Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ПƏНІ МЕН ƏДІСТЕРІ 
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. 
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық 
теориясы.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теория-
сының орны.
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылым-
ның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объек-
тивтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теория-
сының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы 
мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының 
негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап 
өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет 
пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы 
мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн 
құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. 
сияқты түсініктерді зерттейді.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері. Ғылым əдісі 
– бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың 
жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін 
көптеген əдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше 
атауға болады: 
1. Жалпы əдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін 
философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады: 
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне 
өзгермейтін институттар ретінде қарастырады; 
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып 
бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы 
əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке 
меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен 
байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи 
кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында 
қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік 
жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік 
идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір 


сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм 
адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер – жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-
лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-
дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады: 
а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты 
түрде жекелеген бөліктерге бөлу; 
ə) синтез – құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-
де біріктіре отырып зерттеу; 
б) жүйелік əдіс – объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі 
байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды; 
в) функционалды əдіс – бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-
леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды. 
3. Жеке ғылыми əдістер – мемлекет жəне құқық теориясының 
техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың 
ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын 
əдістер. Оларға мыналар жатады: 
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс – сұраудың, бақылаудың
сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құ-
қықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-
лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді; 
ə) статистикалық əдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық 
құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді; 
б) кибернетикалық əдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары 
жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық əдістер – тек заң ғылымдарына ғана тəн 
болып келеді, оларға мыналар жатады: 
а) формалды-заңды əдіс – заң түсініктерін,олардың белгілерін 
анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің 
мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді; 
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс – əртүрлі құқықтық жүйелерді 
не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы 
қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет