Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Протеин молекуласының зарядтары



бет15/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
L1БелокKZ

Протеин молекуласының зарядтары. Көптеген протеиндердің молекулаларының беттері зарядталған, себебі, протеиннің әрбір молекуласында зарядталған СОО- және NH3+ бос топтар кездеседі. Ағзадағы көптеген протеиндердің изоэлектрлік нүктесі (ИЭТ) әлсіз қышқылды ортада болады. Бұл осындай протеинддердегі қышқылдық (СООН) топтардың мөлшерінің (NH3) негіздік топтарының мөлшерінен көп болатыны байқатады. Қан плазмасының рН мәні 7,36-ға жуық. Бұл көптеген протеиндердің ИЭТ-сінен жоғары. Сондықтан қан плазмасындағы протеиндер теріс зарядталған болады. Протеиндердің зарядының шамасы олардың ерігіштігін жоғарлатушы көрсеткіш. Изоэлектрлік нүктеде протеиндер зарядын жоғалтып жеңіл агрегаттанадыжәне тұнбаға түседі. Бұл денатурацияланған белоктарға тән. Олардың молекуласының беткейлерінде гидрофобты радикалды аминоқышқылдар пайда болатындықтан.
Протеиндердің тұну реакциясының екі түрі болады: қайтымды (тұзбен бөлу) және қайтымсыз (денатурация).


Протеиндердің денатурациясы – бұл протеин молекуласының нативтік (табиғи) конформациясының бұзылуы. Ол әртүрлі денатурациялаушы агенттердің әсерінен молекуланың кеңістіктік құрылымының тұрақтандырушы әлсіз байланыстардың үзілуінен өтеді. Денатурлану протеиннің биологиялық активтілігінің жоғалуы арқылы байқалады. Бұл жағдайда келесі құбылыс өтеді:
1. Әрбір протеиннің уникальды үш өлшемді құрылымы бұзылады және бір протеиннің бүкіл молекуласы немесе бөліктері басқа, кездейсоқ конформация қалыптасады;
2. Протеиннің активті орталығын қалыптастыратын АҚ-дың радикалдары кеңістікте бір-бірінен алыс аралықта орналасқан болады немесе протеиннің лигандамен байланысатын спецификалық орталығы болады;
3. Глобулалық протеиндердің гидрофобтық ядросында болатын гирофобтық радикалдар денатурланғанда молекуланың бетіне шығып қалады, сондықтан олар протеин үшін агрегаттану жағдайын қалыптастырады. Протеиннің агрегаттары тұнбаға түседі. Протеиннің денатурлануында олардың бірінші реттік құрылымының бұзылуы өтпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет