Трансдермальді енгізу
Жүйелі әсер ету мақсатында дәрілік затты тері арқылы енгізу. Арнайы майлар немесе ТТS (трансдермалды терапевттік система –жүйе –пластырлар) қолдынылады.
Әдістің артықшылығы:
ағзада баяу абсорбция есебінен дәрілік заттың ұзақ мерзімді және тұрақты концентрациясын сақтау мүмкін;
дәрілік зат тері арқылы тікелей төменгі немесе жоғары қуысын вена жүйесіне сорылады, бауырға бармайды және бауырдағы біріншілік метаболизмге ұшырамайды.
Кемшіліктері:
Көздің шырышты қабықтарына тамшылар және майлар қолданылады. Тамшылар және майлар көздің төменгі коньюктивальді қуысына енгізіледі. Коньюктивальді қуысқа дәрілік заттың 1 тамшысы ғана сияды. Тамшы ағып шығатын болса, 2-3 тамшыдан артық енгізілмейді. Тамшылардың артығын стерильді мақта тампонымен кірпіктерге тигізбей сүрту керек. Ерітінді сияқты, тамызғыш та стерильді болуы керек. Тамшыларды 2-3см –ден жоғары биіктіктен тамыздыруға болмайды, өйткені тамшылардың бірден түсуі көз тамырларының жиырылуына (спазм) алып келуі мүмкін. Майлар арнайы шыны қалақшамен тікелей төменгі қабаққа жағылады.
Құлаққа дәрілерді тамызғышпен енгізеді, майлы ерітінділерді алдын ала жылыту қажет. Құлаққа енгізілетін тамшылар су моншасында 37-38˚С-ке дейін жылытылады. Дәрілерді енгізу үшін құлақ қалқаның артқа және жоғары тартып, 6-8 тамшы тамыздырылады.
Дәрілік заттарды мұрын қуысына енгізу төменгі, ортаңғы, жоғары мұрын жолдары және жұтқыншақ арқылы жүзеге асады. Дәрілік заттар жергілікті және резорбтивті әсер етеді. Жиі жоғары мұрын жолына тамырларды тарылтатын дәрілер (3-4 тамшы), жұтқыншақтың мұрын бөлігі шырышты қабығына әсер ету үшін майлы ерітінділер (5-6 тамшы) енгізіледі. Тамшылармен қоса мұрын қуысына майлар енгізіледі. Бұл үшін 0,5-0,7см майды тюбиктен мақта турундасына жағып, айналдыра мұрын жолдарына енгізіледі.
Қынапқа енгізілетін заттар жергілікті және резорбтивті әсер етеді.
Қынаптың шырышты қабығына жергілікті әсер ету үшін стерилді дәке тампондарына жағылған майлар, суппозиторийлер, ұнтақтар, ерітінділер қолданылады.
Медбике дәрілерді енгізгенде әр түрлі асқынуларды болдырмау үшін тері және шырышты қабықтардың құрылымын, оларға дәрілердің әсер ету механизмдерін білуі керек.
Дәрілік зат қөздің шырышты қабатына (коньюнктива, құлақтың, мұрынның шырышты қабатына, қынапқа енгізілген кезде енгізу орында дәрінің жоғары концентрациясы сақталмайды, әдетте дәрі жүйелі әсер етпейді.
Дәрілерді енгізу жолын таңдау дәрілердің суда немесе майда еру қасиеттеріне, патологиялық процестің орналасу жернге және аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |