Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет202/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
екеуi де таулық сияқты. Қаба сақалдары бет-ауыздарын түгел 
басқан. 
Осы камерада Сүлеймендер бiр жетi жатты. Сегiзiншi күнi 
бәрiн түрме iшiне кiргiздi. Сiбiр түрмесiнде темiр кереуеттер бар 
едi. Мұндағы барактың еденiне ши төселген. Сотталғандар сол 
ши үстiне жатады екен. Көрпе, жастық атымен жоқ. Әркiм сырт 
киiмдерiнiң бiрiн жастық, бiрiн көрпе етiп жата бередi. Барак 
саны — он бiр. Бiр топ солдат бұларды ортаңғы баракқа әкеп 
кiргiзгенде, орын бөлiп берген жоқ-ты. “Жататын жерлерiңдi 
өздерiң тауып алыңдар”, — деп олар бұрылып жүре берген. 
Парманқұл бастаған топ кiрген барактағы қазақтардан гөрi 
бөгде ұлттар басым екен. Бiрлi-жарым қазақтар болмаса, бұларға 
көпшiлiгi сәлем де бермедi. Дегенмен, отырғандардың бәрiнiң 
көздерi Сүлейменде. “Бұл не деген дәу адам” деп таңданған 
сыңайлы. 
Парманқұл отырғандарды жағалай “қай жер бос, қай жер 
бос?” деп көп жүрдi. Бiр кезде:
— Сүлеймен, мұнда келiңдер. Мына жер бос екен,— деп 
айқалады.
Барак басында топтанған бұлар солай қарай барды. Алайда 
Сүлемендер онда жеткенде, арғы жақта отырған бiр топ таулық 
орындарынан тұрды да, Парманқұл дiттеген бос орынға келдi.
— Өй, сендердiң өз орындарың бар емес пе? Бұл жерге неге 
келдiңдер?
— Мұнда ешқандай бос орын жоқ. Жататын жер iздесеңдер 
кiре берiс есiктiң алды бос, сонда барып жайғасыңдар, — дедi 
төртпақ келген бiреуi Парманқұлға көздерiн алартып.
— Менiң келе салып ешкiммен ерегiскiм келмейдi. Мүмкiн өз 
орындарыңа қайта барарсыңдар. 
— Сен қай жерге жайғасу керектiгiн алдымен менен сұрауың 
керек едi. Бұл казармада менiң рұқсатымсыз шыбын да ұшпайды. 
Ендi мен қай жердi көрсетсем, сонда жайғасыңдар. Әйдә, 
барыңдар, кiре берiске!
— Атың кiм сенiң?
— Уа жiгiттер, — деп шаңқ еткен әлгi жанындағыларға 
бұрылды. — Мынау тiкелей менен атымды сұрайды. Айтыңдаршы, 


426
Сүлеймен қарақшы
осында өзiме тiке келiп, атымды сұрайтын адам бар ма едi? Жоқ, 
бұл қазақтар түкке түсiнбей тұр екен. Өздерiн есiк алдына қуып, 
бұл жердiң тәртiбiн үйретiп қойыңдар!
Осы кезде сотталушы бiр қазақ жүгiрiп келдi:
— Ойбай, көкелер, үндемей айтқан жерiне бара берiңiздер. 
Атын сұрағандарыңыз не одан? Бұл атақты Шурхат қой. 
Барыңыздар ендi, тезiрек ана жаққа. Әйтпесе, бәрiңiздi оңдырмай 
қояды.
— Сен араға түспей-ақ қой, бауырым. Шурхатың пiрiн 
танымай жүр екен, — дедi Парманқұл әлгi қазаққа.
Шурхаттың серiктерiнiң бәрi iрi-iрi денелi. Әсiресе, 
алдындағысы Сүлеймен секiлдi алып. Ол шеттегi Парманқұлды 
салып жiбердi. Парманқұл тәлтiректеп кеткенiмен құламады. 
Бiрақ оған қалған таулықтар жабылып кеттi. Ал, дәу таулық 
Кәрiмбек пен Пәрiмбектi, Адамбайды, сондай-ақ басқа 
қазақтарды пұшпақ құрлы көрмей, бiр-бiр ұрып құлатып түсiрдi. 
Сосын ыржиып Сүлейменге жақындады. Сiрә, “мұны бiр перiп, 
сiлейтiп салайын” деп ойласа керек. Сүлеймен ол қазақтарды 
ұрып құлатып жатқанда әдейi араласпай, сабыр сақтап, оның 
өзiне келуiн күткен. Анау таяй бергенде «шоқпар тимей жүрген 
асау бұқа екенсiң өзiң» деп тiстенiп тұрып, маңдайынан бiр соқты. 
Таулық төрт-бес қадам артқа теңселiп, шалқасынан гүрс еттi. 
Ол гүрс еткенде құлаған қазақтар тұра сап, басқа таулықтармен 
төбелесiп жатқан. Парманқұл бiреуiн қылқындырып, жанын 
көзiне көрсетiп тұр едi. Сүлеймен қарсыласын шалқасынан 
түсiргенде, олардың бәрi төбелестерiн тия сап, шетке ығысты. 
Барлығы шешушi төбелес осылардiкi деген сияқты. Бiр олар 
емес, баракта жатқандар түгел орындарынан көтерiлiп, осы 
жаққа қараған.
Құлаған дәу әп-сәтте тұрды. Тұрды да, екi қолын жұдырықтап, 
алға соза Сүлейменге жақындады.
— Қаныңды судай ағызамын қазiр.
Сүлеймен жайбарақат тұр. Аюдай болған анау неме секiрiп 
келiп, мұны бiр соғып үлгердi. Сүлеймен бiр жағына қарай 
қисайып барып, әзер құламады. Бағаналы берi ашуы көтерiлмеген 
Сүлеймен өзiне соққы тигенде, қаны басына шапшып шыға келдi. 


427


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет