Дәріс № 4
ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫНЫҢ (1807-1867) ТОЛҒАУ – ТЕРМЕЛЕРІНДЕГІ ӨМІРДІҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
1. Шернияз Жарылғасұлының термелеріндегі өмірдің қайшылықтары.
2.Шернияз шығармаларындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне байланысты туған өлеңдерінің мәні.
1. Шернияз Жарылғасұлының термелеріндегі өмірдің қайшылықтары. Шәйіп Нұржігітұлының қолжазбасында Шернияздың бұрын жұртқа мәлім емес екі термесі және бірнеше қысқа өлеңдері бар. Термесінің бірі “Өмір туралы” деп, екіншісі тек “Терме” деп аталады. Бұл термелер Шернияздың тек жай ғана ақын емес, өмірді кеңінен шолып, оған өзінше баға бермек болған, өзінше қорытынды пікір айтуға ұмтылған ақын екендігін көрсетеді:
Аттан аттың несі кем,
өзін төрпан көк болса?
Ерден ердің несі кем,
Айтқан сөзі берік болса?
Хандардан ханның несі кем,
Халыққа әділ, ерік болса,-деген сықылды риторикалық сұраумен термелеп келеді де, өзінің бақылауынша кейбір жерлерінде қорытынды ретінде пікір де айтады.
Ай, жігіттер, жігіттер,
Жердің жүзін қарасаң,
Мұнша неге кең болған.
Жеті мүше денеміз
Бір-біріне тең болған.
Төрт аяқты айуандар,
Неге адамнан кем болған? 4 //136-137//
Өмірдің әрдайым өзгеріп отырғандығын аңғару ауыз әдебиетінде де Бұхар тағы басқа ақындардың шығармаларында да кездеседі. Бұл мәселені біз Шерниязбен байланысты тек факт ретінде ғана айтып отырмыз.
Ақын: Болжапты күн болған соң,
Бұл дүниеден кім қалған?
Батыр өткен шабынған,
Жүйрік өткен шабылған.
Сұлу өткен жағынған
Кербез өткен қағынған,
Не жайсаңдар өтпеген,
Озаған жүйрік табынған? – дейді.
Бірақ табиғат және өмір құбылыстарында әр түрлі өзгерістер болып жатқандықтан ақын тұрпайы түрде болғанмен дұрыс түсінсе де, әлеумет өмірінің кейбір негізгі мәселелерін мүлде теріс түсінеді: Мысалы:
Бәрімізге айтпақ,
Қайырлы болса бай ортақ.
Жақсы болса би ортақ,-
деген сөздерді алсақ, “Қайырлы бай”, “Жақсы би”, “Жақсы хан” болады-мыс дейтін нағыз ұсақ байшылдық көзқарастары дәріптейтіндігін көреміз. “Жақсы хан”, “Жақсы патша” болады, елді солар бастаса, тұрмыс түзелер еді, рухани көтерілісінің негізгі бір әлсіздігі, негізгі бір қайшылығы осында. Демек, бұл әлсіздік пен қайшылық шаруалар көтерілісінің әрі қатысушысы, әрі жыршысының бірі болған Шернияз өлеңдерінде кездеспеуі мүмкін емес.Ақын халықты жақсылыққа, адамгершілікке үндеп отырады. Ол әр уақытта әділетті өмірді аңсаумен болады. Ел-жұрттың бірлігін, тату әділетті өмірді аңсаумен болады, жайлы тұрмыс құруын, хан билердің қадірлігін, олардың ақылмен іс қылып, халық қамын ойлаумен, ел дәулетін молайтуға күні салуын аңсайды.
Жұрт теңгеріп тұруға
Әділ төре хан керек.
Ханның көркін сұрасаң,
Қора орман ел керек.
Жұрт жабылып ішетін
Айдын шалқар көл керек.
Ақын халық көптің күніне, халық ісіне сенеді. Жалғыз адам көздеген мақсатына, мұратына жете алмайды, ел арманы үшін қам жасап, әуір өніп орнату үшін көпшілік ісі нәтижесіне беруге тиіс, деп ойлайды.
2. Шернияз шығармаларындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне байланысты туған өлеңдерінің мәні.Исатай мен Махамбет өлеңдеріне байланысты туған мәнділігі оның өнерге деген ұштарлық, дарындығын оятады. Шернияздың Исатай мен тілдесуі көтеріліс кезін, айқастың ең қызған шағын, батырдың өлімін баяндайтын жырлар болса, Шернияз сөзі деп айтылған жәмет жырау берген. т.б. материалдар ақын шығармашылығын толтыра түсерлік құнды деректер. 1. //506//.
Шернияз хандардың көтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын “азған заман” деп бағалайды. Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында тұрып-ақ дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, қайырымды, адал жан етіп көрсетеді. Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағанбетке қарама-қарсы қоя сүреттейді. Ақын бейнелеуінде Исатай –халық елден шыққан асыл тас, нағыз сарбаз, ел ермесі, ер жігіт, өзіндей достарына алатындай құнды адам, жан рақатын беретін жарқын жан, елдің алмас алтын сапты қолбасшы, арқа сүйер тынысы... Ақын Исатайды ең алдымен, халқына қызмет еткен ардагер азамат болған үшін дәріптейді, ел мүддесі үшін керек адам деп аңсайды.
“Сағынам аузыма алсам Исатайды,
Ер тумас ел бағына ондай жайлы.
Қарадан халық сүйіп “ханым” деген,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.”
Исатайдың мінезін де ақын сүйсіне суреттейді: “Мінезі толқушы еді туған айдай” деп батыр мінезіндегі ерекшелікті бір жүйеде де, оның адамгершілігі жоғары, кең пейілді адам болғанын атап көрсетеді. Осындай асыл қасиеттермен ел құрметіне бөлінген Исатайдың өліміне себепкер болған Баймағанбетті ақын қатты қайғырады.
“Кешегі Исатайдай бауырласты,
Өлтірдің Кіші жүзде асыл тасты.
Өлтіріп бірге туған бауырласты
Хан неден сені мұндай қара басты?...
Өлтірген Исатайды оңар ма екен,
Дәурені я болғандай болар ма екен?
Ұшып кетті қолымнан дәулет құсым,
Енді айналып тұғырыма қонар ма екен?”
Шернияз Баймағанбетке деген халық лағнетін осылай жеткізеді. 1//508-509//. Ақын ел бар жерде ер тұмақ, ер бар жерде ізгі де абзал іс болмау, халық қамы үнемі күрескен ерді ел еш ұмытпас емес дей келіп, Исатайда елді пана асқар тауға теңейді, оны күндеп қудалаған ел жауын сол асқар таудың бауырынан ін қазған тышқан әрекетіне ұқсатады, оның опасыздық ісін ашу -ызамен сөгеді.
Шернияз Исатайды шын жүрегінен сүйіп жер-көкке көтере мақтайды. Оны дәулетті, мейрімді адам деп сүйсіне суреттейді. Мұнда ақынның ішкі сезімінің, жүрек лебізінің хан жағында емес, халық сүйген ер жағында болғаны бірдей байқалады.
“Тұсында Исатайдың ойын көрдін,
Кемердеп белбеу берді шарпа белдік...
Басымда жүз теңеліп қамшат бөрік,
Инімде қос ауызды, пистон мылтық.
Мен сонда жібек баулы тұйғын тұттым,
Қылғанын Исатайдың әркім көрді,
Исатайдай көрмедік жомарт ерді,”-
деп Шернияз жан жолдасы Исатайға шаң жуытпайды, оны елге ерте үлгі етіп көрсетеді. 1//514//.
Ал А.М. Жүсіп мақаласын талдап қарайтын болсақ Исатай мен Махамбет өлеңдеріне қатысты мәнін түсіндіреді. Қазақтың ауызша айтқан өлеңі, жоқтауы, жұмбағы, айтысы- рухани тарихтың, ойдың, шаңырақ кереге уығындай мүшесі. Ел тарихы ауыз айтқан әдебиетсіз томағасы түгел жазылмайды. Қазақ жұртының мәдениетін түгел жазуға ауыз әдебиет қораға қалаған кірпіш болды.
Профессор А. Жұмашевтың пайымдауынша: Исатай өліп, көтеріліс басылғаннан кейін хан сұлтандар елге қатты-қатты шаралар қолданды, айдатты, дүре соқтырды, төрін талқан, есігін ойран етті. Осындай ел бейбітшілігін бұзған Орынбордан шыққан патша әскерін көтерілісшілерге өзі бастап әкеліп, Исатайдың өліміне ортақ, көтерілістің жеңілуіне себепші болған Баймағанбетке мұз боп қатқан ескі кен Шерниязды шыдатпайды. өзі өлім ауызында тұрса да, ақын батыл түрде Баймағанбеттің халыққа істеген жауыздығын бетке басады.
“Па, шіркін, Исатайдай сарбаз тумас,
Қас етсең, қасыңа да адам жуымас
Ел ұстап, жұрт бейлейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас”,
- деп ел сүйген батыр ұлға Баймағанбетті қарама-қарсы қояды. 4 //33-131//.
Қорыта келгенде Исатай қозғалысына байланысты поэзия Шернияз шығармашылығымен ғана шектелмейді. Бұл қозғалысты жыраушылар елде көп болған. Бірақ хан- сұлтандар тегеуріндері олардың үнін өшіруге мейлінше күш салды. Сондықтан ондай жырлар кезінде елге тарап кете алмай кермеуде қалып отырды. Кейінгі кезде ескеріліп, зерттеліп жүрген Алмажан Азаматқызының “Жетім қыз” дастаны күә.
Осылайша, халықтың хан өктемдігіне қарсы айбында, қозғалысы үздіксіз жырланып, оны бастаған батырлардың ерлігі істері әдебиетімізде өзінің лайықты орнын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |