Былғары және мех өҢдеу технологиясы



бет10/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.44 Mb.
#140929
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сүргілеу

Сүргілеу операциясыньщ мақсаты иленген жартылай фабрикаттың қалыңдығын тегістеу және дайын өнім түріндегі былғарының қалыңдығын нормасына жеткізумен қатар, таза бахтарма бетін алу.


Сүргілеу дегеніміз - жартылай фабрикаттың артық қалыңдығын жылдам айналатын пышақты білікпен алу. Сүргілеген кезде былғарының созымдылығы өзгеретіндігін, оның беріктігінің кемитінін ескеру керек. Былғары қалыңдығын 10%-ға жұқарту, оның беріктігіне әсер ете қоймайды, ал қалыңдығының 11-ден 40%-ға дейінгі бөлігін сүргілеп алып тастағанда, былары беріктігі қалыңдығының жұқаруымен пропорциональды түрде кемиді.

Сүргілеу операциясының сапасына жартылай фабрикаттың ылғалдылығы да әсер етеді. Егер ылғалдылық бұл мөлшерден көп болса, жартылай фабрикат білікке жабыса береді, ал құрғақтау болса, қызып кетеді. Қазіргі кезде жартылай фабрикатты машинадан бір рет өткізгенде өңдейтін сүргілеу машиналары кең қолданылуда. Соның бірі "Рицци" фирмасының сүргілеу машинасы.

Былғарыны тегістеу және қыртысын жазу

Операцияның мақсаты - жартылай фабрикаттағы әжімдерді бүгілген жерін, қыртыстарын жазып тегістеу. Жартылай фабрикат бұл кезде созылып, қысылады. Тегістеу операциясы жартылай фабрикаттың салмағын біршама кемітеді, оның ылғалдылығын азайтып, ауданын үлкейтеді. Бұл операция арнайы тегістейтін машиналарда жүреді. Бұл машиналар құрылысы мен жартылай фабрикатқа тигізетін әсеріне қарай барабанды және білікті болып бөлінеді. Аяқ киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуге барабанды машиналар қолданылады. Жонарқа терісін (чепрақ) тегістегенде чехтың өтпелі білікті 07473/Р2 марқалы машинасы қолданылады. Тегістеу машинасында 90°С температурасындағы тегістегіш білікті қолдану жартылай фабрикаттың беткі жағының көрінісін әлдеқайда жақсартады және жартылай фабрикаттың аудандық 1,5-2%-ға үлкеюіне ықпал етеді. Бірақ біліктің температурасы өте жоғары болса, ол былғарының беріктігіне кері әсер етеді.


Былғарыны керу

Операцияның мақсаты – құрғатылған және дымқылданған жартылай фабриқатқа жұмсақтық, ілгіштік қасиет беру. Керу операциясы аяк киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуге қолданылмайды. Керіп, созу операциясы кезінде жартылай фабрикат деформацияға ұшырайды. Бұл операция кезінде, құрғап, жартылай желімделген өзеңнің (дерма) талшықтары дараланып белгілі ретпен орналасады да, былғарының физикалық-механикалық қасиетіне өзгеріс береді. Мысалы, жұмсақтық, иілгіштік, созылғыштық қасиеттері артады. Созу операциясы кезінде жартылай фабрикаттың ауданы үлкейеді, ал үлкею дәрежесі кептіру тәсіліне байланысты болады. Бос күйінде кептірілген жартылай фабрикаттың ауданының шығымы плитаға желімденіп кептірілгеннен артық болады.



Былғарының бетін тұрпілеу және шаңнан арылту. Операцияның мақсаты - жартылай фабрикаттың қалыңдығын біркелкілеу, беткі және бахтарма жағына түк беру. Қазіргі уақытта, бұл операция былғарының жасанды бетін жасауда, жартылай фабрикаттың бетінің ақа кемістігін тегістеу үшін колданылады. Түрпілеу операциясы екі түрлі арнайы машиналарда орындалады. Жартылай бірнеше рет түрпіленеді: нубук – 2-3 рет, велюр 3 немесе одан да көп рет. Машинаның негізгі жұмыс бөлігі барабан, ол түрпілейтін арнайы матамен керілген. (-сурет).

Жартылай фабрикат (2 және 3) тиейтін біліктер арасына түседі. Түсірілген білік (2) оны тегістеп түрпілеу лентасына (4) қысады. Содан соң, жартылай фабрикат конвейерге түсіп, шаңнан арылту операциясына жіберіледі.




Жартылай фабрикаттың беткі жағын тегістегеннен соң, онда көп мөлшерде шаң болады, ол былғарының бетін бояуға нұқсан келтіреді. Шаң сору арнайы машиналарда өткізіледі. Олардың екі түрі бар: біріншісі щеткалы білікті, екіншісі шаңнан арылтатын өтпелі машина.

Шеткалы білікті шаңнан арылту машинасының еңбек өнімділігі төмен, өйткені үйкеліс кезінде пайда болған статикалық зарядтар шаңды тартып жартылай фабрикаттың бетінде қалдырады. Ал, шаңнан арылтатын өтпелі машинаның өнімділігі жоғары, өйткені шаң жартылай фабрикаттың бетінен түкті щеткамен емес, ауаның үрлеуімен аластатылады. Мұнда шаңданған ауа бірқалыпты сорылып алынады.


Престеу, үтіктеу және бедер салу

Бұл операциялар жасанды беткі қабаты бар былғары алуда үлкен роль атқарады. Былғарының бетін бояу процесінде және сол процеске дайындау кезінде жартылай фабрикатты престейді немесе үш рет қайтара үтіктейді. Бұл кезде былғарының бетіне жағылған бояу қалыптасып, жалтырай түседі де, оның былғарымен байланысы күшейеді.

Бедер салу кезінде былғары бетіне суреттер, әртүрлі із, өрнек салуға болады. Ол беттің кейбір ақау кемістіктерін жасырып тұрады. Престеудің екі тәсілі бар: біріншісі - қысымның жылжымалы және жылжымайтын тегіс екі плитаның арасындағы жазықтыққа беретін әсеріне негізделген. Екіншісі - қысымның айналмалы тегіс екі металл біліктің жанасу жеріне беретін әсеріне негізделтен.

Гидравликалық жазық престе жұмыс істегенде, жартылай фабрикаттың беткі жағын жоғары қаратып, плитада орналасқан киізден жасалған төсем қояды. Престеу кезінде төменгі плита көтеріліп, былғарыны 85-100°С-қа дейін қыздырылған жоғарғы плитаға қысады. Манометрдің көрсетуімен белгілі қысымға жеткен соң, төменгі плита былғарының келесі бөлігін өңдеу үшін төмен түседі. Бұл операция 3-5 секунд аралығында өтеді. Жоғарғы плитаны бедерлі жасап, былғарынын бетіне әртүрлі өрнек салуға болады. Өндірісте шетел фирмаларының әртүрлі конструкциясы бар престері қолданылады "Мостардини" фирмасының МРБМ марқалы бедер салу және тегістеу агрегаты, сондай-ақ Чехияның престері.




Былғарыны нығыздау.

Бұл операция - өндірісте аяқ киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуді аяқтайтын әрлеу операциясы болып табылады. Бұл операцияға былғарыны жоғары қысыммен арнаулы машинада өңдейді. Онда былғарыны нығыздап, бетін тегістеп, жылтыраған көрініс береді. Нығыздаудын арқасында былғарының беріктігі артып, су қабылдағыштығы мен су өткізгіштігі кемиді. Былғары құрамындағы ылғалдың былғары бойына бірегей таралуы - өңдеудің нәтижелі болуының кепілі. Нығыздау жақсы нәтиже беру үшін былғарының ылғалдылығы 16-18% болу керек. Сондықтан бұл операцияны былғарыны дымқылдандырып жинап тастағаннан кейін атқарады. Ылғалдық жоғары мөлшерде болса, былғары бетіне дақ түсіп, ойпаттар пайда болады. Қысым былғарының тұріне қарай реттеледі: жонарқа былғарысына (чепрак) 1,5-2 МН/м, мойын және қол былғарысына 0,8-1 МН/м. Егер қысым қалыптағы жағдайдан артып кетсе, өзең талшықтарының тапталып кетуі мүмкін, ол былғарының беріктігін нашарлатады. Жартылай фабрикатты металл плитаға қойып, оны ауыстырып отыру арқылы нығыздайды.



Былғарының ауданы мен қалындығын өлшеу

Былғарының ауданы мен қалындығы өтпелі контактылы және контактысыз жұмыс істейтін арнаулы машиналарда автоматты түрде өлшенеді. Бұл машиналар былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу үшін орнатылған датчиктен, электр импульстерінің генераторынан және өлшеу қорытындысын көрсететін құралдардан тұрады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары мен мех терілерінің ауданын бір мезгілде өлшей алатын (Франция) машинасының құрылысы көрсетілген. Ішекті жылжымалы конвейерге (2) былғары немесе мех терілерін (1) жаяды, олар жарық бергіш қондырғының (4) астынан өткенде люминесценттік шам (3) іске қосылып, былғарының ауданы өлшенеді, мех терілерінің ауданы инфрақызыл (5) сәулелі шамның көмегімен өлшенеді де, таңбалайтын қондырғы өлшеу нәтижесін терінің бахтарма жағына белгілейді.




МЕХ ТЕРІЛЕРІН ӘРЛЕУДЕП МЕХАНИҚАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

Мех терілерін әрлеудегі механиқалық операциялардың ішіндегі кейбір жүнді жабынның сапасы мен тері өзеңіне үлкен әсер етеді. Бұған мысалы, жұмсартудың әртұрлі түрлерін: ағаш үгіндісімен өңдеу және үгіндісіз қағып сілкілеу сияқты операцияларды жатқызуға болады.

Электронды өлшегіш "Мероник" машинасы.

1 - былғары немесе мехтық тері; 2 - ішекті конвейер; 3 - люминесценттік шам; 4 - жарықтандырғыш құрылғы; 5 - инфрақызыл сәулелі шам.



Ал, тері өзеңінің қасиетіне әсер ететін механикалық операцияларға тегістеу, қыртысын жазу, созу, түрпілеу жатады.

Түкті жабынның сыртқы түрін өзгертіп, сапасын арттыратын механиқалық операцияларға - тарау, қырқу, сабау, қылшық жүнін қырқу (эпилиреу), үтіктеу жатады. Бұл операциялардың дұрыс орындалмауы мехтің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Мехты механиқалық жолмен жұмсарту (откатка)

Бұл - мехты әрлеудің маңызды операцияларынын бірі, тері өзеңі мен түкті жабынның сапасын арттыруға көп әсері бар. Бұл операция айналмалы барабандарда мехтық жартылай фабрикатты ағаш үгіндісімен жақсылап араластыру арқылы атқарылады, ол екі рет қайталанады. Жұмсартудың мақсаты - кептіруден сон, мех жартылай фабрикатының тері өзеңін ылғалдандырып, оны жұмсарту (1-ші операция) және түкті жабын мен тері өзеңінен байланыспаған майлы заттар мен бояғыштарды аластау (2-ші операция). Жұмсарту кезінде интенсивті механиқалық әсерден мехтық жартылай фабрикат терісінің жұмсақтығы жоғарылап, ал түкті жабын ағаш үгіндісімен жанасудан судырап, тап-таза жалтыраған күйге енеді. Операцияның бірінші сатысында ағаш үгіндісінің ылғалдылығы 25-30°С, массасы мех терілерінің массасына тең немесе одан азырақ болады, ал жұмсартудың екінші сатысында үгіндінің ылғалдылығы 10-12% болып, оған скипидар немесе таза майда құм қосады. Операцияның дұрыс жүруіне ағаш үгіндісінің түрі, пішіні және өлшемі әсер етеді.

Үгінді үйкеліске тұрақты және құрамында илегіш заттар мен шайыры жоқ болуы керек. Жұмсартуға қатты жапырақты ағаштардың ең сапалысы - бук (шамшат) және қайың ағаштарының үгінділері пайдаланылады. Өңдеуге ағашты көлденең қиғаннан шыққан және қимасы шаршылау болып келген, қабырғаларының өлшемі 3 мм-ге жуық үгінді жанқаны қолдану тиімді. Егер үгінді одан майда және пішіні сүйір болып келсе, ол жүнді ластап, ұйыстыруы мүмкін. Осы операциядан соң, мех жартылай фабрикаты тазалап қағатын (протрясной) барабанда үгіндіден, шаңнан арылады. Мех жартылай фабрикатын тарау кезінде жүнді жабынның ұзыңдығына мән беру керек. Тарау машинасының негізгі бөлшегі - білікке тартылған қардолента. Ол тасымалдаушы қондырғы мен жұмысшы білігінің арасында реттеледі. Жұмысшы білігінің үнемі тазартылып отыруы, өнімнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тарау дұрыс жүрмеген кезде тері жыртылып кетуі немесе жүннің ұшы деформацияға ұшырауы мүмкін.
Мехтың түкті жабынын тазарту және сабау

Бұл операция - түкті жабыннан шаң, ағаш үгінділері мен жұлынған жүннен және басқа лас қоқысты заттардан тазартып, оның сыртқы көрінісін жақсартады. Түктердің табиғи үлпілдек қалпына түсуіне жағдай жасайды. Өңделетін мехтық терінің ауданы мен түкті жабынының түріне қарай, оларға әртүрлі әсер етіліп, соған байланысты машиналар қолданылады.



Бұл операция айналу білігіне бекітілген белдіктермен сабау арқылы немесе қатты ауа ағынында жүргізіледі. Мехтық қоян терісін белдіктермен сабау, арнайы білікті КМ2-500 марқалы сабайтын машинада атқарылады: қой терілер үшін КМП-1200 машинасы қолданылады. Жалғыз білікті сабау машинасының жалпы көрінісі көрсетілген.


Түкті жабында қырқу

Қырқу түкті жабынның ұзындығын теңестіріп, мех терілерін имитациялау мақсатында, түкті жабынныц биіктігін езгерту үшін қолданылады. Майда терілердің жүнін қырқу үшін КСМЗ-70, ал қой терісін қырқу үшін КСМЗ-120 марқалы қырқатын машиналар қолданылады.

Бұл машиналар бір-бірінен терінің ені мен теріні ұстап тұратын тетігімен ерекшеленеді. Машина айналмалы ирек пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Түк пышақты білікпен жыл-жымайтын конвейердің бірігіп жанасуының нәтижесінде қырқылады.

Қырқылған түк арнаулы желдеткіш арқылы жиналады. Ол аса бағалы қалдық ретінде, ұзындығы мен сапасына қарай бөлінеді. Мех терілерін қырқу бірнеше рет жүргізіледі, алдын ала қырқу (рубка) және соңында қырқу болып белінеді. Қырқудың сапасы жоғары болу үшін, теріні бұл операцияға жақсылап дайындау керек, тері жиегінің артық мөлшерін қысқартып жөнге келтіреді, майысып қалған түктер т.б. ақаулар болмауы керек. Тері өзеңі жұмсақ болғаны дұрыс.



Қылшық жүнді қырқу

Кей жағдайда мех терілерін имитациялау кезінде қылшық жүн қырқылып тасталады. Қылшық жүн қырқылғаннан кейін теріде біртегіс, біркелкі жібектей мамық жүнді жабын қалады. Бұл операцияға тек қана бірінші сортты, түкті жабыны қалың терілер жарамды. Осылай етіп, ондатра, саз қүндызының және мысық терілері өңделеді.

Қазіргі уақытта қылшық жүн белгілі бір биіктікте кесу арқылы, арнайы эпилирлейтін ЭМ2550 маркалы машинасында жүргізіледі. Бұл машинаның негізгі бөлшегі кесуші түйін, ол айналмалы пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Конвейермен қозғалған терінің жүні алдын-ала щеткамен түзуленген жүн кесетін жүйеге түседі.

Қылшық жүн мамық түктерге қарағанда берік болғандықтан, тез түзеледі де, кесуші түйінге тез ілінеді. Бір қалыпты терінің орнын ауыстыру арқылы барлық ауданының қылшық жүні кесіледі. Қырқылған түк ауамен сорылып алынады.

Егер жұмыс істеу тәртібі бұзылса, қылшық жүн бірқалыпты қырқылмай немесе мамық түктер де қырқылып кетуі мүмкін.


Үтіктеу

Түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханиқалық әсер ету үтіктеу операциясы арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде түкті жабын түзуленіп, жалтыраған күйге еніп, пішінін ұзақ сақтайды. Үтіктеуді ГМА2-30 және ГМАІ-120 маркалы өтпелі үтіктегіш машинада жүргізеді. Бұл машиналардың негізгі жұмысшы бөлшегі - айналмалы үтіктеуші білік. Ол біліктер түтікше түріндегі электер қыздырғыштарымен қызады. Қыздыру дәрежесі автоматты түрде реттеледі. Біліктегі үтіктеу температурасы 160-220°С болады. Тері үтіктеу білігіне 1 кН күшпен қысылады. Механикалық әсер білікке орнатылған кертігі бар болат пластинаның көмегімен атқарылады. Жұмыс орнының арнаулы қорғаны болады, ал иісі бар, ұшатын заттардың буы, түк және шаң аспирациялық түтік арқылы тысқа шығарылады.


Ауданын өлшеу

Мехтық терінің ауданын өлшеу үшін электронды "Метроник" машинасын қолдануға болады (34-сурет). Тері жарық беретін қондырғыдан (4) өткен кезде, ондағы инфрақызыл шамдардың (5) әсерінен, фоторезисторда (6) импульстер пайда болады да ол электрондық санақ арқылы электронды таблоға бейнеленіп қағаз лентаға жазылады. Лентаның ұзындығы 35-36 мм, ені 16-17 мм жұмысшы оны жыртып алып, тері өзеңіне жапсырады, мех терілерінің ауданық өлшегенде, таңбалайтын қондырғыны уақытша сөндіріп қояды.


БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ЭЕМ-ның ҚОЛДАНЫЛУЫ

Былғары және мех өнеркәсібінде еңбек тиімділігін және өнімділігін арттыруда ЭЕМ-ның (электронды есептегіш машина) маңызы өте зор. Технологиялық процестерді автоматтандыруда есептеуіш машиналар және жүйелер үлкен роль атқарады, олар қуатты есептеуіш құрал ғана болып қоймай, сонымен қатар әртұрлі технологиялық процестерді басқарудың тиімді құралы да болады.

Есептегіш машина - есептеу яки информация өңдеу процестерін механикаландыруға, автоматтандыруға арналған құрылғы немесе кұрылғылар жиынтығы. Есептегіш машина ғылыми-техниқалық есептеулер, экономикалық информацияларды өңдеу, нақты процестерді басқару және оларды модельдеу, логиқалық есептер шешу тағы басқа жұмыстарды орындау үшін пайдаланылады. ЭЕМ-ы жылдан-жылға былғары және мех өндірісінде технологиялық процестерді басқаруда қолдау табуда және де ғылыми зерттеулерде, инженерлік кызметте былғары мен мехтың сапалық қасиеттерін анықтауда қолданылуы артып келеді.

Ең бір болашағы мол, технологиялық процестерді басқару жүйесі ТП АБЖ.

Былғары мен мех сапасын органолептикалық жолмен бағалау

Көрсеткіш

Ең жоғары бағалануы, балл

Сапаның ең төмендетілген бағалану шегі, балл

Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары

Жалпы бағалануы

0

2-8

Соның ішінде, жұмсақтығы,

8

2

Әрленуі

20

2-4

Беткі жағының құрылымы

12

2

Аң және мех өнімдері

Жалпы бағалануы

40

2-8

Соның ішінде:

Түкті жабынның әрленуі



16

2-3

Түкті жабынның әсемдігі

10

1

Тері өзеңінің әрлену сапасы

14

2-4

Басқарудың техниқалық құралы - басқаратын есептегіш машина (БЭМ), басқару объектісімен байланыс құрылысы (ОБҚ) технологиялық процесс туралы хабар қабылдануын қамтамасыз етеді және басқарушылық әсерді жинақтайды немесе кісінің көмегімен машинаға хабарлап, белгі береді.

Хабар енгізу телетайп, перфокарта, басқару мүшелерінің пульті т.б. арқылы, ал хабарды автоматты түрде тіркеу басатын құралдар, жазатын түрлі тіркегіштер арқылы іске асады. Басқарудың математиқалық құралы- математикалық немесе бағдарламалық басқару (МО) жүйесі, оларды сыртқы және ішкі деп бөлу қабылданған. Сыртқы МО - бұл бағдарламаны жинақтау, анықталған технологиялық басқару объектісінде түрлі жағдайларда басқару реттілігін анықтаушы құрал. Сыртқы МО жүйенің функциясын анықтайды, яғни басқару процесінде не істей алады және бұл кезде оның объектіге қатынасында қандай функциалық тәртібі болады. Ішкі МО - бұл техникалық жүйе құралынан алынбайтын бөлігі, олар осы құралдармен бірге дайындағыш зауыттардан келеді. Оған бағдарламалар жинағы жатады, жүйенің түрлі бөлігі бір-бірімен әсер етуін қамтамасыз етеді.

ТП АБЖ басқарудағы негізгі міндеттеріне мыналар жатады: әртүрлі процестерді кейбір берілген тәртіпте реттеу; апатқа қарсы шаралар ұйымдастыру және машиналар мен аспаптарды бұзылуынан сақтау; берілген критерийлерде өндіріс процестерін үйлестіру; хабарлық функцияларды атқару; түрлі белгілер беру т. б.



ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДА МОДЕЛЬДЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Электронды есептегіш техниканың жетілуі оны тек жылдамдатылған есептегіш механизмдер ретінде ғана емес, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізуді, инженерлік жобалауды құруда жаңа бағыт ашып, процестерді математикалық модельдеуге мүмкіндіктер туғызып отыр.

Былғары өндірісінде автоматтандыру мен оптимизациялаудың негізі - шикізат параметлері мен шикізат пен жартылай фабрикатты өңдеудің технологиялық режимі арасында функциональдық байланыс орнату, сондай-ақ былғары сипатын анықтау және де процесті шапшаң бақылау құрайды.

Функциональдық байланыстар модульдер түрінде болуы мүмкін, ол процестің ең бір маңызды жағын математиқалық бейнелеу болып табылады. Модуль тендеулер жиынтығын көрсетеді, алгоритмдік ережелермен шикізатты, жартылай фабрикатты өндеуде жүретін процестердің хабарын алуға мүмкіндік жасайды: технологиялық жүйені есептеуде, яғни оларды талдау мен жобалауда былғары және мех сапасы мен өңдеу процестерін үйлестіруде және басқаруда хабарлар алу көзделінеді.

Технологиялық процестерді математикалық жолмен өрнектеудің екі жолы бар: детерминдік және ықтималдық.

Математикалық өрнектеудің детерминдік жолының негізінде зерттелетін процестің табиғаты туралы теориялық көріністер болуы керек. Анықталатын байланыс тендеуі, зерттелетін процестердің физиқалық-химиялық заңдылықтарынан шығады.

Технологиялық процесті автоматтандыру арқылы басқару жүйесін (ТП АБЖ) құруда илегіш заттың ерітіндідегі концентрациясын тоқтаусыз өлшеуге тиісті. Мұндай мақсатта барабанды тоқтатпай өлшеу жүргізу үшін, датчиктер қолдану керек. Егер мұндай мүмкіндік туатын болса, ерітіндідегі илегіш заттың концентрациясын әрбір өлшеген сайын оның өзең құрылымына таралуы женіндегі бағдарламаға жүгіну керек. Одан алған нәтиженің есебіне қарап, илеу процесін басқаруға болады, мысалы, концентрациясын жоғарылату немесе төмендету, илеуді жалғастыру немесе тоқтату т.б. Осындай түрдегі модельдер процестің оптимумын анықтауда қолданылуы мүмкін.

Мысал ретінде илеудің статистикалық моделін қарастырайық, процестің негізгі алғашқы кіретін және соңғы шығатын параметрлері схемада көрсетілген.

Экспериментті жоспарлау матрицасын құру үшін түрлендіру арақашықтықтары анықталады, әрбір реттелетін және бақыланатын параметрлердің максималды мүмкін диапазондары хроммен илеу процесінде керсетілген. Бұл кестеде көрсетілмеген кіретін параметрлер былғары зауытының әдістемесіндегі илеу әдісіне сәйкес қалыпты деңгейде ұсталады.


Математикалық модель алу үшін алынған тәжірибенің жалпы саны N = 2к мұндағы: к - толық факторлы эксперименттегі тәжірибенің саны.

Ескерту: Х - илегіш ерітіндінің негізділігі, %; х2 — илеу температурасы, °С; х3 - илеу ұзақтығы; х4 - иін қандырудың температурасы, °С; х6 - хром оксидінің шығыны, %; х5 - иін қандырудың ұзақтығы; Х7 - сұйықтық коэффициент.

Ең бір жауапты кезең алынған модельді интерпретациялау және соның негізінде ұсыныс енгізу 3-ші тендеуді талдағанда белгілі болған, былғарыдағы СгОз мөлшерін жоғарылату үшін илегіш ерітіндіңің негіздігін арттырып, илеудің бастапқы температурасын және СгОз мөлшерін жоғарылатып, ал сұйықтық коэффициентін төмендету керек.

Математикалық модельді талдау негізінде жасалынған қорытындылар хроммен илеу процесінің мағынасына сай келеді.
БЫЛҒАРЫ МЕН МЕХТЫҢ САПАСЫ

ЖӘНЕ САПАНЫ БАСҚАРУ

Былғары мен мехтың сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.

2. Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.



САПА ЖӘНЕ СОРТ

Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физиқа-механиқалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.

Сапалық көрсөткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициенті де жоғары болады. Сорттылық коэффициенті деп - барлық дайын өнім бағасын ең жоғарғы сортты өнімнің бағасына келтірілген көрсеткішті айтады.

мұндағы:


а1 - 1м2 I сортты былғарының бағасы - х;

а2 - 1м2 II сортты былғарының бағасы - х2;

а3 - 1м2 III сортты былғарының бағасы - х3;

а4 - 1м2 IV сортты былғарының бағасы - х4.

Мехтың сорты оның түкті жабынының жағдайына байланысты болады. Мехтың сапасын анықтау кезінде сорттан басқа кемістіктері ескеріледі және жеке-жеке есепке алынады. Өнімнің сорттылығын көтеру үлкен маңызды мәселе.



Сапаны бағалау сынақ құралдарына байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Атап айтсақ инструменталды әдіс техникалық құралдардың көмегімен іске асырылса, органолептикалық әдіс керу, ұстап көру арқылы анықталады. Экспертті әдіс мамандардың көзқарасына негізделген де, социологиялық әдіс тұтынушылардың талап тілегін қолдауға негізделген. Есептеу әдісі басқа әдістерді колдану арқылы алынған тұжырымдарды есептейді.

Былғары мен мехты, тондық қой терісінің сапасын инструменталды әдіспен бағалаған кезде химиялық талдау жасалынады, микроскопиялық және физиқалық-химиялық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістердің негізінде терінің химиялық құрамы анықталып, микроқұрылымына сипаттама беріледі жәие физиқалық-химиялық қасиеттері аныкталады. Сапаны тәжірибелік әдіспен бағалау (киіп жүру) өте сирек колданылады, себебі бұл әдісті қолдану уақытты көп алады және материал шығынын қажет етеді. Қазіргі кезде былғары мен мехтың сапасын анықтау динамикалық жағдайда сынақтан өткізетін неше түрлі құралдардың көмегімен атқарылады. Бұл құралдар өнімді пайдалану кезіндегі оған әсер ететін күштерді модельдеу арқылы қысқа уақыт ішінде өнімнің сапасын анықтап береді. Оларға былғары мен мехтың беріктігін, созылмалығын, иілгіштігін үйкеліске төзімділігін, су өткізгіштігін және басқа қасиеттерін анықтайтын құралдар жатады.

Лабораториялық жағдайда өнімнің сапасын талдауда, әр өнімнің сапасын жеке-жеке анықтау мүмкін болмағандықтан, математиқалық статистика әдісі қолданылады. Сондықтан лабораториялық талдауда орташа сынақ алу үлкен манызға ие. Химиялық талдау жасаған кезде былғары мен мехтың және тоңдық қой терісінің ылғалдылығы, минералды және май тектес заттардың мөлшері, көн заты, илегіш заттар, толықтырғыштар, қышқылдылық, талшықтағы негізділік, кей жағдайда ондағы ас тұзы мен ауыр металдар мөлшері анықталады.

Химиялық талдау нәтижесі технологиялық процестердің жүру барысы туралы мәлімет береді. Өнімнің химиялық құрамы анықталып болған соң, физикалық-механикалық сыннақ жүргізіледі де сортталады, одан кейін сапасы бойынша қатегорияларға бөлінеді. Физикалық-механикалық сынақтар, лабораториялық талдаулардың көрсеткіштері өнімнің сапалық негізгі қасиеттерін анықтайды. Мысалы: былғары мен мехтың және қой терісінің киюге төзімділігі, беріктігі, термошыдамдылығы, гигиеналық қасиеттері және басқалары анықталады.

Микроскопиялық талдау микроқұрылымдық элементтерде болып жатқан өзгерістерді, терідегі, жүндегі және өндіріс барысындағы, сонымен бірге жартылай фабрикатпен байланысқан заттардың орналасуын көрсетеді. Көбірек қолданылатын әдіс электровды микроскоппен зерттеу әдісі.



Былғары мен мехтық микроқұрылымынық сипаттамасы. Өзеңнің микроқұрылымын сипаттайтын элементтеріне құрылымдық элементтердің реттілігі (регулярность) мен жинақылығы (компақтность), өрілу бұрышы (угол переплетения) талшықтардың түзулігі (извитость) және талшықтар тобының жіктелу дәрежесі жатады. Былғары мен мех және тоңдық қой терісі әртүрлі қалыңдықтағы талшық топтарынан тұрады, олар күрделі шиеленіскен тұйық ілмектер құрайды.

Өрілу бұрышы - талшықтар тобының көлденең қимаға көлбеу бұрышын сипаттайды. Бұрыштың көлбеулігін анықтағанда, талшықтар тобының бағытын ескереді. Талшықтар тобының үш түрлі өрілуі бар: тік (вертикальды)- ең үлкен бұрышпен; көлденең (горизонтальды) - ең кіші және аралық бұрышпен.

Өрілу бұрышы шикізат және оның топографиясына байланысты болады. Мысалы, жонарқа терісі (чепрақ) тығыз және үлкен бұрышпен өрілген талшықтармен сипатталады, ал қол терілері ең кіші бұрышпен өрілген талшықтардан тұрады. Бұл реттілік өндеу барысында өзгеріске ұшырайды. Оны микрокимада микроскоп арқылы өлшеуге болады. Егер өрілу бұрышы 10-20°С төмен болса, теріде технологиялық және эксплуатациялық ақау бар деп есептелінеді.

Өрілудің жинақылығы өзең қабатындағы талшықтар тобының жақындасу дәрежесін сипаттайды. Ол көрсеткіш шикізат түріне, топографиясына, өндірістік процестің режиміне байланысты болады. Мысалы, жібіту толық жүрмеген кезде талшықтар тобының өте жақын орналасуы теріс фактор деп есептеледі. Бұл көрсеткішке механикалық әсердің ықпалы бар. Мысалы, былғарыны майыстырып созғанда талшықтар жіктеліп, былғары жұмсақ болады. Ал, престеу, нығыздау (проқатқа) жүргізгенде керісінше, талшықтар құрылымы тығыздалады, былғары да сондай қасиетке ие болады.

Талшықтар тобының түзулігі, негізінеи теріні қышқылдармен және сілтілермен өндеу сипатына байланысты. "Жас" теріде, оның бүктеліп бос жатуына байланысты, талшықтар тобы тасқыңды, керілмеген, созылмаған. Ал, өңделген теріде талшықтардың табиғаты өзгеріске ұшырап, ұзындығы қысқарады.

Талшықтар тобының түзулігі былғарының серпімділік қасиеттерімен тығыз байданысты. Талшықтар тобының жіктелуіне шикізаттың түрі және оны өңдеу тәртібі әсер етеді. Егер талшықтар тобы, талшыққа одан әрі фибрилдерге және одан да әрі жіктелсе, былғары жұмсарып, беткі қабаттың тартылуы болмайды. Жүн талшығының микроқұрылымдық көрсеткіштеріне кортекс қабатының анық контуры, қабыршақ қабатта саңылаулар мен деформациялардың болу болмауы, қабаттың өсуі мен сақталуы жатады. Шаштың микроқұрылымы жүнді жабынының эксплуатациялық және эстетиқалық қасиеттерінің ішіндегі төзімділігіне, шыдамдылығына, жалтырауына әсер етеді.



Былғарының, мехтың, және тондық қой терісінің химиялық құрамы мен қасиеттері. Былғары, мех және тонға арналған қой терісінің химиялық құрамын талдау кезінде оның ылғалдылығы, минералды, белокты, майлы және органиқалық заттары, қышқылдылығы, негізділігі, хлорлы натрий мен ауыр металдар тұздарының құрамы анықталады.

Былғары және мехты химиялық талдау нәтижесіндегі шыққан зат мөлшерін пайызбен (%) белгілейді. Есептеудің екі түрі бар:



  1. Заттың мөлшерін былғарының немесе мехтың шартты түрде алынған салмағына шағады, 18%-ды ылғалдылығы бар.

  2. Зат мөлшерін былғары немесе мехтың абсолютті құрғақ массасына шағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет