149
Тақырыпты
жариялау
1 минут
Сабақтың
ортасы
25 минут
ҚБ
•
Тиімді тыңдалымды жүзеге асырады;
•
Ауызша
комментарий
арқылы
бірін-бірі
бағалайды;
•
Өз пікірлерін ұсынады.
Тақырыпты жариялау. 1 минут
Ойтүрткі сұрақтары арқылы.
1.
Сіздер бүгінгі сабақта не үйренеміз деп ойлайсыздар?
2.
Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?
Ықтимал жауап: Жиембет жырау толғауына тілдік талдау жасаймыз.
Мұғалім сөзі. Дұрыс, балалар. Біз бүгін Жиембет жыраудың «Еңсегей
бойлы ер Есім» толғауына талдау жасаймыз.
Тапсырма №1. 25 минут.
1-
топ. Қазтуған жырау мен Жиембет
жырау шығармаларындағы
үндестік пен басты ерекшеліктерін тауып, сараптама талдау жазу.
Жыраулар
Үндестік
Ерекшелік
Қорытынды
Пікір
Критерий
Дескриптор
Жыраулар поэзиясын-
дағы үндестікті табу,
толғаудың ерекшелік-
терін анықтау,
қорытынды пікір айту
•
Екі жыраудың толғауларын
салыстырады;
•
Тілдік және мазмұндық
ерекшеліктерін табады;
•
Өз ойларын тұжырымдайды.
ҚБ. «Неліктен екі ғасыр жырауының толғауларында үндестік бар деп
ойлайсыңдар?» деген ойтүрткі сұрағы арқылы ойларын дамыту.
2-
топ. Жырау тілінің сөздігін құрастыру.
Көркемдегіш
Құралдар
Мысалдар
Өмірмен
байланыс
-
басқа тілден енген сөздер;
-
ауыспалы мағыналы сөздер;
-
тұрақты сөз тіркестері;
-
поэтикалық тілі:
а) теңеу
ә) эпитет
б) метафора
в) эпифора
г) ассонанс
д) аллитерация
Бағалау критерийі: Мәтінді қолдана отырып, кестені толтыру.
Дескрипторлар:
•
Көркемдегіш құралдардың мағынасын түсінеді;
•
Мәтіннен мысалдар келтіре алады;
•
Өмірмен байланыстырады.
ҚБ. Қанын ішіп, ат құйрығын кесу, бүлік салып деген фразеологизм-
дердің мағынасын қалай түсінесің?деген жетек сұрағын
қойып,оқушылардың ілгерілеуін өлшеу.
3-
топ. Жыраулар туралы мәлімет жинақтау.
Жыраулар
Қай ханның
тұсында өмір
сүрген
Қандай
қызмет
атқарған
Басты
шығар
малары
Даналық,
пәлсапалық
ойлар
Назарға: Ресурс
ғаламтордан
алынды.
А.Әлімов
«Интербелсенді
әдістемені
мектепте қолдану»
Алматы, 2015ж.
Қ.Бітібаева
«Әдебиетті
тереңдетіп оқыту»
Алматы, мектеп
2003
Қ.Бітібаева:
«Әдебиетті
тереңдетіп
оқыту», Алматы
«Мектеп», 2003ж.
Қ.Бітібаева:
«Әдебиетті
тереңдетіп
оқыту», Алматы
«Мектеп», 2003ж.
150
ҚБ
ҚБ
ҚБ
Сабақтың соңы
Рефлекси
3 минут
Үй тапсырмасы
3 минут
Бағалау критерийі: Кестені толтыру арқылы жырау туралы
толыққанды мәлімет беру.
Дескрипторлар:
•
Жыраулардың өмір сүрген кезеңі және атқарған қызметі туралы айта
алады;
•
Басты шығармаларын атай алады;
•
Шығармаларындағы даналық, пәлсапалық ойларды тауып, талдайды.
ҚБ мақсаты. Әр топқа «Ғажап», «Сөз саптауың әдемі екен», «Шешен
сөйлейді екенсің» сөздері арқылы мадақтау.
4-
топ. «Жырау боп мен де сөйлейін»
тақырыбында жыраулар
үлгісімен толғау жазу.
Бағалау критерийі: Жырау толғауларын назарға ала отырып, өз
нұсқаларында толғау жазу.
Дескриптор:
•
Толғау тақырыбын анықтайды;
•
Жыр үлгісінде ойдан толғау шығарып, баға береді;
•
Ұйқас, буын, бунақ ережелерін сақтайды.
ҚБ. «Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін
болашақта қажет болады деп
ойлайсыз ба? Неліктен?» сұрағын қою арқылы оқушылардың
қажеттілігін анықтау.
Тұжырым. Әр топтағы бұл тапсырмалар
оқушылардың сыни ойлау
дағдыларын
дамытып,
оқу
мен
өмірде
туындайтын
мәселелердіөздігімен шешуге бағыттайды.Осы тапсырмаларды
орындау нәтижесінде өздеріне де, өзгелерге де толассыз сұрақ қойып,
оларға жауп іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды.
Дербес шешімдер қабылдауға дағдыланады.
«Хабарлама жазу» әдісі. 3 минут. Интербелсенді тақтадан сабақты
қорытындылауға арналған сұрақтар көрсетіледі.
Оқушылар сол
сұрақтарға ұялы телефондары арқылы мұғалім поштасына жауап
жазады.
Сұрақтар:
1.
Бүгін не үйрендіңіздер?
2.
Сіз үшін бүгін не қиын болды, тағы не білгіңіз келеді?
3.
Сіз үшін сабақтың құнды жайттары қандай болды?
4.
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп
ойлайсыз ба?
5.
Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?
Тұжырым. Әрекет рефлексиясын
сабақ соңында қолдану әр
оқушының белсенділік деңгейін дамытады.
Барлық оқушыларға: Шығарма – толғау жазу (шағын, қысқа). 3
минут.
а) оның тақырыбын жыраулар толғауынан алынған дәйектемелер
арқылы атау. Мысалы: «Еңсегей бойлы ер Есім» (Жиембет
толғауларының мәні);
ә) оқушы өз шығармашылығында жазып отырған жыраудың шешендік
оралымдары, толғау тілінен үзінділер алады.
Шығарма қысқа, әрі
әдемі, көркем тілмен, мүмкіндігінше жырау толғауларының үлгісі,
стилімен жазылу керек.
Қ.Бітібаева:
«Әдебиетті
тереңдетіп
оқыту», Алматы
«Мектеп», 2003ж.
А.Әлімов
«Интербелсенді
әдістемені
мектепте қолдану»
Алматы, 2015ж.
Назарға: Ресурс
ғаламтордан
алынды.
151
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше
қолдау көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілетті
оқушыға тапсырманы қалай
түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы
білімін тексеруді
қалай
жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс – Денсаулық және
қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие
элементі)
Үдерісті саралаудың
жоғары
деңгейлі ойлау дағдыларын
қалыптастыратын тапсырмаларда
ақпаратты алуға ғана емес,
пайдалануға айрықша назар
аударылды. Мысалы, жырау тілінің
сөздігін құру арқылы оқушылар
мәліметті жаңа жағдайда қолданады,
жаңа идеялар құра алады.
Мазмұн сараланды. Себебі,
жыраулар туралы мәлімет кестесін
толтыру арқылы оқушылар өзінің
таланты мен ықтимал табыстарын
қарастыру үшін шығармашыл
тұлғаларды зерделеуі көзелген.
Жетек сұрақтар,
ойтүрткі сұрақтарын
қою арқылы
оқушылардың
қажеттіліктерін
анықталады,
ілгерілеулері
өлшенеді. Түрлі
мадақтау сөздері
арқылы ынталандыру
көзделген.
Пәнаралық байланыс: Ауыз әдебиетінен
хан, батыр ұғымдарын, тарихтан Есім хан
туралы түсініктерін, қазақ тілінен көнерген
сөздер, тура мағыналы, ауыспалы мағыналы
сөздер туралы білімдерін жетілдіру
көзделген.
Денсаулық және қауіпсіздік.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына,
кабинет жабдықтарының кедергі
келтірмеуіне жағдай қарастырылған.
АКТ-мен байланыс.
Интербелсенді тақта, ұялы телефон,
электронды почтаны қолдану рефлексия
беру мақсатында межеленген.
Құндылықтармен байланыс.
«Мәңгілік Ел» идеясынан
құрмет,
қазақстандық патриотизм
құндылықтары ескерілген.
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары мен
міндеттері орындалды ма? Бүгін
оқушылар не үйренді? Сабақ қалай
өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске
асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды
ма?) Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім
және неге?
Өз сабағымды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол
жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: