Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына арналады



бет13/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#20436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

*** *** ***

(№) ҚАДIРЛI ӘЛЕКЕ!61

Менiң бұрынғы қызметiмнiң бiр үлкен артықшылығы – достарыммен кездесiп тұруға аса қолайлы едi: қазiр мен олардан көз жазып қалдым, тiптi хат-хабар алысатындарым да азайып кеттi. Әлеке, әсiресе сiздiң алдыңызда өзiмдi өте кiнәлi санаймын. Сiздi көптен берi сағынып жүрмiн, бiрақ та Сiзбен жүздесуге еш мүмкiндiгiм болмады, ал хаттың сөзi менi қанағаттандырмайды, сондықтан да жазудан бойымды аулақ ұстаймын.

Мен Лизамен сөйлесiп, сiздi Қызылордаға ауыстырған жөн ғой деп едiм, ол әр түрлi сылтау айтып, қарсы болды және: егерде қызметке iлiнбесе, емханадағы дәрігерлік-ординаторлық жұмысқа алынбаса, онда алдағы қыста Мәскеуге ауысатын ойы бар екендiгiн айтты.

Бiздiң оқу орынының жұмысы жөнiнде мен бiрде Сiзге жазған едiм ғой, iстiң алдағы барысы әлi толық анықталған жоқ. Жоғары оқу орындары туралы мәселе, сөзсiз тарихи мәселе. Бұл мекемелердi ашуға деген Қазақстанның дайындығы Петрдiң тұсындағы Ресейдiң дайындығынан күштi. Германиядан студент шақыртудың ешқандай қажеттiгi жоқ. Петр бекiткен академияның жанындағы университет тек 30 жылдан соң ғана шәкiрт тәрбиелеп шығарса, Қазақстанның қазiргi жағдайының өзiнде мұндай сылбырлыққа жол берiлмейдi. Соған қарамастан, ғылыми орталық ұйымдастыру мәселесi неғұрлым ерте қолға алынса, бұл өте жақсы. Ұйымдастыру кезеңiндегi барлық өтпелi шараларға қарамастан, жаңа құрылған университет өзiнiң балаңдық дәуiрiн басынан өткiзуi заңды. Бұл мәселе сәл де болса iлгерi жылжыды. Тоқтабаев халық ағарту комиссарлығынан кеткеннен кейiн Қазақстан үкiметi университеттi құру туралы шешiм қабылдады.

Бұл мәселенi РСФСР-дiң, орталықтың алдына асқан табандылықпен қойып, тиiстi ұсыныс жасап отырған «Авксеньев одағына» Қазақстан қатты қарыздар, бұл мәселе қазiр Мәскеудiң шешiмiн күтiп отыр, орталық мекемелердiң бұл мәселенi шешуiне қатты кiрiсiп жатыр.

Әрине, қазақтың тұңғыш университетiнiң құрылуына Сiздiң де үлес қосуыңызды қамтамасыз етсе, бұл өте орынды iс болар едi. Сiздiң өзiңiз қалай қарайсыз? Сiздiң рұхсатыңызсыз мұндай мәселенi көтеру мүмкiн емес, толық шешiлдi деуге келмейдi, тiптi ол дәл қазiргi жағдайда өте қиыншылықпен алға жылжуда, сондықтан да мұның сәттi шешiлуiне толық сенуге болмайды.

Әлеке, мен бiздiң орталықтың үлкен және кiшi саясатынан бойымды аулақ ұстап жүрмiн. Қазақстанда қызмет iстеп жүргенiмде күнделiктi мәселелердiң барлығын назарымда ұстап, бiрде ананың, бiрде мынаның жобасын жасап, оны шешуге белсене араласып жүрушi едiм. Бiзге қазiр құлаққа өте жағымсыз сыбыстар жетiп жатыр.

Жер мәселесi төңiрегiндегi әңгiмелердiң барлығы тұйыққа тiрелiп, барып тұрған бейбастақ байбаламға айналды. Егерде партия мүшелерi мен жер жөнiндегi саясатты жүргiзушiлер өздерiнiң көзқарастарына негiзгi дәйектеме етiп Пален мырза жүргiзген ревизияның «Губерниялық есептерiне» жүгiнсе, солай болмағанда несi қалды. Қоныс аударушылардың жаңадан құрылған басқармасы қандай да бiр асқақ идеяға құрылған саясатты бүркеншiк етсе де, дәл осы арада қазылған апанның, ашылған аранның, қатерлi iсiктiң орыны жатыр. Сүйегi қурап қалған патша губернаторларының әруағынан қорғаныш iздеулерi де бейбастақтыққа жатпай ма. Шындығына көшсек, жерге қоныстандырушы жаңа басқарманың азулы қатырандарының (акуланың – Т.Ж.) ашылған аранына қарағанда соңғы аталғандар (патша губернаторлары – Т.Ж.) «Өзiне сенiп тапсырылған өлкенiң тыныштығын сақтау үшiн бұратаналардың» қол астындағы жердi алу үшiн ептеп, сақтықпен кiрiстi. Шынымен, бұдан өзге жасалған жобалардың жолы кесiлiп, жоралғыдан қалғаны ма сонда? (Профессор Швецов пен Бөкейхановтың жер кесу мөлшерi туралы жобасын меңзеп отыр – Т.Ж.). Мұның астарын түсiруге ақылым жетпедi. Мекемелердiң басқарушы құрылымын байқатпай уландырып отырған «мамандардың» ерекше сендiруiнiң өзiне сенiмсiздiкпен қараймын. Бұған бiзге мәлiм «шiркiндердiң» де қатысы бар, олар да ықпал етiп отыр, бiрақ та бұл жөнiнде олардың жауапкершiлiгi шектеулi ғой. Әлеке, Орталық Комитетке хат жазуды қажет деп санамайсыз ба? Әлде, бiздiң жазғандарымыз, өзiнiң орталықтарының алдына осы мәселенi шешуге талап етiп қойып жүрген партия мүшелерiне зиянын тигiзе ме? Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiнен өзi қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды. Өйткенi көшпелiлердiң шаруашылығы – әбден орныққан, табиғи шаруашылық. Шабындықты бөлiске салған ежелгi тәжiрибеге сүйенсек, биылғы қыстың қыспағының өзi неге тұрады?

Әлiмхан.

Сотайға сәлем. Әлеке, өзiңiздiң денсаулығыңыз туралы жазыңыз. Қалайда Сталинмен кездесiңiз, жазда қырда демалып қайтуға пұрсат алыңыз. Сергей Порфирьевичке сәлем айтыңыз. Әлiмхан. 25/II–28 жыл. Көшiрмесi дұрыс: Ағабеков.

*** *** ***
(№) ОГПУ-ДІҢ КОЛЛЕГИЯСЫНА МАҒАН 58 БАПТЫҢ 7, 11; 59-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҚТАРЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАРДЫ 58 БАПТЫҢ 7, 8-ТАРМАҚТАРЫНА АУЫСТАРУ ТУРАЛЫ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ. 28 ҚАЗАН, 1931 ЖЫЛҒЫ ҚОСЫМША МӘЛІМДЕМЕСІ

59-бап бойынша, 58-баптың 11 тармағы бойынша өзгертіліп тағылған айыптар тергеу барысындағы анықталған шындықтың негізінде кеңес өкіметіне қарсы ешқандай әрекет етпегендігіме байланысты алынып тасталуын өтінемін. Ғаббасовтың Семейдегі тәркілеуге қарсы жүргізген әрекетіне менің қатысым бар екендігі туралы Попов жолдастың бопсасы шындыққа сәйкеспейді. Попов жолдас мені айыптаудың формулировкасымен таныстырған жоқ. Бар білгенімді жоғарыдағы көрсетінділерімде айтқамын.

Ғаббасов үнемі Семей қаласында тұрды. Ғаббасовпен ешқандай байланысым болған емес. 20-жылы Мәскеуде Байтұрсыновпен бірге болғанымды Ғаббасовқа 25-жылы, Валидов қатысқан басмашылар қозғалысы талқандалған соң айтқаным есімде. Валидовтің 20-жылғы көңіл-күйін Смағұл Сәдуақасов пен Ғаббас Тоғжанов бөлісетін еді – дегенді де сол айтты. Алайда ол да, мен де бұған қарсы едік. Ғаббасовтың қандай да бір ұйымға мүше болғанынан хабарсызбын. Ташкентте ұйымның бар екендігін болжап қана білдім. Ғаббасовпен екеуміздің еш байланысымыз жоқ, 25-жылға дейін әр қалада тұрдық, саяси оқиғаларға көзқарасымыз да әр қилы. 20-жылы Колчактың тұсында ол жазғандай мен қырға кеткемін жоқ, Семей қаласында болғамын. Содан кейін партияға өту мәселесі көтерілгенде біздің пікіріміз екіге бөлінді, 20-жылы ол мүлдем қарсы болатын. Содан кейін маған оның қазақ байларының арасындағы рулық тартысқа қатысқаны ұнамады. Біздің іштей араздығымызды білмейтіндер бізді әріптестер деп ойлап қателесіп, оның қасына менің фамилиямды қоса беретін.

Мәселенің басын ашу үшін бұған ерекше тоқталдым. Мұның барлығы маған тағылған айыптың жоқтығын дәлелдейді. Нақты бір дерек болса оны жоққа шығару мүмкін емес қой. Пролетариат диктатурасының орнауы, буржуазиялық ұлтшылдық, Қазақстанның өзін-өзі анықтауы, пантүркизм туралы пікірлерімді алдыңғы көрсетінділерде баяндап өттім. Қайталап айтамын идеологиялық қайшылықтарымның, кейбір тактикалық ауытқулардың болғанына қарамастан кеңес өкіметіне қарсы ешқандай ұйымға қатысқан емеспін.

Әлімхан Ермеков.

28 қазан, 1931 жыл62.



(№) В КОЛЛЕГИЮ ОГПУ СССР ОСОБО УПОЛНОМОЧЕННОМУ ПОПОВУ ЗАКЛЮЧЕННОГО ДОСМУХАМЕДОВА ХАЛЕЛА ЗАЯВЛЕНИЕ

25 октября сего года мне предъявлено обвинение по 58 статье – 7,10 и 11 и по статье 59 – 3 в различных преступлениях против советской власти. Из этих обвинений я признаю себя виновным в следующем:

1. В 1922 году участвовал в организации конспиративного кружка, имевшего в своей программе и деятельности элементы антисоветской направленности.

2. В этом же 1922 году виделся с Заки Валидовым, приехавшим в Ташкент по амнистии и имел беседу с ним.

3. До середины 1924 года среди своих учащихся проводил национальную буржуазно-демократическую идеологию.

Во всех остальных преступлениях, предъявленных мне, считаю себя невиновным. После 1924 года ни в каких антисоветских организациях, кружках и т. д. не участвовал. Ни на какой антисоветской работе не был.

Не тайно, а открыто и сознательно пытался подчинить свою национальную идеологию советским требованиям. Все, что я знаю, всю свою деятельность я подробно рассказал в своих показаниях, в особенности в показаниях от 14 сентября 1931 года. Еще добавляю следующее:

1. С Адиловым прекратил всякую связь с сентября 1924 года и к его выступлениям в Казахстане совершенно не причастен.

2. В кружке «Алка» не участвовал. Все, что знаю о них, сообщил на допросах.

3. В Казахстане живу с осени 1928 года и только летом 1926 года проживал в Кызылорде два с половиной месяца. Все время до 1928 года жил в Ташкенте. В проводимые правительством мероприятия не вмешивался и никогда ничего не делал против проводимых Казахским правительством мероприятий.

4. По земельному вопросу никто даже из бывших «алашординцев» не обращался ко мне.

5. Против конфискации баев никакой агитации нигде не проводил. О своем отношении к земельной реформе и конфискации я изложил в показаниях за 14 сентября 1930 года. В частности среди учащихся и преподавателей никакой агитации не вел ни в Ташкенте, ни в Алма-Ате.

Одним словом заявляю, что после 1924 года до момента ареста я никаких преступных действий против советской власти не совершал, а с теми, кто на меня наговаривает, я прошу дать очную ставку. Я выявлю неправду этих наговоров.

Так, 25 октября 1931 года я убедился, что Тынышбаев наговаривал на меня. Последний при очной ставке отказался от своих слов. Тынышбаев отказался от слов, что организация существовала с 1922 по 1930гг. Категорически заявляю, что после 1924 года никакой организации не было. Список членов организации у Тынышбаева мифический. Все эти люди никогда никакого отношения к националистическим идеям не имели. Например, Касымов, список я полностью не видел, но думаю, что таковых лиц большинство.

Категорически заявляю, что показания Тынышбаева, о которых говорил Попов в моем присутствии, совершенно ложны. Имею все основания считать, что и другие показания Тынышбаева, тоже ложные. Поэтому прошу дать очную ставку мне и другим лицам, которых он оговорил, с ним, Тынышбаевым. Тогда можно будет доказать ложность его показаний. Также прошу дать очную ставку со всеми лицами, которые дали показания о моей антисоветской деятельности после 1924 года до момента ареста.

Признавая себя виновным в работе против советской власти в период с 1922 по 1924гг., я не хочу брать на себя несуществующую вину за период после 1924 по 1930 гг. К этому заявлению добавляю, что я давно раскаялся за свою преступную деятельность против советской власти. Также добавляю, что к этому убеждению я пришел не сейчас, в тюрьме, а раньше, очень сильно переживал и раскаялся. Добавляю, что никакую организованную агитацию, тем более мер по срыву заготовок хлеба и скота нигде не вел. К коллективизации хозяйств казахов относился отрицательно, но сейчас имею благоприятное отношение и считаю ее мерой, которой можно изменить полуголодное существование казахского населения. Признаю свои заблуждения.



*** *** ***
(№) ОГПУ-ДIҢ КОЛЛЕГИЯСЫНА ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ IСI БОЙЫНША ТҰТҚЫНҒА АЛЫНҒАН МҰХТАР ӘУЕЗОВТIҢ МӘЛІМДЕМЕСІ. 29 ҚАЗАН, 1931 Ж.

Айыптау статьялары қайтадан өзгертiлiп (переквалификация статей) көрсетiлген соңғы жолғы маған тағылған кiнә бойынша, мен: 1) ұлтшыл Байтұрсынов пен Бөкейхановтың тiкелей нұсқауымен кеңес мекемелерi арқылы аты аталған адамдар жетекшiлiк ететiн контрреволюциялық астыртын ұйымның тапсырмасын жүзеге асыру үшiн қаскүнемдiк мақсатпен БК(б)П-ның қатарына өтiппiн».

Сол мақсатпен отарлаушыларға қарсы күрестi желеу етiп өзiне пайдалы адамдарды кеңес мекемелерiне қызметке орналастырғанСондай-ақ Байтұрсынов, Сәдуақасав, Досов және тағы басқалар дайындаған бағдарламаны 12 партсъезде өткiзiп жiберу үшiн мен Бүкiлқазақстандық ІІ кеңес құрылтайына жиналған барлық қазақ өкiлдерiнiң басын қосып, мәжiлiс өткiзiппiн-міс.

Бұл сұрақтардың барлығына орай мынаны мәлiмдеймiн: бұрынғы түсiнiктерiмде iшiнара атап өткенiмдей, менiң партия қатарына кiруiм туралы жоғарыдағы тағылған айып ешқандай шындыққа сай келмейдi, өйткенi менiң қоғамдық қызметiмнiң өзi партия қатарына өткеннен кейiн басталды деп есептеймiн. Өткен өмiрiмде iс жүзiнде де, идея жүзiнде де «Алашордамен» байланыс жасағаным жоқ, оның ешқандай мекемесiнде қызмет те iстегемiн жоқ. Жас болдым, бiлiм алдым. Керiсiнше, 1919 жылдың қараша айынан бастап қана Колчакқа қарсы астыртын ұйымның жұмысына араластым. Семей қаласындағы кеңестiк төңкерiс жүзеге асқан алғашқы күннен бастап мекеме жұмысын жөнге қоюға, кеңес өкiметiнiң мүддесi үшiн Семей қаласының оқушы қазақ жастары мен жұмысшыларын төңкерiс iсiне тартуға құлшына кiрiстiм.

Қоғамдық қызметiмнiң жол басы болғандықтан да мен ол кезде жаныммен берiлiп, шын көңiлiммен, аса зор үмiтпен, жас адамға тән қызығушылықпен қызмет еттiм. Бiрақта өмiрлiк тәжiрибесi аз жас қызметкерге тән балаңдыққа байланысты, оның үстiне артта қалған ұлттық ортадан шыққандықтан да және өзiнiң идеясы үшiн табанды түрде күресетiн саяси дәстүрдiң үлгiсi болмағандықтан да еркiмдi көңiл-күйiме жеңдiрдiм. Сол тұста кеңiнен тараған өткен дәуiрдiң өктемдiгiнен – отаршылық пиғылынан арыла алмаған жергiлiктi партия қызметкерлерiнiң әрекетi менiң көңiлiмдi суытып, әптiгiмдi басты.

Отаршылдық пиғыл бізді, оның iшiнде менiң iшiмдегi намысымды қоздырды, бiрақ ол жоспарлы түрде (ұлтшылдықты ешқашан да өмiрлiк мақсат етiп көрген емеспiн) қалыптасқан ұлтшылдық емес, тек көңiл-күйдiң әсерi ғана болатын. Бұл сезiмнiң билеп алғаны сондай, бұдан әрi менiң партия қатарында қалуыма мүмкiндiк бермедi. Көңiлдiң жетегiне ерiп өмiр сүрiп, өзiңдi сынайтын нағыз шағымды iстi таппағандықтан да бұдан әрi партия қатарында қалуым мүмкiн емес деп шештiм. Сол кезде ұлтшылдық бағыт ұстағаным және партиялық тәртiптi бұзғаным үшiн Қазақстан Өлкелiк комитетi менi партиядан шығарды.

Мен Орталық комитетке арыз жазып, партиялығымды қалпына келтiруiме болатын едi, ол кезде (партиядан 1922 жылы шығарды) аз ұлттың өкiлдерiне, оның iшiнде жастарға үлкен кешiрiммен қарағаны белгiлi, партиядан шығып қалған қазақтардың бiразы дерлiктей қайта қабылданды, солардың бiрi боп мен де сөзсiз қабылданатын едiм. Алайда мен өтiнiш бергемiн жоқ. Партииядан сырт қалдым. Сонда өз-өзiнен мынадай сұрақ туады: егерде мен ұлтшылдардың тапсырмасымен партияға кiрген болсам, сонда ол тапсырма 1922 жылы толық орындалып бiттi деп ойлауға бола ма? Керiсiнше, партияға жат пиғылмен кiргендер сол кезде де, одан кейiнгi жылдарда да партия қатарында қалып, әлгi тапсырманы одан әрi орындай беруге ұмтылмай ма»,– деп жауап қайырған.

Жас кезiмнен бастап өзiмнiң орынымды әдебиеттен iздедiм, тұңғыш пьесамның сәттi болып шығуы менiң барлық назарымды шығармашылық жұмысқа аударып әкеттi. Партия қатарынан шыққаннан кейiн мен саясатқа мүлдем енжар қарадым, таяу жылдарда, нақтылап айтсам 23/24 жылдары ендi ешқашанда саясатпен айналыспаймын деген шешiмге келдiм. Өзiмнiң өткен өмiрiмдегi әрекетiмдi iштей сараптан өткiзе келiп, өзiмнiң саясатқа мүлдем бейiмсiз екендiгiмдi аңғардым. Содан бастап саясатпен айналысқан емеспiн. Кейiннен университеттi бiтiрдiм, ғылыми марксизмнiң негiзiмен таныстым, өмiрiмдi әдебиетке, педагогикалық-ғылыми жұмысқа арнадым. Бар ықыласымды соған аудардым. Өзгедей әрекетпен айналысқаным жоқ.

Партияның Х съезіне арналып Байтұрсынов жасаған ұлтшылдардың көзқарасын білдіретін баяндама туралы ештеңе де білмеймін, Байділдин маған ешқандай мәлімет берген жоқ.

58-статьяның 7-тармағы бойынша маған тағылған айыпты мойындамаймын, оның үстiне шаруашылық саласындағы iс-әрекеттерiм үшiн тағылған айыпқа менiң мүлдем қатысым жоқ деп есептеймiн және одан үзiлдi-кесiлдi бас тартамын.

2) … Ақыр-аяғында Байдiлдиннiң көрсетуiндегi: менi 1921 жылы Смағұл Сәдуақасовқа басмашыларға кетiп қалу туралы кеңес бердi-мiс деген жайға келетiн болсам, мұнысы барып тұрған нағыз өтiрiк, сондықтан да мойындаудан бас тартамын. Өйткенi осы жылы: бiрiншiден, мен Семей қаласында тұрдым, тiптi, Сәдуақасовты көргенiм де жоқ, басмашылар жөнiнде ешқандай да хабарым болған емес. Шындығын айтсам, тура сол жылдары менiң Сәдуақасовқа: колонизаторлармен күрес майданын тастап, барлық ақыл-ойын билеп алған және берiле iстеп жүрген партия мен кеңес мекемелерiндегi тiкелей атқарып жүрген қызыметтi тастап басқа жаққа кете қой деуiм, кеңес беруiм мүмкiн емес. Бұл пәлеқор Байдiлдиннiң маған қарсы бағытталған кезектi ойдан шығарылған жаласының бiрi.

Байділдин өзін партияның жолына түскен адам ретінде көрсетуге тырысқаннан бастап барлық жерде мені өзінің сыни нысанасы етіп таңдап алды. Әсіресе баспасөз бетінде қатты белсенділік көрсетті. Өзінің сөздерінде шешендікке салып, тұрпайы марксизмді жамылып, жала жабуға көшті... Ал баспасөзде дерексіз жала жабылды. Мұндай жаланы ол өзінің қызметтегі беделін өсіру үшін пайдалануға тырысты, газеттер мен журналдардың үстінен қарайтын оның жалғыз өзі екендігін көрсетіп қалуға ұмтылды.

Менiң шаруашылық мәселесiне қатысым туралы жайды тергеушi Попов маған былай түсiндiрдi: Ленинград қаласындағы менiң атыма жолдаған Ермековтiң хатында ол маған Қазақстандағы жергiлiктi халықтың жерге орналастыру барысында қысым көрiп жатқанын жазыпты-мыс. Сұрақ-жауап кезiнде мен тергеушiге онымен (Ермековпен – Т.Ж.) ешқашанда бұл тақырып жөнiнде хат жазыспағанымды айтып, бұл деректi жоққа шығардым. Осы хатқа байланысты мынаны есiме алдым. Ол менiң мекен-жайымды, менiң фамилиямды көрсетiп Ленинградқа хат жазыпты. Iшiн ашып қарағанымда ол хаттың маған арналмағандығын бiлдiм, өйткенi онда менiмен ол сiз деп сөйлесiптi, ал жасының үлкендiгiне байланысты олай жазуы мүмкiн емес едi. Соңынан бiлдiм, ол Әлихан Бөкейхановқа арналған екен, оның Ленинградтағы нақты адресiн бiлмеген Ермеков хатты мен арқылы жолдапты. Осы хатпен танысып шығуларыңызды қатты өтiнемiн.

*** *** ***



(№) О ПРЕКРАЩЕНИИ СЛЕДСТВИЯ ПО ДЕЛУ В ОТНОШЕНИИ НЕКОТОРЫХ ОБВИНЯЕМЫХ 1931 ГОДА ОКТЯБРЬ 29 ДНЯ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

1931 года октябрь 29 дня, г.Алма-Ата

Оперуполномоченный Особого отдела ПП ОГПУ КАССР – Попов, ввиду отсутствия в деле № 2370 достаточных данных для предания суду привлеченных к следствию по этому делу граждан:

Жангельдина Алдабека, Кенесарина Азимхана, Исаева Абыля, Кашкинбаева Ису, Буркутова Кенжегула, Сарсенова Далиля, Акаева Серикпая, Ходжанова Конгур-Ходжи, Киякова Жунуса, Токина Халида, Туркебаева Еспера, Алимханова Фазыл-Агзама, Акбаева Кажы-Мурата, Нурумова Габбаса, Кадырбаева Калмухамеда, Урдабаева Рамазана, Султанкулова Досмухамеда и Утегенова Садыка руководствуясь 202 ст. УКК



ПОСТАНОВИЛ:

Следствие по делу в отношении этих обвиняемых прекратить за недостаточностью собранных по делу доказательств, с чем уведомить прокурора, наблюдающего за производством следствия в органах ГПУ.

Опер.Упол. ОО ПП – Попов

Согласен зам,нач. ОО ПП – Волохов

(ІІІ том, 119 стр.)

*** *** ***



(№) Ә.ЕРМЕКОВ. 1931 ЖЫЛҒЫ 7-ҚАРАША КҮНГІ ЖАУАПТАН63

<...> 1926 немесе 1927 кеште Халел Досмұхамедовтің үйінде қонақта отырғанымызда ол маған және Елдес Омаровқа ертегіге айналып кеткен ежелгі әңгіме ретінде: Түркістандағы қозғалыс туралы, оған өзінің қатысқанын, мұның өзі Валидовпен жолығуы тиіс болғанын, бірақ та Валидовтің әйелі қайтып келген соң (Уфадан Ташкентке – Т.Ж.) мұның бармай қалғанын айтып берді. Кетіп бара жатқанда өзара: оның қай-қайдағыны бекер еске алғанына өкінісіп тарастық. Ашығын айта кетейін: тарихтың еншісіне айналып кеткен мұндай тылсым, жартылай күңгірт жайлар туралы шолақ сөздерді жиі тыңдауға болады және ол туралы жалпы қауесетті (нақтылы емес) партияда барлар да, жоқтар да білетін.
<...> ...20-жылдан 24-жылға дейінгі Семей губерниясындағы шағын қаладағы – Қарқаралыдағы ІІ басқыштағы мектептің меңгерушісі болған кездегі қызметім – басмашылар көтерілісіне қатысқандығымның айғағы ретінде танылып, маған 59 баптың 3-тармағы бойынша айып тағылыпты. Контрреволюциялық ұйымға қатысқандығыма қандай әрекетім айғақ болғанын білмеймін. Ал партия мен кеңес қызметінің шараларын бұрмалап пайдалануға тырысты делініп, 58-баптың 7-тармағы бойынша тағылған айыпқа келетін болсам, онда мен нақты адамдарды куәға тартамын және олардың біразы Москвадағы орталық мекемелерде істейді, мысалы, Семей мен Қызылордада – Досовпен, Ежовпен, банкте – Балпаевпен, Халық комиссарлары кеңесінде (жоспарлау комитетінде) – Нұрмақовпен, қазақ университетінде қазір МГУ-де деканның орынбасары боп жүрген – Мансұровпен бірге істедім... <...>
Мен өзім тұтқынға алынғаннан бері Попов жолдасқа: революцияның саяси жағдайы мен логикасы туралы пікірімді бірнеше рет қайталап айттым. Менің ойымша: Қазан төңкерісі Қазақстанда 28-жылдан бастап нақты күшіне кірді. Далалық жартылай феодализм мен капитализмнің тамыры енді ғана жұлына бастады. Бұрын саясатпен айналысқан адамдар осындай қысылтаяң сәттерде сынақтан өтуі тиіс» деп ойлаймын.

*** *** ***
(№)19 ҚАРАША, 1931 ЖЫЛ. ОО ПП-НІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ МОЛОХОВ ЖОЛДАСҚА. ЕРЕКШЕ ӨКІЛІ ПОПОВ ЖОЛДАСҚА
Мен өзімнің ешқандайда контрреволюциялық әрекетке қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін. Өзгелердің көрсетіндісіндегі жалған айғақтардың негізінде өзімнің айыпкер екенімді мойындасам, ерекше өкіл Поповтың тілеуін қанағаттандыратын сияқтымын. Өзімді айыпкер санаудан басқа жол қалмаған сияқты. Бұл маған берілген сыбаға іспетті.

Мен шындығында да астыртын ұйымға қатыссам, тергеушінің жүгі жеңілдейтіндей көрінеді. Айыбымды мойындау арқылы ғана өзімнің кінәмді жеңілдететін көрінемін. Бірақ та мен, шамамен, мүмкіндігім жеткенше өзгелердің айыптауларын жоққа шығара отырып, тергеу орындарының алдында өзімді ақтап алуға тырысамын. Сондықтан да сіздерден маған тағылған айыппен таныстыруды және мені астыртын ұйымға қатысты деп айғақ берген адамдармен бетпе-бет кездестіруді талап етемін.

Идеологиялық қателіктерім мен кейбір шараларға көзқарасымның тұрақсыз болғанына қарамастан, кейінгі он жылдың ішінде Қазақстан еңбекшілерінің ынтымағы мен мүддесі үшін саналы түрде адал қызмет еттім. Алда қанша өмір бар және қанша жұмыс істеймін, оны білмеймін, бірақ жалған айғақтарды мойындап, өзімді сатқын ретінде көрсете алмаймын. Менің ойымша бұл мәселе тергеу барысында толық анықталады және әшкереленеді деп ойлаймын. Контрреволюциялық ұйымға қатысымның жоқтығын және маған қысым жасау арқылы мойындатамыз деген емеуіріннің нәтижесіздігін дәлелдейді.

Алдыңғы көрсетінділерімде: менің өткен жылдардағы идеологиялық ауытқуларым – қазіргі социалистік құрылыс жүйесіне ешқандай зиян әкелмегендігін арым мен ожданыма сүйене отырып мәлімдегенмін. Менің өткендегі „Алашорданың контрреволюциялық әрекеттері тұсындағы идеологиялық ұстанымдары социалистік құрылыс қоғамына қарсылық емес, керісінше, консервативтік көзқарас болып табылады…



<...>
*** *** ***

(№) ПРЕДСТАВИТЕЛЮ ОГПУ КАЗАХСТАНА ОТ А.ЕРМЕКОВА ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО (№1)

Представителю ОГПУ Казахстана настоящее открытое письмо прошу огласить в печати и копию направить в КрайКом ВКПБ и приобщить к делу. Если не найдете возможным напечатать его, то прошу разрешить послать семье.

А.Ермеков.

(ІІІ том, 164 стр.).



*** *** ***

(№) ПРЕДСТАВИТЕЛЮ ОГПУ КАЗАХСТАНА ОТ А.ЕРМЕКОВА ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО (№2)

29.ХІ – 31 г.

Настоящее заявление пишу теперь сознательно. После окончания дела, чтобы оградиться от нападок безответственных людей, что мол, сделал в корыстных целях. Ермеков.

(ІІІ том, 165 стр.).



*** *** ***

(№) 1931 ЖЫЛЫ 17 ЖЕЛТОҚСАН. ТҰТҚЫН ЕРМЕКОВТІҢ ӨТІНІШІ

1931 жылы 17 желтоқсан. Тұтқын Ермековтің өтініші бойынша оның 28/ХІ – күні Өлкелік Комитеттің хатшысы Голщекиннің атына жолдаған өтініші қабылданбады.



*** *** ***

(№) АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бұрын «Алашорданың» құрамында болған және ұлтшыл контрреволюциялық ұйымға кiрген, сонымен қатар олармен байланысы бар ұлтшылдардың үстiнен қозғалған № 2370-iске

1. ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Ақпан төңкерiсiнен кейiн ұлтшыл «Алаш» партиясының құрамына кiрген, «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi болған, сондай-ақ орыстың ақгвардияшыл казактарымен, контрреволюцияшыл генерал Колчактың армиясымен бірігіп кеңес өкiметiне қарсы ашық күрескен, кейiннен контрреволюциялық армия мен үкiметке кешiрiм жасалғаннан соң да контрреволюциялық ұйымның ұйытқысы болған қазақтың ұлтшыл-буржуазияшыл интеллигенциясының өкiлдерi кеңеске қарсы қылмысты әрекеттерiн жалғастырып келдi.

Қылмысты iс бойынша айыпқа тартылып отырған бұрынғы алашордашыл Әлiмхан Ермеков 1921 жылдың басында, Мәскеу қаласында әйгiлi ұлтшыл Байтұрсыновпен (қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымына қатысқаны үшiн ОГПУ-дiң коллегиясының шешiмi бойынша 1930 жылы сотталған) бiрге башқұрт ұлтшылы Валидовпен кездесiп, контрреволюциялық ұйым ашуға келiскен, оның орталығына Орынбор қаласын таңдап алды (№ 541784-iс, 1 т., 10-парақ).

Мұның артынан iле-шала айыпқа тартылып отырған Досмұхамедов Халел мен М.Дулатов (ОГПУ коллегиясының шешiмiмен сотталған) Ташкент қаласында осы астыртын контрреволюциялық ұйымның бөлiмшесiн құрған, оның құрамына айып тағылып отырған: Досмұхамедов Халел мен Жаhанша, Тынышбаев Мұхамеджан, Үмбетбаев Алдаберген, Мұңайтпасов Әбдiрахман және басқалар кiрген, Орынбормен тiкелей байланыстары болған және айыпкер Досмұхамедов Халел мен Жаhанша және Тынышбаев Мұхамеджан дайындаған бағдарламаны қабылдаған, оның негiзiне «Алаш» партиясының бұрынғы бағдарламасының талаптары өзек етiп алынған, яғни, олардың түпкi мақсаты – кеңес өкiметiн құлату, құрылтай жиналысын өткiзу арқылы қазақтың ұлттық-демократиялық республикасын құру, бұл мақсаттарына жеткенше ұлтшылдарға сықап тұрған кеңес өкiметiнiң мекемелерiн пайдаланып, мәдениет майданын қолына алып, жастарды көтерiлiске дайындап, кеңестiк саясатты «Алаштың» бағыт-бағдарына сай бұрмалап отыруды көздедi (№ 2370-iс, 1 т., 106, 1126, 123 және 179-парақтар, № 541784-iс, 4 т., 21, 80, 90 және 92-парақтар).

Семей және Петропавл қалаларында осы ұйымның бөлiмшелерi құрылды, оларға жауапқа тартылып отырған Ермеков Әлiмхан мен Тiлеулин Жұмағали жетекшiлiк еттi. Өзiнiң iс-әрекетiн кеңейту мақсатымен Ташкент бөлiмi Алматы, Әулие-Ата, Шымкент, Түркiстан, Қазалы және басқа да қалалардағы ұлтшылдарды бауырына тартып, ұйымның құрамына енгiздi, жергiлiктi жерлерде өзiнiң бөлiмшелерiн ашуға тырысты.

Қазақстанның аштыққа ұшыраған тұрғындарына көмек көрсету үшiн 1922 жылы құрылған „Аштарға көмек көрсету” комиссиясын астыртын ұйымға жаңа мүшелер тартуға пайдаланды, айыпқа тартылған Әуезов Мұхтар мен А.Байтұрсыновтың ұсынысы бойынша Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне үндеу жолданды, Орынбор қаласында тұрған аштарға көмек көрсету комиссиясының құрамындағы астыртын ұйымның мүшелерi ұйымға адам тартумен айналысты, мысалы, айыпкер Досмұхамедов Жаhанша бұрынғы Жетiсу облысындағы аштарға көмек көрсету комиссиясының өкiлi, Алматы қаласының тұрғыны айыпкер Сүлеев Бiләлдi ұйымға тартты, оған ұйымның бағдарламасының бiр данасын тапсырды. Бағдарламаның бiр данасы аштарға көмек комиссиясының Жетiсу облысындағы Лепсi ауданындағы өкiлi Күдерин Жұмаханның қолына тиген (№ 541784-iс, 1т., 403 және 404-парақтар, № 2370-iс, 1 т., 177, 178 және 179-парақтар).

Ташкент қаласындағы Қазақтың ағарту институтының жанынан құрылған студенттердiң контрреволюциялық ұйымы студенттердің әскери жасағын ұйымдастырды, бұл «Қазақ халқының сатқындарына» қастандық ұйымдастыратын жауынгер жасақтың мiндетiн атқарды. Соның iшiнде, Оқу-ағарту комиссары С.Қожановты өлтiру туралы шешiм қабылдады, оны айыпқа тартылған Мұңайтпасов Әбдірахман өлтiруге тиiстi болды. Бұл жасақтың құрамына айыпқа тартылған Қожамқұлов Нәшiр мен тағы басқалар кiрдi (№ 2370-iс, 1 т., 383-парақ, 2 т., 659, 660 және 701-парақ. Соңғы парақтар өшiрiлiп тасталған. Зады айтылған айыпты дәлелдеуге еш қатысы болмаса керек – Т.Ж.).

Кеңес өкiметiн құлату мақсатына орай контрреволюциялық ұйым Орта Азиядағы басмашылар тобын әскери күш ретiнде пайдаланбақ болған, сөйтiп Ферғана басмашыларының басшысы Жанұзақовқа және басмашылардың жетекшiсi – Орта Азиядағы контрреволюциялық ұйымның көсемi Заки Валидовке өкiлдер жiберген, сонымен соңғы адамға (Валидовке – Т.Ж.) барған Үмбетбаев Алдаберген оны ұйымның мүшелерiмен жолықтыру үшiн Ташкентке жасырын алып келген, оны айыпқа тартылған Қожамқұлов Нәшiрдiң үйiне жасырып ұстаған (№ 2370-iс, 1 т., 23, 42, III және 259-парақтар, 2 т., 678-парақ).

Тура сол мақсатпен 1922 жылы қиыр шетте жатқан Адай, Сарысу және Қызылқұм аудандарында әскери күш жасақтау үшiн жетекшi әскери мамандарды даярлауды ойластырған. Соның нәтижесiнде, ұйымның мүшесi Әдiлев Дiнмұхамед (ОГПУ-дiң коллегиясының шешiмiмен сотталған) Сарысу ауданында бандылардың тобын құрып, жетекшiлiк еттi, iшiнде оның туысы Әдiлев Байсейiт те бар, ал жауапқа тартылған Үмбетбаев Алдаберген ұйымының тапсырмасы бойынша Қазақ ағарту институтындағы студенттерге әскери жаттығу сабағын жүргiзген, мұндағы мақсат – ұлттық командирлердi дайындау едi.

Қазақстанның партия ұйымдарындағы оңшыл элементтермен тығыз байланыс жасай отырып, оларға жасайтын ерекше ықпалын ескере келiп, астыртын ұйымның мүшелерi оңшыл оппозициялық элементтердi партияның 12-съезiнде өз мүдделерiн жүзеге асыруға пайдалану үшiн арнайы дайындық жүргiздi, сол үшiн ұлттық мәселе жөнiнде тиiстi ұсыныстар жасады, оның басты мақсаты – «ұлттық-мәдени автономияны» талап ету болды. Үндеуге – Бөкейханов, Байтұрсынов, Сәдуақасов Смағұл, Досов және айыпкер Омаров Әшiм қол қойды.

Осы үндеудегi бағыт-бағдарды қолдай отырып, айыпталушы Әуезов Мұхтар Қазақстанның партия және кеңес мекемелерiндегi отарлаушылық пиғылдармен күрес дегендi желеу етiп, астыртын ұйымның мiндеттерiне сай келетiн шараларды жүзеге асыруда аса белсендiлiк танытты. Орынбор қаласында өткен Қазақстан кеңес қызметкерлерiнiң 2-съезi кезінде ол съезге қатысқан уәкiлдердiң iшiнен тек қана қазақтарды – ұлтшыл коммунистер мен партияда жоқ ұлтшылдарды жеке жиып алып, мәжiлiс өткiздi, онда «Отарлаушылардың шабуылы және онымен күресудiң әдiс тәсiлдерi» туралы мәселе қаралды. «Отарлаушылықпен» күрес жөнiндегi Әуезовтiң ең жақын қолдаушылары астыртын ұйымның мүшесi Сәдуақасов пен айыпталушы Омаров Әшiм болды. Сәдуақасовтың мақсаты сәтсiздiкке ұшырап, партиядан шығып қалу қаупi төнгенде, Әуезов оған Ташкентке баруды ұсынды, содан әрi қарай Ферғанадағы басмашыларға жетiп аласың деп кеңес бердi, ал Ташкенттегi қазақтың астыртын ұйымы олармен байланыс жасап тұратын (№ 541784-iс, 1 т., 251, 255, 398-405-парақтар).

Валидов пен ұлтшыл Мұстафа Шоқай шет елге қашып кеткен соң, ұйым олармен астыртын байланыс орнатты, ол үшiн шет елге оқуға барған ұйымның мүшелерi Бiрiмжановты, Битiлеуовті және айыпталушы Мұңайтпасовты пайдаланды. Басымашылар талқандалған соң, ұйым өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатты, бiрақ та бұрынғы мүшелер бiрiн-бiрi тез тапты, олар өзара тығыз байланыста болды, ұйымның ортақ мүшесi ретiнде бір-бiрiмен тез тiл табысты. Ұйымның бұрынғы мүшелерi – алашордашылар кеңес өкiметiмен ашық күресу туралы әрекет қимылын өзгертiп, ендi кеңес мекемелерiне (әсiресе, Жер жөнiндегi халық комиссариаты мен Оқу-ағарту комиссариатының мекемелерiне) және партия ұйымдарына кiрiп алуды ойластырды, ондағы ойы – өздерiнiң мақсаттарына сәйкес партия мен кеңес өкiметiнiң саясатын өздерiнiң мақсаттарына қарай бұрмалап, өзгертiп отыру болды. «Әнуар паша мен Валидов бастаған көтерiлiс жеңiлiс тапқан соң бiздiң ұйым мұндай бағыттан бас тартты да, қазақ халқының тағдырына қатысты мәселелердi мүмкiндiгiнше: «Алашорданың» идеологиялық рухына сәйкестендiрiп жүргiзу үшiн кеңес мекемелерiн пайдалануды көздедiк, оған өз адамдарымызды орналастыру, сөйтiп сол адам арқылы мекемелерге және жекелеген жауапты партия қызметкерлерiне – қазақтарға ықпал жасау жөнiнде шешiм қабылдадық» (Тынышбаевтің 1930 ж. 7.08. күнгi жауабынан, № 2370-iс, 1 т., 275-парақ)».

«Бiздiң басты мақсатымыз – кеңес өкiметiнiң саясатына өзiмiздiң ықпалымызды жүргiзу үшiн және оны бiз ойлаған бағытта жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк басқару аппаратына өз адамдарымызды барынша көп кiргiзуге ұмтылдық. Бұған қызметкерлердiң (қазақ – Т.Ж.) жетiспеушiлiгі де септiгiн тигiздi, соның нәтижесiнде аппаратқа өз адамдарымызды өткiзудiң сәтi түстi. Содан кейiн бiз өзiмiз жақсы танитын аппарат қызметкерлерiне тiкелей ықпал жасадық. Сөйтiп, мақсатымызға жеттiк. Тынышбаев, Қожықов пен Есполов – Жер жөнiндегi комиссариатқа, Қашқынбаев – Денсаулық сақтау комиссариатына, Бiрiмжанов – газет редакциясына, мен – ғылым жөнiндегi комиссияның құрамына, Ж.Досмұхамедов те соның құрамына кiрдi. Бiз өзiмiз идеологиямызды осындай жолмен жүзеге асырдық. Сонымен қатар бiз әр түрлi жиналыстар мен мәжiлiстердi де пайдаландық, оларға өз адамдарымызды қатынастырып отырдық» (Досмұхамедов Халелдiң жауабынан. 22.IХ.1930. № 2370-iс, 1 т., 220-парақ).

1928-1929 жылдары ОГПУ мекемелерi астыртын ұйымның бұрынғы мүшелерi Байтұрсыновты, Дулатовты, тағы да басқаларын тұтқындаған болатын. Бостандықта қалған ұйым мүшелерi уақытша бұға тұруды көздеп, ешқандай әрекет етпеуге тырысты, сол уақытта Байтұрсыновтардың ұсталу себебiне байланысты айыпталушылар – Ермеков пен Досмұхамедовтің арасында өзара талас туды. Олардың ұсталуына Ташкенттегi ұйым мен оның жетекшiсi Досмұхамедов кiнәлi деп айып тақты, ал екiншiсі құрамына Ермековтің өзi жүрген Орынбордағы ұйым мен Семейдегi бөлiмше кiнәлi деп жауап бердi. Бұл жөнiнде Ермековтің пiкiрiн Қадырбаев Сеидазым қолдап сөйледi (№ 370-iс, 1 т., 262 және 263-парақ, 2 т., 702, 703, 721-727, 733-735 және 736-740-парақтар).

Халел Досмұхамедов 1929-1930 жылдардың қысында Жаhанша Досмұхамедовтің кеңесi бойынша Мәскеудегi Ә.Бөкейхановқа барып, Ермеков пен арадағы таласты қалай шешудiң жолын және Байтұрсыновтың тобының тұтқындалуына байланысты әрi қарай не iстеу керек екендiгiн ақылдасты. Ол (Бөкейханов – Т.Ж.) ұйымның өзге мүшелерi де тұтқындалуы мүмкiн екендiгiн ескере келiп Халел Досмұхамедовке: «Тұтқындала қалған жағдайда өздерiңдi өздерiң мықты ұстаңдар, ешнәрсенi де мойындарыңа алмаңдар, ал кейбiр құжаттар сақталып қалса, оны Ә.Ермековке сақтауға берiңдер, Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң мүшесi ретiнде қазақстандық үкiмет оған сенедi»,– деп нұсқау бередi. Алматыға келе салысымен Досмұхамедов бұл жайды Ермеков пен Тынышбаевқа, кейiннен Ж.Досмұхамедовке айтты, олардың барлығы да Бөкейхановтың нұсқауын мақұлдады және алда-жалда тұтқындала қалған жағдайда ештеңенi де мойындамауға келiстi (№2370-iс, 1 т., 208, 222-парақтар, 2 т, 702 және 703-парақтар).

Өзара байланыстары мен iс-қимылдарын құпия ұстау үшiн ұйымның бұрынғы мүшелерi тек қана екi-екiден екеуара ғана кездесiп, мүдделi мәселелердi талқылады, оған айыпталушы Тынышбаевтің: «Соңғы уақытта бiздiң ұйымымыз ешқандай да жиналыс пен кеңес өткiзген жоқ, екi-екiден екеуара ғана жолығып, мүдделi мәселелердi талқыладық. Сондай-ақ, Ермековпен де, Досмұхамедовпен де жеке-жеке кездесiп, олармен болған әңгiмеде... кеңес өкiметiнiң саясатын айыптадық» (Тынышбаевтің жауабынан. 3.IХ.1930.№ 2370, 1 т., 125-парақ),– деп жауап бердi.


2. ҰЛТШЫЛ КОНТРРЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҚАСТАНДЫҚТАР
1. ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

«Ұйымының негiзгi мақсатты бағдарламасының бiрi – жер мәселесi болды, мұны шешу арқылы олар «Алаш» партиясының ауыл шаруашылығы жөнiндегi бағдарламасын, яғни, жердi ең алдымен бұратана тұрғындарға (иә, кеңес өкiметi үшiн қазақтар тек қана «бұратана» болып қалды – Т. Ж.) ешқандай кесiмсiз қажетiнше бөлiп беруге және ру-руымен қоныстандыруды жүзеге асыруға тырысты. Бұл бағдарлама бойынша, жергiлiктi тұрғындар толықтай жермен қамтамасыз етiлгеннен соң ғана Қазақстанға сырттан келген қоныстанушыларды орналастыруға болады, ал қазақ жерiне бұрыннан орналасып қалған қоныс аударушылар ол жердi қазақтарға керi қайтарып беруге тиiстi едi. (...) Ташкент қаласында, Түркiстан Атқару комитетiнде, ауыл шаруашылығы факультетiнiң үйiнде өткен Жер мәселесi жөнiндегi ұйымның мәжiлiсiне Досмұхамедов, Тынышбаев, тағы да басқа адамдар қатысып, жоғарыдағыдай көзқарас бiлдiрген және Жер реформасын жүргiзетiн өкiлдiктiң құрамына өз адамдарын кiргiзудi ұйғарған (№ 5417 – iс, Тынышбаевтің жауабы, № 2370-iс, 275-бет).

Айыпкер Тынышбаев бұл жөнiнде мынадай куәлiк бердi: «1923 жылы, Мемлекеттiк университеттiң үйiнде профессор Қожанов жерге қоныстандыру мәселесi туралы баяндама жасады. Бұл жиналыста бiздiң ұйымнан: мен, Есполов және Досмұхамедов Халел сөйледi. Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан бiз, өзiмiздiң бағдарламамызға орай, жерге ең алдымен негiзгi тұрғындар орналастырылсын деген пiкiрдi қорғадық» (Тынышбаевтің 1930 ж. IХ. 3. күнгi жауабынан № 2370-iс, 1 т. 4-парақ).

«1923 жылғы Жетiсу губерниясындағы жер реформасы кезiнде, Жер жөнiндегi халық комиссарының мiндетiн атқарушы Есполов жетекшiлiк еткен техникалық кеңестiң құрамына – мен және Қожықов мүше боп кiргеннен кейiн, бiздiң ұйымымыздың жер мәселесi жөнiндегi бағдарламасын кеңiнен жүзеге асыруға мүмкiндiк туды. Соның нәтижесiнде, Талдықорған ауданының Шұбар селосында жаппай наразылық туды» (сонда, 4-парақ. Тынышбаевтің 1930 ж. IХ. 3 күнгi жауабынан).

«Тысқары жерден Қазақстанға келiмсектердi орналастыруға бұрын да қарсы тұрдық және ұлтшыл ұйымның мүшесi ретiнде қазiр де келiмсектерге қарсымыз. Бұл өзi ежелден келе жатқан бiздiң ұйымымызбен тiкелей тарихи байланысы бар мәселе» (№ 2370-iс, 1 т., 125-парақ, Тынышбаевтің 1930. IХ. 3 күнгi жауабынан).

«Жер мәселесiне бiз қатты мүдделi болдық және жерге қоныстандыру мәселесi бiздiң ұйымымыздың мүддесiне сай жүргiзiлуiн қаладық. Бұл мақсатқа бiз Жер жөнiндегi комиссариаттағы бiздiң ұйымымыздың мүшелерi арқылы, оның iшiнде – Есполов пен Тынышбаев арқылы қол жеткiздiк» (№ 2370-iс, 1 т., 205-парақ. Досмұхамедовтiң 30 ж. IХ. 12 күнгi жауабынан).

«Қазақстанға келiмсектердi жолатпауға тырысып, бұны патшалық отарлау саясатының жалғасы ретiнде көрсеттi, ұйым жердi жергiлiктi тұрғындарға бекiтiп берудi, сөйтiп Қазақстанда басы артық жер жоқ екендiгiн дәлелдеуге ұмтылды» (№ 541784-iс, 1 т., 98-102, 220-222-парақтар).

Жерге қоныстандыруды осындай кезек сақтай отырып жүргiзудi және жер бөлiп берудi дәл осы негiзде жүзеге асыруды қамтамасыз етуі үшiн ұйымның бұрынғы мүшелерi жер кесiмiнiң мөлшерiн ғылыми тұрғыдан тиянақтауды талап еттi. Осы мақсатқа жету үшiн Бөкейхановтың тiкелей ұйымдастыруымен Ғылым академиясының арнайы экспедициясы жасақталды, оны Бөкейхановтың с-р-дағы (социал-революциялық партияның – эсердiң мүшесi – Т.Ж.) пiкiрлесi профессор Швецов басқарды; экспедиция мүшелерi Жер жөнiндегi комиссариаттың жауапты қызметкерлерi Қаратiлеуов пен айыпкер Мұрзин Мұхтардың iрiктеуi бойынша тек қазақ шәкiрттерiнен құрылды. Экспедиция өзiнiң ғылыми жұмысын: жерге қоныстандырудың ғылыми тұжырымын негiздеу және Қазақстанда басы артық жер жоқ деген пiкiрдi дәлелдеу бағытында жүргiздi» (№ 541784-iс, 1 т., 103-111-парақтар).

Швецовтың экспедициясының жұмысына экспедиция жетекшiсiнiң орынбасары ретiнде Ә.Бөкейханов та қатысты, сөйтiп, ол «Қазақстан – қазақтар үшiн ғана!» деген ұранды заң жүзiнде бекiтуге ұмтылды, сондай-ақ Ташкенттегi жоғары оқу орынының профессоры Успенскийге КССР-дiң Жер туралы кодексiн жасауға тапсырма бердi, ол ұсыныс 1927 жылы Өлкетану бюросының жиналысында жауапқа тартылған Бұралқиев Мұстафа мен Омаровтың, тағы да басқалардың қатысуымен қабылданды (№ 541784-iс, 1 т., 10-парақ).
2. МӘДЕНИЕТ МАЙДАНЫ

Өздерiнiң жолын қуатын iзбасарларды дайындаудың аса маңызды мәселе екендiгiн ескере келiп, ұйым мүшелерi оқушы жастарды өздерiнiң қарамағына iлiктiру үшiн белсендi түрде қимылдады және оларды ұлттық рухта тәрбиелеуге ұмтылды.

«...1926 жылы оқу-ағарту институты бiздiң ықпалымыздан шығып кеттi, оның есесiне Ташкенттегi жоғары оқу орындарындағы партияда жоқ жастарды өзiмiздiң ықпалымызға қаратып алдық. Бiз мұны жоғары оқу орындарында оқып жүрген Байтасов пен Ысқақов арқылы жасадық. Бұл 1924-1926 жылдары жүргiзiлдi (Досмұхамедовтiң 22.IХ.30 жылы берген жауабынан № 2370-iс, 1 т., 220-бет).

Жастардың арасындағы өздерiнiң ықпалын күшейту үшiн және ұлтшыл рухтағы жастарды дайындау арқылы өздерiнiң идеяларын бұқара қауымның арасында кеңiнен тарату үшiн контрреволюциялық ұйым баспасөздегi, мәдени-ағарту мекемелерiндегi және ғылыми-зерттеу мекемелерiндегi, жоғары оқу орындарындағы, ең бастысы, әдебиет саласындағы контрреволюциялық әрекеттерiн өршiте түстi.

Астыртын ұйымның бұрынғы мүшелерiнiң көмегімен басылып шыққан кiтаптар – бұқара халықты ұлттық рухта тәрбиелеуге, хан мен батырлардың дәуiрiн аңсау сарынына, кеңес өкiметiне наразылық тудыру рухына бағытталды.

Жекелеген әдеби еңбектердi дайындау белгiлi бiр тәртiп бойынша жүргiзiлiп, ұйым мүшелерiне өзара бөлiнiп берiлдi. «Алқа» атты астыртын әдеби үйiрменiң өмiр сүруi әдеби еңбектердi белгiлi бiр тәртiп бойынша бөлiсiп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев Мағжан және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов Халел, Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты.

«Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түстi… Әуелi Аймауытов, содан кейiн Кемеңгеров келiп қосылып, бiздiң iсiмiздi жүргiзiп отырды. Өзiмiздiң ықпалымызды баспасөз арқылы кеңiнен тарату үшiн бiз барлық күшiмiз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйiрмесiнiң пайда болуы да соның нәтижесi. Бұл iстi тiкелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшiн келiп тұрды, мен оларға өзiмнiң нұсқауларымды бердiм» (Досмұхамедов Х., № 2370-iс, 1 т., 221-парақ).

«Алашордашылар» көркем әдебиетке ерекше көңiл бөлдi. Олардың көзқарасын бұқара халыққа кеңiнен таратуда пьесалар, өлеңдер, ескi әдебиеттiң нұсқалары, әңгiмелер мен фельетондар, тағы да басқа жанрлар таптырмайтын оңтайлы құрал болды... Бұған қоса Байтұрсынов: қазақ жазушылары өзiнiң туындыларында тек қана қазақ ұлтының мұқым мүддесiн қорғауы тиiс деп үндеу тастады... Әуезов Мұхтар мен Ысқақов Даниал да 1923 жылы осыған үндеді, әдебиет мәселелерiн ұлтшылдық бағытта талдады, өздерiнiң мақалаларында Аймауытов пен Кемеңгеров те солай iстедi» (Байдiлдин, № 5441 784-iс, 4 т., 134-парақ»).

«Бұдан кейiнгi жылдарда кеңес өкiметiне қарсы ашық пiкiр бiлдiре алмадық, оны жүзеге асыра қоятындай күш болмады, сондықтан да барлық күштi кеңес мекемелерiндегi қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкiметiнiң науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық» (Тынышбаев, № 2370-iс, 1 т., 131-парақ).

«...мәдениет майданындағы жұмыстарды толықтай, ұйымды қаражатпен қамтамасыз ету үшiн шаруашылық саласын жарым-жартылай қолға алуға шешiм қабылдадық. Бiздiң тобымыздың тiзiмiн Рысқұловқа берiп, жұмысқа жауапты қызметке қоюды ұсындық. Ұйымның өкiлi ретiнде Рысқұловқа бұл тiзiмдi мен және Әдiлев апарды. Берiлген тiзiм оны толық қанағаттандырды... Менi ұйымның атынан Оқу-ағарту коллегиясының мүшесi етiп бекiттi...» (Қашқынбаев, № 2370-iс, 1 т., 378-парақ).

«...бiздiң ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкiметiнiң мемлекеттiк басқару аппараты арқылы жүргiзiлiп, iске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында бiз көп iс тындырдық.

а). Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов және Ысқақов қызмет iстедi.

б). 22-жылға дейiн Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейiн Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейiн Сәдуақасов келдi, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрдi, бiр кезде Ташкенттегi институттың директорлығының мiндетiн Әдiлев те атқарды.

в). Қазақ мәдениетi мен ағарту iсiнiң жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерiнiң құрамында: Х. Досмұхамедов төраға, Есполов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев және Ж. Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды.

г). Қазақтың мемлекеттiк баспаларында – Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылорда да), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет iстедi.

д). Оқулықтарды – Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов Х. және («Алашорданың» кезiндегi идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды.

е). Аударма әдебиеттерiмен – Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов (аудармалардың мағынасын бұрмалап) керексiз, кеңес мектептерi мен бұқара халыққа аса қажеттi емес кiтаптарды аударумен шұғылданды».

ж). Қазақ тiлiнде мыналар: Х. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсiз кезiндегi өмiрiн жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдiретiн баяндайтын ежелгi әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездiң табиғаты мен ауыл өмiрiн эпикалық сарында әспеттей суреттедi, оларды үлгi етiп көрсеттi), Жұмабаев (сол сарындағы әндер мен өлеңдер), Тынышбаев (орыс тiлiнде – кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсiз өмiрдiң, өзге халықтарға тәуелсiз күн кешкен тарихын) кiтап етiп бастырып шығарды.

з). Ескi араб әлiпбиiн жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е. Омаров, Байсейiтов Әзiз.

и). Тiлдiң тазалығы үшiн күрескендер (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х. Досмұхамедов.

к). Маркстiк қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеологиясының негiзiнде мектепке: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Байтасов, Жәленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейiтов Әзiз, Әдiлев, Әуезов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды.

л). Баспасөзде пiкiр бiлдiргендер: («Ақ жол» және басқа да «Алашорданың» идеологиялық ықпалында болған басылымдар арқылы): Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Әуезов, Есполов, Аймауытов, Омаров Уәлихан, Досмұхамедов Х., Қашқынбаев, Қожамқұлов, т. б.

м). Көпшiлiктiң алдында лекция оқып, баяндама жасағандар (қазақтың мәдениетi мен тарихын, өмiрiн «Алашорданың» идеологиясы» тұрғысынан түсiндiргендер): Досмұхамедов, Есполов, Қашқынбаев, Жұмабаев, Әуезов, Тынышбаев – бұлар Ташкенттегiлер, Орынбордағыларды бiлмеймiн, Қожанов та баяндама жасаған, Асфандияров пен И. Тоқтыбаев және басқалар да араласты.

н). Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов Х, (университеттiң ашылу кезiнде Байтұрсынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледi).

Осы кезде шыққан кiтаптардың көпшiлiгi «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектерi сол идеямен қаруланып шықты (Тынышбаевтің 3. Х. 30 ж. жауабынан. № 2370-iс, 1 т., 277-278-парақтар).

Соңғы уақытта, Тынышбаев және басқа да астыртын ұйымның мүшелерi түрмеге қамалғаннан кейiн, ұйым мүшелерi Оқу-ағарту комиссариаты мен жоғары оқу орындарына, оның iшiнде қазақ мемлекеттiк университетiнiң маңына топтаса бастағаны байқалады.

Қазақ жастары оқып жатқан Қазақ мемлекеттiк университетiне, бiз өзiмiздiң идеологиямызды кеңiнен таратуға мүмкiндiк беретiн оқу орыны ретiнде қарадық. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрiп шыққан соң мектептерде сабақ беретiн, қалың бұқарамен тығыз байланыста болатын жастарды оқытады, сондықтан да, бiз үшiн жастарды «Алашорданың» рухында тәрбиелеудiң маңызы ерекше болды.

ҚазМУ-дiң ректоры Асфандияров пен оның орынбасары Жандосов бiзбен жақсы араласып тұрды және бiзге сендi, сондықтан олар бiздiң пиғылымызды аңғарған жоқ. Мысал үшiн, бiздiң оқу орындарындағы жүргiзген әрекетiмiз туралы маған Доcмұхамедов хабарлаған бiр жайды айта кетейiн: Досмұхамедов ҚазМУ-де рефлекстанудан дәрiс бердi және шәкiрттерге маркстiк емес тұрғыда түсiнiк бердi. Мұны байқап қалған студенттер, одан сабақты маркстiк тұрғыдан түсiндiрудi талап етiптi. Сонда ол: мен марксшыл емеспiн, сондықтан маркстiк тұрғыдан түсiндiрiп бере алмаймын, рефлекстануды маркстiк негiзде оқытатын адамды өздерiң тауып алыңдар, – дептi (Тынышбаевтің 4/Х – 30 ж. жауабынан № 2370-iс, 1 т., 312-парақ).

Тағы да ол: «Оқу-ағарту комиссариатының нұсқауы бойынша бiз оқу орындарында қызмет етуге және кейбiр кiтаптарымызды шығаруға мүмкiндiк алдық. Досмұхамедов пен Ермеков – ҚазМУ-де, Сүлеев – Семейдiң Аймақтық оқу-ағарту бөлiмiнде қызмет еттi» (Сонда, 31 - парақ), – деп көрсеттi.

Досмұхамедов Х.: «...байдың балаларын ҚазМУ-ден шығарып тастаған кезде мен оны (Асфандияровты – тергеушiлердiң ескертуi – Т.Ж.) бұлар: байдың балалары емес деп сендiруге тырыстым (Досмұхамедовтiң 21 IХ – 1930 ж. жауабынан. № 2370-iс, 1 т., 209-парақ)».

3. 1928 ЖЫЛҒЫ БАЙЛАРДЫҢ МАЛ-МҮЛКIН ТӘРГIЛЕУ НАУҚАНЫНА ҚАРСЫ ЖҮРГIЗIЛГЕН ӘРЕКЕТТЕР.

Жер мәселесi жөнiндегi өздерiнiң негiзгi мiндеттерiн шешуге ұмтылған астыртын ұйымның мүшелерi Қазақстанда асырылып жатқан өзге де кеңестiк науқандар мен түрлi шаралардың мән-мазмұнын бұрмалап көрсетуге тырысты.

1928 жылы байлардың мал-мүлкiн тәркiлеу науқанына дайындық жүргiзу барысында олар байлардың тәркіленуге тиiстi мал мен мүлкiнiң мөлшерiн (нормасын) неғұрлым көтерiп көрсетуге (мысалы: тәркіленуге жататын мал санының кесiмдi мөлшерiн белгiлi бiр дәрежеден төмендетпеу керек. 50-60 қойы бар қазақты байлардың қатарына қоспау керек деген ұсынысты айтып отыр – Т.Ж.) тырысты, сөйтiп, белгiленген мөлшерден көп мал мен мүлкi бар байлардың шаруашылығын жоюға қарсы шықты.

Ұйымның жекелеген мүшелерi өзара хат арқылы пiкiр алысып, бұл мәселе жөнiнде қоғамдық пiкiр қалыптастырды және ұйым мүшелерiмен байланысы бар, осы науқанның дайындық жұмысына тiкелей қатысып отырған ұлтшыл кеңес қызметкерлерiн өз мүдделерiне пайдаланды, ал үкiметтiң жоспарлау мекемелерiндегi ұйым мүшелерi бұған тiкелей ықпал еттi.

Ташкент қаласында тұрған айыпкер Ә.Ермеков 1928 жылы ақпан айында осы ұйымның мүшесi, Ленинград қаласындағы М. Әуезовке: «Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiңнен өзiң қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды»,– деп жазды (№ 541784-iс, 5 т., 192-парақ).

Ал М.Тынышбаев: «1928 жылы Қазақстанның үкiмет орындары байлардың мал-мүлкiн тәркiлеу науқанына дайындық жүргiзiп жатқан кезде, мал-мүлкi тәркiленiп өздерi жер аударылуға кесiлетiн байлардың санын азайту үшiн бiз тәркіленуге жататын шаруашылықтың мал санының мөлшерiн неғұрлым жоғары белгiлеу туралы қоғамдық пiкiр қалыптастырдық... Мұның барлығы Мемлекеттiк жоспарлау мекемесi мен Жер жөнiндегi комиссариатқа тiкелей байланысты едi. Ол кезде Мемлекеттiк жоспарлау мекемесiнде бiздiң ұйымның мүшесi Ғаббасов Халел қызмет iстейтiн, ол бiздiң мақсатымызды жүзеге асыруға тырысты, ал бiздiң ұйымның ықпалында болған, бiздiң ұйымымызбен кездесiп, келiссөз жүргiзген Сұлтанбеков Жер жөнiндегi комиссариатта жұмыс iстейтiн»,– деп көрсеттi (Тынышбаевтің 1930 ж. Х. 4 күнгi жауабынан. № 2370-iс, 1 т., 313-парақ).

Сонымен қатар, аса iрi байлардың шаруашылығын жою туралы қаулыдағы тәркiленуге тиiстi байлардың тiзiмiн алдын-ала бiлiп алған ұйым мүшелерi аудандарды аралап, алдағы жүргiзiлетiн науқанға кесiрiн тигiздi, жалған мал шаруашылығының мойынсерiктерiн құрды, iрi шаруашылықтарды ыдыратты, сондай-ақ бұл iске байлардың туыстық, рулық жақындығы бар ауылнайлар мен аудандық әкiмшiлiктiң қызметкерлерiн тартты (№ 2370-iс, 1 т., 313-парақ).

Куәгер Байсеңгіров: «Міржақып Дулатов Мерке ауданында болған кезде өзінің маңына жиналған осы ауданның байларына ол тәркілеу науқанына қатысты мәселелер жөнінде науқанның мақсатына қарсы бағытталған бірнеше нұсқаулар берді» – деп көрсетті (Байсеңгіровтің 1928 ж. ІХ. 25 күнгі жауабынан. № 2370-іс, 2 т., 888-890-парақ).

«Бiз, ұйым мүшелерi, байлардың жер аударылуына және олардың мал-мүлкiнiң тәркiленуiне қарсы шара қолданып, оларға алдын-ала ескертiп отырдық, сөйтiп науқанның жүргiзiлуiне бөгет жасадық. Соның iшiнде, менiң өзiм бiреулер арқылы Тұрысбековтерге, Тәңiрбергеновтерге және Есенқұлға және басқаларға, сонымен қатар Лепсi уезiндегi өзiм шыққан «найман» руының байларына хабар бердiм (Тынышбаевтің жауабынан, № 2370-iс, 1 т., 125-парақ және Х. Досмұхамедовтiң жауабынан, 207-парақ)».

4. ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ КОЛЛЕКТИВТЕНДIРУ НАУҚАНЫНДАҒЫ БҰРМАЛАУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР

Сондай-ақ, астыртын ұйымның мүшелерiнiң жат пиғылдары шаруашылықтарды коллективтендiру науқаны тұсындағы бұрмалаушылықтарынан, оны болдырмауға тырысып баққан әрекеттерiнен байқалды. Коллективтендiрудiң жүзеге аспай қоймайтынына, бұл шараларға тұрғындардың ерекше белсендiлiк танытып отырғанына көздерi жеткен соң, олар жарым-жартылай рулық негiзде құрылған колхоздарды ұйымдастыруға күш салды.

Айыпкер Тынышбаевтің көрсетуi: «Бiз, ұйым мүшелерi – мен, Ермеков және Досмұхамедов үшеумiз колхоз құрылысы туралы өзара пiкiр алыстық, бiрақ та колхоздарды ұйымдастыру науқанына тосқауыл қоя алмайтын болғандықтан да: қазақ ауылдарындағы колхоздарды шағындап қана рулық жүйемен құру керек – деген тұжырымға келдiк. Мұның басты себебi: қазақ қоғамындағы рулық құрылым әлi де күштi сақталып қалған, сондықтан да бар мүлiктi жеке меншiк иелерiнiң қолында сақтай отырып, шағын-шағын жарым-жартылай ортақтастырылған шаруашылқтарды ұйымдастыру қазақ үшiн қолайлы деп есептедiк. Бұл бiздiң ұйымның мүшелерiнiң ортақ пiкiрi едi және арамызда ешқандай көзқарас алшақтығы болған жоқ, оның үстiне бiз бұл туралы Бөкейхановтың және басқалардың дәл осындай пiкiрде екендiгiн бiлетiнбiз. Бiз: кедейлердiң басы бiрiкпейдi, олар өзiне рулас байлардың ықпалынан шыққысы келмейдi, өйткенi рулық туысқандық сезiмi қазақ арасында әлi де күштi,– деп есептедiк. Бiз бұл жөнiнде партияда жоқ көптеген қызметкерлермен, коммунистермен әңгiмелестiк, олар да істі дәл солай жүргiзсе, көптеген қиындықтарды жеңуге болатынына сендiк. Сөйтiп, бiз бұл әрекеттерiмiз арқылы кедейлердiң бiрiгуiне (таптық) бөгет жасап, рулық құрылымды сақтап қалуға тырыстық.

Бұл идеямызды iске асыру үшiн бiздiң көзқарасымызды қолдайтын Бұралқиев, Күдерин сияқты тағы да басқаларды пайдаландық, сондай-ақ бiзден ақыл сұрап келген қазақтардың барлығына да дәл осындай колхоз құрыңдар деп кеңес бердiк, бұл идеяны сол колхоз құрылысын ұйымдастырып және басқарып жүрген қазақ қызметкерлерiнiң бәрiнiң миына сiңiруге тырыстық.

1928 жылы Iле өзенiнiң арғы бетiнде зерттеу-барлау (темiр жол салу үшiн – Т. Ж.) жұмыстарын жүргiзген кезiмде қазақтардың бәрiне өз көзқарасымды түсiндiрiп бердiм және колхоздарды мен айтқандай үлгiмен құруға шақырдым» (№ 2370-iс, 1 т., 141-парақ. Тынышбаевтің 1930 ж. IХ. 6-күнгi жауабынан)».

*** *** ***



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет