ралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тəжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет жəне құқық
теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін
жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тəжірибесін жақсартуға
жəне дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқық-
тық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлға-
ның
құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т.б.
күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың
қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.
№ 1 кесте
Мемлекет жəне құқық теориясы — мемлекет пен құқықтың олардың қоғамдағы
мəні, мақсаты жəне дамуы туралы негізгі жəне жалпы заңдылықтары туралы
жалпыланған білімдер жүйесі
Қоғамдық
ғылым
Саяси-заңды
ғылым
Жалпы теориялық
ғылым
Əдістемелік
ғылым
Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары
Теориялық-
танымдық
Тəжірибелік-қолданбалық
Тəрбиелік