2. Шортанбай Қанайұлы – реалист, сыншыл ойлы суреткер акын ( «Зар заман», «Бала зары», «Алдаушы жалған» т.б.) Қазақ арасында етек алған жаңа топ – тілмаш,адвокат сияқты патшалық үкіметтің чиновниктері. Орыс мектебінен білім алған олар халықтың мұңын қолға алу орнына оған қарсы қанаушылар тобын құрап, әкімдерге қызмет етіп, елден алым алып, пара-пәлені көбейтіп, елге жексұрын атанып жүр. Олардың жымысқы екіжүзділіктері, халыққа қиянат жасап, қайғысын зорайтып жатқаны шебер бейнеленеді.
Шортанбайдың әрі кеңірек, әрі тереңірек жыр еткен тақырыбы, көтерілген мәселелері – сол өз кезінде қазақ даласына қанат жая бастаған сауда капитализм элементтері және халықты қанау мәселелері.Бұл тақырыптармен байланысты ақын көп шындықтардың бетін ашып, олардың негіздерінде кейбір шығармалар қалдырды.Солардың бірі “Зар заман” атты шығармасы. /2,162/ Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер екенін ақын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елде қайғы-қасіреттің “Зар заман” еңбегінде шынайы суреттейді.
Арам арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Сонымен қатар Шортанбай ақынның “Бала зар” атты шығармасында жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.
Шортанбайды заман жүгін көтерген жырау, айтыскер ақын десек те, қазақ өнерінің сүбелі саласы ән мен күйге де өлшеусіз үлес қосқан тұлға екендігіне жыр алыбы Жамбылдың өле-өлгенше Шортанбайдың күйін шертіп өткені толық дәлел бола алады. Сол сияқты композитор, музыка зерттеушісі І.Жақанұлы Шыңжан қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлынан Шортанбайдың “Жиырма бес” әнін жазып алғаның, әрі олардың кезінде бұл әнді Ақмола жағынан үйренгенін айтады. І. Жақанұлы “осы “Жиырма бес” ән шумағы үзіліп түскен гауһардай әр кез оқыс айтылып та жүрді ғой. Ол сал-серінің толғанысына ұқсайды” – деп ой түйеді.
Шортанбай жырау елінің бас бостандығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен батырларын төгілте жырлаған. Оған Ақжолтай батыр туралы дастаны куә.
Жыраудың ұлылығы оның айтқанының заманнан заманға ұласып жатуында, келер дәуірдің адамдарының пендешілік қарекеттерін күн ілгері сипаттауында болса керек. Шортанбайдың өткен ғасырда жазғаны бүгінгі және келер уақытқа да сай келгендей.
Мысалы, жырау әлеуметтік хал-ахуалды жырға былайша қосқан екен:
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойында тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Баласын беріп моллаға
Көңілін беріп Аллаға,
Дүнияға көңіл жұбатты.
Бұл жолдарды оқи отырып та апыр-ай, осы біз туралы айтылған сөз-ау деген ойға да келесің.
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүрендей,
Заманың сенің құбылды,
Текеметтің түріндей.
Бұған не дерсің? Билері қазіргі біздің кей билеушілер емес пе? Бір басшының “ақшаң болса қандай қызметті де сатып аласың” дегенін естіп түңілгенім бар.
Шортанбай жыраудың туындыларында ерекше орын алатын тақырып бір Алла жаратқан әлемнің соңы, заман ақыр. Жыраудың “Заман ақыры” – адамзаттың моральдық деңгейінің құлдырауы, адамгершілік принцептерінің аяқ асты болуынан туындаған құтқармас бұғау. Жырау жырына іліккен құлдырау - азу-тозу қатерінің жалғасы тәрізді. Жырау еңбегінің құндылығы да сонда; бүгінгі таңда да оның шығармаларында айтылар ой ескірген, тозған жоқ./9,8/ Шортанбайдың көлем жағынан болсын, мазмұн жағынан болсын көрнекті шығармаларының бірі – “Зар заман”. “Зар заман”толғауы қырылымы жағынан бұзылған заманың кейпі, неге зар заман болу себептерін түйіндеу мазмұндағы бірнеше желіні қамтиды. Шартты түрде әр түйдекте бір мән деп қарастырсақ, бұл толғау 14 түйдектен тұрады, соған орай алуан түрлі жайды, мәнді алға тарта отырып, заман күйін таратады. “Сол себепті қорқамын” болып түйінделіп отырады.
Зар заманды толғап келіп, тоқтағанда айтары: заманың кетті баяғы, үлкенде билік жоқ, жарлы таяғына сүйеніп тұр, заман жауға кетті, жаттың қолында, ұлықсып ұл тұр, бұлықсып қыз тұр, жамандық жайлады. Жақсылар жақының ұмытып, кәпірмен ауыз жаласуда. Бұл дүниенің тұтқасы мал екен, соған кәпір , қазақ таласты. Бүкіл заманның саяси суреті түскен кейпі ащы, аяусыз өлу бар құрдымға кеткен күй. Тұрмыстық, әлеуметтік жақтан тұтас қамтып, ұласа түскен езгі халықтың бейшара күйі. Қарсылық – абақтымен бітпек. Жалт беріп жағынан сатқан, жамандыққа мойын ұсынған жақсылық. Тұрмыс күйінде енген өзгешеліктер халықты жат пиғылға орап, әкетіп барады. Елдің атам заманғы өмірі жоғалды. Елдікті, ірілікті ұстап тұрған еңселі-еңселі ұстындар биік қасиеттер сұлап түсіп жатыр.
“Алдаушы жалған” толғауында ақын заман әлгідегі, енді бұл ақырзаман апатынан қалай шықпақ керек дегенді алға тартады. Жырау, халықты атам заманнан келе жатқан ізгіліктерге үндейді, алдаушы жалған дүниенің алдайтұғын бұлынан сақтап, биігінде қап, тазалыққа ұмтылдеген насихат айтады. Қазақ позиясындағы түу әріден келе жатқан ежелгі үлгілердің бірі. Халықтың өзін-өзі сақтау шарттарының бірі болған – насихат. Толғау афоризмге толы. Дәстірлі “үй менікі демеңіз, үй артында ұры бар” дегендей қолданыстармен бірге ақынның өз сөз қолданысы ақпа-төкпе шешендік мірдің оғындай өткірлік өлеңін шырқай түседі.
Сұғанақ болып ұмтылма,
Сабағын болса, тұрып ал!
Асыл туған жақсының.
Құн жетпейтін пұлы бар,
Толғау негізінен шалыс ұйқаспен келіп отыр.
“Бала зары” толғауында жалпы жаратылыстың түп негізінен түсіндіруден бастап өтірік, ұрлық, ғайбат, зорлықтан аулақ болсан, залап көрмессің деген уағыз айтады. Алланын ақ жолын айтып отырып, жақсы мен жаманнан сапасын санамалайды. Өмірдене дұрыс, не бұрыс дегенге тоқтам жасап, адам баласының алға тартады. Дін – мұсылман парызы, адам баласының көрер жарығы сөніп, өшуі, өлімі сөз болады. Құдіретке көн, иманды ойла, ораза-намаз ұста, медресе, мешіт салдыр деген уәж айтылады. Осы ұзақ толғаудың ішінде бірнеше тіршілік қисындары жүр. Олардың кейде бөлек-бөлек шығарма ретінде жеке алынып берілуі де сондықтан болар. “Бала зары” толғауын мағыналық иірімге бөлгенде ұзаға бар, шағыны да бар – 18, жеке тұрса да мәнін жоғалтпас қысқа толғаулар шықты.
Шортанбай шығармалары өз заманының жай-күйін, отаршылдық саясат емін-еркін етек жайған қазақ даласының әлеуметтік қалпын бір қырынан ашты. Адамзаттың даму көшінде басып өтер тар жол, тайғақ кешулердің қазақ халқының тарихына, тағдырына бұйырған аса мәнді кезең – ХІХ ғасырдың болмысы өзгеше болып еді. Соның бар қайшылық, бар шындығы Шортанбай ақының жүрегінен өтті. Өлең – тарих, өлең - өмір, өлең –шындық болып ұрпағына қалды. Шортанбай шығармашылығының басты сарын - әлеуметтік ой толғау, оянуға, тазаруға, ұл болып – ұяны бұзбай, ұл өсіріп, қыз өсіріп өркендеуге түсер жолға шақыру. Ел ішіне еніп алып, індетке ұласып бара жатқан жамандықтардан сақтандыру, экономикалық бетбұрыс, өзгерістің адам құлқын бұзар өктем күщіне мәңгілік ізгілік мұраттары көлденен қою.
Шортанбай ақының оқиғалы эпикалық сарындағы шығармасы – “Ақжолтай батыр” дастаны. Ағыбай батыр, оның айналасы оларды соңына ерткен Кене ханы мал үшін ерлік қуып емес, жанды ортаға салғаны елдің қамы еді дегенді айтып басталады.
Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы,
Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны.
Ағыбай, Қашқарбай мен ер Бұқарбай,
Бұларды соңына ерткен Кене ханы.
Мал үшін ерлік құрған емес,
Салғаны жанжы ортаға елдің қамы.
Шығарма 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған, сөз кестес, ой қисындары, өлең үлгісі бұл дастанның жазбаша туған шығарма екеніне меңзейді. /7,303-305/
3. Шортанбай жыраудың дін, құдай тақырыбындағы толғаулар. Сырт қарағанның өзінде бірден көзге түсетін айқын өзгешелік Шортанбай басқа ақындардай емес, не жөнінде айтса да, өзінің ойына, түпкі түсінігіне әрдайым дін қағидаларын берік тірек етіп, құдайды аузынан ешбір тастамайды. Мұнысы тек әншейін айта салған шығарып салды сөз емес, оның шын сенімі, өмірге болмысқа көзқарасының негізі.Ақын идеясының түп-төркіні қайда екенің осылайша кесіп айтсақ та, бұдан өмір құбылыстарын танудағы оның жақтарын бастан-аяқ мансұқ ету деген тар ұғым тумайды, қайта керісінше, құдайға сиынып, дінді берік тірек ете тұрса да, Шортанбай көп жағдайда қазақ даласының жаңа болмысындағы ұсқынсыз жақтарын көре де, шеней де білген. Мысалы, “Атамыз адам пайғамбар” деген ұзақ жырында Шортанбай көптеген мәселелерді қозғап, өзінің әр саладағы түсініктерін күмілжімей ашық айтқан. Ақын өз заманының бұзылғаның: ұрлық-қорлық, алдау-арбау көбейгенін, әкені – бала , шешені – қыз тыңдамайтын болғаның, ағайын-туысқанның араздығы күшейе түскенін, дін жолын ұстаушылардың азайып бара жатқанын, демек олар құдайды ұмытып, малынан зекет бермей, ораза-намаздарын қаза етіп жүгенсіз кеткендерін санай отыра, толғауының кіріспе бөлімінде екі қортындыға келеді. Біріншісі: құдайдан мықты күш жоқ, оның әмірі екі болмақ емес. Екіншісі:
Құдіреттің жарлығы
Биттей нәрсе қалсашы
Бұрынғы жаннан ырымға…
деп өткендегілерді өнеге тұта, олардан ырымға болсын ештеңе қалмағанына қайғырып, қатты қамығады. Осы екі сарын, бір жағы, дінге сүйену, құдайдың құдіретіне бас ию, сондай-ақ парқына бармай ескіліктің бәрін дәріптеу, шексіз сұқтану, ақыры соны сағынып торығу, Шортанбай шығармаларының лейтмотиві дерліктей.Сонымен қатар ақын осы үзіндіде литоталық тіркестерді қолданылған. Рас, ақын бұл жағдайлары көп қайталайды, өмірдегі болып жатқан сан алуан құбылыстарға баға бергенде де өзінің тар шеңберінен шыға алмай адасады, кейде өзінің дұрыс көріп, қатты шенеген жағымсыз көріністері жөнінде тиісті қорытындыға келмей дәрменсіздігін білдіреді. Осыдан барады да ақар заман жақындап қалды, енді еш нәрседен үміт жоқ деп зар шегеді, байбалам салады. Солай бола тұрса да қазақ даласына капитализмнің элементтері кеңінен ене бастауына байланысты пайда болған қайсыбір жаңалықтардың көлеңке жақтарын Шортанбайдың көре біліп, аяусыз сынға алғанын, би-болыстар мен старшиндардың және патша үкіметі чиновниктерінің озбырлық әрекеттерін мейлінше әшкерелегенін де естен шығармауымыз керек. Ақын творчествосының ең бір ұтымды жағы осы.
Шортанбай ақын - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Шортанбай жырау кезінде елде атқа мінген тек болыс пен би Ұзақ жырдың өн бойында міне осылайша ақын екі ұдай түсіп отырады: өмірдің ұсқынсыз жақтарын көргеніңде ол шыдай алмай қатты сынға дейін барады, әйтсе де алдағы болашақтан үміті кесілгендей болып, өзіне тиянақ-тірек іздегенде, амалсыздан діни ұғымға келіп тіріледі, ақыр заманның жақындап қалғанын айтып зар қағады. Әрине, бұл жағдай тек Шортанбайдың қара басының қасиетінен ғана туған кемшілік емес, ол әр заманда, әр елде орын тепкен діншілік пессимизм, мистикаға берілуі, “ақыр заман төніп келеді” деген үрей түсініктен туған кертартпа ағымының әсері. /6,55-56/ ғана емес, ол кезде билік тізгінінің бір ұшы молдаларда болатын.
Шортанбай жырау бұл келтірілген “Қожа молда” атты шығармасындағы үзіндіде молдалардың, дін басшысы тақуалардың діні құрал етіп, елді теспей сорып отырғандығы, екі жүзділігі, қорқаулығы, халықты жеудегі айла-амалдары толық суреттелген. Сөйтіп, молдалардың көмбесіндегі жан түршіккендей шындықтың да бетін ашты. Олардан еш жақсылық, күтуге болмайды деген қорытынды шығарды. Болыс, би, қожа, молдалардың бәрі де азғын; елдің халі ауыр, ендеше, сол жағдайдан қалай шығудың өзінше жолын да қарастырады. Бірақ елді мына сықылды би, болыс басқарып отырғанда түзеуге еш мүмкіншіліктің жоқтығына көзі жетіп, түйткілге ұшырап, ақында торығу пайда болады.