12. Волейболдағы негізгі ережелер
1.Команда құрамы
1.1. Команда құрамы 12 ойыншы, бір жаттықтырушы, бір жаттықтырушы көмекшісі, бір массаж жасаушы және бір дәрігерден тұрады. ФИВБ ресми жарыстарына дәрігер күні бұрын ФИВБ аккредациялануы тиіс.
1.2. Ойыншылардың біреуі команда капитаны болып табылады және хаттамада белгіленуі тиіс. Либеро капитан бола алмайды.
1.3. Хаттамаға жазылған ойыншылар ғана алаңға шығып ойында ойнай алады. Жаттықтырушылар мен команда капитаны хаттамаға қол қойған кезде де, жазылған ойыншылар өзгертілмейді.
2. Команданың орналасуы.
2.1. Ойынға қатыспайтын ойыншылар команда орындығында отыруы немесе команданың дене қыздыру орнында болуы тиіс. Жаттықтырушы мен команданың басқа мүшелері орындықта отыруы тиіс, бірақ уақытша кете алады. Командалар орындықтары бос аймақтан тыс, хатшының үстелімен қатар орналасады.
2.2. Команда мүшелеріне ғана ойын кезінде орындықта отыруға және дене қыздыруға қатысуға рұқсат етіледі.
2.3. Ойынға қатыспайтын ойыншылар допсыз төмендегідей жағдайларда дене қыздыра алады:
- ойын кезінде ширығу аймақтарда;
- минуттық үзіліс және техникалық үзіліс кезінде;
- ойын алаңы артындағы бос аймақта.
2.4. Кезеңдер арасындағы үзілістер кезінде ойыншылар бос аймақта ғана доппен дене қыздыруға пайдалана алады.
3. Ойын киімі.
Ойыншылардың ойын киімі жейде, шорты, шұлық және спорттық аяқ-киімді құрайды.
3.1. Жейде, шорты, және шұлықтың түсі мен дизайны команда үшін біркелкі болуы тиіс және киім таза болуы керек.
3.2. Аяқ киім жеңіл және иілгіш, резина немесе былғары табанды, өкшесіз болуы тиіс.
ФИВБ ресми жарыстарына ересектер үшін командада аяқ-киім түсі біркелкі болуы тиіс, бірақ сауда маркалары түсі мен дизайны жағынан өзгеше болуға рұқсат етіледі. Жейделер мен шортылар ФИВБ стандарттарына сай келуі тиіс.
3.3. Ойыншылардың жейделері 1-ден 24 дейін нөмірленуі тиіс.
3.3.1. Нөмір жейделерде кеуде және арқасының ортасына орналасады. Нөмірлер түсі мен жейде түсінің аймармашылығы болуы тиіс.
3.3.2. Нөмір кеудеде 15 см, арқада 20 см болуы тиіс. Нөмір құрайтын жолақтар ені 2 см болады. ФИВБ жолақтар ені 2 см болуы тиіс. ФИВБ ресми жарыстарына ойын нөмірі шортының оң бөлігінде қайталануы керек. Нөмір биіктігі 4-6 см, нөмір құрайтын жолақтар ені кемінде 1 см болуы тиіс.
3.4. Команда капитанында кеудедегі нөмірді айқындайтын, жейдесінде 8х2 см жолақ болуы тиіс.
3.5. Басқа ойыншылардан ресми нөмірі мен түсі өзгеше киімде ойнауға тиым салынады (либеро киімінің түсін қоспағанда).
Достарыңызбен бөлісу: |