Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет51/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


23. Дәріс тақырыбы: Отбасы жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелері
Дәріс жоспары:
1.Отбасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
2.Отбасында кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселесі.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде отбасының маңызы зор, өйткені отбасы - оның тұлғасын қалыптастырудағы алғашқы және кейде жалғыз орта болып табылады. Мектепке дейінгі балалық шақ - баланың тәрбиелік ықпал ету мен ортаның әсеріне жоғары сезімталдық көрсететін кезеңі. Бұл жас кезеңінде барлық оқу-тәрбие үдерісінің жалғасы саналатын негіз қаланады. Мекгепке дейінгі бала үшін отбасы - әлеуметтік өмірге ақырындап араласу, адамның қоғамдық өмірдегі нормаларын игеру, әдет-ғұрыптық құндылықтарды меңгерудегі «элеуметгік микрокосм» болып та- былады.
Отбасы тұлғаның қалыптасуында ерекше, таптырмас рөл ойнайтыны туралы отбасы және балалар үйіндегі балалардың өзіндік орнын ұғыну мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан. Өйткені, отбасында бала отбасылық, жұбайлық рөлдер, ата-ананың атқаратын қызметі туралы түсінік алады жэне ата-анаға еліктей отырып, әлеуметтік мінез-кұлықтың дағдыларын меңгереді. Балалар үйінде тәрбиелеиген баланың болашақ отбасындағы міндеттер мен а атқарылатын қызметтер, рөлдік жүріс-тұрыс туралы алғашқы тусініктерді меңгеруде мүмкіндігі шектеулі болады.
Балалар үйінде бала күтімнің, тәрбиенің және оқытудың объектісі болады, бірақ үлкендердің жиі ауысуы баланың қарым-қатынасы мен тәжірибесінің үздіксіздігіне кедергі жасайды. Балаларда топтық ықпал жүзеге асырылады, жекелік қарым-қатынастың болмауы баланың өзіндік «Менің» сезінуге кедергі келтіреді. Балалар үйінде ең жақсы тәрбиелеушінің өзі — тек білім иесі, мінез-құлық, мадақтау мен жазалаудың үлгісі, алайда олар баланың өмірлік мэнінің қайнар көзі болмайды, оның өзіндік талпыныстарын тудырмайды. Ал отбасында әсер ету тікелей балаға бағытгалған жеке тұрғыда жүзеге асырылады. Зерттеушілер, отбасында тәрбиеленген бала өзіндік сезінуінің жақсы екенінен хабар беретін белсенді, ынталы, ашық, игілі, қоршаған ортадағы адамдарға сенгіш, білуге құмарлықтың жоғары деңгейім көрсететінін, жарқын болатынын көрсеткен.
Балалар үйінде тәрбиеленетін балаларда ынталылық, білуге құмарлық, шаттықтың деңгейі, жағымды эмоциялары едәуір төмен. Олардың жүріс-тұрысында аналық махабаттың, мейірімнің жеткіліксіздігімен түсіндірілетін біртектілік байқалады. Мынадай заңдылық орын алған: егер ана сәбидің алғашқы айларында оның қолайсыздық сигналдарына тез жауап берсе, онда ол өмірінің екінші жартысында ойыншықтармен түрліше және ұзағырақ ойнайтын болады.
Мектеп жасына дейінгі баланы балалар ұжымына қосу, отбасы тәрбиесі үшін баланың әлеуметгік деңгейінің дамуындағы «сынақ» кезеңі болып табылады. Балалармен қарым-қатынасында, ұжымда,отбасындағы тәрбиесінің ерекшеліктері көрінеді. Ата-ана мен балалардың өзіндік байланыстары олардың қоршаған ортадағы адамдармен ары қарайғы қатынасының үлгісі болып қалыптасады. Психологтар, баланың психикалық құрылымының ең ескеретін ерекшелігінің бірі - ол өзінің алдында кез келген уақытта сенім артатын, кеңес сұрайтын бедсл иесін көруге ұмтылатынын айтады. Егер бала өзінің қуанышы мен қайғысын ата-анасымен бөлісетін болса, онда үлкен байсалдылық, сенімділік, психологиялық тұрақтылық қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет