«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы


Әйелі. Құлыншақов болар? Приказчик



бет5/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Әйелі. Құлыншақов болар?
Приказчик. Жоқ, олай емес. Тоқтай тұрыңызшы... Биебеков... Байталбаев... Көктөбетов...Көкшолақов...Құттөбетов
Генерал. Мынауың жылқы аттас емес, ит аттас болып кетті ғой. Алабаев емес пе ей?
Приказчик. Жоқ, ол емес... Жылқыбаев... Атбағаров... Бұлардың бірі де емес.
Генерал. Енді не деп жазамын? Ойлансаңшы жөндеп. /генерал ашулана бастады/
Приказщик. Ұмытып тұрмын алдияр тақсыр. /қысылып көзінің қиығымен қарап/
Генералдың көмекшісі. Қазір, Жылқыбеков. Байталбеков... Түпкіатов шығар.
Приказчик. Ол да емес. Шеткіатов... Жоқ, ол да емес. Ұмытыппын.
/Генерал жыламсырап, қызарып ашуланып/
Генерал. Сайтан алғыр - ау, ұмытатының бар, ақыл айтып не ақың бар еді? Жоғал әрмен.
/Генерал Иван Евсеичті жағасынан алып, жерге қарай итеріп жіберді. Приказчик орнынан тұрып, аяғын ептеп басып сахнаның бұрышына барып гүбірлеп тұр. Генерал жағын қолымен басып, бөлмені кезіп жүр/
Генерал. Жаратқан - ай! Тәңірім - ай! Жарық дүниені көруден қалдым-ау.
Приказчик. Құнантаев... Құнаншығаров... Құнанбеков... Жоқ олай емес. Жылқышин... Жылқыайдаров... Тайбағаров... Биекенов...
/Осы сәтте оны генерал қайта шақырады/
Генерал. Есіңе түсті ме?
Приказчик. Жоқ, түспей тұр, тақсыр.
Әйелі. Мүмкін, Атбеков болар? Жылқыбаев шығар?
Генералдың қызметшісі. Таптым, Үйірбаев емес пе?
Приказчик. Жоқ, олай емес.
Генералдың қызметшісі. Атжегеров, Жүгенбаев.
/Барлығы приказчикке сұраулы көзбен қарап. Ал приказчик жоқ дегендей басын шайқап/
Генерал. Ой, Олечка не могу терпеть. Шыдатпай жатыр. Ой мама не могу.
Генералдың қызметшісі. Мынауың қай планетадан келген өзі, жылқыаттас, ит аттас бәрін түгендеп шықтық қой
Генерал. /ашуланып/ Әй қызметші мұнда кел. Елді көтер. Сол әлгі жылқы аттас фамилияны тапқан адамға 10 сом сыйақы беретінімді айт.
/Бұл кезде генерал әйелімен сахнадан шығып кетеді. Сахнаға халық жиналып жатыр. Дабыл қағылды. Генералдың көмекшісі ортаға шығып./


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет