1.Баланың есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар.
«Есте сақтағанды сипатта»
Қысқа уақытта балаға қуыршақ немесе басқа бір затты,суретті көрсетіп, содан кейін бірқатар сұрақтарға жауап беруін өтініңіз.Мысалы,қуыршақтың шашы қандай, көйлегі қандай,көзінің түсі қандай,шашында бантигі болады ма?
«Картинаның жұбы»
Бір-бірімен мағыналас7-8 картинаны таңдап алыңыз.Оларды бір-біріне қарама-қарсы қойыңыз.Мысалы ағаштың суреті бейнеленген картинаны қойыңыз.Балаңызға барлық суреттерге мұқият қарап, оң жақтағы картиналарды мүмкіндігінше көбірек есте сақтауларын өтіңіз.1-2 минуттан кейін сол жақтағы картиналарды қалтырып, оң жақтағы картиналарды алдырып тастаңыз.
Содан кейін балаңызға сол жақта қалған картиналарға қарап,оң жақтағы алып тасталған картинадағы суреттің атын атауын,не оны көрсетуін өтініңіз.Егер бала бірден жауап бере алмай қиналса, бір-екеуін өзіңі көрсетіңіз. Бұл ойынды бірнеше рет қайталап ойнатқаннан кейін,ойын шартын күрделендіруге болады.Мысалы,екі пар картина емес оның санын үшеу,төртеу етіп,есте сақтау уақытын қысқартуға болады.Бұл баланың есте сақтау қабілетін жетілдіреді және заттардың арасындағы байланысты аңғаруға мүмкіндік береді.
«Сөздің жұбы»
Бұл ойын «картинаның жұбы» ойынның бір варианты.Балаңызға бірнеше жұп сөздерді айтып,сөздердің екінші жұбын есте сақтауын өтініңіз.(5-6) сөзден бастауа болады.Мысалы,мысық-сүт, бала-машина, қыз-қуыршақ,үстел-бәліш және т.б. Содан кейін алғашқы жұптағы бірінші сөзді айтыңыз, ал балаңыз екінші жұбын атауы тиіс.Тапсырманы сөз жұптарын біртіндеп көбейту арқылы қиындатуға болады.
2.Баланың ойлау қабілетін дамытатын ойындар.
«Ойнайық та ойлайық»
Балаға жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ өлең айтып беру керек. Бала өлеңнің мазмұнына қарай қай жыл мезгілі екенін айтады.
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады.
(көктем)
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
(қыс)
«Ойнада, ойлан»
Бір көжекке бір көжек,
Келе қалды қонаққа,
5 сәбізден бірден жеп
Тойып алды тамаққа.
Айтындаршы балалар
Қанша сәбіз барлығы?
(10)
Ұлпа жүнін қызарып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды сен сана?
Достарыңызбен бөлісу: |