды және қозғалыс белсенділігі баяулайды.

Шұғыл терапияда көрсетілетін шаралар:


  • тыныс алуды және қан айналымды қалыпқа келтіру;

  • құрысу синдромын басу;

  • эпилепсия статусынан пайда болған ағза функциясының бұзылысын коррекциялау.

Эпилептикалық статустың себебін және патогенді терапияны диагно-стикалау,талманы басу, шұғыл шараларды жүргізуді іске асыру керек. Мұндай ретті емес ем және диагностика өмірге өте қауіпті.Бастың, дененің жарақаттануының алдын алу,тыныс жолдарының өтімділігін қалыпқа келтіру өте маңызды шаралар болып табылады. Эпилепти-калық статусты басқанда 2-4 мл 0,5% (10-20 мг) диазепам ерітіндісі (реланиум, седуксен, сибазон) 10мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісімен тамыр ішіне енгізеді. Қажетіне қарай диазепамды (седуксен) 5-10 мин кейін 2 мл дозада (10 мг) тамыр ішіне енгізеді.

Эффект болмаса 20% натрий оксибутират ерітіндісін (70мг\кг дене салмағына) тамыр ішіне енгізеді. Бір ампула көлемінде 10 мл 2000 мг натрий оксибутират бар. 5 немесе 10% глюкоза ерітіндісінде. Міндетті ісінуге қарсы терапия фуросемид (лазикс) 20-40 мг жүгізіледі. Егер айтылған препараттармен 20 мин эпилептикалы статус басылмаса азот оттегі тотығымен (2\1) қатынаста ингаляциялық түрде қолданылады. Гексенал және тиопентал натрий әсері жедел тыныс алуды тежеп және артериалды гипотензияға әкеледі,мұндай жағдай ОЖЖ және кардио-тониялық заттарды (барбитурат адреналинмен) қажет етеді. Эпилеп-тикалы статустың барлық кезеңін емдеуде құрысу шақыратын пре-параттарды тағайындау қарсы көрсеткіш болып табылады: камфо-ра, коразол, кардиамин, бимегрид, стрихнин, амидопирин, прозерин.

Истериялық құрысу талмасы. Эмоционалды күштеме, уайымнан, кон-фликті жағдайдан кейін дамиды. Науқастың беті қызарған, терлеген, қозған болады. Көзі жұмулы. Қабақты көтергенде,көз алмасын жоғары көтергенде қарсыласу болады.Қарашықтың жарыққа реакциясы оң. Науқас өз киімін жыртып,ернін тістеп,бетін жаралайды.Тілін тістеп алғанын байқамайды.Шұғыл кө-мек көрсеткенде бөгде адамдарды кіргізуге болмайды. Науқасқа наша-тыр спиртін мұрын арқылы иіскетеді,алдын ала аузын сүлгімен жаба-ды.Кей жағдайда бұлшықетке диазепамды седативті зат ретінде енгізеді.

Тетаниядағы ұстамалы синдром

Жиі балаларда және жастарда,тағаммен кальцидің сіңірілуінің ауыр бұзылысында байқалады. Онын типті белгісі-симметриялы карбопедальды тоникалық құрысу болып табылады:қолы және саусақтары акушер қолы сияқты, табаны эквиноварусты позицияда, саусағы иілген қалыпта болады. Бір уақытта бет бұлшықеттерінің құрысуы болады. Еріннің дөңгелек бұлшықеті тоникалы құрысып алға тартылады,яғни карп аузын, сонымен бірге Хвастока симптомы бет бұлшықетінің есту жолынан бастап жиырылуы байқалады.

Талманы басу да 10-20мл10% кальций глюконат ерітіндісі немесе 10 мл 10% кальций хлорид (ересектер үшін) тамыр ішіне енгізеді. Қосымша кальций препараттар ішке тағайындалады.

Қосымша

Тесттік сұрақтар

1. ЖШМК станциясының қызметінің негізгі принциптеріне жатпайды:

А. тұрғындарға арналған толық жеткізу

В. көмекті тез арада ұйымдастыру және жұмыстағы оперативтілік

С. жоғары квалификация және жұмыс көлемі

D. қажетті медициналық ұйымдарға кедергісіз госпитализацияны қамтамасыз ету

E. еңбекке жарамсыздық парағын беру

2. "Шұғыл жағдай" түсінігіне не кіреді?

А. ағзадағы патологиялық өзгерістер;

B. адам өміріне қауіп төндіретін ағзадағы патологиялық өзгерістер;

C. денсаулықтың тез арада нашарлауына алып келетін ағзадағы патологиялық өзгерістер;

D. адам өміріне қауіп төнген жағдайда

E. жоспарлы емдік шараларды жүргізуді қажет ететін ағзадағы патологиялық өзгерістер;

4. Демікпелік статустың дамуына әкеледі:

А симпатомиметиктерді ұзақ қолдану

B кортикостероидтарды ұзақ қолдану

C бронх демікпесіне созылмалы обструктивті бронхиттің қосылуы

D физикалық күщ түсу

E қосымша жүректің зақымдалуы

5. Тез медициналық көмек бойынша бригаданың жету регламенті:

А 3 минутқа дейін;

B 4 минутқа дейін;

C 5 минутқа дейін;

D 15 минутқа дейін;

E 30 минутқа дейін.

6. Тұрақты стенокардия кезінде неше функциональды класс болады:

А 1

B 2


C 3

D 4


E 5

7. Балаларға медициналық көмек көрсету үшін қалада және аудан орталықтарында тұрғындар саны неше болуы қажет:

А 50 мыңнан көп

B 60 мыңнан көп

C 80 мыңнан көп

D 90 мыңнан көп

E 70 мыңнан көп

8. Тыныштық стенокардиясын емдеуде қандай препарат тағайындаған дұрыс:

А фуросемид

B атеналол

C нитроглицерин

D бисептол

E клофелин

9. Тұрақсыз стенокардияға не тән:

А латентты немесе жасырын ағым

B жиі түнде болады

C айқын терлегіштік

D үдемелі ағым

E валидолмен басылады

10. Қандай симптомдар стенокардияға тән болып келеді:

А физикалық күш түскенде, жүрек тұсының шаншып ауруы

B физикалық күш түскен соң, қарыншалық экстрасистолия

C төс артының ауруы, ST – сегментінің депрессиясы, бір уақытта физикалық күш түсумен бірге

D III және AVF тіркемесінде QT тісшесі

E V2 тіркемесінде негативті Ттісшесі

11. ЭКГ-да көрші циклдер QRS комплекс интервалдары 010 с аспаиды ; Р тісшелері

(І ІІ , AVF тіркемелерінде) ӘР QRS комплексі алдында оң болып табылады

Алдын-ала қоюға болады:

А ритмі синусты тұрақты

B ритмі синусты тұрақты емес

C жыбыр аритмиясы

D атриовентрикулярлы байланыс ритмі тұрақты

E атриовентрикулярлы байланыс ритмі тұрақты емес

12. ЭКГ –да PQ интервалының ұзақтығы 0,20-дан көп

Бұл тән:

А толық атриовентрикулярлы блокадағы

B Гис шоғыры аяқшаларының блокадасына

C синусты аритмия

D синусты түйін әлсіздігі

E толық емес І дәределі атриовентрикулярлы блокадағы

13. ЭКГ –да PQ интервалының ұзақтығы 0,20-дан көп

Бұл тән:


A толық атриовентрикулярлы блокадағы

B толық емес І дәрежелі атриовентрикулярлы блокадағы

C Гис шоғыры аяқшаларының блокадасына

D синусты аритмия

E синусты түйін әлсіздігі
14. ЭКГ-да теріс Р тісшісі алдын-ала, өзгермеген QRS комплексінен кейін орналасады. Бұл:

А атриовентрикулярлы экстросистола

B жүрекшелік экстрасистола

C қарыншалық экстрасистола

D жыбыр аритмиясы

E барлығы

15. ЭКГ-да қарыншалық ритм жиырылуы (QRST) дұрыс емес, Р тісшесі жоқ. Бұл көрсетеді :

А жыбыр аритмиясын

B қарыншалық экстрасистолияны

C жүрекшілік экстрасистолияны

D атриовентрикулярлы блокаданы

E жүрекше жыбырын

16. Орталық ишемиллық гипертониялық криздің клиникалық ерекшілігіне барлығы жатады мынадан басқасы.

А АҚ жоғарлауы

B диффузды бас ауруы

C микроошақты неврологиялық бұзылыс

D бастапқы кризде қалыпты активтілігің сақталуы

E зәр айдау әсеріне жылдам оң әсер етуі

17. Қай белгі 35 жастағы науқастың артериальды гипертензия диагнозының 1ст. сәйкес келмейді:

А көз түбінің өзгерісінің болмауы

B шумақтық фильтрация 80мл/мин

C R-тісшесі V5-V6-да 32 мм тең

D АҚ-ң тез қалыптасуы

E зәр қышқылының деңгейі =72мг %(0,40мм)


18. Енді басталған артериальды гипертензия 2 сатысында қай белгі кездеседі (ВОЗ).

А гипертониялық криз

B жүрек қуыстарының дилятациясы

C АҚ-ның систола-диастола гипертензия формасында тұрақтануы

D стенокардия ұстамасының пайда болуы

E сол жақ қарынша гипертрофиясы

19. Артериальды гипертензияның пароксизмальды түрі қай ауруда кездеседі.

А альдестеромада

B түйінді периартериит

C феохромацитома

D Ицинго-Кушинг синдромында

E акромегалияда

20. Декомпенсациялық статустың 1 кезеңіне тән емес көрініс:

А өкпенің төменгі бөлігінде тыныс естілмейді

B мылқау өкпе көрінісі

C өкпенің жоғарғы бөлігінде қатқыл тыныс, құрғақ сырыл

D мозаикалы тыныс

E экспираторлы еңтігу

21. Коллапстың негізгі көрінісіне жатпайды:

А бозару


B салқын тер

C еріннің цианозы

D тахикардия мен АҚ төмендеуі

E есінің сақталуы

22. Қандай жағдайда коллапс пайда болмайды:

А вирусты инфекция

B интоксикация

C бактериальды инфекция

D бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі

E гипертензияда

23. Коллапс кезде барлық симптомдар кездеседі, мынадан басқа:

А АҚ жоғарылауы

B АҚ төмендеуі

C бозару


D цианоз

E салқын тер

24. Коллапстың диагностикалық ағымында гемодинамика көріністерінің негізгі мағынасы қандай?

А АҚ төмендеу дәрежесі

B өкпе артериясындағы қысым

C АҚ жоғарылауы

D жүрек лақтыруының азаюы

E тамырлардың тонусының жоғарылауы

25. Шұғыл шараларды жүргізу үшін жедел пайда болған брадикардия кезінде ең маңыздысы:

А энап


B верапамил

C нифедипин (коринфар)

D атенолол

E атропин

26. Демікпелік статустың 1 кезеңі бұл кезең:

А аллергиялық

B иммунологиялық

C гипоксиялық гиперкапниялық кома

D салыстырмалы декомпенсация

E декомпенсация

27. Геморрагиялық шоктың себебі:

А айналымдағы қанның 1/4 жоғалуы

B айналымдағы қанның 1/3 жоғалуы

C айналымдағы қанның 1/8 жоғалуы

D айналымдағы қанның 1/6 жоғалуы

E айналымдағы қанның 1/2 жоғалуы, инотопты қан құйғандағы гемолиз

28. ЖТЖ диагностикасында міндетті түрде қолданылады:

А өкпенің R - графиясы

B орталық венозды қысымды өлшеу

C ра О2 – ны анықтау

D ра СО2 – ны анықтау

E аталғандардың барлығы

9. Жедел тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) кезіндегі цианоздың себебіне жатады:

А каппилярдағы деоксигенирленген Нв концентрациясының жоғарылауы

B РаО2 – ның азаюы (көбінесе 55 мм сынап бағасынан төмен)

C полицитемия кезіндегі РаО2 – ның кішкене азаюы

D қан айналымының кішкене азаюында (шок) қалыпты РаО2

E аталғандардың барлығы

30. Ауыр гипоксемия кезіндегі цианоз болмауының себебіне жатады:

А анемия


B карбоксигемоглобинемия

C жедел қан ағысты вазодилатация

D пигментацияның бұзылуы

E тамыр ішілік қысымының бұзылуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет