Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
26. Дәріс тақырыбы: Отбасы жағдайында баланы мектепке даярлауға бағытталған әдістер мен жаттығу түрлері
Дәріс жоспары:
1.Баланың есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар.
2.Баланың ойлау қабілетін дамытатын ойындар.
3.Баланың зейінін дамытатын ойындар.
4.Қиялын дамытатын ойындар.
Дәрістің мазмұны:
Соңғы жылдары мұғалімдер мен ата-аналар балалардың мектепке бейімделуі туралы қиыншылықтар туралы көбірек айтып жүр.Бұл қиыншылықтар сыртқы жағдайлардың салдары (мұғалімдердің кәсіби білімінің төмендігі.сыныптағы факторлар емес) ғана емес,сонымен қатар, мектепке баратын балалардың даму ерекшеліктерін көрсететін ішкі жанм дүниесінің ерекшеліктеріне де байланысты. Мектеп оқуға даярлық,шын мәнінде,оқи алуымен,жаза біліуімен,ондықтар шеңберіндегі сандарға амалдар қолдана алуымен шектелмейді. Мүғалімдердің айтуынша,балаларды жаңа нәрсені жасауға үйрету оңайырақ,ал сабақ бойы оның назарын ұстап тұру өте күрделі. Себебі баланың ерікті зейіні жеткіліксіз дамыған. Олар өз зейіндерін көп уақыт бір жерге шоғырландыра алмайды.Бұндай жағдайда баланы оқыту өте қиын,Мектеп оқу баладан ерікті зейінді қажет етеді.Бала сабақта тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, есінде сақтауы,мұғалімнің басшылығымен қандай да бір әрекеттерді орындауы қажет.
Баланың интелектуалды қалыптасу мен даму үшін арнайы дамытушы ойындар қолданыңыз.Ойын –мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекетінің бірі және ойын барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады.
Сондықтан мектепке дейінгі балаларға көбінесе танымдық үдерістерін дамытуға бағытталған төмендегідей ойындарды ұйымдастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |