Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет37/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
5.Лекциялық кешен

Химиялық құрамы.
Шәй бұтасының жапырақтарында 1,5-3,5% кофеин теофилин іздері, 20-24% илік заттар («шәй танині»), флавонойдтар, эфир майларының іздері және С, В1, В2 витаминдер, никотин және пантоген қышқылдары болады.
Пайдаланылуы.
Қайнаған, бөктірілген қою шәйдің жүрек қызметін және тыныс алуды жақсартатын қасиеті бар. Шәйдің адам уланғанда ең алғашқы және жан-жақты пайдалы әсер ететін шипалық қасиеті мол. Шәй бұталарын кескенде қалған өркендері, ірі жапырақтары кофеин алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Кофеин, синтетикалық жолмен алынады. Кофеин орталық жүйке жүйесіне және жүрек бұлшық еттеріне қоздырушы әсер етеді.
Шәй бұтасының отаны - Оңтүстік-Батыс Қытайдың және Бирманың, Вьетнамның шекаралас райондары. Шәй сусынының отаны - Қытайдағы Юньнань провинциясы, ол жерде шәй өте ерте заманнан белгілі. IV ғасырдың ортасында қытайлықтар шәй бұтасын дақылдар қатарына енгізді. Шәйдің сорттары өте көп, олардың жергілікті аттары да көп. Оның барлығы «Ча» деген буыннан басталады. «Ча» деген «Жас жапырақ» деген мағына береді.
«Чай» деген орыс сөзі моңғолдың «Уай» деген сөзінен шыққан. Шәйді өз еліне португалдықтар 1517 жылы, ал голландықтар 1610 жылы, ағылшындар 1664 жылы алып келді. Қазіргі кезде шәйді ең көп өндіретін елдер - Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Вьетнам, Иран және Түркия. Ресейде шәй 1638 жылдан бері белгілі. XIX ғасырдың соңында Ресейде арнайы экспедициялар ұйымдастырылды (проф. В.А.Тихомиров және профессор А.Н. Краснов). Экспедиция мүшелері Қытайда Жапонияда, Үндістанда. Цейлонда болып, көптеген тұқымдар, көшеттер алып келді. Ол тұқымдар және көшеттер 1898 жылы Чаквада отырғызылды. К.С. Попов деген орыс азаматы Батумиде алғашқы шәй фабрикасын салды. Қазіргі кезде Грузиядан басқа шәй плантациялары Краснодар аймағында, Әзірбайжанда бар. Махарадзе деген қалада шәй және субтропикалық дақылдар ғылыми-зерттеу институты бар.
11. Дитерпен алкалойдтары.
Дитерпен немесе өте жиі оларды аконит алкалойдтары деп атайды, Aconitum, Delphinium және Garrya туыстарына жататын өсімдіктерде жинақталады.
Аконит алкалойдтарын екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) аконитиндер; 2) атизиндер.
Аконитиндер - көміртегі каркасы 19 көміртегі атомынан тұрады және ликоктонин каркасы бар.
Атизиндер - 20 көміртегі атомынан тұратын көміртегі каркасы болады және пергидрофенантрен каркасы болады.
Аконитин алкалойдтары жоғары физиологиялық белсенділігімен сипатталады.
Дитерпен алкалойдтары Delphinium dictyocarpum DC (Ranunculaceae), D.Confusum M.Pop; Aconitum soongoricum Stapf (Ranunculaceae) сияқты өсімдіктерде жинақталады. Бұлардың ішінде Aconitum soongoricum Stapf өсімдігіне тоқталып өтейік.
Aconitum soongoricum Stapf. - (борец джунгарский) Ranunculaceae Juss тұқымдасынан.
Ыстықкөл утамыры – көпжылдық шөптесін өсімдік, көлденең тамырсабағының 12-ге дейін түйнектері болады. Ол түйнектердің ұзындығы - 2-2,5 см, жуандығы - 0,7-1 см. Сабағы қарапайым, биіктігі - 70-130 см. Жапырақтары ұзын сағақты, дөңгелек-жүрек тәрізді, ұзындығы - 5-9 см және ені - 8-12 см, түбіне дейін 5 сына (клин) тәрізді сегментке тілгіленген. Гүлшоғы - 5 ірі зигоморфты гүлден тұратын шашақ. Гүлдерінің 5 күлте жапырақшасы бар, олардың күлгін тостағаншалары бар. Гүлдің томағасы (шлем) доға сияқты иілген ұзын мұрыншасы бар, томаға астында екі көк шырындығы (нектарник) болады. Шырындықтың ұзын тегеуріні (шпорец) бар. Жемісі көпжапырақ (многолистовка).
ТМД елдерінде биік тауларда - Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Талас Алатауында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Шөптесін ылғалды беткейлерде және тау өзендері жағалауларында, орманда, субальпі және альпі белдеулерінде теңіз деңгейінен 1000-3000 м биіктікке дейін кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелері алкалойдтарға өте бай. Жер үсті мүшелерінде алкалойдтар мөлшері 0,6%-ға дейін болуы мүмкін (бутондану фазасында). Күзде тамыр түйнектерінде алкалойдтар мөлшері 2%-га жетеді. Аконитин тобының алкалойдтарына аконитин жатады. Ал атизин тобына зонгорин және ацетилзонгорин жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет