Әйелі. Құрметтім байқап көрші.
Генерал. Ал жарайды. Мұндайда алым - салық жинаушы былай тұрсын, сайтанға да жеделхат жіберерсің... Ойй, шыдай алар емеспін. Кәне, қайда тұрушы еді әлгі алым-салық жинаушың? Қалай жазу керек оған?
/Генералдың көмекшісі бір майысып, бір тоқтап үстелдің үстіндегі қағаз бен қаламға әзер жетті де/
Генералдың көмекшісі. Мінекейіңіз алдияр тақсыр. Қалам мен қағаз, хат жазыңыз.( қағаз бен қаламды берудің орнына қолына тығып ұстап тұрған бөтелкені тарс еткізіп үстелге қойып қалады) Ой, Аллам сақтай көр, кешірім сұраймын, кешірім сұраймын алдияр тақсыр. Мен байқамай әдейі... көрмей нетіп...
/Генерал оқты көздерімен қадап. Қалғандарыда кілт тоқтап қалады./
Генерал: Сенімен сосын сөйлесемін.
Генералдың көмекшісі: (кетіп бара жатып күбірлеп) сөйлесеміз сөйлесеміз. Сөйлей алмай қалшы осы сен, әй бір қызық болар еді.
/Генерал үстелге жақын отырды да, қолына қаламды алды./
Приказчик. Алдияр тақсыр, оны бар ғой Саратовта иттің итақайына дейін біледі. /қуанып екі қолын бір біріне қосып/ Саратов қаласы деп жазыңыз, алдияр тақсыр, содан кейін... мәртебелі мырза... ааа иә Яков Васильичке... Құрметті Яков Васильичке... Васильичке (ойланып қалды)
Генерал. Сосын. Ары қарай?
Приказчик. Васильичке... Яков Васильичке... Фамилиясы, фамилиясын ұмытып тұрғанымды қарашы. Васильичке... Сайтанның... Фамилиясы қалай еді соның? Әлгінде осында келе жатқанда ғана есімде еді... Сәл тұра тұрыңызшы... /одан сайын тыпыршып, төбесіне қарап ернін күбірлетті. Бульдеев пен әйелі сабырсыздана күтіп отыр/
Әйелі. Кәне, енді қашан? Ойлансаңшы тезірек.
Приказчик. Қазір... Васильичке...Васильичке...Ұмытыппын алдияр тақсыр. /қолын бір сілтеп/ Қарапайым - ақ фамилия еді... Жылқы аттас секілді ма еді... Бикебаев па еді? Жоқ... Айғырбаев тәрізді ме еді? Жоқ, Айғырбаев та емес. Фамилиясының жылқы аттас екені есімде, дәл қайсысы екені ойымнан шығып кеткенін қараңызшы...
Достарыңызбен бөлісу: |