406
Сүлеймен қарақшы
— Бағаналы берi сенiң атыңды да сұрамаппын. Ныспың кiм
өзiңнiң?
— Уақит.
— Әке-шешең өзiңдi уақ, ұсақ итке ұқсатып, атыңды да құп
қойған екен. Қап, кеше “Өдiмәт Құдайыға шақырып жатыр”
дегенде ештеңенi ойламай, қонышымнан үнемi тастамай жүретiн
дәу қанжарымды да ұмытып жүре берiппiн. Бағана ана жерде
сендердiң бiреулерiңнiң де пышақтарыңды iле шықпағанымды
қарашы. Ай, өкiнгенмен пайда жоқ ендi. Қазiр жертөледе қанша
адам отыруы мүмкiн?
— Бүгiнгi мерекемiздiң быт-шытын шығардыңыз. Ендеше,
тобымыздағы бас көтерерiмiздiң бәрi сонда болса керек.
— Оларда пышақтан басқа қару бола ма?
— Басқа қаруды не қыламыз бiз.
— Жүр. Кiре берiс есiктi көрсет.
Уақит кiшкене төмпешiктердi айнала жүрiп,
жартылай
құлаған қорғанның қасына тоқтады.
— Мына қорғанның басына шығып, одан соң төменге түсуiмiз
керек.
— Баста.
Жартылай құлаған қорғанның төбесi жайпақ екен. Бiраз
жүргеннен кейiн ескi қыш баспалдақпен төмен түстi. Төмендегi
көне дуалдың түбi үлкен тесiк.
Уақит зып берiп, тесiктен өтiп
кеттi. Сүлеймен одан айрылып қалмайын деп, жалма-жан оның
артынан тесiкке ұмтылды. Тесiктен өте бергенде, қақ шүйдесiнен
ауыр соққы тидi. Бiр қолымен шүйдесiн ұстап, екiншi қолымен
жер тiреп, жандәрмен ышқынып, тесiктен өте шықты. Осы
кезде соққы тағы бiр тидi. Ұрып жатқанның кiм болса да, оң
жағында тұрғанын сезген бұл, аса шапшаңдықпен тұра сап, сол
жаққа атылды. Сәтiн салғанда, дуал түбiнде жасырынған қаскөй
қолына оңай iлiге кеттi. Ұрып тұрған Уақит екен. Жыны қозған
Сүлеймен оны бiр ұрып, жазым еттi.
Осы мезетте артқы тұстан өзара сөйлескен кiсiлердiң
дауыстары естiлдi. Дауыстар бiрте-бiрте жақындап келедi.
Сүлеймен жанындағы үлкен үйiндiнiң тасасына тығылды.
— Рахман да айта бередi. Дәу қазақ ол жерден бағана-ақ құрып
кеткен шығар. Үңгiрге барғанда не қыламыз ендi? — дедi келе
жатқандардың бiрi.
— Бағана алды-артымызға қарамай қаша берiппiз ғой. Қанша
адамымыздың майып болғанын да бiлмеймiз.
Кеше айттым