Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер


Дәріс 14. ҮСТЕУ, ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ



бет16/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Дәріс 14. ҮСТЕУ, ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ
1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты
2.Үстеудің мағыналық түрлері
3.Үстеудің сөйлемдегі қызметі
4.Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
5. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
6. Үстеу, еліктеу сөздер және оларды оқыту әдістері
Үстеудің грамматикалық категориясы жоқ, сондықтан үстеуде сөздерді түрлендіретін грамматикалық көрсеткіштер де жоқ. Осымен байланысты үстеу түрленбейтін сөз табы саналады. Бұл – үстеу сөйлемде лексикалық мағынаны білдіретін түбір тұлғада қолданылады деген сөз. Демек, сөйлем үстеудің тұлғасына әсер ете алмайды. Сондықтан оны үстеудің өзіндік морфологиялық белгісі деп қарауға болады. Мұндай ерекшелік кейбір басқа сөз таптарында да бар.
Үстеудің қолданыста түрленуі кездеседі. Қолданыста кейбір үстеудің шырай жұрнақтары мен түрленуі бар. Ол үстеудің бәріне қатысты емес. Үстеу әр түрлі сөз табынан пысықтауыш қызметі арқылы қалыптасқанда, үстеу сын есімнен көп жасалған деген пікір ғылымда әбден танылған. Міне, үстуеге көшкен кейбір сын есімдер шырай көрсеткіштері бойынша түрленуін сақтап қалған. Сондықтан ол үстеуге түгел қатысты емес. Екіншіден, сөйлемде заттанған үстеу зат есім көрсеткіштерімен түрленіп қолданылады. Мысалы, Ертеңді қой, бүгін жаса дегендегі ертеңді табыс септікте қолданылған.Үстеу қимылды сипаттайтын сөз табы болғандықтан, сөйлемде етістіктің алдынан орналасып, сөйлемнің пысықтауыш мүшесі қызметін атқарады. Ғылымда үстеу пысықатуыш қызметі арқылы басқа сөз таптарынан бөлініп шыққан деп саналады. Осы синтаксистік қызметі үстеудің сөз табы болып танылуына қызмет ететін сөздерді таптастырудың үшінші ұстанымы болып табылады. Пысықтауыш мүше болатын сөз табы жалғыз үстеу ғана емес екені белгілі.Мағынасы жағынан қимылдың жайы-күйін сипаттайтын, морфологиялық жағынан түрленбейтін, синтаксистік жағынан сөйлемде пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер тобы үстеу деп аталады. Үстеу – түрлі-түрлі мағынада қолданылатын сөз табы. Өйткені ол қимылды әр тұрғыда сипаттайды, оған қимылдың жасалған орны, жасалған мезгілі, қимылдың жасалуының алуан түрлі сапасы, қимылдың жасалу мақсаты, себебі сияқты түрлі мағыналар кіреді. Сондықтан да үстеу көп мағыналы сөз табы болып саналады. Осымен байланысты үстеу сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1) мезгіл үстеулері, 2) мекен үстеулері, 3) мөлшер үстеулері, 4) сын-бейне үстеулері, 5) мақсат үстеулері, 6) себеп-салдар үстеулері, 7) топтау үстеулері, 8) күйшейту үстеулері.
Еліктеу сөздер табиғаттағы түрлі құбылыстар мен заттардың сыртқы сипатына, қимыл- әрекеттерінің түрлі көріністеріне еліктеуден пайда болатын сөздер тобы екендігі. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Әрқайсы-сының мағыналық және дыбыстық ерекшеліктері. Еліктеу сөздерінің сөз табының түрлерін жасаудағы ролі, сөйлемде атқаратын қызметі. Еліктеуіш сөздер деп өмірдегі заттардың бір біріне соқтығысуынан шыққан, әр түрлі дыбыстарға еліктеуден немесе заттардың түрлі әрекеттерінің әрқилы көріністерінен пайда болатын сөздер айтылады. Мысалы, гүрс, дүрс, сарт, тырс, сырт, кірт, тырт-тырт, тақ-тақ, сұрт, шырт, тарс-тұрс, сарт-сұрт, гүрс-гүрс, дүрс сияқты еліктеу сөздер заттардың бір-біріне соқтығуынан шыққан әр түрлі дыбыстарды білдіреді. Ал, арс-арс, маңқ-маңқ, мыңқ-мыңқ, күңк-күңк, шыңқ, ыңқ, саңқ, шаңқ-шаңқ, ырс-ырс, қарқ-қарқ, қырш-қырш, бырт-бырт, шіңк-шіңк адам, жан-жануарлар шығаратын дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер. Сондай-ақ, жалт-жалт, қалт-құлт, жалт-жұлт, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, тарбаң-тарбаң, далаң-далаң, митің-митің, жалп-жалп, жалт-жылт, одыраң-одыраң, жылт-жылт, қисаң-қисаң, қиралаң-қиралаң, көлбең-көлбең еліктеу сөздері өмірдегі заттардың, құбылыстардың, адамдардың сыртқы көзге көріністерін әр түрлі бейнелерін суреттеп білдірген. Бұдан еліктеуіш сөздердің мағынасы басқа ешбір сөз табына ұқсамайтыны анықталады. Еліктеуіш сөздер затты, заттың сынын, санын, қимылын, қимылдың сынын білдіретін сөз таптарының ешқайсысына ұқсамайды, ол тек дыбысқа, бейнеге еліктеуден пайда болған сөздер. Бұл – еліктеуіш сөз табын тануда қызмет еткен мағыналық ұстаным.
Сөздерді таптастырудағы екінші ұстаным – сөз табының өзіндік морфологиялық көрсеткіші. Бұл ұстаным зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарын таптастыруда негізгі қызмет атқарғанымен, ол барлық сөз табына қатысты емес екені белгілі. Оған үстеу, шылау, одағай сияқты сөз таптары дәлел. Осы топқа еліктеуіш сөз табы да жатады. Морфологиялық көрсеткіш грамматикалық категорияға қатысты. Бірсыпыра сөз табының грамматикалық категориясы жоқ. Бірақ грамматикалық категориялары жоқ сөз таптарының басқадай өзіндік ерекшеліктері болады. сондай-ақ, еліктеуіш сөздердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Оның негізгісі – еліктеуіш сөздердің дыбыстық құрамы.
Еліктеуіш сөздер – белгілі дыбыстық құрамнан тұратын, буын, дыбыс саны да белгілі сөздер. Атап айтқанда, еліктеуіш сөздер ек, үш, төрт дыбыстан, не бітеу бір буыннан тұратын сөздер: гу, ду, гір, тыр, дір, тырс, тарс, сарт, қаңқ, саңқ, жылт, көлбең, жалбаң, дода (-дода), мылжа (-мылжа), сүйрең (-сүйрең), жалмаң, далбаң т.б. Ешбір сөз табында бұндай белгі жоқ, сондықтан басқа сөз таптарында сөздердің дыбыстық құрамы туралы сөз болмайды, өйткені басқа сөз таптарының сөздерінің дыбыстық құрамы алуан түрлі, онда қалыптасқан сөздің дыбыстық құрам жүйесін көрсету мүмкін емес. Олай болса, еліктеуіш сөздердің белгілі дыбыстық құрамнан тұратыны, буын санының, түрінің өлшеулі болуы осы сөз табының өзіндік белгісі болып табылады.
Сонымен бірге сөз таптары өз құрамын басқа сөз таптары арқылы немесе өз сөз таптарынан туынды сөз жасау арқылы толықтырып отырады. Бұл мәселеде де еліктеуіш сөздер басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Еліктеуіш сөздер өз құрамын үнемі туынды сөздер арқылы өсіріп отыратын сөз табына жатпайды. Рас, еліктеуіш сөздердің ішінде де туынды сөздер бары дәлелденген, оларға: балпаң, салпаң, томпаң, ағараң, қылтың, сылтың, алшаң,арбаң, арсалаң, болпаң, дікең, жалтаң, жортаң, жылмаң, ирелең, кірбең, қалтаң, қорбаң, тарбаң, жыртың, көлбең, сылаң т.б.осы сияқты туынды еліктеуіш сөздер жатқызылады.
Бұларды жасаған –ң, -ың, -ің, -аң, -ең, -алаң, -елең, -лаң жұрнақтары деп саналады. Бұл жұрнақтар негізінен еліктеуіш сөздерден, сирегірек атауыш сөздерден (домалаң, көлбең) туынды еліктеуіш сөздер жасаған. Бірақ ол – көне кездегі сөзжасамдық әрекет. Қазір еліктеуіш сөздер өз құрамын толықтырып отыр дей алмаймыз. Олай болса, еліктеуіш сөздер көпшілік сөз табынан сөзжасамдық салғырт қабілеті арқылы да ерекшеленеді.
Еліктеуіш сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Еліктеуіш сөздер әр түрлі синтаксистік қызмет атқарады. 1.Алайда, қимылды сипаттап, пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады. Мысалы, ол жалт қарады, машина кілт тоқтады, мырс-мырс күлді, бүлк-бүлк желеді, томпаң-томпаң жүгіоеді, жалт бұрылды, сылқ-сылқ күлді, арс-арс үреді, жалтаң-жалтаң қарайды сияқты қолданыста еліктеуіш сөз пысықтауыш қызметін атқарады. Бұл қызметті еліктеуіш сөздердің негізгі қызметі деп санауға болады. Әрине, еліктеуіш сөздер басқа синтаксистік қызметті де атқарады, мәселен – анықтауыш қызметі: шаң –шұң дауыс, сарт-сұрт төбелес, былқ-сылқ жүріс, сылқ-сылқ күлкі, күбір-күбір әңгіме, далаң-далаң жүгіріс, шіңк-шіңк дауыс, тырбың-тырбаң тіршілік, жарқ-жұрқ елес т.б. осы сияқты тіркесте, қолданыста еліктеуіш сөздер сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметін атқарады.
Еліктеуіш сөздерді зерттеген Ш.Ш.Сарыбаев тілде шамамен алғанда, екі мыңнан аса еліктеуіш сөз бар деп санайды. Бұл дерек еліктеуіш сөздердің тілден алатын өзіндік орны барын, соған сай атқаратын қызметі барын білдіреді.
Үстеу, еліктеу сөздерді оқытуда «Сөз жарысы», «Ақыл-ойын қозғау», «Тез тап» дидактикалық ойындарын пайдаланңан тиімді. Сондай-ақ ізденімдік , қатысымдық жаттығулар арқылы да үстеудің мағыналық топтарын, оларға жататын сөздерді, олардың құрамын,қолданылу ерекшеліктерін, үстеудің сөйлемдегі қызметі, түсіндіруге болады. Үстеу, еліктеу сөздердің түрлерін, олардың дыбыстық құрамын, сөйлемдегі қызметін түсіндіруде проблемалық әдісін пайдалануға болады. Проблемалық мәселе туындаған кезде оқушылардың танымдық белсенділігі артып, шығармашылық әрекеті дамиды. Проблема тудыру соны шешуге қатысыру белгілі бір жүйелілікі талап етеді. Мысалы, үстеудің құрамдық түрлерін талдау барысында я оған дейінгі меңгерген білімін анықтауда оқушылар арасында «Қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін түбірлер», «Жұрнақ арқылы жасалған туынды үстеулер» т.б. проблемалық сұрақтар туындаған кезде оқушылар өздігінен жауап іздеп, мысал келтіре отырып, оны шешуге тырысады. Қайшылықтың пайда болуы – проблеманың тууына, оны шешу үшін ойдың тікелей қатысуына жағдай жасай отырып, затты, құбылысты дербес алып қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама. Қойылған проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар ережелерге сүйенеді.
Сондай-ақ «Септік жалғаулары туынды үстеу жасай ала ма?» деген тақырыпта пікірталас өткізуге болады. Пікірталас тақырыбы алдын-ала ұсынылады. Пікірталастың жоспары алдын-ала дайындалады. Онда талқылауға ұсынылатын сұрақтар қамтылып, пікірталасқа қатысушылардың мақсат-міндеттері айқындалады. Қандай көрнекі құралдар дайындайтындары ескертіледі. Пікірталастың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің позициясын айқындап, оның өзектілігіне тоқталулары қажет. Пікірталас барысында түбірге сіңісіп кеткен, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулары туралы мысалдар, пікірлер талқылануы керек. Әр топтан спикерлер сөйлеп, оған басқа топтан сұрақтар қойылуы қажет. Жауап беру кезінде топтың басқа мүшелері де белсене қатысуы міндетті. Бірінші топ мүшелері барыс, жатыс септіктерінің көнеленуінен қалыптасқан үстеулерді талдаса, екінші топтағылар шығыс, көмектес септіктердің көнеленуінен қалыптасқан үстеулерді дәлелдеулері қажет. Нәтижесінде оқушылар септік жалғауларының туынды сөз жасай алатындығы туралы толыққанды мәлімет алады.

1

15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет