Жаттығу үлгілері:
1. Соққы берудің тәсілдері (соққыдан кейінгі доптың жылдамдығы; допты күшпен соғу; доп максималды күшпен соғу).
2. Соққыны жабық торда беру тәсілі.
3. Шабуылдаушының немесе қарсыластың ұрыс тәсілдері немесе топтық қорғанысқа қарсы іс-әрекет.
4. Ұру тәсілі, тордан алыс орындалатын екінші соққы 1,5 м тордан және торға жақын жерден допты беру.
5. Соққының топпен жасалуы. Жаттықтырушының топқа немесе командаға қолмен бұлғаған бұйрығы: ұрайын деп жатқан жаттықтырушының қолы: алдау, жүріс, жоғары қабылдау және оны лақтыру.
6. Таңдаулы іс-әрекет.
Мысалы:
Жұппен орын ауыстырған ойыншының допты қабылдауы.
Соққыны доп беріп жатқан ойыншының аймағынан допты қабылдау.
- Топтық тосқауылда қорғаушы тосқауылдан асып кетпеу керек.
- Қорғануда бұрыштағы тосқауылға ойнау керек.
- Шабуылдаушыға ойыншының соққысы артқы сызықтан болу керек.
Қиын жағдайлардан өту үшін мыналарды ескеру керек:
Мысалы:
1. Қорғаушы соққының 4-аймақтан келетінін біледі, бірақ алдау немесе соққының болатынын білмейді сол үшін соған әрекет жасау керек.
2. Қорғаушы қандай аймақтан соққы болатынын білмейді (4 немесе 2) бірақ соққының бағыты әр аймақта белгілі. Жағдай бойынша шешім қабылдап оны тез жүзеге асыру керек.
3. Қорғаушы соққының қайдан келетінін біледі, бірақ тосқауылды жабатынын білмейді. Жағдай бойынша шешім қабылдап оны тез жүзеге асыру керек.
4. Қорғаушы ешқандай соққының аймағын білмейді. Бұл жерде доптың бағытын есептеп тез әрекет жасау керек.
Қорғаныстағы ойыншылардың қызметтерінің кезеңдері
Бірінші кезең-соққыны 2-ші соққыға дейін қорғаушының әрекетіне дейін лактыру.
Екінші кезең - екінші соққыны лақтырудан бастап, шабуылдаушының жүгіргендігіне дейінгі кезең.
Үшінші кезең - жүгірудің ортасынан бастап шабуылдаушының өтуінен басталған кезең.
Төртінші кезең - ойыншының тосқауылдан орын ауыстырған кезі немесе қорғаушының өз орнына орналасуы.
Бесінші кезең - шабуылдаушының соққыны ұрған кезінен бастап қорғаушының әрекетіне дейінгі кезең.
Бұл әрекеттердің волейболдағы уақыты 1,49 секундтан бастап 2,31 секундтқа дейін жалғасады.
Орын алмастыру жылдамдығы-алаңда кездесетін орынға өзінің техникалық икемдерімен ең тез уақытта жету. Қорғаушының орын алмастыру ережелері жүгіру, жаяу жүру, секіру, құлаудан тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |