«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет6/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генералдың қызметшісі. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Генералдың жарлығын тыңдаңыздар. Генералдан жарлық. Құрметті усадьба тұрғындары. Генералымыздың басында болып жатқан жағдайға байланысты. Кімде кім Саратовтағы алым салықшы Яков Васильичтің фамилиясын табатын болса алдияр тақсыр сол адамға 10 /қалтасынан 10 сомды жәймен сығалатып шығарып кішкене ойланды да/ 5 сом береді. Барлықтарыңыздан атсалысуларыңыз сұралады. Назарларыңызға рахмет!
Арызшы әйел. /айқайлап/ Ертұрманов емес пе?
Аула сыпырушы. Адайбеков болар?
Арызшы әйел. Мәртебелім, Құлынбаев болар.
Приказчик. Жоқ ханым олай емес.
Арызшы әйел. /арызшы әйел генералдың алдынан шығып алып/ аманбысыз құрметтім. Бүгін қандай жайнап кеткенсіз ди да түх шіркін.
Генералдың көмекшісі. Аманбыз Шукина ханым. Тек сіздің мына мақтауыңыз сәл менің көңіл-күйімді түсіріп тұрғаны болмаса.
Арызшы әйел. Қойыңызшы құрметтім барлық мақтау сіздерге лайықты ғой.
Генералдың көмекшісі. Әй қусыз, Шукина ханым қусыз. Еркекке қалай жағудың жолын осы сізден артық адам білмейтін шығар а сірә. Иә не мәселе. Сонша мақтауыңыздың астында бір сыр жатқан шығар.
Арызшы әйел. /майысып/ Оныңыз не мәртебелім. /қолындағы қағаздарды көрсетіп/ Тек, міне мына қараңызшы мынау құжаттар...
Генералдың көмекшісі. /арызшы әйелдің қолын итеріп/ Ханым, ел мынадай генералдың мәселесін шешіп күйіп жатқанда өз басыңыздың қамын ойлағаныңыз қалай? /приказчикке қарай айқайлап/ Әй Тайлақбаев шығар?
Аула сыпырушы. Құлыншақов болар?
Приказчик. Жоқ олай да емес.
Арызшы әйел. Приказчик Ноқтабеков шығар а? Недеген табылмайтын фамилия ол, бүкіл елді жұмысынан қалдырып, елдің қолын байлап отырған.
Желдікбеков емес пе осы? Сәйгүліков шығар?
/Приказчик арбаға сүйкеніп тұрған арбакешке айқайлап/
Приказчик. Әй, сен тым болмаса жылқының қасында жүрсің ғой тапшы Құдай ақыңа айналып қана кетейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет