Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар



бет16/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
L1БелокKZ

Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар
Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторларды физикалық және химиялыққа бөледі.
Физикалық факторлар.
1. Жоғары температура. Әртүрлі протеиндерге жылудың әсерінен әртүрлі сезімталдылық тән. Кейбір протеиндер 40-500С-де денатурлана бастайды. Бұл протеиндерді термолабильділер деп атайды. Кейбір протеиндер біршама жоғары температурада денатурланады. Олардың термостабильділер деп атайды;
2. Ультракүлгін сәулелену;
3. Рентгендік және радиоактивтік сәулелену;
4. Ультрадыбыс;
5. Механикалық әсер (тербеліс);


Химиялық факторлар.
1. Концентрленген қышқылдар және сілтілер. Мысалы, үшхлорсірке қышқылы (органикалық), азот қышқылы (бейорганикалық);
2. Ауыр металдардың тұздары (мысалы, CuSO4);
3. Органикалық еріткіштер (этил спирті, ацетон);
4. Өсімдік алколоидтары;
5. Жоғары концентрациялы мочевина;
6. Протеин молекуласындағы әлсіз типті байланыстарды бұзатын басқа заттар;
Кейбір денатурлаушы және олардың әсер ету мехенизмі келесі таблицада көрсетілген:



Денатурлаушы агент

Әсерлесу ерекшеліктері

Жоғары температура (600С-тан жоғары)

Протеинддердегі әлсіз байланыстардың түзілуі

Қышқылдар мен сілтілер

Ионогендік топтардың иондауының өзгеруі, иондық және сутектік байланыстың түзілуі

Мочевина

Молекулаішілік сутектік байланыстың үзілуі нәтижесінде мочевинада сутектік байланыс түзіледі

Спирт, хлорамин, фенол

Гидрофобтық және сутектік байланыстардың түзілуі

Ауыр металдардың тұздары

Ерімейтін тұздардың түзілуі



Денатурлаушы факторлардың әсерін құралдар мен жабдықтарды стерильдеу үшін және антисептік ретінде қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет