152
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Мектеп:
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Махамбетова Гүлбану Жанбекқызы
Сынып: 8
Қатысқандар саны –
Қатыспағандар саны –
Ұзақ мерзімді
жоспардың тарауы:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы түзген «Қазақ жазуы»
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
8.1.1.1Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін
мәселені болжау;
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін
сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге,
үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алады және оқылым
материалдары бойынша жинақы мәтін (тезис) жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:көтерілетін мәселені болжай алады;
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап,
әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (тезис) жазады;
Оқушылардың кейбірі орындайалады:мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге
сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды, өз көзқарастарын білдіреді;
алынған ақпараттардан анықтаған тірек сөздерді мәтіннің баяндау желісін сақтай
отырып, жинақы мәтінде (тезисте) еркін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: