Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ ЖАҒУ Мақсаты



бет13/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Документ (2)

ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ ЖАҒУ Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, астаушаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні пациентке таңдап алыңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын (атын, дозасын, сақталу мерзімін ) тексеріңіз.

  4. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті пациентке түсіндіріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Дәке тампонын тағайындалған дәрілік ерітіндіге сулаңыз.

  7. Пациенттің терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

  8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет