Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет4/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Липидтер маймен оның гидролизінің өнімдері (майлы қышқылдар мен 
глиперол), фосфатидтер, холестеридтер мен холестерол түрінде кездеседі. 
Қан плазмасындағы липидтердің жалпы мөлшері азыққа байланысты және 
орташа ірі қара және ұсақ малда – 0,1%, шошқаларда – 0,2% құрайды.
Қандағы минералды заттар ақуызбен (негізінен альбумин және 
глобулиндермен) 
байланысқан 
күйінде 
– 
белсенді 
емес 
түрі, 
немесеиондалған күйінде – белсенді түрі. Әр түрлі жануарларда 
қандарындағы минералды заттардың жалпы мөлшері шамамен 1% құрайды, 
бірақ жекелеген бөліктерінің мөлшері қатты ауытқиды. Бір жануардағы 
минералды құрамның белгілі бір тұрақтылығы болады, одан қатты ауытқулар 
тек патологиялық күйлерде ғана байқалады. Қан плазмасының маңызды 
минералды тұзы натрий хлориді болып табылады. натрийдің бір бөлігі 
карбонаттар, фосфаттар, сульфаттар мен лактаттар түрінде келеді. Натрий 
тұздарынан басқа қан плазмасында калий тұздары болады, ал плазма натрий 
тұздарына бай, ал эритроциттер – калий тұздарына бай. Плазмада кальций 
қосылыстары бар және олар қанның ұю процессінде маңызды рөл атқарады, 
жүйке жасушаларының қозғыштығын, қан тамырларының және жасуша 
мембраналарының өткізгіштігін бәсеңдетеді. Плазмада темір, йод, жез, 
кобальт секілді байланысқан микроэлементтердің үлкен тобы бар. 
Қан тіндерге тамақпен келетін дәрумендерді жеткізеді. Сойысқа кететін 
малдың қанында В тобының дәрумендері көп, сонымен бірге С, А, D, Е және 
К дәрумендері де бар.
Қанның пішінді элементтері. Қанның пішінді элементтеріне қызыл 
қан қан түйіршіктері, ақ қан түйіршіктері және қан пластинкалары жатады. 



Сүтқоректілерде олар ядросыз ортасы ойыңқы келген домалақ тәрізді. 
Эритроциттер өте майда (диаметрі 4-7 мкм) бірақ олар қанда өте көп: сиырда 
6-8 млн, қойда 8-10 млн, шошқада 6 млн жылқыда 7-8 млн , құста 3,5 млн 
клетка. (кесте 4). Бұл қан түйіршіктерінің көп болуы және ерекшеліктері 
арқасында үлкен қабат түзеді. Бұл қабаттың бетінде ағза ұлпасы мен 
қоршаған орта арасында газ алмасады. Сиырдағы эритроциттердің жалпы 
қабаты 1,5 га- дан асады. Қанға қызыл түс беретін құрамында темірі бар 
ақуызды зат, яғни гемоглабин. Ол оттекпен және көмірқышқылмен қосыла 
алады. Гемоглабин көмегімен эритроциттер оттекті ағза ұлпаларына жеткізіп, 
ұлпаларынан шыққан көмірқышқылды өкпеге жеткізеді. Эритроциттердің 
сыртында заттектерді жасушаға таңдап, өткізетін мембрана болады. Бұл 
мембрананың бүтіндігі бұзылса гемоглабин плазмаға шығып, оны қызыл 
түске бояйды. Бұл процесс гемолиз деп атайды. Гемолиз – қанның маңызды 
қасиеті. Гемолиз қанның сапасын төмендетеді және ақ альбумин тәрізді 
бағалы өнімнің өндірілуіне кедергі келтіреді.
Ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер) эритроциттерден едәуір үлкен, түсі 
жоқ, ядролары бар нағыз жасушалар қатарына жатады. Қанда лейкоциттер 
эритроциттерге қарағанда аз (6 – 10 мың 1 мм
3
). Лейкоциттер амеба тәрізді 
қозғала алады және капиллярлардың жұқа қабырғасы арқылы клетка арасына 
өте алады. Лейкоциттер әртүрлі тығыз бөлшектерді, өлі клетка бөлшектерін, 
микробтарды басып алып, сіңіріп, өз денесінде қорыта алады. Орыстың 
ғалымы И.М.Мечников лейкоциттердің бұл қасиетін тұңғыш рет ашып,оны 
фагоцитоз деп атады. Фагоцитоз ағзаны микробтардан, ауру 
қоздырғыштарынан қорғауда үлкен рөл атқарады. 
Кесте 1.4 – Қанның пішінді элементтері мал түріне байланысты мөлшері. 
Мал түрлері 
Эритроциттер көлемі 
( 1 мм
3

Лейкоциттер көлемі 
( 1 мм
3

Қан пластинкалар 
мөлшері 
Қоян 
5 860 000 
8 910 
өте көп 
Жылқы
6 940 000 
10 300 
аз 
Бұқа
5 720 000 
7 900 
көп 
Ешкі
13 390 000 
8 080 
аз 
Шошқа
7 290 000 
17 910 
аз 
Қой
11 600 000 
7 250 
аз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет