Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет55/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
25. Дәріс тақырыбы: Отбасында баланың мектепке баруға психологиялық даярлығы
Дәріс жоспары:
1.Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
2.Отбасында баланың мектепке даярлығын диагностикалау.
Дәрістің мазмұны:
1. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы
Жеке тұлғалық даярлық баланың мектепке, оқу әрекетіне, ұстаздарға , өзіне қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар мотивацияның даму деңгейін де жатқызуға болады. Мектепте оқуға дайын балаға тек оқу құралдар , дәптер , кітап, парта немесе сөмке сияқты оқу құралдары ғана қызықты болып қана қоймауы керек , ең бастасы оқушы жаңа білім алуға , өзін дамыту , ой – өрісін ұлғайтуға даяр болу қажет .
Мектепке келген бала өзінің тәртібін , танып әрекетін өзі басқара алуы керек, бұлар иерархиялық түрткілер жүйесінің құрылуына көп ықпалын тигізеді.Жеке тұлғалық даярлық баланың эмоционалдық даму деңгейін ұлғайтады.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен , оның мотиві әртүрлі болады .
Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе , біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін . Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар , біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды.Жалпы , бала оқу үдерісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Әлеуметтік даярлыққа қоғамдық жүйеде орынының ауысуына баланың даярлық дәрежесі, яғни оқушы жағдайын қабылдауы жатады. Психологтардың айтуынша, бірінші сынып оқушыларының көбіне әлеуметтік бейімделу қиынға соғады, себебі бұл жаста мектеп тәртібіне бағынатын мектептік жүріс- тұрыс нормаларын қабылдайтын, мектептік міндеттерді толығымен мойындайтын тұлға әлі қалыптаспаған .
Сонымен қатар Е.Е.Кравцова өз еңбектерінде баланың мектепке психологиялық даярлығының негізі ретінде бала дамуындағы қарым –қатынас рөліне көңіл бөледі. Осыған орай бұл қарым –қатынасты 3-ке бөліп қарастырылған;
1. Үлкендерге қатынасы;
2. Құрдастарына қатынасы;
3 Өзіне деген қатынасы.
Мұндағы қарым –қатынас негізінде бала дамуының деңгейі мектепке даярлық дәрежесін анықтап және ол оқу іс әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттеріне анықталған түрде сәйкес келеді , яғни , жеке тұлғаның интеллектуалдық психологиялық компоненттеррін қарым –қатынассыз елестету мүмкін емес.
Сонымен бала үшін мұғалімдермен, басқа балалармен қарыым –қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды .Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануға тырысады.
Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп ,балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан , ұжымынан тыс қалып жалғыз жүреді . Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алу үшін оның қарым –қатынасына ерекше мән берілуі қажет
Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы
Ерік –жігердің басты мәселерінің бірі адамөз өмірінің түрлі кезеңдерінде қабілетті болатын нақты еріктік әрекеттер мен қимылдардың мотивациалық шарттылығы туралы мәселе болып табылады . Мектепке дейінгі балалалық шақтың барысында тұлғаның еріктік саласының сипаты күрделене түседі,оның мінез- құлықтың жалпы құрымындағы үлестік салмағы өзгереді, бұл бірінші кезекте қиындықтарды жеңуге деген ұмтылыстан көрніс табады. Бұл кезеңдегі еріктің дамуы мінез -құлық мотивтернің өзгеруімен , оларға сабақтас бағынумен тығыз байланысты .
Белгілі бір еріктік бағыттылықтың пайда болуы , бірінші қатарға бала үшін аса маңызды болатын мотивтер тобының шығуы баланың өз мінез-құлқында осы мотивтерді басшылыққа ала отырып ,алаңдататын әсерге берілмей , алға қойған мақсатқа қол жеткізуге тырысуына әкеледі. Ол біртіңдеп өз іс әрекетін әрекеттің мақсатынан айтарлықтай алыс тұрған мотивтерге, атап айтсақ, қоғамдық сипаттағы мотивтерге бағынышты ету қабілетін игереді.Онда мектеп жасына дейінгі балаға тән мақсатқа бағыттылық деңгейі пайда болады. Соны мен қатар , мектепке дейінгі жаста еріктік әрекеттер пайда болғанмен оларды, қолданудың саласы мен олардың баланың мінез құлқындағы орны айтарлықтай шектеулі болып қалады. Зерттеулерге сүйенетін болсақ,тек ересек мектеп жасына дейінгі бала ғана ұзақ еріктік күш салуларға қабілетті. Болашақ бірінші сынып оқушысының еріктік даярлығын қалыптастыру ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені оны қызу жұмыс күтіп тұр , одан тек ол істегісі келетінді ғана емес, одан мұғалім , мектепке тәртібі, бағдарлама талап ететін нәрсені де орындау жүктеледі . Алты жасқа қарай еріктік әрекеттің негізгі элементтерінің қалыптасуы жүреді : бала мақсат қоюға , шешім қабылдауға , әрекет жоспарын белгілеуге, оны орындауға, кедергіден өту жағдайында белгілі күш салуға , өз әрекетінің нәтижесін бағалауға қабілетті . Бірақ та еріктік әрекеттің нәтижесін бағалауға қабілетті. Бірақ та еріктік әрекеттің осы барлық құрамдағылары әлі жеткілікті түрде дамымаған .
Балалардың еріктілігін дамыту мектепке дейінгі жаста мақсатқа ойындық мотивация мен құрдастардың жағынан бағалау болған жағдайда табыстырақ қол жеткізіледі . Алты жасқа қарай баланың қимылдарының еріктілігі айтарлықтай өзгереді. Егер үш жаста бала затпен қимыл жасаудың нәтижесі мен әдісін түсініп , бірақ бөлек операциялар мен қимылдарды әлі түріне алмаса , алты –жеті жаста қимылдардың өзі саналы еріктік қызметтің нысанасына айналады .
Алты жасар баланың мінез- құлқындағы еріктілік тек бұдан ғана көрінбейді. Ол тақпақты әдейілеп жаттауда , шынайы тілекті айту қабілетінде , қызықты істен , ойыннан үлкеннің тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы( асхана бойынша кезекшілік және т.с.с.)орындау үшін , анасынан көмек көрсету үшін бас тартуда , ол қорқынышты (қараңғы бөлмеге кіру , тіс дәрігерінің бөлмесіне кіру), ауруды жеңу , жарақаттанғаникезде жыламауда да көрініс табады . 2.Отбасында баланың мектепке даярлығын диагностикалау.
Мектептегі бірінші сынып бала өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі деп айтуға болады. Мектепке түсу – көп балалар үшін эмоционалдық стресс жағдайында өтеді. Бала мектепке түскнде оған көптеген факторлар әсер етеді: сынып ұжымы, мұғалім, күнтартібінің өзгеруі, қозғалыс белсенділігі уақытының шектелуі, көңілге қонымсыз міндеттердің пайда болуы. Мектеп бірінші күннен бастап балаға оқуды ойдағыдай менгеру, мектепте жүру тәртібіне үйрену, сыныптағы ұжыммен тіл табысу, жаңа ой жұмысына бейімделу сияқты талаптар қойылады. Баланың мектепке бірінші жылы дұрыс бейімделуі, оның болашақтағы оқу үлгеріміне және енбексүйгіштігіне тікелец байланысты. Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін оларды алдын ала даярлаудың мәні зор.
Ата-аналар, психологтар мен мұғалімдер үшін баланың мектепке дайындық денгейін анықтайтын көптеген әдістемелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет