Дәрістер тезисі



бет3/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Екінші кезеңде бала мектеп пәндерін игеруі керек. Олар: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.
Баланың толыққанды білім алуы үшін отбасының маңызы зор. Әлеуметтік жағдайы қалыпты отбасыда бала адамгершілік тұрғысынан жетіледі, дамиды.
О.Конт адамзаттың интеллектуалды дамуын үш кезеңге бөледі:
1. Теологиялық кезең (мифология, діннің үстемдік құруы);
2. Метафизикалық (философиялық) кезең. Бұл кезеңде адамзат баласы әр нәрсенің қыр сырын абстрактілі түрде түсіндірді. Логикаға сүйеніп түсіндіруге тырысты;
3. Позитивті, яғни ғылыми кезең. Бұл кезеңде адамзат ғылыми тәжірибелерге, эксперименттерге сүйеніп тұжырым шығара бастады.
Г.Спенсердің эволюциялық тұжырымы
Герберт Спенсер (1820-1903) – ағылшын антропологы, философы. Еңбектері: «Негізгі бастамалар», «Психология негіздері», үш томдық «Әлеуметтану негіздері», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Этика негіздері» және т.б.
Әлеуметтанудағы органикалық бағыттың негізін қалаушы, әлеуметтік эволюционизм теориясының авторы. Ол «Әлеуметтану негіздері» атты еңбегінде қоғамды Ч.Дарвиннің эволюционизм теориясының желісімен түсіндіруге тырысты. Табиғатта тірі қалу үшін күрес болатыны тәрізді, қоғам ішінде де үнемі тап күресі (бай мен кедей арасындағы күрес) болып жатады. Спенсер қоғамды үлкен тірі ағзаға теңеді. Ауылшаруашылығы қоғамның ас қорыту жүйесі, сауда саттық – қанайналым жүйесі, армия – ағзаның қорғаныш қабаты, яғни тері. Ал, транспорт пен жолдар – қоғамның жүрек,қантамыр жүйесі деп түсіндіреді қоғамның құрылысын Спенсер.
Г.Спенсердің айтуы бойынша қоғам дәстүрлі, аграрлы қоғамнан индустриалды, дамыған қоғамға аяқ басты.
Дәстүрлі қоғамда жер игеру, қол еңбегі, халықтың ауылдық жерде тұруы, қатаң әскери тәртіп, коллективизм, мәжбүрлеу, биліктің атадан балаға мұраға қалуы, адамның іс әрекетін басшылар қатаң бақылауға алу тән.
Индустриалды қоғамда өнеркәсіп дамиды. Қалалар қарқынды дами бастайды. Индвидуализм, сөз бостандығы, коммерциялық келісімдер, кәсіпкерлік, халықты сыртқы күштерден қорғау, адамның дамуына жағдай жасау, халықтың белсенділігі жоғары болуы сияқты жағдайлар орын алады.
Спенсер жеке бостандық пен еркін бақталастық ұстанымдарын насихаттады. Қоғамның жаратылыстық дамуына кез-келген араласушылық әрекеттер өте жағымсыз жағдайларға ұрындырады деп есептеді.
Спенсер қоғам өміріндегі мемлекет ролін шектеуді жақтады. Ол тіпті мемлекет кедейлерге көмектесу, немесе болашақ ұрпаққа тәрбие беру сияқты әрекеттерден де бас тартуы қажет деп есептеді.
Спенсердің эволюциялық даму заңы үш негізге сүйенеді. Бұлар: зат, қозғалыс және күш, яғни мағынасы кез-келген затты белгілі бір күш қозғалысқа келтіреді.
Эволюция кез-келген затты біртектіліктен көптектілікке, айқынсыздықтан айқындылыққа әкеледі.
Эволюция жүйелер теңдігіне жеткенде тоқтайды. Егер жүйелер теңдігі бұзылса қоғамның жіктеліп, шашырауы басталады. Осыдан кейін жаңа эволюциялық үрдіс басталады. Сөйтіп қоғам дамуы үздіксіз қайталанып отыратын теңдік бұзылу жинақтау кезеңдерінен тұрады.
Спенсер эволюциялық үрдістің үш түрін бөліп шығарды. Бұлар бастапқы жаратылыстық, жаратылыстық және жаратылыстан жоғары. Бастапқы екеуінде қоғам табиғаттың бір бөлшегі ретінде дамиды. Ал жаратылыстан жоғары, бұл айқын дамыған ақыл-ой мен еңбек тәжірибесіне негізделген даму үрдісі.
Әлеуметтік институттар – адамдардың бірлесіп сүруін қамтамасыз ететін өзін-өзі ұйымдастыру тетіктері.
Спенсер әлеуметтік институттарды бес түрге жіктеді.

  1. Үй-жайлық институттар, бұлар отбасы, некелік қатынастар, бала тәрбиесі, туыстық, көршілік қарым-қатынастар.

  2. Рәміздік институттар, бұлар адамдар арасындағы күнделікті өзара түсіністікті қамтамасыз ететін дәстүр, талғам, рәміз және т.б.

  3. Саяси институттар, бұлар топтар арасындағы жанжал-егес негізінде пайда болды. Соғыс пен егестер қоғамның топтық құрылымы мен саяси ұйымдардың пайда болуына әкелді. Бұл топқа мемлекет, құқық, әскер, полиция және т.б. кіреді.

  4. Діни институттар, бұлар қоғамның рухани бірлігін қамтамасыз етеді.

  5. Кәсіби-өнеркәсіптік институттар, бұлар қоғамдағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Бұған өнеркәсіп орындары, кәсіподақтар және т.б. материалдық өндіріс аймағындағы ұйымдар кіреді.

Спенсер әлеуметтік құрылымның мынадай белгілерін көрсетті:

  1. Қоғам қашанда өсіп отырады, яғни адамдар саны, байлық, қор көбейіп отырады.

  2. Қоғамның өсуі, оның құрылымының күрделенуіне әкеледі.

  3. Әлеуметтік құрылымның күрделенуі, қоғам бөліктерінің атқаратын қызметтерінің жекеленуіне әкеледі.

  4. Келесі кезекте қоғам бөліктерінің арасындағы қарым-қатынас күшейеді.

  5. Қоғамдық тұрақтылық, оның бөліктерінің қызметтерінің тұрақтылығы арқасында қамтамасыз етіледі.

Эмиль Дюркгейм (1859-1917) – француз әлеуметтанушысы. Негізгі идеясы - қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік факт, коллективті сана, яғни, адамдардың жасаған іс-әрекеті, жалпы әлеуметтік процестер қоршаған ортаның әсерінен туындайды. Аномия теориясының авторы. Аномия – қоғамның психикалық күйі. Аномиялық жағдай экономикалық кризис кезінде, қоғам модернизацияланғанда туындайды. Аномиялық жағдайда халық арасында суицид (өзін өзі өлтіру), ұсақ қылмыстар, ұрлық, жезөкшелік, әлімжеттік сияқты оқиғалар көбейеді.
Э.Дюркгеймнің айтуы бойынша әлеуметтану нақты статистикалық фактілерге сүйеніп тұжырым жасайтын ғылым. Ол статистикалық мәліметтерді талдап, француз қоғамындағы суицидтің орын алу себептерін анықтап, «Суицид» атты еңбегін жазған. Қоғам өзгеріп, дәстүрлі құндылықтар жойыла бастағанда адамның өзіне өзі қол жұмсау фактілерінің көбірек болатындығын анықтаған. «Суицид» еңбегінде Э.Дюркгейм суицидтің үш түрін көрсеткен:
1. аномиялық (қоғам өзгеріп, дәстүрлі құндылықтар жойыла бастағанда)
2. альтруистік (біреу үшін жанын қию)
3. эгоистік (өзінің қамы үшін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет