Шағын бизнес өкілдерін айтпағанда мемлекетке жылына миллиондап салық тапсырып, жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерде бар. Соның бірі – «Алатау-спецтехника» ЖШС директоры Сабыржан Мұхаметхан. Кәсіпорында 240 адам тұрақты жұмыс жасайды. Жылына мемлекетке 100 миллион теңгеден аса салық төлеп отыр. Кәсіпорын жол жөндеу, су құбырларын ауыстыру, құрылыс салу, қаланы абаттандыру, техника сату және қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.
«Елімізде шағын және орта бизнеске қаншалықты жағдай жасалған?» деген сауалға – Әрине, біздің орта және шағын бизнестің жағдайы барлығы да жақсы деп айту қиын. Әлі де шешілуге тиісті мәселелер шаш етектен. Әкімшілік кедергілер де айтарлықтай ауыр. Бізде шынайы адал бәсекелестік жеткілікті қалыптасқан жоқ. Лицензиялау қатарлы құжаттандыру жұмысы тым күрделі. Еліміз байтақ, жеріміз бай болғанымен, халқы сирек және бытырай қоныстануына байланысты, тұтыну нарығы шектеулі. Инфрақұрылым жеткілікті дамымаған және бұл салада монополия тіптен ауыр. Біздің елде өндіруші өнеркәсіп, бірін-бірі өзара толықтыратын өндірістік жүйе мүлдем кенжелеп қалған. Еліміз кеден одағына кіргелі бері бұл жағдай одан бетер ауырлай түсті. Өндіріске қажет қосалқы бөлшектер мен шикізаттардың ауқымды бөлігі Қытай, Корея, Түркия және Жапония қатарлы техникасы мен өндірісі қатар дамыған елдерден тасымалданатын қажетті тауарладың бағасы аспандап кетті. Соның кесірінен өндірілген тауарлардың бағасының да қымбаттауына әкеліп соғып отыр. Демек, бұл еліміз өндірісінің бәсекелестік қабілетіне ауыр соққы. Алда еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін болса, бұл жағдай оң шешімін табады деп сенеміз» дейді.
Негізгі тұжырым: Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер мен жер қойнауының байлығын халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек. Осы бағытта бүгінгі оралған ағайындардың атқарып жатқан нақты істеріне қолдау көрсету қажет.
Кейде «оралмандар елге тек алсам деп қана келеді» дейтін жаңсақ пікірлер айтылады. Қоғамның әр саласында елеулі еңбек етіп жатқан қандастарымызды көргенде мұндай түсініктің кереғар екеніне көзімізді жеткіземіз. Бұл мағынада пікірлер қоғамда бірнеше рет жоғары деңгейде айтылдыда, біз өз тарапымыздан бұл сынды ойлар қоғамның, ұлттың тұтастық, бірлігіне сызат түсіретініне қынжыламыз.
Атажұртқа оралған ағайындардың адами капитал тұрғыcынан деңгейі, олардың нaрықтық қaтынаcтарға бейiмделу дeңгeйі жоғары деп санаймыз. Бiзде 70 жыл бacқа жүйедe жаcап, қанымызға сіңген «бaрлығын мeмлекет қамтамасыз етеді» дeген сияқты ұнамсыз, мaсылдық қасиеттер бар. Ал оралмaндар - нарықтық қатынас oртасында тyғандықтан, жаcтайынан cоған бейімделген. Оған cырттан келіп, өз кәсiбін ашып, oтбасын acырау, ұpпaқ тәpбиелеумен бiрге, баcқа да oндаған, тiпті жүздеген адамдарды жұмыспен қамтып отырған зерттеу жұмысы барысында аталған, сұхбаттасқан кәсіпкерлер дәлел. 20 жылда 1 миллионнан аса қандастармыз оралған. Бұл үлкен экономикалық әлеует. Сoндықтан біз Қaзақстанға келiп жатқан ағайындарды елімізге қосылып жaтқан үлкен күш, бір әлеуметтік топ ретінде қабылдап, осы тұрғыдан дәріптеуіміз керек.
Зерттеу жұмысы барысында түйген ой оралмандар проблемасын жекелеп қарастыру қажет болғанымен оны елдің әлеуметтік-экономикалық проблемалармен бірге шешу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Отандық әлеуметтану ғылымында тарихи атамекеніне оралған этникалық қазақтардың жергілікті қазақтармен әлеуметтік сәйкестенуін талдап ұсынылып отырған ғылыми зерттеу жұмысты қортындылай келе төмендегідей тұжырымдар келтіреміз.
Зерттеу мен жұмыстың негізгі міндеттері ретінде алынған мәселелер тақырып мақсатына сай қарастырылып, логикалық біртұтас жүйелікте баяндалды. Мемлекетқұрушы ұлтпен этностардың әлеуметтік сәйкестенуін зерттеудің әдіснамалық тұрғылары диссертациялық зерттеу барысында әлеуметтану классиктері еңбектеріне негізделді. Мемлекет құрушы ұлт туралы қазіргі әлеуметтік теориялар талданды және бүгінгі заман талабына сай әлеуметтік шынайылыққа жақындастырылды.
Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік сәйкестену ілімінің эволюциясына тарихи кезеңдер сатысы тұрғысынан әлеуметтік ойлар тұрғысынан талданып, сараптама жасалынды. Қазақстан Республикасындағы этникааралық қатынастардың әлеуметтік антропологиялық аспектілері айқындалып нақтылана түсті, этносаралық қатынастар тынышытығының мемлекеттегі маңыздылығы, этносаралық қатынастың оң дамуының себептері атап көрсетілді. Қазақтардың өз атамекенінде бүгінде негізгі басымдылыққа қайта оралып моноұлттық мәртебеге ие болып отырғаны әлеуметтік ақиқат екені нақты ресми статистикалық деректермен дәйектелді.
Мемлекет құрушы ұлттың қалыптасуы және дамуына әлеуметтік-тарихи сараптама жасалды, 2011 жылы Қазақстандық қоғамның саяси-әлеуметтік көңіл күйі, атамекеніне оралған қандастарға қатысты сандық әдіспен жүргізілген сауалнама авторлық зерттеу диссертация жұмысының барысында өзіндік ой тұжырымдарының шынайылығын арттырды. Қоғамдық өмірдегі этносаралық және басқа да дау-жанжалдарды бағалау мақсатындағы зерттеулер әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін негіздер мен құрылымдарды нақтылай түсуге мүмкіндік беріп, қазақстандықтарға деген сенімділіктерін Қазақстан Республикасындағы этникааралық қатынастардың әлеуметтік антропологиялық аспектілерін жан жақты қарастырып, тиісті әлеуметтанулық тұжырым жасауға негіз берді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік жауаптылығын теориялық-практикалық анықтап, тұжырымдама жасауда ғылыми зерттеу жұмысы аясында жүргізілген сапалы әдіспен тереңдетілген сұхбаттың тиімділігі зор болды. Мемлекет құрушы ұлт тарапынан әлеуметтік жауаптылыққа авторлық түсінікте ме берілді. Мемлекеттегі барлық этностардың әлеуметтік әлеуетінің дамуына, олардың азаматтық қажеттіліктерін қолжетімді етудегі негізгі қазақ ұлтының жауапкершілігі арнайы тарау барысында нақтыланып жүйеленді.
Бұл тұрғыда диссертациялық зерттеу авторы «мемлекет құрушы ұлт» пен «мемлекет құраушы ұлт» ұғымы бір тектес болса да мағыналық тұрғыда жекелей қарастыруды ұсынады. Қазақ мемлекет құрушы ұлт, моноұлт ретінде мойындалуы үшін әлеуметтік, саяси, демографиялық негіздер жеткіліктігі негізделіп көрсетілді. Қазақ «мемлекет құрушы ұлт» болса, ал «мемлекет құраушы ұлт» деп Қазақстан қоғамындағы барлық азшыл ұлт өкілдерін қоса алғандағы жиынтық атау қажет деген тұжырым жасалды. Қазақстан полимәдениетті, полиэтникалы, поликонфессионалды мемлекет пен көпқұрамды қоғамның әдеттегі түріне айналып отырған жағдайында бұлай ажырата айтудың маңыздылығы зор. Себебі, Қазақстан бүгінгі күні саны 130-дан астам әртүрлі этнос өкілдерінің өмір сүретін ортақ Отаны екені әлеуметтік шындық. Әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында жинап ұйыстырып отырған қазақ ұлты өз атына сай мемлекет құрушы ұлт. Қорыта айтқанда мемлекет құрушы ұлт қандай болу керек, оған жүктелер жауапкершілік түрлері қандай, бұл талаптарға сай болу үшін нені қолға алу керек, неден бас тарту қажет, қандай құндылықтар мен өлшемдерді ұстану керек деген сұрақтарға зерттеу жұмысы барысында жауап ізделді, теориялық талдау жасалып, авторлық тұжырырымдар жасалды.
Елге оралған қазақтардың мемлекет құрушы ұлт талаптарына әлеуметтік сәйкестенуінің негізгі бағыттары, әлеуметтік бейімделу мен оның мәселелік аспектілері талданды. Бейімделу тақырыбы шеңберінде әдеби шолу жасалынды, мәселенің зерттелу деңгейі анықталды. Тарихи атамекеніне оралған этникалық қазақтардың әлеуметтік бейімделу мен оның мәселелік аспектілері ғалымдар тарапынан қызығушылық тудыруы көтерілген мәселенің қоғамдағы әлеуметтік түйінді мәселе екендігін дәлелдейді. Оралған қандастардың білімдік және рухани-мәдени сәйкестенуін зерттеу әлеуметтік және саяси-экономикалық сәйкестікті айшықтап көрсетуі әлеуметтану ғылымы саласындағы жаңа, тың талпыныс болды.
Зерттеу жұмысының өзіндік бір ерекшелігі - мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік-саяси мәртебесінің алғаш рет жан-жақты пәнаралық тұрғыда -этнография, этнология, тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, этнопедагогика, мәдениеттану т.б. ғылымдары арабайланысында қарастырылуы.
«Мемлекет құрушы ұлт», «мемлекет құраушы ұлт», «мемлекет құрушы ұлттың мәртебесі», «мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік жауаптылығы», «оралған қандас», «оралман», «білім, мәдениет, рухани және саяси өмірдегі әлеуметтік сәйкестену» сияқты түсініктерге әлеуметтанулық талдау, ғылыми негіздеу сараптама және анықтама беріп, оларды ғылыми айналымына енгізуі зерттеудің жаңалықтың бір негізі саналады.
Тарихи отанына оралған ағайындарды келген әлеуметтік-территориялық негіздері бойынша әлеуметтік тұрғыда топтау, зерттеу жұмысының обьектісі ретінде типтеу диссертацияның жаңашылдығының бір аспектісі.
Әлеуметтік зерттеулер негізінде мемлекет құрушы ұлттың қазіргі көңіл-күйін, дүниетанымын, өзгерістері қарастырылды, қазіргі таңдағы Қазақстанның әлеуметтанулық тұрғыда ұлттық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық-саяси жағдайы сарапталды.
Мемлекет құрушы ұлттың Қазақстан шындығындағы қазақ келбеті жасалды. Ұлттың дүниетанымын қалпына келтіру, сақтау, дамыту үрдістерін кешенді әлеуметтанулық зерттеудің өзектілігі негізделе түсті.
Ғылыми зерттеу жұмысы барысында арнайы қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар нақтыланып, жалпы зерттеу жұмысы аясында өзіндік түйінді қойылымдар жасалды.
Тәуелсіздік жағдайында ұлттық қатынастар саласындағы үрдістер, оған ерекше көңіл бөлуді талап етеді, өйткені олар өзіндік этностық сананың, соның ішінде мемлекет құрушы ұлт санасының өсуімен тығыз байланысты.
Мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік әлеуметтенуінің жоғары болуы тек экономикалық-әлеуметтік мәселе емес, алдымен саяси мәселе, екендігі қоғамдағы, әлемдік тәжірибеде дәлелденген.
Көп этносты Қазақстан жағдайында қазақ ұлты мемлекетқұрушы ұлт ретінде өзінің әлеуметтік –тарихи миссиясын атқаруы қажет, автор ондай әлеуметтік миссия құрамы мен ұстанымдары туралы тұжырымдарын жүйелеп баяндаған.
Қазақ ұлты әлемдік сахнада жаһанданудың бәсекелестік қабілетің көрсету қажет. Себебі көп этносты Қазақстан жағдайында негізгі мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ ұлты өркениетті, инновациялық-индустриялық қоғамның дамуын қамтамасыз етуге жауапты басты күш болып саналады.
Жаһандану жағдайындағы ұлттық трансформациялану барысында Қазақстан тәуелсіздігін сақтау ең алдымен мемлекет құрушы қазақ ұлтының жауаптылығында.
ҚР жағдайында қазақ ұлтының мемлекет құрушы негізі ретіндегі айқындаушы әлеуметтік қасиеттері әлеуметтану ғылымы тұрғысынан нақтылап зерттеліп көрсетілді. Бұл сынды ғылыми жұмыс жалғасуы тиіс.
Мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік әлеуеттілігі тұрғысында, атамекенге оралған қазақтардың сәйкестену мәселесіде өзекті әлеуметтанулық таным құбылыс болып табылады. Бүгінде бұл үрдіс өзіндік деңгейде жүріп жатыр деген ой түйінделеді.
Қазіргі Қазақстанның жағдайында мемлекет құрушы ұлттың қалыптасуы мемлекетте және әлемде болып жатқан әлеуметтік, саяси үрдістермен үздіксіз байланысты жүруде. Қазақ этносының этностық, мәдени, діндік ерекшелігі мен менталитеті оның өмір сүруінің әлеуметтік-саяси болмысымен тығыз байланысты.
Ғылыми еңбек адамзаттың этникалық дамуының мәселелеріне зор мән беріп, шет ел әрі отандық әдебиеттерге талдау, әлеуметтанулық зерттеулер негізінде мемлекет құрушы ұлт анықтамасы нақтыланып, атамекеніне оралған қандастарға байланысты тұжырымдар ғылыми басқосуларда, баспа құралдары арқылы ғылыми айналысқа шығарылды.
Атамекенге келген әліде келетін этникалық қазақтардың тарихи атамекенінде жергілікті қазақтармен, жалпы, қазақстандықтармен әлеуметтік сәйкестенуі, мемлекет құрушы ұлт ретінде қалыптасып даму үрдісін жан-жақты салыстыра, талдау әлеуметтану ғылымының маңызды жаңа саласы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Зыкин Д. Л. Первая мировая: геополитический аспект. – М.: Прогресс, 2005. - 230 с.
-
Кредер А. А.Новейшая история зарубежных стран. – М.:Феникс, 1998. - 456 с.
-
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы//http://www.aikyn.kz/news/view
-
«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы М.Шахановтың мәлімдемесі// http://www.qazaquni.kz//
-
Қазақстан ұлттық энциклопедия. - Алматы.:Қазақ энциклопедиясы, 2004. - 9 том.- 696 б.
-
Қазақша Уикипедия:Ұлт//http://kk.wikipedia.org
-
Қазақстандағы этнодемографиялық ахуал//http://www.stat.kz
-
Социокультурная адаптация городской молодежи. - Астана:УПЦ ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2013.-175 с.
-
Халықтың көшi-қоны туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы
-
Бақытбек Р. Ассимиляция құрсауында қалу – қауіпті// http://www.abai.kz
-
Елбасы Н.Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында сөйлеген сөзі //http: qazaq-alemi.kz
-
Вебер М. Избранные произведения. – М.: Прогресс, 1990. – 625 c.
-
Сорокин П. Социальная и культурная динамика: Исслед. изм. в больших системах искусства, истины, этики, права и обществ. отношений = Social & Cultural dynamics: A Study of Change in Major Systems of Art, Truth, Ethics, law and Social Relationships //пер. с англ. - В.В.Сапова. - Санкт-Петербург.: Изд-во Рус. Христиан. гуманитар. Ин-та, 2000. - 1054 с.
-
Зиммель Г. Избранное. - М.: Юрист, 1996. - 380 с.
-
Парсонс Т. О структуре социального действия. - М.: Академический Проект, 2000. - 880 с.
-
Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество //пер. с англ. - М.: Политиздат, 1992. - 543 с.
-
Спенсер Г. Личность и государство. – М.: Социум, 2007. - 208 с.
-
Парк Р. Экология человека. Теория общества: фундаментальные проблемы. - М.: Канон-пресс-Ц, 1999. - С. 384-400.
-
Мертон Р. Социальная теория и социальная структура. - М.: АСТ, Хранитель, 2006. - 880 с.
-
Erikson E. Identity. Youth and Crisis. - N. Y. 1968. – 195 с.
-
Фрейд З. Психология Я и защитные механизмы. - М., 1993.-230 с.
-
Юнг К. Психологические типы. - М.: Наука, 1996. – 120 с.
-
Пиаже Ж. Генетическая эпистемология //Вопросы философии. - 1993. - N5. – C.175-180.
-
Бахтин М. М. Как философ. - М.: Наука, 1992. – 255 с.
-
Выготский Л. С. История развития высших психических функций. //Собр. соч. в 6 т. - М.: Просвещение, 1984. – 130 с.
-
Кон И. С. В поисках себя. - М.: Наука, 1984. – 175 с.
-
Заславская Т.И. Социетальная трансформация российского общества. - М.: Дело, 2002. - 568 с.
-
Корель Л.В. Социология адаптаций: Вопросы теории, методологии и методики. - Новосибирск: Наука, 2005. – 417 с.
-
Мукомель В.И. Миграционная политика России: Постсоветские контексты. Институт социологии РАН. - М.: Диполь-Т., 2005.- 351 с.
-
Юдина Т.Н. Социология миграций. - М.: Академический Проект, 2006.-272 с.
-
Розум. С.И. Психология социализации и социальной адаптации человека. – СПб.: Речь, 2006. - 365 с.
-
Ионин Л.Г. Социология культуры/Учебное пособие для ВУЗов.- 4-е изд., перераб. и доп. - М., 2004. - 427с.
-
Солдатова Г.У. Психологическая помощь мигрантам.- М.:Смысл, 2002.- 479 с.
-
Кузнецов П.С. Адаптация как функция развития личности.- Саратов, 1991. -121 с.
-
Шпак Л.Л. Социокультурная адаптация: сущность, направления, механизмы: автореф...докт.социол.наук. – Кемерово, 1992. - 30 с.
-
Данилевский Н.Я. Россия и Европа. – Санкт-Петербург, 1869. - 450 с.
-
Ленин В.И. К вопросу о национальности или автомизации // Полн. соб. соч. - М.: Изд-во политической литературы, 1981. - Т. 24. - С. 113-150.
-
Шпенглер О. Закат Европы. – М.: Мысль, 2004. - Т.1. - 612 с.; Т.2- 523 с.
-
Тойнби А.Д. Постижение истории. - М.: Прогресс, 1991. – 731 с.
-
Дюркгейм Э. Метод социологии. – М.: Наука, 1991. – 562 с.
-
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М.: Наука, 1999. – 234 с.
-
Гумилев Л. Этногенез и биосфера Земли. – М.: АСТ, 2005. - 354 с.
-
Сарсенбаев Т.С. Культура межнационального общения. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 72 с.
-
Тәтімов М. Демографиялық кескін /Қазақ. – Алматы: Стека, 1994. – Б.65-71
-
Марданов К. Самоопределение нации. – Алматы: ИРК, 1997. – 313 с.
-
Аяганов Б.Г. Государство Казахстан: Эволюция общественных систем. – Алматы: Жеті Жарғы, 1993. - 240 с.
-
Нысанбаев А. Казахстан. Демократия. Духовное обновление. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 414 с.
-
Нысанбаев А. Адам және ашық қоғам. Человек и открытое общество. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 272 б.
-
Нысанбаев А. Философия взаимопонимания. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 544 с.
-
Сыроежкин К.Л. Государственность и этничность в странах Востока: к оценке общего и особенности // Эволюция государственности Казахстана. – Алматы: Атамұра, 1996. - С. 106-158.
-
Сыроежкин К.Л Эволюция формирования и основные черты концепции национальной политики КПК. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998. - 132 с.
-
Сужиков М.М Напряженность или гармонизация? (развитие межнациональных отношений в Казахстане). - Алма-Ата: Казахстан, 1991. - 114 с.
-
Сужиков М.М. Межнациональному согласию в Казахстане альтернативы нет. – Алматы: Ғылым, 1993. - 124 с.
-
Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в Республике Казахстан. – Алматы: Санат, 1996. – 187 с.
-
Байтенова Н.Ж. Межэтническая интеграция: проблемы, реальность, перспективы. – Алматы: КазНУ, 1997. – 226 с.
-
Романова Н. Этнополитические процессы в Республике Казахстан. – Алматы: ИРК, 1998. – 68 с.
-
Романова Н. Влияние политических процессов на национальный менталитет и консолидацию общества. – Алматы: ИРК, 1999. - 165 с.
-
Гумилев Л.Н. Из истории Евразии.- М.: Искусство, 1993.- 79с.,
-
Гумилев Л.Н Этногенез и биосфера Земли.- М.: Танаис ДИ-ДИК, 1994.- 638с.
-
Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период.- Л.: Наука, 1990.- 270 с.
-
Гумилев Л.Н.Древние тюрки. История образования и расцвета Великого тюркского каганата (VI-VIII вв. н.э.). М: Кристалл, 2003.-306 с.
-
Нысанбаев А. «Человек и открытое общество». - Алматы, 1998.-272 с.
-
Тишков В.А. Этничность, национализм и государство в посткоммунистическом обществе // Вопросы социологии. – 1993. - № 1. - С.67 – 69.
-
Геллнер Э. Нации и национализм. – М.: Наука, 1991. - 458 с.
-
Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы. – Алматы: Санат, 1999. -166 с.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Юрист, 2004. - 36 б.
-
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 255 б.
-
Мурзалин Ж. О традициях современности. – Алматы: ИРК, 2000. - 135 с.
-
Аженов М.С., Садырова М.С. Социология социальной структуры: учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.-158 с.
-
Биекенов К.У., Садырова М.С., Сайран Садуакас. Языковая социализация и формирование социального поведения личности. – Алматы: Қазақ Университеті, 2007.- 392 с.
-
Садырова М.С. Социально-профессилнальная мобильность интеллегенции Казахстана. Алматы 1999.-160 с.
-
Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. - Алматы, 2002. – 215 с.
-
Абдирайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи (социологический анализ) - Алматы: БАУР, 2005. - 302 с.
-
Жаназарова З.Ж. Социология семьи: учебное пособие.- Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 192 с.
-
Абдикерова Г.О. Социализация современной личности. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 284 с.
-
Забирова А.Т. Миграция, урбанизация и идентификация у казахов. -Case Study Астана:Ғылым, 2002. - 167 с.
-
Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане на рубеже XXI века: основные тенденции и перспективы. – Алматы, 2001. – 260 с.
-
Климова Т.В. Народонаселение как объект социологического исследования. – Алматы, 2001. - 240 с.
-
Абдирайымова Г.С. Социология молодежи: учебное пособие.- Алматы: Жибек жолы, 2008. - 280 с.
-
Соловьева Г.Г. Казахская диаспора: соотношение этнической и гражданской самоидентификации// Казахская диаспора: настоящее и будущее.- Астана, 2005.-352 с.
-
Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. - Алматы: Ғылым, 1997. - 264 с.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқыны. - Алматы: Атамұра, 2003. – 336 б.
-
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. - Алматы: Атамұра, 2003. - 250 c.
-
Халықтың көшi-қоны туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204 Заңы.
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы «2» желтоқсан № 1126 қаулысымен бекітілген 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы.
-
Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 690 Жарлығы.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 21 қарашасындағы №1673 жарлығымен бекітілген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2002-2015 жылдарға арналған Тұжырымдамасы.
-
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. - 6 том.- 696 б.
-
Айталы А. Ұлт дегеніміз ұлы ынтымақтастық//Ақиқат.- 2012 - №9. - Б.14-23
-
Ренан Э. Что такое нация. - СПб.: Феникс. - 1886. - 346 с.
-
Гумилев Л.Н., Иванов К.П. Этнические процессы: два подхода к изучению // Социологические исследования. – 1992. - № 1. – С.51-58.
-
Геллнер Э. Нации и национализм / Пер. с англ. Т.В. Бредниковой, М.К. Тюнькиной; Ред. и послесл. И.И. Крупника. - М.: Прогресс, 1991. – 245 c.
-
Андерсон Б.Воображаемые сообщества. - М. Канон-Пресс-Ц, 2001. – 288 с.
-
Хобсбаум. Э. Нации и национализм после 1780 г. - СПб.: Алетейя, 1998.-306 с.
-
Аруюнян Ю.В. Армянь в Москве//Социологическое исследования. - №11. - 2011. –58 с.
-
Әбсаттаров Р. Қазақ елі ұғымының біріктірушілік қуаты мол//Ақиқат. - №11. - 2010. - Б.17-20.
-
Айталы А.Ұлт дегеніміз ұлы ынтымақтастық//Ақиқат. - №9. - 2012. -Б.14-23
-
Қазақ Энциклопедиясы. - Алматы.: Атамұра, 2007 . – т. 9
-
Баррес М. //Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). - СПб.: Пирамида, 1890. – 190 с.
-
Арын Р.С., Иренов Г.Н. Этнополитология: Учебное пособие.-Павлодар:Эко, 2008. - 285 с.
-
Арын Р.С.Статус титульного этноса: концептуальные подходы: монография/ - Павлодар: ЭКО, 2006. - 232 с.
-
Садохин А.П. Этнология. - М.: ACADEMA, 2003. - 282 с.
-
Политическая энциклопедия. – М.: Наука, 2003. - 382 с.
-
Шабаев Ю.П., Садохин А.П. Этнополитология. – M.:ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 319 с.
-
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми сайты// http://www.kaz.stat.kz
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана: Елорда, 2010.-16 б
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. - 96 б.
-
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы:Атамұра, 2003. - 336 б.
-
Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ресми сайты: http://www.kaz.assembly.kz/doktrina-naczionalnogo-edinstva-kazaxstana
-
Сәйкестену//http://www.glossary.ru
-
Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. - М.: Флинта, МПСИ, Прогресс, 2006. - 352 с
-
Toffler A. The Third Wave. N. Y. 1980. P. 366
-
Фрейд З. Толковании сновидений. - Москва: Азбука, 2010. – 512 с.
-
Фрейд З. (1912) Тотем и табу. - Тбилиси: Мерани, 1991. - 350 с.
-
Дюркгейм Э. О Разделении общественного труда; Метод социологии. - М., 1991. - С. 73-75.
-
Парсонс Т. Система современных обществ. - М., 1997. - С. 123-125.
-
Кули Ч.Х. Человеческая природа и социальный порядок. - М.: Идея-пресс, 2000. – 220 с.
-
Гоффман Э. Представление себя другим в повседневной жизни. - М.: Феникс, 2000. – 130 с.
-
Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности. Трактат по социологии знания. - М.: Медиум, 1995. – 120 с.
-
Бурдье П. Начала. - М.: Пирамида, 1994. – 250 с.
-
Гидденс Э. Современность и самоидентичность //Социология. Реферативный журнал. Серия Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зарубежная литература. 1994. - №2.
-
Отчет по научно-исследовательскому проекту «Проблемы формирования национальной идентичности в современном Казахстане» (промежуточный за 2007 г.) науч.рук. д.ф.н., проф. Р.К.Кадыржанов.: Алматы. - 2007. - 13 с.
-
Отчет о реализации государственного проекта по теме «Исследование аспектов формирования гражданской идентичности этносов Казахстана» науч.рук., д.филос.н., А.И.Артемьев.: Алматы, 2009. - 65 с.
-
Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы : Атамұра, 2003. - 288 б.
-
Оралмандардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі/http:www.atameken-asar.com.
-
Байменов А. Оралмандарды еңбекпен қамту және дағдыландыру мәселелері// http:www.akzhol.kz
-
Сауалнама//http:www.massagan.com/forum
-
Шабаев Ю.П., Садохин А.П. Этнополитология. – M.:ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 319 с.
-
Бауэр О. Национальный вопрос и социал-демократия. - М.: Мысль, 1995. - Т1. – 256 с.
-
Каутский К. Национализм и интернационализм. – СПб., 1918. – 107 с.
-
Мұсатаев C.Тау мен тасты су бұзар, ел м ен жұртты сөз бұзар//Ақиқат №8, 2012. - Б. 46-50
-
Қазақстан Республикасы статистика агенттігі http://www.kaz.stat.kz ресми сайты
-
Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. - Алматы:Жеті жарғы, 1996. - 334 с.
-
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы:Атамұра, 2003 – 240 б.
-
Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында / Н. Ә. Назарбаев; жауапты шығ. Б. Ғ. Мұхамеджанов. – Алматы : Жібек жолы, 2010. – 260 б.
-
Молдакимова А.С. Әлеуметтік саяси сауалнама нәтижелері. Павлодар:Эйкос, 2012. - 120 б.
-
Касымова А. Этносоциальная напряжённость // Мысль. - 2002. - № 3. - С. 37-40.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 294 б.
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақ тілін білу - әншейін ұран емес//Ақиқат. - №5. - 2011. – Б. 6-.12
-
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ресми сайты http://www.assembly.kz/.
-
Шаукенова З.К. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету кез келген қазақстандықтардың мінднті//Ақиқат - 2011. - №4. - Б.15-18.
-
Ләпбаева Н. Ұлтаралық қатынастардың кейбір аспектілері// №8. - 2010. - Б.22-23
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2011жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауы
-
Қазақстан тарихы ІІ томы. - Алматы : Атамұра, 1997. – 245 б.
-
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми сайты// http://www.kaz.stat.kz
-
Орынбеков М.С. Идейные основания казахстанской цивилизации // «Өркениеттік сананы қалыптстыру мәселелері» халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы. - 2004. - Б. 27-31.
-
Дробижева Л.М. Культура и национальное самосознание // Советская культура: 70 лет развития. – М.: Наука, 1987. – С. 54-56.
-
С.Сыздықова Ұлттық және жеке тұлғалық еркіндіктер теориясы//Ақиқат. - №12. - 2011. - Б. 70-74.
-
Мұсатаев C. Тау мен тасты су бұзар, ел м ен жұртты сөз бұзар//Ақиқат - №8. - 2012. – Б. 46-50
-
Кішібеков Д.Ұлттық идея және идеология. - Алматы: ЭВРО, 2006. - 6 б.
-
Әбжанов Х.Ұлттық идеясы бұлыңғыр ел оңай қателеседі//Саясат. -2011.-13 маусым.
-
Әбсаттаров Р.Б. Қазақстанның басты мақсаты – Батыс пен Шығыстың басын қосу//Айқын.-2011. - 11 қаңтар.
-
Мұсатаев С. Осы біз, қазақ, кімбіз//Ақиқат. - №9. - 2012. - Б.51-55.
-
Жанұзақов Т.Бес арыс. - Алматы: Ғылым, 2006. - 742 б.
-
Есенғараев Е.Ұлы ұлт болу үшін балаңдықтан арылу қажет//Қазақ әдебиеті. - №27-28, 5.07.2013. - 4 Б.
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзі //http://www.inform.kz/kaz
-
Лекторский В., Сафари X.О логике развития теоретического знания. - Проблемы мира и социализма. – М.: Наука, 1976, № 12. - С. 71-105.
-
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2010 жыл.
-
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің WEB-сайты. www.stat.kz
-
Тишков В.А. Забыть о нации. Постнационалистические понимание национализма//Вопросы философии. - 1998. - № 9
-
Қырықбаев А. Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы//Ақиқат. - №11. - 2012. - Б.7-11.
-
Қаныбекова Қ.Ж. Дін Қазақстан қоғамын рухани жаңғырту институты ретінде (социологиялық талдау) Социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010. - 25 б.
-
Жұмәділов Қ.Ұлттық саясат тұжырымдамасы – ұлттық мемлекеттің негізі// Жас Алаш. - 2010. - №7, 26 қаңтар,
-
Тайжан Б. Қазақстанда бір ғана халық – қазақ халқы тұрады//Ақиқат. - 2013.- №5. - Б.44-46.
-
Саяси шешiмдер институтының ресми сайты // http: www.ipr.kz
-
Маркарян Э.С. Теория культуры и современная наука: (Логико-методологический анализ). - М: - Мысль, 1993. - С. 146-154.
-
Чичулин А.А. Социальная психология . – Новосибирск: Наука, 1992.- 250 с.
-
Коган Л. Н., Вишневский Ю. Р. Очерки теории социалистической культуры. - Свердловск, 1992. - С. 70 - 71.
-
Гуссерль Э. Кризис европейских наук и трансцендентальная феноменология. - СПб., 2004. – 120 с.
-
Маклаков А.Г. Психологическая адаптация.- СПб.: Питер, 2002. - 220 с
-
Амитов C.А. Социальная адаптация этнических репатриантов в современном казахстанском обществе (социологический анализ): автореф... диссертации на соискание ученой степени кандидата социологических наук Алматы, 2010. – 25 с.
-
Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 27 наурыз N 313-IIҚазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 76-құжат;"Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 2 сәуiр N 71.
-
5 000 000 қазақ қайдасың//Түркістан; жарияланған 2-8 наурыз, 2001.
-
Елбасы Н.Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында сөйлеген сөзі// http:www.turkystan.kz
-
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтыhttp://www.enbek.gov.kz
-
Қазақстан Республикасының сыртқы істер минстрлігінің ресми //http: www.mfa.kz сайты
-
Әлеуметтік көмек қаражаты//http:www.inform.kz.
-
Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину, утвержденная постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1998 г. №900 // Справочная система «Юрист».
-
Абдиев К. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник.- Алматы, 2005. - 448 с.
-
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты//www.stat.kz
-
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 9 шілдедегi N 748 қаулысымен бекiтілген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерiн беру ережесi
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 шілде N 748. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 231-құжат «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы
-
Қинаятұлы З. Оралмандар, олардың азаматтық құқығын камтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі // Егемен Қазақстан. - 2005- 28 қырүйек.
-
Нұрмұратов С.Е. Тәуелсіз Қазақстан және қазақ диаспорасы // Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі.- Астана, 2005. – Б. 5-10
-
Соловьева Г.Г. Казахи Монголии: культурная идентичность // Казахская диаспора: настоящее и будущее. - Астана: Елорда, 2005.- 150 с.
-
Оралмандар иммиграциясына жеңілдік //http:oralman.wordpress.com
-
Нұр Ардақ Қандастарымызды бейімдеу орталығы ашылды// http:www.tumba.kz
-
Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. - 2012 ж., 27 қаңтар
-
Достарыңызбен бөлісу: |