Білім беру бағдарламасы білім алушыларына ш ымкент, 2023 Мазмұны


Практикалық сабақтың тақырыбы: Жерді есепке алудың мақсаты мен сипаттамасы



бет11/39
Дата02.09.2024
өлшемі439.92 Kb.
#503302
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
практикалықЖер және жылжымайтын мүлікті сандық және сапалық есепке алу(3)

Практикалық сабақтың тақырыбы: Жерді есепке алудың мақсаты мен сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
1. Есепке алу мақсаты
2. Негізгі және ағымдағы жерді есепке алу
Сабақтың мақсаты: Есепке алудың негізгі міндеттерін айқындау.

Жерді есепке алу жер кадастрының құрамдас бөлігі бола отырып, халық шаруашылық есебінің бір түрі болып табылады. Жер тұрғын үйлер, өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы, көлік кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, әскери ұйымдар мен мекемелер және т.б. орналасқан жер ретінде есептеледі.


Жерді есепке алу кезінде жерлердің сандық көрінісі мен сапалық сипаттамалары үшін натуралды өлшемдер қолданылады. Есепке алу республиканың жер қорын ұтымды пайдалану және қорғау үшін қажетті жердің саны, сапасы және экономикалық пайдаланылуы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған. Ұлттық мәселелерді шешу кезінде жерді есепке алу мемлекеттік шара ретінде әрекет етеді. Сондықтан оның міндеттерін, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін мемлекет белгілейді. Ол мыналарды белгілейді: жер есепке алу мәліметтерінің мазмұны және оны алу тәсілдері; есепке алу құжаттамасының нысандары мен мазмұны; есеп беру мерзімдері; есепке алуға жауапты органдар мен тұлғалар; жер есебінің жүргізілуін қадағалау тәртібі. Есепке алудың белгіленген тәртібі бүкіл республика бойынша міндетті болып табылады.
Жерді мемлекеттік есепке алу – бұл жердің саны мен сапасын есепке алуды қамтитын нақты жүйе. Табиғи дамуында жер санпттарының, жер учаскелері мен қожалықтарының аудандарын анықтаудың дәлдігінің артуы, жердің сапалық сипаттамаларының кеңеюі болып табылады. Есепке алу жақсы сапалы жоспарлау және картографиялық материалдар негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдаланылуына қарай жүргізіледі.
Бүкіл жер қоры әкімшілік-аумақтық бірліктер, жер және жер пайдаланушылар санаттары, жер пайдалану және жер алқаптары бойынша есепке алынады.
Жердің сапасы топырақ жамылғысы, топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, рельефі, шөп құрамы, мелиоративтік жағдайы, т.б. бойынша анықталады.
Жерді есепке алу оның деректерінің жекелеген аймақтар мен жер санаттары бойынша салыстырмалылығын қамтамасыз ететін бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі. Осы мақсаттарда жер учаскелері мен қожалықтарының бірыңғай жіктемесі, жерді есепке алу ақпаратын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
Мемлекеттiк жердi есепке алу объектiсi мемлекеттiк жер қоры болғандықтан, оның құрамына кiретiн барлық жерлер кiмнiң пайдалануында және иелігінде болғанына, қазiргi уақытта пайдаланылып жатқанына немесе пайдаланылмауына қарамастан есепке алынады.
Жерді есепке алуды дұрыс құрастырудың маңызды шарты оны жүргізудің уақтылылығы мен үздіксіздігі болып табылады. Осы арқылы жерді есепке алу деректері жаңартылып отырады. Бұл принцип жердің жай-күйі мен пайдалануындағы сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі түрде есепке алуды қажет етеді. Жерді есепке алу кезінде барлық өзгерістер табиғатта (жерде) болғаннан кейін анықталып, жазылуы керек.
Жерді есепке алу туралы ақпарат тек мәтіндік құжаттамада көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірге жоспарлау-картографиялық негізде де көрсетілуі тиіс, бұл ақпаратты (цифрлық кестелер, мәтіндер, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) сақтауға және беруге мүмкіндік беретін компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, магниттік тасымалдағыштарда есепке алуды енгізу арқылы айтарлықтай жеңілдетілді.
Жерді есепке алудың құрамдас бөлігі жерді түгендеу болып табылады, ол бір реттік тіркеу қызметі болып табылады. Кадастрлық құжаттамада бар деректердің далалық жағдайға сәйкестігін анықтау мақсатында қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Бұл жағдайда алынған түсініктемелер кадастрлық ақпаратқа және ең алдымен есепке алу ақпараттарға енгізіледі. Түгендеу жүргізу кезінде өндірісте бар жоспарлау, картографиялық және басқа да материалдар пайдаланылады. Мәліметтердің далалық жағдайға сәйкестігін анықтау жерді зерттеу кезінде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет