Процессті ұйымдастыру элементтері
|
Күшті
|
Қабылдауға болатын
|
Әлсіз
|
Кредиттік тәуекелді басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)
|
Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар банктің тәуекелге консервативті тәбетіне сәйкес келтіріледі және кредиттердің сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансты қамтамасыз етеді. Жаңа өнімдер мен бастамаларды енгізу процесстері олар енгізілгенге дейін пысықталған, тестіленген және бекітілген.
|
Стратегиялық және (немесе) бизнес –жоспарлар банктің тәуекелдерге орташа тәбетіне сәйкес келтіріледі. Кіріс алуға ұмтылу шамалы жоғары тәуекелі бар мәмілелерге әкелуі мүмкін. Жалпы кредиттер сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансы бар. Жаңа өнімдер мен бастамалар жеткілікті тестілеусіз енгізілуі мүмкін, бірақ тәуекелдер жақсы сәйкестенеді.
|
Стратегиялық және(немесе) бизнес-жоспарлар тәуекелдердің шектен тыс деңгейлерін қабылдауға ықпал етеді. Қызметін жоспарлған кезде кірістерге ұмтылу басым болады. Банк алдын ала жеткілікті сараптама жасамастан жаңа өнімдермен және бастамалармен айналысады.
|
Кредиттік саясат
|
Кредиттік саясат банктің кредиттеу саласындағы стратегияны, қабылдауға болатын тәуекелдерді деңгейін, сондай-ақ кредиттерді беру және мақұлдау және тәуекелдерді таңдау стадарттарын анықтайды.
|
Саясаттары негізінде барабар келеді. Кейбір бағыттарда саясаттың және рәсімдерінің жетілдіру қажет болуы мүмкін, бірақ жалпылама жетілдіру сыни болып табылмайды
|
Саясаттарында кейбірк емшіліктер бар және бір немесе бірнеше бағытта жетілдіруді талап етеді.
Портфельге, тәуекелге төзімділікке, сондай-ақ кредиттерді беру/мақұлдау саясатына және тәуекелдерді таңдауға қатысты міндеттерді барабар орындау үшін саясаттары жеткілікті дәреже нақты болып табылмайды.
|
Директорлар кеңесі мен Басқарма
|
Басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды.
Банктің директорлар кеңесі мен Басқармасы тәуекелді басқаруға белсенді қатысады және тісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсініп, талдайды және бекітеді.
|
Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдің мониторингі мен бақылауды барабар жүргізеді, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді.
Басқарма тиімді жұмыс істейді, әрекет етеді және кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде баланстан тыс баптар бойынша туындайтын тәуекелдерді анықтайды. Директорлар кеңесі мен басқарма қызметінде кредиттік тәуекелді басқаруға қатысты кейбір кемшіліктер байқалады, бұл проблемалар мойындалады және шешіледі.
|
Директорлар кеңесі мен басқарма кредимттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді басқарудың қанағаттанарлық процесінің болуын қамтамасыз етпейді. Кредиттік тәуекелді басқару саясаты мен процедуралары барабар болып табылмайды, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілеттілігін танытпайды.
|
Кредиттік комитет
|
Басқарма банктің қызметін тиімді басқарадаы. Кредиттік комитеттің мүшелері, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін жеткілікті білімі бар. Жауапкершілік және есеп беру саласы бөлінген, бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.
|
Басқарма қабылданатын тәуекелді барабар басқарады, бірақ бір немесе бірнеше бағытта жақсартуға жетуге болады. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің жалпы қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін қажетті білімдері бар, бірақ бір немесе бірнеше бағыт бойынша қосымша білім қажет болуы мүмкін.
Міндеттер мен есеп беруге қатысты нақтылау талап етілуі мүмкін. Жалпы бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.
|
Басқарма банк қызметін барабар басқармайды. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін білімі және (немесе) тәжірибесі жеткіліксіз. Жауапкершілік пен есеп беру желісі нақты емес болуы мүмкін. Себептерді, проблемаларды шешу үшін түзету шаралары жеткіліксіз болып табылады.
|
Банктегі кредиттік тәуекелді бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау саласындағы банктің процедуралары
|
Саясатта және ілеспелі ішкі құжаттарда сипатталған қолданылатын кредиттік тәуекелді басқару әдістемелерінің және процесстерінің барабарлығына тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Басқарма банктің кредиттік портфелі сапасындағы жағымсыз үрдістерді, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан болып тұратын жағымсыз үрдістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.
Басқарма банктің кредиттік қызметіндегі кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпаратты директорлар кеңесіне уақтылы және жеткілікті ғып ұсынады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін төмендетуге бағытталған.
|
Басқарманың кредиттік портфельдің сапасындағы жағымсыз үрдістерін анықтау және белгілерге, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан туындаған белгілерге барабар әрекет ету үшін барабар жүйесі бар.
Директорлар кеңесіне берілетін кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ кейбір жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарманың тарапынан бақылауды талап ететін жақтары бар.
|
Басқарма кредиттік портфель сапасында пайда болған жағымсыз үрдістерге барабар әркет етпейді. Директорлар кеңесі кредиттік портфель сапасындағы жағымсыз үрдістерге мониторинг жүргізуді және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма проблемаларды шешуде қабілетсіздігін танытты.
|
Кредиттерді беру және мақұлдау саясаты
|
Банк жеке де, жиынтығында портфель деңгейінде де кредиттерді беру және мақұлдау саясатынан елеулі ауытқуларын тиімді анықтап, қадағалайды және ол туралы есеп береді.
Белгіленген саясаттар мен процедуралардан шамалы ғана ауытқұлар байқалады.
|
Банк әрбір заем бойынша жеке кредиттерді беру және мақұлдау сасатынан елеулі ауытқуларды анықтайды, қадағалайды және олар туралы есеп береді.
Кемшіліктер арасында тұрақты ауытқулар немесе белгіленген саясат пен процедураларды орындауға қабілетсіз болуы мүмкін, соның салдарынан банк үшін жағымысыз салдарын туындатуы мүмкін.
|
Банк саясаттан елеулі ауытқуларын растайды, бірақ олар бойынша жеке негізде немесе жиынтығында портфель деңгейінде есеп бермейді, және (немесе) олардың портфель сапасына ықпалын талдамайды
|
Кредиттік талдау
|
Кредитті талдау кредитті беру сәтіне де, оны бекіткеннен кейін де егжей-тегжейлі және уақтылы болып табылады.
|
Кредитттік талдау тиісінше негізгі тәуекелдерді анықтап, ыңғайлы мерзімде жүргізіледі.
Бірақ кредиттерді бекіткеннен кейін тәуекелдерді бағалау жөніндегі жұмысты күшейтуді талап етеді.
|
Кредиттік талдау жеткіліксіз, негізгі тәуекелдер барабар есепке алынбайды. Кредиттік деректер уақтылы тексерілмейді.
|
Кредиттік тәуекелді бағалау кезінде пайдаланылатын модельдер.
|
Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері нақты және уақтылы болып табылады. Ішкі модельдер кредиттік тәуекелді, проблемалық тәуекелдер бойынша да, рейтинг алған кредиттер бойынша да сапасы бойынша бөледі.
Қолданылатын модель халықаралық тәжірибені, жаңадан анықталған заңдылықты ескере отырып, үнемі жетілдіріледі.
Банк лимиттерді заемшылардың ішкі рейтингілерін ескере отырып, кезең кезеңімен қайта қарайды. Банкпен жүргізілетін операцияларға белгіленген лимиттерді және шектеулерді бақылау процедуралары нақты белгіленген.
|
Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері барабар болып табылады. Бір немесе бірнеше бағыты жақсартуды талап етеді, дегенмен, ішкі модельдер проблемалық кредиттерді және спасынынң нашарлауы байқалатын кредиттерді барабар анықтайды. Ертерек алдын алуды қамтамасыз ету үшін рейтинг бөлу аясын кеңейту: тәуекелдерді бағалау негізінде баға белгілеу немесе капиталды бөлу қажет болуы мүмкін. Модель нарықтық жағдайға және банктің жағдайына барабар келуіне жүйелі қайта қаралады және қажет болған жағдайда түзетіледі.
Банкпен жүргізілетін операцияларға лимиттер мен шектеулерді қайта қарау жүйелі түрде жүзеге асырылады.
|
Тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері жеткіліксіз болып табылады және жетілдіруді талап етеді. Проблемалық кредиттер барабар анықталмауы мүмкін, тәуекелді көрсетуде бұрмалану мүмкіндігі бар. Ертерек алдын алу (кредиттер бойынша ставкаларды белгілеу, кредиттер бойынша провизияларды (резервтерді) құру, капиталды бөлу) мақсаты немесе өзге мақсат үшін рейтингі бар кредиттер бойынша тәуекелді бөлу үшін рейтингтерді бөлістіру жеткіліксіз. Бұл модельдер қажеттілігіне қарай қолданылады.
|
Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат.
|
Басқару ақпарат жүйесі кредиттік портфель жөнінде бара және уақтылы ақпаратты береді. Директорлар кеңесі және басқарма банктегі кредиттік тәуекелдің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді.
|
Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.
Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді, ал оның инфрақұрылымы арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
|
Басқару ақпарат жүйесінің назар аударуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Портфельдік тәуекел туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Нәтижесі ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін таладу және түсіну үшін тиісті және жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін. Ауытқулар туралы есептілік жетілдіруді қажет етеді. Басқару ақпарат жүйесі арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етпеу мүмкін.
|
Портфельді әртараптандыру
|
Әртараптандыруды басқару белсенді және тиімді. Шоғырландыру бойынша лимиттер қабылдауға болатын деңгейлерде белгіленеді. Банк тәуекелдердің шоғырлануын анықтайды және олар бойынша бойынша есептілікті береді және тәуекелді шектеу, қысқарту немесе өзгеше төмендету бойынша шаралар қабылдайды.
|
Әртараптандыруды басқару жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ барабар болып табылады. Тәуекелдердің шоғырлануы анықталып, есептерде көрсетіледі, бірақ лимиттерге немесе өзге шекті мәндеріне жетпеуі мүмкін. Басқарма жекелеген заемдар деңгейінде шоғырланудышектеу немесе төмендету бойынша шаралар қабылдайды, бірақ портфель деңгейінде шарлар болмауы мүмкін.
|
Әртараптандыруды басқару белсенді емес немесе жоқ. Банк, тәуекелдердің шоғырлануын анықтамауы мүмкін, немесе оларды анықтайды, бірақ барабар емес шарларды қабылдайды немесе тәуекелді шектеу немесе төмендету бойынша шараларды қабылдамайды. Басқарма тәуекелдердің арасындағы байланысты түсінбейді. Шоғырлану лимиттері, олар бар болған жағдайда бұзылады не оларды өсіру жағына қайта қаралады.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді болып табылады. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес немесе жоқ. Жоспар болуы мүмкін, бірақ банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермеу мүмкін, осыған байланысты барабар емес болып табылдаы. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.
|
Ішкі аудит қызметі
|
Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен кредиттік тәуекелді басқару процестерінің, олардың кредиттік саясаттарға және процедураларға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі тексеруін жүргізеді, кредиттік басқару, ішкі кредиттік рейтинг жүйесінің нақтылылығын, сондай-ақ кредиттердің мониторингі тәртібін анықтау процесін бағалайды.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.
|
Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен және ішін ара кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі саясатта сипатталған процесстердің ішкі тексерулерін жүргізеді.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.
|
Ішкі аудит қызметі банк операцияларын жүргізген кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде кредиттік тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды формальді түрде тексереді. Банктегі кредиттік тәуекелді басқару жүйесіне қатыспайды.
|
Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді бақаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Кредиттік тәуекелді басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
Орташа – банктегі кредиттік тәуекелді басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Ол стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте кредиттік тәуекелді басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылып анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
2-кесте. Коэффициенттерді талдау: