Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет6/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Лейкоциттер мен тромбоциттер. Лейкоциттердің құрамында 
параглобулиндер, нуклеопротеидтер, цитоглобин мен басқалары бар. 
Лейкоциттерде протеолитикалық және липолитикалық ферменттер көп
сонымен қатар оларда гликоген мен біршама глюкоза бар.
Тромбоциттер өте тұрақсыз және қан алғанда тез бұзылады. 
Тромбоциттердің бұзылу қан ұюының бастапқы сәті болып табылады, себебі 
оларда осы процесске қатысатын заттар бар. 
 
 


11 
Қан мен оның фракцияларының
тағамдық құндылығы мен қолдану аясы 
Ет өнеркәсібіне жіберілетін жануарлардың қаны аса құнды жануар 
ақуызының маңызды көздерінің бірі болып табылады және оның құрамы 
еттен еш айырмашылығы жоқ дерлік. 
Ақуыз құрамы, % 

қан 16,5-19; 

«ашық» плазма 

«қызыл» плазма 

сарысу 4,2- 5,4 

пішінді элементтер 
Ең көп ақуыз пішінді элементтерде, бірақ бұл изолейцині жоқ амин 
қышқылдық құрамы бойынша толыққанды емес гемоглобин. Сонымен қатар 
онда басқа алмастырылмайтын амин қышқылдары көп. Гемоглобиннің 
құнды ақуыз болуының себебі етке қарағанда қанда гемоглобин есебінен 12 
есе көп болып келетін жеңіл сіңірілетін темірге бай. 
Өнеркәсіптік жағдайда сепаратор түрі мен оның жұмыс істеу режіміне 
қарай алынатын қан плазмасы «ашық» немесе біршама пішіндік 
элементтердің болуымен «қызыл» болуы мүмкін. Осыған орай бұл 
фракциялардың сандық және сапалық құрамында ерекшеліктер байқалады. 
Қан плазмасының ақуыздары тек толыққанды аминқышқылдық 
құрамымен ғана емес, сонымен бірге 95% дейінгі жоғары сіңімділігімен 
сипатталады. Аминқышқылдық құрамы жағынан ең құндысы фибриноген 
болып табылады, онда триптофан, метионин, фенилаланин мен лейцин көп.
Ақуыздардан басқа қанның жоғары биологиялық құндылығы онда 
физиологиялық белсенді заттардың болуымен байланысты. Қанда А 
дәруменінің мөлшері көп, сонымен бірге В тобының дәрумендері, С, D, Е 
және К дәрумендері бар. 
Қандағы липидтердің мөлшері көп емес, бірақ жұқа эмульгаццияланған 
және оңай сіңеді.
Қанның және оның фракцияларының жоғары тағамдық құндылығы, 
плазма ақуыздарының маңызды ФТС бұл құнды шикізатты тамақ, емдік, 
жем-шөп және техникалық өнім өндірісі үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет