Егер де дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер, тақырыптар мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идея деп ұстанған инновациялық көзқарас оқу/үйренудің негізін тек пәндер демей, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді (интерактивті) әдістер құрауы керек деп түсінеді. Интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»). Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру. Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,пікірталастар, шығармашылық жұмыстар,кейс-стади,презентациялар,тренингтер, т.б.
|
1
|
13
|
Дәріс №13. ЕТІСТІКТІҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ
1.Етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіштері
2.Қимылдың өту сипаты категориясы
3.Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясы
4.Етістіктің рай,шақ, жақ категориясы
5. Етістіктің сандылық категориясы
6.Етістікті оқыту әдістері
Етістіктің рай категориясы тұлғаларының әрқайсысы әр түрлі модальдық мағына да береді. өйткені сөйлемде айтылатын ой бірде объективті шындықпен бірдей болса, бірде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Соған орай модальдық мағына айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасын не реалді болып, не неғайбіл болып көрінеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай яғни амалдың ақиқатты білдіруіне қарай етістіктің райлары реалді және неғайбіл райлар болып сараланады, реалді – ашық рай, нереалді яғни неғайбіл райлар: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Реалді рай (ашық рай) мен неғайбіл райлардың мынадай айырмашылықтары бар: 1)ашық райдың арна йы көрсеткіші жоқ, неғайбіл райлардың көрсеткіштері бар; 2) ашық райдағы реалді қимылды шақ көрсеткіштері білдіреді, неғайбіл райларда бұйыру, қалау, шарт мағыналарын осы райлардың көрсеткіштері білдіреді. Сондықтан ашық райдың шақтарындағы етістіктер объективті модальдық мағынаға, ал неғайбіл райлар субъективті мағынаға жатады.
Алайда, етістікке қатысты субъективті модальдық мағына тек раймен ғана байланысты емес. Модальдық мағынаның құрамы өте кең, сондықтан ол рай мағынасына сыймайды. Райдан тыс модальдық мағыналарды білдіретін тілде модальдық мағыналы арнайы көрсеткіштер де бар, олар өзінше бір топ құрайды.
Сонымен етістік баяндауыш білдіретін алуан түрлі модальдық мағына рай көрсеткіштері арқылы әр райдың мағынасымен бірге де, өзіндік көрсеткіштері арқылы да беріледі.
Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория аталады. Етістіктің төрт түрлі райы бар: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай. Осы райлардың қимылдың шындық өмірді білдіру дәрежесі бірдей емес.
Етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болса (оқыдым, оқып отырмын, оқимын), онда ол реалді қимыл болады, ол объективті модальдықты білдіреді. Етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болмаса (оқыса, оқы), онда ол неғайбіл қимыл болады да, субъективті модальдық мағынаны білдіреді. Осымен байланысты райлар екіге бөлінеді: 1) реалді қимылды яғни объективті модальдықты білдіретін ашық рай; 2) неғайбіл қимылды яғни субъективті модальдықты білдіретін – бұйрық рай, қалау рай және шартты райлар.
Ашық рай (индикатив) деп қимылдың шындық өмірде белгілі бір мезгілде болатынын, болып өткенін, я болып жатқанын, я болмайтынын нақтылы білдіретін етістіктің категориясы аталады. Ашық рай шындық өмірдегі реалді қимылды білдіреді, бірақ ашық райдың өзіне тән осы мағынаны білдіретін көрсеткіштері болмайды. Ашық райдағы реалді қимыл оның жасалар мезгілімен байланысты болады ды, ашық райдың мағынасы шақ көрсеткіштері арқылы беріледі. Ашық райдағы қимылдың шақта қолданылуы арқылы қимыл – әрекеттің ақиқаттығы, шындығы – сөйлеуші тарапынан белгіленген шындық, сондықтан ол объективті мағына болып табылады. Бұл арада ашық рай мен шақ категориясының байланысы анықталды. Байланыста осы екі тілдік құбылыстың ара салмағы тең емес. Ашық райдың көрсеткіші жоқ, бірақ шақ көрсеткіштері ашық райдағы реалді қимылды білдіруге қызмет етеді. Сондықтан ашық рай мен шақ өте тығыз байланысты. Өйткені ашық райдың мағынасының шақ көрсеткіштері арқылы берілуі ашық райдың негізгі қасиеті болып саналады. Шақ түрлері мен оның көрсеткіштерінің көп болуы ашық райдың мағыналық құрамының да молдығы болып саналады. Демек, ашық рай деп қимылдың өткенде, қазір және келешекте болу я болмауын білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы аталады.Ашық рай мағынасы реалді қимылды шақ категориясы арқылы білдіретін болғандықтан, ашық райдың мағыналары шақ категориясымен байланысты қаралады.
Етістік тұлғалары реалді қимылдың ақиқат өмірде болған, болмағанын білдірумен бірге, жүзеге асу-аспауы күдікті, реалсіз қимылды да білдіреді. Мысалы, баршы, барғайсың, барса игі еді, баруға болады, барса екен деген етістік тұлғалары шындық өмірде жүзеге асқан реалды қимылды білдірмеген, олар жасалуын сөйлеуші бұйырған, тілеген, қалаған, шартты қимылдырды ғана білдірген. Бұл қимылдадың шындық өмірде жасалғаны я жасалмағаны туралы ешбір хабар жоқ. Бұларда қимыл әрекетке сөйлеушінің көңілі, ниеті, пікірі ғана айтылған. Неғайбіл райлар (ирреалді) деп қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмей, қимыл туралы субъектінің (сөйлеушінің) пікірін ғана білдіретін райлар аталады.
Неғайбіл райлар қимылға сөйлеушінің пікірін, көзқарасын, ниетін білдіретін болғандықтан, олар субъективті модальдылыққа жатады да, қимылдың реалсіз екенін білдіреді. Бұл қасиет – неғайбіл райлардың бәріне тән жалпы қасиет. Неғайбіл райлардың жалпы ортақ қасиеті болумен бірге, мағыналарында айырма бар. Өйткені субъектінің қимыл арқылы білдіретін пікірі әр түрлі. Бірде етістік субъектінің қимылдың жасалу-жасалмауын қалайтынын білдірсе, бірде етістік субъектінің қимылдың жасалу-жасалмауын бұйыратынын немесе қимылдың жасалу-жасалмауына шарт қоятынын білдіреді.
Субъективтік модальдылықтың бұл мағыналары етістіктің бұйрық, қалау, шартты райлары арқылы беріледі. Сондықтан бұйрық, қалау, шартты райлардың көрсеткіштері субъективтік модальдық мағынаны білдіруге қызмет етеді.
Бұйрық рай (императив) деп қимылды жасау я жасамауды басқадан талап ететін, қимылға қозғау салатын рай аталады. Қимылдың жасалу я жасалмауын талап ету, қозғау салу қызметі сөйлеушіге ғана қатысты. Басқаша айтқанда, сөйлеуші – бұйрық беруші, бұйрық иесі. Демек, бұйрық – субъектінің пікірі ғана, ол қимыл – әлі шындық өмірде жоқ қимыл.Бұйрық беруші сөйлеуші болғандықтан, ол бірінші жақ болып түсініледі де, бұйрық екінші жақтағы тыңдаушыға не үшінші жақтағы бөгде адамаға бағытталады. Осымен байланысты бұйрық рай жақ категориясымен байланысады. Бұдан тұйрық райдағы етістік құрамында міндетті түрде жіктік жалғауы болуы қажет екені анықталады.
Қимылдың жасалуындағы алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың өту сипаты категориясы деп аталады. Оның қалыптасқан көрсеткіштері бар.
Қимылдың өту сипаты категориясы – көп мағыналы категория. Өйткені қимылдың жасалуы тәсілі әр түрлі, қимылдың жасалу тәсілі осы категорияның мазмұны болғандықтан, категория – көп мағыналы. Бір қимылдың жасалуына бірнеше тәсіл қатыса береді. Себебі қимыл атаулы өте тез аяқтала бермейді, сондықтан қимыл аяқталғанша бірнеше тәсілден өтуі мүмкін. Осымен байланысты етістіктің құрамында қимылдың өту сипаты категориясының бірнеше көрсеткіштері қолданыла береді. Мысалы, Қалай тез жасап ала қойдың? (С.Ж.). Ол жығылып қала жаздады (С.Ж.).
Осы мысалдағы жасап ала қойдың, жығылып қала жаздады деген етістіктердің құрамында екі-екіден аналитикалық формант бар, жаса етістігінде –п ал, -а қой, жығыл етістігінде –ып қал, -а жазда форманттары бар. Әр етістік құрамындағы екі түрлі форманттардың мағыналары бір-бірінен басқаша. Мәселен, жаса етістігінің құрамында –п ал қимылды субъекті өзі үшін жасағанын білдірсе, оған қосылған –а қой қимылдың тез жасалғанын білдіреді. Жығыл етістігіне жалғанған –ып қал форманты қимылдың аяқталуға жақындығын, -а жазда форманты жетімсіз қимылды, яғни қимылдың аяғына жетпей тоқтағанын білдіреді.
Бір етістікпен категорияның бірнеше көрсеткішінің қолданылуы осы категорияның ерекшелігіне жатады. Бұл категорияның көрсеткіштері түбір етістікке тікелей қосылады, етістіктің басқа категорияларының көрсеткіштері қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіштерінен кейін қосылады. Басқа категориялардың көрсеткіштері сияқты мұнда да бір көрсеткіш бір сөзде екі рет қайталанбайды. Грамматиканың бұл жалпы заңдылығы қимылдың өту сипаты категориясында да сақталады.
Қимылдың өту сипаты категориясы көп мағыналы болғандықтан, оның көрсеткіштері де көп, олар: 1) қосымшалар, яғни грамматикалық жұрнақтар, 2) аналитикалық форманттар.
1. Қимылдың өту сипаты категориясын жасайтын жұрнақтар:
1) –ла, -ле (-да, -де, -та, -те) жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қайталану мәнін қосады. Мысалы, бүркеле, сипала, қажала, сүйреле, сабала, тістеле, қорғала, жанышта, түйреле, үйкеле т.б.
2) –қыла, -кіле (-ғыла, -гіле) жұрнағы да қимылдың қайталануын білдіреді: атқыла, жұлқыла, шапқыла, тепкіле, кескіле, түрткіле, соққыла, сілкіле, езгіле, созғыла, қойғыла, тартқыла, үргіле, тілгіле, сепкіле, тыққыла.
3) –мала, -меле (-бала, -беле, -пала, -пеле) жұрнағы да қимылдың қайталана созылуын білдіреді: қазбала, қақпала, тықпала, сүйремеле, бастырмала, итермеле, көтермеле, өрмеле, тізбеле, жұлмала, бұрмала, кеспеле, үстемеле, термеле, үймеле, жаймала, сұқпала, сырмала.
4) –ғышта (-гіште, -қышта, -кіште) жұрнағы да қимылдың қайталануын білдіреді, бірақ қайталанудың сәл бәсеңдігі байқалады: тыққышта, барғышта, келгіште, тілгіште, бөлгіште, түйгіште, сүйгіште, үргіште, қойғышта, езгіште, сызғышта, сепкіште.
5) –ыңқыра, -іңкіре (-ңқыра, -ңкіре) қимылдың жалғаса түсуін білдіреді: сұраңқыра, алыңқыра, үйреңкіре, түсіңкіре, қосыңқыра, ішіңкіре, созыңқыра, жанышыңқыра, күтіңкіре, сызыңқыра.
7) –сы, -сі (-сын, -сін) жұрнағы жасалған қимылды жасаған боп көрінуді білдіреді: білгенсі, жазғансы, ұялғансып отыр, білгенсініп, өкінгенсініп, жымиғансынып қарады. Бұл жұрнақ есім сөзден туынды етістік жасағанда да осы мағынаны сақтайды.
Бұл жұрнақтарға келтірілген мысалдардың бәрінде қимылдың қалай өткені сипатталған, сондықтан олар осы категорияның көрсеткішіне жатады.
Бұл категорияның ең көп көрсеткіші – аналитикалық форманттар.Қимылдың өту сипаты категориясы негізінен аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Яғни, етістік түбіріне қосылған аналитикалық форманттар қимылдың қалай жасалғанын және қимылдың жасалу кезеңі қандай сатыда екенін білдірген. Қимылдың жасалу тәсіліне қарай аналитикалық форманттардың мағынасы да әр түрлі болады. Бұл етістіктің қимылдың өту сипаты категориясының мағыналық құрамына байланысты.
Етістіктің грамматикалық категорияларын интербелсенді әдістер арқылы оқыту мынадай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары, пікірталастар, шығармашылық жұмыстар, кейс-стади, презентациялар, тренингтер,т.б. Сонымен интербелсенді оқу/оқытудың келесідей идеялары мен қағидалары: үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал, білім игеру тек белсенді әрекеттер арқылы ғана жүзеге асырылады, өмір бойы үйрене білу, білім тек өзіндік тұрғыдан игеріледі, өйткені «білім» дегеніміз жеке адамның қандай да болмасын мәселе ақпарат пен мәлімет бойынша құрастырған ойы, идеялары, пікірі, көзқарасы, түсінігі, дәлелдері, уәждері, тұжырымы. Білім бірлескен әрекеттер арқылы игеріледі: үйрену/оқу – коммуникативтік процесс.
|
1
|
14
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |