10.4 S2-(сульфид) иондарының жеке реакциялары
Күміс нитратымен әрекеттесуі.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан Na2S пен AgNO3 ерітінділерін алады. Тұнбаның түзілгенін байқайды. Тұнбаның HNO3, NH3, Na2S2O3 ерігіштігін тексереді. AgNO3 натрий сульфидімен қара түсті Ag2S түзеді. Ag2S суда, 2 н. HNO3 және аммиак ерітіндісінде ерімейді.
Күшті қышқылдармен әрекеттесуі.
Күшті қышқылдар сульфид иондарымен әрекеттесіп, күкіртті сутек түзеді.
11 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ «III ТОП АНИОНДАРЫ»
11.1Жалпы сипаттама
Аниоңдардың ІІІ тобын оттектің массалық үлесі өте жоғары болатын типтік бейметалдардың оттекті қышқылдарының қалдықтары құрайды: NO3-, CH3COO-
Бұл топ аниондары барий, кальций және күміс катиондарымен суда жақсы еритін тұздар түзеді, яғни I, II топ аниондарын тұнбаға түсіргенде III топ аниоңдары ерітіндіде қалады. III топ аниондарының топтық реагенті жоқ. Сондықтан аниондарды бөлшектеу тәсілімен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |