Қазақстан математика пән мұғалімдерінің алғашқы съезі (Астана, 11—12.05.2011).
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен білім беру сапасын, оның ішінде, математика пәнінің мазмұны мен математиканы оқыту әдістемесін заман талабына сай жетілдіруді, қамтамасыз ету мақсатында министрлік тарапынан бірқатар шаралар дер кезінде іске асырылды. Оның айғағы, 2011 жылдың 11-12 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан тарихында пән мұғалімдерінің алғашқы I съезі математика мұғалімдерінің “Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай-күйі мен даму болашағы” атты тақырыппен өтті. Съездің шақырылуы төмендегідей қажеттіліктерден туындады:
- математикадан білім беру сапасын қамтамасыз етуде және оларды жетілдіру жолдарын анықтауда жинақталған мәселелерді анықтау;
-республикамыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуындағы жиырма жыл ішінде математикадан білім беруді дамыту бойынша жүргізілген жұмыстарды талдап електен өткізу; - математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру;
- математиканың пән және ғылым ретінде дамуы барысы, оның өзара сабақтастығы, жаңа технологияларды қолданудағы мүмкіндіктері;
- математикадан оқулықтар мен оқу кешендерінің сапасы, математиканы оқыту маселелерiнiн жағдайы және т.с.с.
Съезге бір жарым мыннан астам делегат қатысты, олардың ішінде Қазақстанның белгілі ғалым-қайраткерлері, академиктер, математик-ғалымдар, ғалым-әдіскерлер, ғылыми қызметкерлер, математиканы оқыту әдістемесі кафедраларының мамандары, білім беру ұйымдарынын басшылары, білім беруді басқару органдарынын өкiлдерi және шетелдік ғалым-әдіскерлер қатысты. Съезге қатысушылардың барлығы, сөзсіз, математика саласынын майталмандары, өз өмірлерін осы салаға арнаған бiлiктi мамандар. Съездің ауқымды басты мәселесі-еліміздің мектептерінде, әсіресе қазақ тілді мектептерде, математикалық білім берудің сапасын көтеру, сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, математиканы тереңдете оқыту мәселесі, оқыту үдерісінің жайы мен математика ғылымының келешегі туралы болды. Сонымен қатар, математикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету; педагог кадрларды даярлау проблемалары; дарынды балалармен жұмыс істеу жолдары; математика саласына ғылыми және педагогикалық қызмет саласындағы талантты жастарды тарту; математикалық ресурстық және білім беру орталықтарын құру; математика сабақтарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; математика пәні мұғалімінің жаңа жағдайлардағы мәртебесі туралы да сұрақтар туындады. Съезде жасалған баяндамаларда мектеп математикасының мазмұны мен құрылымымен қатар математиканы оқытудың әдістемесі туралы да көптеген мәселелер көтерілді. Пленарлық отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов "Елдің индустриалдық-инновациялық даму жағдайында математикалық білім беруді жетілдіру” бойынша баяндама жасады. Математика пәнінің мұғалімдерін оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыруға даярлау тақырыбында баяндама жасаған Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор В.Гусев оқулық мәселесіне ерекше мән беріп, оқулық шынайы өмірден алынбаса оқушылардың математикадан алшақтап кететінін айтып өтті. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті, п.ғ.д., профессор А.Е.Әбілқасымова "Мектеп математикасы - жаңа міндеттер,жаңа тұжырымдамалық көзқарастар және жаңа оқулықтар” атты тақырыпта баяндама жасап, мектепте профильдік оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары туралы да бірқатар білім беру, шағын комплекті мектептерде математиканы мәселелерді алға тартты. Съезде елімізде математикалық білім беруді жаңартудың өзекті мәселелері бойынша келесідей секцияларда талқылау жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |