4. Ойын киімінің өзгерулері.
Бірінші төреші ойыншыларға рұқсат бере алады;
4.1. Жалаң аяқ ойнауға;
4.2. Кезеңдер арасында немесе алмасқаннан кейін, жаңа киімнің түсі, моделі және нөмірі бұрынғымен бірдей болған жағдайда, ылғал киімді ауыстыруға;
4.3. Салқын ауа-райында жаттықтыру киімдерімен ойнауға олар бүкіл команда үшін түсі мен моделі бірдей және 3.3. ережелерімен сәйкес нөмірленген жағдайда.
5. Тиым салынған заттар.
5.1. Жарақаттануға әкелетін немесе ойыншыға жасанды артықшылық беретін заттармен ойнауға тиым салынады.
5.2. Ойыншы өзі тәуекелге барып көзілдірікпен ойынға қатыса алады.
5.3. Команда басшылары, жаттықтырушы мен команда капитаны команда мүшелерінің мінез-құлқы мен тәртібіне жауап береді.
6. Капитан.
6.1. Команда капитаны ойын алдында хаттамаға қол қояды және жеребеде өз командасына өкілдік етеді.
6.2. Команда капитаны ойын кезінде ойында болса, ойын капитаны ретінде әрекет етеді. Егер команда капитаны алаңда ойнамаса, жаттықтырушы немесе капитанның өзі алаңда басқа ойыншы, бірақ либероны емес, өзіне ойын капитаны міндеттерін қабылдауға тағайындайды. Ойын капитаны, команда капитаны ойынға қайтып келгенше, немесе кезең аяқталғанға дейін, алмасқанға дейін өз қызметтерін сақтайды.
Доп ойыннан тыс болған кезде, тек ойын капитанына ғана төрешілерге жүгінуге рұқсат етіледі.
6.2.1. Ережелердің қолдануын түсіндіруді және серіктердің өтініштері мен сұрақтарын сұрау. Егер түсіндіру ойын капитанын қанағаттандырмаса, ол төрешіге дереу өзінің келіспейтінін хабарлауы тиіс. Бұл ойын соңында жазуға құқық береді.
6.2.2. Рұқсат сұратуға:
а) ойын киімін ауыстыру;
б) командалардың орналасуын тексеру;
в) еден, тор, доп тексеру, т.с.с.
6.3. Минуттық үзілістер мен алмастыруды сұрау.
6.4. Ойын аяқталғаннан соң команда капитаны:
- төрешілерге ризашылық білдіреді және ойын нәтижесін растап, хаттамаға қол қояды;
- егер ол алдын-ала бірінші төрешіге келіспеушілік білдірсе, бұл келіспеушілік расталады және хаттамаға ресми наразылық ретінде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |