22
Сүлеймен қарақшы
“Бұлар шәй қоятын мосыны қайдан алып жүр? Жоқ әлде бiреуi
қоржынына салып алып келдi ме екен?”
— Көбеке, өткен жолы екi құманды да мына тастың қуысына
қоя салған сияқты едiм, ендi қарашы, айналып таппай тұрғаным,
— дедi Тастан.
— Жаңа мосыны қайсысың далаға шығар едiңдер? Сұрасайшы
содан.
“Е, бұлар керектi заттарын осында қалдырып кетедi екен ғой”,
— деп ой қорытты Сүлеймен.
— Нағашы, бұл қонақ үйлерiңiздiң қай жерiне жат дейсiз?
Шайға да, етке де қарамай, құлағым келiп тұр.
— Мына қуыстың қайсысына кiрiп жатам десең де рұқсат.
Астыңа күпiңдi төсеп ал да ұйықтай бер.
Бiрақ басыңа не
жастанасың? Бiз ғой, ер жастанамыз. Ал ердi ат үстiнен әзiрге
шешуге болмайды. Терi басылсын. Мейлi, мә, менiң шекпенiмдi-
ақ жастанып жата бер. “Нағашы — торғай болса, жиен —
балапан”. Сенен несiн аяйын.
Көбек иығына асулы шекпенiн бердi.
Ауызғы жақтағы тас бөлмеге бас сұқты. Содан соң айналаға
көз де салмай күпiсiн төсеп, Көбектiң шекпенiн жастана жата
кеттi. Шалқасынан жатқан күйi
қол-аяқтарын ары-берi керiп-
созып алды да: “Осыларға ерiп нем бар едi? — деп бiр ойлап
қойды. — Әй, бiрақ мен секiлдi кедейге кiм мамық төсегiн салып,
кiм құс жастығын жастатар дейсiң. Бұл жерде болмасам да жатар
едiм ғой қазiр, ауылдағы жаман тамның түбiндегi
қомыт киiз
үстiнде. Жолға шыққан екенмiн, ендеше, жарты жолда басқаша
ойлап керегi не. Құдай пешенемнен жазсын”.
Көзi ұйқыға тығылды. …Ұйқысының қай мезгiлi екенi белгiсiз,
бiреу атын атап дауыстағандай болды... Түсi ғой… Түсiнде өзi
бала екен. Ауылындағы үш-төрт баламен бiрiгiп, бiр малдарды
қуып жүр. Жанындағы балалардың қуғаны — өңкей қой мен ешкi,
қозы мен лақ. Бұл болса оларға қосылмай, мүйiздерi екi қарыс
өгiзшелердi, жал-құйрығы төгiлген құнан-тайларды ұстаймын
деп қуып жүр. Бiр өгiздi құйрығынан ұстай беремiн дегенде,
әлгi
тарпаң пәле айналып келiп, мұны сүзiп тастамақ болып
әрекеттендi. Сүлеймен оның қос мүйiзiнен ұстай қалып, төмен